Хром қосындыларының Әсері кезіндегі шажырқай лимфа түйіндерінің ЖҰмсақ бауының микроанатомиялық ҚҰрылымы



Дата11.06.2016
өлшемі37.5 Kb.
#128300
ХРОМ ҚОСЫНДЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ КЕЗІНДЕГІ ШАЖЫРҚАЙ ЛИМФА ТҮЙІНДЕРІНІҢ ЖҰМСАҚ БАУЫНЫҢ МИКРОАНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Умбетов Т.Ж., Комекбай Ж.Е., Рахманов С.Б.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті,

Ақтөбе қаласы, Қазақстан



Өзектілігі. Лимфология және иммунологияға қызығушылықтың өсуі адам организміне экологиялық факторлардың жаңаша әсерлерін зерттеуді талап етеді. Осындай үлкен топтардың біріне ауыр металдар тұздары жатады. Олардың ішінде хром әлемдік өндірісте және ауыл шаруашылығында қолдануда үлкен орын алады. Хром қосындыларының иммундық жүйеге әсері біркелкі емес, негізінде ол үлкен мөлшерге байланысты [1,2,3,4] және қоршаған орта факторларының айқын әсері иммундық жүйенің шеткі мүшесі ретінде лимфа түйіндерінде көрінгенмен, ол толық морфологиялық сипаттамасын бермейді [5].

Зерттеу мақсаты. Шажырқай лимфа түйіндерінің жұмсақ бауларының құрылымына және клеткалық құрамына натрий бихроматының кіші мөлшерінің әсерін, әсердің қайталануына байланысты зерттеу.

Зерттеу әдістері және материалдары. Жұмыста салмағы 180-210г, 2-3 айлық, ақ, тексіз 130 егеуқұйрықтар қолданылды. Созылмалы уланудың тәжірибелік моделі өсімдік майындағы натрий бихроматы эмульсиясын металл зонд арқылы бір ай бойына пероральды енгізу арқылы жасалды. Тәжірибенің бірінші сериясында әрбір жануарға енгізілген мөлшер 2 ШМК, екінші серия 4 ШМК құрады. Жануарларға хроммен әсер ету келесі сызба арқылы жүргізілді: бір ай бойына күн сайын натрий бихроматы 1 ШМК мөлшерінде енгізілді; бір айдан кейін натрий бихроматы бірінші және екінші серияда көрсетілгендей сызба бойынша қайтадан енгізілді. Бақылау мақсатында келесі топтар құрылды: «қалыпты» - жануарлар бір ай бойына тек өсімдік майын қабылдады, «бақылау» - бір ай бойына калий бихроматын 1 ШМК мөлшерінде қабылдаған жануарлар. Бірінші және қайталау циклынан өткен декапитацияланған жануарлардың 1,7,14 және 30-шы тәуліктерде біреуден шажырқай лимфа түйіндері алынды. Жарық оптикалық микроскопиялауға арналған материалдарды өңдеу дәстүрлі түрде жүргізілді. Морфометриялық зерттеулер қолданыстағы нұсқауларға сәйкес жасалды [6].

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау. Натрий бихроматымен созылмалы улану әсерінен шажырқай лимфа түйіндерінің микроанатомиялық құрылымы айтарлықтай өзгереді. Ол лимфоидты паренхиманың барлық аймақтарының жауап реакциясына қатынасатындығын көрсетеді. Айқын өзгерістер В аймақ орналасатын жұмсақ бауда байқалады. 2 ШМК мөлшеріндегі хроммен біріншілік әсер ету тоқталғаннан кейін жұмсақ баудың абсолютті ауданы кесуінің алғашқы жағдаймен салыстырғанда 30,6% ұлғаюы анықталады. Зерттеудің 7-ші тәулігінде бұл көрсеткіш 1,9 есеге өседі. Бұл көрсеткіш лимфа түйіндерінің жалпы көлемінің ұлғайып, клеткалар тығыздығы санының айқын төмендеуінен байқалады. 14 тәуліктен кейін жұмсақ баулар лимфа түйіндерінің жалпы көлемінің ұлғаюына қарамастан көрсетілген көрсеткіштерге қайта келеді. 4 ШМК мөлшерде әсер еткенде жұмсақ бау ауданы кесуінің қарама қарсы көрсеткіштері анықталады. Зерттеу аймағында клеткалардың азаюы фонында жұмсақ баудың абсолютті және меншікті ауданының айқын төмендеуі байқалады. Бұл көрсеткіштер айдың соңына дейін сақталады, бірақ клеткалар популяциясының сандық тығыздығы және олардың абсолютті саны қалпына келеді. 2 ШМК мөлшерінде қайталап уландыру циклы жұмсақ бау көлемін, осы аймақ ауданының бірлігіне клеткалар санының сандық қатынас тығыздығын азайтады. Сонымен қатар, 30 тәуліктің соңында натрий бихроматының көп мөлшері бұл аймақтың лимфоидты паренхимасы көлемінің 70,0% ұлғаюына алып келеді. Бұл уақытта клеткалар тығыздығы өзгермейді. Ол аталған ауданның клеткалар санының айтарлықтай өсуімен (74,0%) сипатталады. Яғни хром қосылыстарының үлкен мөлшеріне шажырқай лимфа түйіндерінің айқын бейімделушілігін дәледейді.

2 ШМК мөлшерде натрий бихроматымен бір ай әсер ету курсынан кейін шажырқай лимфа түйіндерінің цитоархитектоникасын талдауда жұмсақ баудың лимфоидты паренхимасы құрылымында кіші лимфоциттер, бласттар, жетілмеген және жетілген плазмоциттер абсолютті санының айқын азаюы байқалады. Бұл өзгерістер Мот клеткалары және дегенерацияланған клеткалалар санының артуы, эритроциттердің пайда болуы, макрофагальды және гранулоцитарлы реакция фонында жүреді. Эритроциттердің пайда болуы бұл клеткалардың эндотелий арқылы диапедезінің күшеюін немесе оның зақымдалуын көрсетеді. Әрі қарай сандық клеткалық реакция баяулайды, бақылаудың соңында иммунобласттар, плазмобласттар және жетілмеген плазматикалық клеткалар санының көбеюі байқалады. Жетілген плазмоциттердің сандық тығыздығы қалыпты жағдайға жақындайды.

4 ШМК мөлшердегі натрий бихроматы шажырқай лимфа түйіндерінің жұмсақ бауының лимфоидты паренхимасы цитоархитектоникасының айқын өзгерістеріне алып келеді. Жетілген және жетілмеген лимфоциттердің абсолютті саны азайып, Мот клеткалары мен иммунобласттардың айқын көбеюі байқалады. Бұл иммундық жауаптың тежелгендігін, плазмоцитарлы қатардағы клеткалардың жетілу процесі мен пролиферациясының бұзылыстарын дәлелдейді. Сонымен қатар, эозинофилопения, нейтрофильді реакцияның болмауы, макрофагальды реакция сақталып, дегенерацияланған клеткалар санының артуы, эритроциттер және митоз санының артуы байқалады.

Кіші мөлшермен қайталап әсер еткенде жұмсақ бауды цитологиялық талдауда зерттеудің бірінші аптасында клеткалық реакцияның сандық көрсеткіштері бірінші рет әсер еткен уақыттағымен бірдей. Бірақ, зерттеу соңында 30 тәуліктен кейін әсерді тоқтатқан соң орташа лимфоциттер мен жетілген плазмоциттердің санының өсуі айқын көрінеді. Біріншілік әсер еткенде плазмоцитогенездің тежелуі, бақылаудың соңында хроммен қайталап әсер еткен жануарларда жетілген клеткалар санының өсуі болады. Ол гуморальды иммунитеттің иммунологиялық реакциясының артуын дәледейді. Сонымен қатар бауыр лимфа түйіндерінің натрий бихроматы әсеріне айтарлықтай бейімделушілігін көрсетеді.



Қортынды. Натрий бихроматымен созылмалы улануда шажырқай лимфа түйіндерінің жұмсақ бауындағы клеткалық реакция плазмоцитарлы қатардағы клеткалардың пролиферациясы мен жіктелісінің тежелуімен сипатталады. Дегенерацияланған клеткалар санының айқын артуы гранулоциттер мен эритроциттердің көбеюіне алып келеді. Лимфоцитопоэздің тежелуі хроммен үлкен мөлшерде әсер еткен уақыттағы бақылаудың соңғы тәуліктеріндегі шажырқай лимфа түйіндерінің бұл аймағының жалғасып жатқан қайта құрылуының дәлелі болады. Натрий бихроматының көп мөлшерімен қайталамалы әсерін тоқтатқаннан кейінгі 7 тәулікте лимфоциттер мен плазмоциттердің жетілген түрлерінің санының артуы, нейтрофильді реакцияның баяулап, эозинофильді реакцияның күшеюі байқалады. Сонымен қатар, шажырқай лимфа түйіндерінің жұмсақ бау аймағы хромның токсикалық әсеріне белсенді морфофункционалды бейімделушілігіне ие болып табылады. Табалдырықты деңгей мөлшерінде алдын ала әсер ету лимфа түйіндерін хром қосындыларымен қайталап кездескен уақыттағы адекватты жауабына дайындайды.

Әдебиеттер.

  1. Умбетов Т.Ж., Адилова Г.А., Маннапова А.И. Иммуно-клеточная реакция лимфоидной паренхимы лимфатического узла на действие ксеногена // Актуальные вопросы теоретической и клинической медицины.-Актобе, 2002.-С.162-164.

  2. Умбетов Т.Ж.., Маннапова А.И. Морфофункциональные изменения трахеобронхиальных лимфоузлов на фоне хронического воздействия и его коррекция масляным экстрактом корней девясила // Медицинский журнал Западного Казахстана.-2009.-№3(23).-С.36.

  3. Насиров И.Н., Кибатаев К.М., Сундетов Ж.С., Насиров С.И. Морфологические изменения почек при ингаляционном воздействии бихромата натрия и при его коррекции масляным экстрактом девясила // Медицинский журнал Западного Казахстана.-2010.-№1 (25).-С.203.

  4. Рахманов С.Б., Адайбаев Т.А. Клеточный состав функциональных зон лимфоидных образований тонкого кишечника при воздействии дестабилизирующих факторов // Медицинский журнал Западного Казахстана.-2010.-№1 (25).-С.208-209.

  5. Умбетов Т.Ж., Беккужин А.Г. Влияние хрома на ДНП ядер тимоцитов в опытах in vitro // Медицинский журнал Западного Казахстана.-2010.-№1 (25).-С.226.

  6. Автандилов Г.Г. Медицинская морфометрия. Руководство.-Москва «Медицина», 1990.-384с.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет