Технология – табиғи шикізатты тұтыну бұйымына жəне өндіріс құралына дейін өңдеудің əдістерімен құралдары туралы ғылым.
Технология
Механикалық
Химиялық
шикізатты өңдегенде бастапқы заттардың құрамы жəне ішкі құрылыстары өзгермейтін, мысалы, ағаштан жиһаз, металдардан машина жəне аппараттар, мақтадан, зығырдан, жүннен жіп, содан кейін мата жасау сияқты үдерістерді зерттейді.
шикізатты химиялық өңдегенде жүретін табиғаты жағынан күрделі химиялық жəне физика-химиялық құбылыстарға негізделген үдерістерді қарастырады. Мысалы, табиғи газ, мұнай, көмірді өңдеу нəтижесінде, бұларға құрамы мен құрылысы, қасиеті жағынан ұқсамайтын – тыңайтқыш, пластмасса, химиялық талшық жəне т.б. өнімдер алынады.
Химиялық технологияның зерттеу объектісі – химиялық өндіріс.
Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған машиналармен аппараттарда жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы
Химиялық өндірістің құрылымы жəне функционалды элементтері:
1 – шикізатты дайындау; 2 – шикізатты өңдеу; 3 – негізгі өнімді бөлу;
4 – қалдықтың утилизациясы жəне санитарлық тазалау; 5 – энергетикалық жүйе;
6 – қосымша материалдар мен суды дайындау; 7 – басқару жүйесі
Химиялық өндіріс компоненттері
Ауыспалы
Тұрақты
өңдеуге түсетін шикізат, қосымша материалдар, негізгі жəне қосымша өнімдер, өндіріс қалдықтары, өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін энергия өндірісте тұрақты түрде тұтынылады немесе түзіледі
аппаратуралар (машиналар, аппараттар, түтікөткізгіштер, арматура, сыйымдылық), басқару жəне бақылау қондырғылары, құрылыс конструкциялары (ғимарат, құрылғы), қызметкерлер (жұмысшылар, аппаратшылар, инженерлер жəне т.б. өндіріс жұмысшылары) өндірістің пайдалану мерзімінде тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді
Шикізат жəне материалдарды өнімдерге дейін өңдеу операциялары мен үдерістердің жиынтығын технологиялық үдеріс деп атайды.
Шикізаттан дайын өнім алу мақсатында белгілі бір кезектесіп жүретін жəне бір-бірімен өзара байланысқан үдерістердің жиынтығын – химиялық- технологиялық үдеріс (ХТҮ) дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |