Лекция 5 Бірінші ретті қайтымды және параллель реакциялардың кинетикалық талдауы. КҮРДЕЛІ РЕАКЦИЯЛАР КҮРДЕЛІ РЕАКЦИЯЛАР - Күрделі химиялық реакцияны қарастырғанда үш принципке сүйену керек, олар:
- а) күрделі реакцияның құрамындағы әрбір қарапайым реакцияның жылдамдығы басқаларының жылдамдығына тәуелсіз, яғни әр қарапайым реакцияның күрделі реакция құрамындағы жылдамдығы өзі жеке жүрген кездегі жылдамдығындай болады және оған химиялық кинетиканың негізгі постулаты қолданылады;
- б) күрделі реакцияның жалпы жылдамдығы ең баяу жүретін қарапайым сатысының (шектеуші саты) жылдамдығымен анықталады, басқа сөзбен айтқанда, ең баяу жүретін сатының жылдамдығы жалпы жылдамдыққа әсер етеді;
- в) үшінші принцип - детальді тепе - теңдік принципі: егер күрделі реакция қайтымды процесс болса, онда оның қарапайым сатыларының бәрінде химиялық тепе - теңдік сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |