Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқытылатын қазақ тілі, оқу және тіл дамыту, екінші тіл – орыс тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шынықтыру, музыка пәндері бар.
Оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын реттейтін негізгі құжат.
Әр сатыдағы білім мазмұны. Бірінші саты – бастауыш мектеп. Бұл сатыдағы білім мазмұны дүниені тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін білім салаларымен интегративтік курстармен анықталады.
Екінші саты – негізгі мектеп. Бұл мектепке арналған білім мазмұны орта (толық) жалпы білім беретін және кәсіптік мектептерде оқытуды жалғастыруға негіз болып, өздігінен білім алуға жағдай жасайды.
Білімнің екінші сатысына бес жыл (5-9 сыныптар) бөлінген. Осы сатыда бастауыш сатыдағы білімдерін жалғастырып отырған 5-6 сынып оқушыларына берілетін білім мазмұны бастауыш мектептегі білім мазмұнымен тығыз байланыста болады.
Жоғары сатыда (10-11) негізгі мектептің барлық пәндері бойынша жалпы білімдік дайындық аяқталады. Енді оқушылардың бір білімдік бағытты саналы түрде таңдауына жағдай жасалып, базистік жоспардағы міндетті емес бөліктер оқушының жекелеген білім салаларын тереңдетіп оқуы үшін және зерттеу-ізденіс сипатындағы жұмыстарды жүргізуі үшін қолданылады.
Негізгі оқу жоспарына 7 білімдік сала, атап айтсақ, тіл мен әдебиет, жаратылыстану, қоғам тану, адамтану, математика, өнер, технология курстары енгізілген. Осыған байланысты оқу жоспарына инварианттық (мемлекеттік) және вариативтік (мектептік) бөліктер белгіленген.
Дәріс № 11. Оқыту формалары,әдістері мен құралдары
Жоспары:
Оқытудың ұйымдастыру түрлеріне сипаттама, олардың көпжақтылығы өзара байланыс функциялары
Сынып – сабақтың жүйенің негізіндегі сабақтың орны мен рөлі, оның мәні, типологиялық сипаты.
Оқытудың әдістері және тәсілдері жайында түсінік. Оқыту әдістерін топтастыру.Қазіргі мектептегі оқытудың инновациялық әдістері
ТПҮ-тегі оқыту құралдары – іс-әрекеттің түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |