И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет52/211
Дата21.12.2022
өлшемі2.21 Mb.
#467645
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   211
И. А. Зимняя педагогикалы психология

§ 2. Оқыту мен дамыту 
 
Дамыту  
Адамды оқыту мен дамытудың арасындағы байланыс – 
педагогикалық психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі. 
Оны қарастыру барысында: а) дамытудың ӛзі кҥрделі инволюциялық-
эволюциялық алға жылжушы қозғалыс болып табылады, оның жҥру 
барысында адамның ӛзінде ілгерінді/кейінді интеллектуалдық, 
тҧлғалық, мінез-қҧлықтық, әрекеттілік ӛзгерістер жҥреді (Л.С. 
Выготский, Б.Г. Ананьев); б) дамыту, әсіресе, тҧлғалық, ӛмірдің ӛзі 
тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды, ол тек бағыты, қарқындылығы, 
сипаты мен сапасы бойынша ғана ӛзгеріп отырады. Дамытудың ортақ 
сипаттамалары: қайтымсыздық, прогресс/регресс, бірқалыпсыздық, 
алдыңғының жаңада сақталынуы, ӛзгеру мен сақталудың бірлігі болып 
табылады [14]. Психикалық дамуды анықтаушы факторлар ретінде В.С. 
Мухина оның алғышарттарын, дамудың шарттары мен байланыстарын 
және баланың ішкі позициясын қарастырады [146, 11-56 б.].
Білім берудің кез-келген жҥйесінің негізгі мақсаты – білім алушы 
(оқушы) тҧлғасының дамуы жӛнінде айта келе, ең алдымен қазіргі 
замандағы педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін 


94 
атап ӛту қажет, оған сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы 
алғанда тҧлғалық дамуының шарты ғана емес, сонымен қатар оның 
негізі және қҧралы болып табылады. Оқыту мен дамытудың ара 
қатысының сипаты туралы сҧрақ та маңызды. Бҧл сҧраққа жауап 
педагогикалық психология ҥшін ӛте маңызды.
Оқыту мен дамытудың ара қатынасы
 
Бҧл сҧрақты шешуде әртҥрлі кӛзқарастар бар. Мысалы, олардың 
бірі бойынша, оқыту дегеніміз дамытудың ӛзі (У. Джемс, Э. Торндайк, 
Дж. Уотсон, К. Коффка), алайда, оқыту табиғатын (оқу, ҥйрету) 
барлығы ӛздерінше тҥсінеді. Басқаларға сәйкес, оқыту – бҧл тек қана 
жетілудің, дамудың сыртқы шарттары. «Даму мҥмкіндік туғызады – 
оқыту оны жҥзеге асырады», немесе басқа сӛзбен айтқанда, «оқыту 
дамытудың ең аяғында келе жатыр» [47, 225-226 б.]. Ж. Пиажеге сәйкес, 
«баланың ойы белгілі фазалар мен кезеңдерден қажеттілік 
болғандықтан ӛтеді, ол баланың оқытылуы, оқытылмауынан тәуелсіз» 
`[47, 227 б. цит.бойынша].
Отандық психологияда Л.С. Выготскийдің тҧжырымдаған және 
зерттеушілердің кӛпшілігі қҧптайтын кӛзқарасты ҧстанады. Бҧл 
кӛзқарасқа сәйкес, оқыту мен тәрбиелеу баланың психикалық дамуында 
жетекші рӛл ойнайды. «Оқыту дамуда тек қана жуық арада болатын 
салдар ғана емес, алыс болашақта болатын салдарға ие болады, оқыту 
тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа жҥріп отыра алады, 
ол дамудың алдына тҥсіп, оны ары қарай итермелеп, онда жаңа 
қасиеттер туғызып жҥре алады» [47, 231 б.]. Бҧл ереже тек қана отандық 
психологияда ғана ҥлкен бетбҧрыс емес, сонымен бірге оны АҚШ-та 
қабылдаған Дж. Брунердің когнитивтік психологиясы ҥшін ҥлкен 
бетбҧрыс болды. Брунер атап ӛткендей, «...ғылым негіздерін оқытуда, 
ең қарапайым деңгейдің ӛзінде, баланың танымдық дамуының табиғи 
ағымына кӛзсіз еріп отыруына болмайды. Оқыту осы дамытудың 
жетекші факторы бола алады, ол оқушыға қызықты және әлбетте 
жүзеге асырылатын мүмкіндіктерді пайдаланып. ӛз дамуын қарқынды 
түрде жүргізу мүмкіндігін ұсынады» [34, 364 б.]. Л.С. Выготскийдің 
тезисі бойынша, оқыту мен дамыту- біртҧтас, және де оқыту дамытуды 
озып ӛтіп, оны стимулдайды, және дәл сол уақытта оның ӛзі актуалды 
дамуға сҥйенеді. Осыдан барып, оқыту «кешегі кҥнге емес, бҥгінгі кҥнге 
бағыттануы» тиіс [47, 251 б.]. Бҧл ереже оқытуды ҧйымдастырудың 
барлығына, жалпы педагогика ҥшін маңызды.


95 
Дамудың қарастырылған проблемалары бірқатар сҧрақтардың 
жауабы болып отыр: тҧлғаның психикалық дамуының жалпы бағыттары 
қандай, оның қозғалтушы кҥші не, дамудың әлеуметтік жағдаяты 
қандай, ол қандай негізгі бағыттар бойынша жҥреді. Кез-келген тип 
бойынша жҥзеге асырылатын оқыту, егер ол басқарылатын және ӛзінің 
негізгі мақсаты – оқушы тҧлғасын дамытуға, оның психикалық дамуына 
қол жеткізгісі келсе, осы сәттердің барлығын ескере алмауы мҥмкін 
емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   211




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет