И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет20/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

Әдістерді жіктеу 
 
Зерттеудің барлық әдістері келесі негіздемелер бойынша 
топтастырыла алынады.
Ғылым танымдық деңгейі - теоретикалық немесе эмпирикалық. 
Оларға сәйкес теоретикалық зерттеу әдістері (аппроксимация, 
аксиоматизация, 
экстраполяция, 
модельдеу 
және 
т.б.) 
және 
эмпирикалық зерттеу әдісі (байқау, әңгіме, эксперимент, тест және т.б.)
ажыратылады.
Зерттеуші-педагогтың объектпен әрекеттесуінің сипаты. 
Бҧған: а) объектті зерттеу (теоретикалық және эмпирикалық 
зерттеулердің аталған барлық әдістері); б) алынған деректерді ӛңдеу 
(сапалық және сандық, онда корреляциялық, факторлық, кластерлік 
талдау, т.б. әдістері), математикалық-статистикалық ӛңдеудің әртҥрлі 
деңгейлері [57]. Зерттеуден сенімді нәтижелер алу ҥшін деректерді 
ӛңдеу сипаты маңызды, әсіресе, сандық (статистикалық) талдау, 
нақтылап айтқанда, ары қарай алынған нәтижелердің сенімділігі, 
маңыздылығы және валидтілігі (мысалы, Стьюденттің ӛлшемі, хи-
квадрат және т.б.) сияқты әртҥрлі ӛлшемдер бойынша деректер ӛңдеу. 
Зерттелінетін қҧбылыстардың арасындағы байланыстың сипатын 
немесе оның біреуінің басқалармен бірге алғанда меншікті салмағын 
анықтау ҥшін корреляциялық және факторлық талдау әдістері
пайдалыналады [217].


38 
Алайда, жалпы кез-келген ғылымда және атап айтқанда, 
педагогикалық психологияда зерттеу нәтижелерін математикалық 
ӛңдеудің 
маңыздылығын 
атағанның 
ӛзінде 
сапалық, 
яғни 
тҥсіндірушілік, мазмҧндық талдау ең бірінші кезектегі және ауыстыруға 
келмейтіні талдау екені белгілі. Объектпен зерттеушілік әрекеттер негізі 
бойынша (зерртеу әдістері мен мәліметтерді ӛңдеуден кейін) алынған 
мәліметтерді ҧсыну, кӛрсету әдістері: кестелер, графиктер, схемалар, 
гистограмалар жәнет т.б. ҧсыну әдістерінің әр қайсысын таңдау 
негізделген және міндеттерге сәйкес болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет