4.12. Стандарт «Шала туылған нәрестені жылытқышпен жылыту»
Мақсаты: нәрестенің дене температурасын қалыпты ұстау
Көрсеткіші: шала туылған нәресте
Дайындаңыз: 3 резеңке жылытқыш, 42-45°С-ы су, 3 жөргек, көрпе, қолғап, бетперде, КБУ, дезинфекциялық ерітінді, ветошь.
Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына ем-шараның мақсаты мен жүргізу барысын түсіндіріңіз.
Шала туылған баланы орап, төсекке жатқызыңыз.
Бетперде тағыңыз. Қолыңызды гигиеналық өңдеуден өткізіп, қолыңызға стерильді қолғап киіңіз.
Резеңке жылытқыштың ½ немесе 2/3 көлемін 42 – 45° С-тағы ыстық сумен толтырыңыз.
Қолыңызбен жылытқыштың үстін баса отырып ауасын шығарыңыз, қақпағын тығыздап жабыңыз.
Жылытқыштың бас жағын төмен қаратып, аузы жабық тұрғанына көз жеткізіңіз және температурасын 1-2 минутқа иық үстіне қойып тексеріңіз.
Осы жолмен тағы да 2 жылытқыш дайындаңыз.
Жылытқыштардың әр қайсысын 4 қабат жөргекке ораңыз.
Жылытқыштарды 8-10 см қашықтықта(бір алақан): екеуін денесінің екі жағын бойлай, біреуін табан деңгейінде қойыңыз.
Баланың үстін көрпемен жабыңыз, көрпе астындағы ауа тепературасын 28 – 30° С болатындай ұстаңыз.
Жылытқыштағы суды салқындауына байланысты кезекпен ауыстырып отырыңыз.
Ем-шара аяқталғаннан кейін жылытқыштан суды төгіп, оның сыртқы жағын дезинфекциялық ерітіндімен өңдеңіз.
Қолғапты шешіп, КБУ-ға тастаңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: егер дене температурасы 37 °С-тан жоғары болса, бір ғана жылытқышты ,аяқ жақта қойған, қалдыру қажет, немесе барлық жылытқыштарды алып тастаған жөн.
4.13. Стандарт «Кювезді (инкубаторды) залалсыздандыру»
Мақсаты: залалсыздандыру, санитарлық-гигиеналық режимді ұстану
Көрсеткіші: -жаңа көвезді орналастыру
-әр 3 күн, бала көп уақыт жатқан кезде
-жаңа бала еңгізгенде
-бала 5 күн аралығында жатпаған кезде
Дайындаңыз: кювез, залалсыздандыруға арналған жуу ерітіндісі, дистилденген су, халат, қолғап, стерильді ветошы бар бикс, бактериацидті шам, қаламсап, этикетка.
Достарыңызбен бөлісу: |