«Химия» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
11-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушының «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар 11-сынып «Химия» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған 11-сыныпта жиынтық бағалау 1, 2, 3 және 4тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге Білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныс жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 1
11.1А «Ароматты қосылыстар қатары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 1
11.1В «Карбонильді қосылыстар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 2
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 3
11.2 А «Аминдер және аминқышқылдар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 3
11.2 В «Тірі ағза химиясы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
11.2C ««Синтетикалық полимерлер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 11.3А «Органикалық синтез» және 11.3B «14 топ элементтері» бөлімдері бойынша 8
жиынтық бағалау 8
11.3С «Азот және күкірт» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 10
11.3D «Қышқыл және негіз ерітінділері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 12
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 15
11.4А «Металдар өндірісі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 15
11.4В «Ауыспалы металдар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 17
11.4D «Жаңа заттарды және материалдарды өндіру және «Жасыл химия»» 19
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 19
Достарыңызбен бөлісу: |