І бөлім. Азамат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой- пікірлердің дамуы



бет19/139
Дата11.10.2023
өлшемі1.23 Mb.
#480401
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   139
дәріс кешені Педагогика2014

Эразм Роттердамский (1469-1536) – «Похвала Глупости» деген ескі шы­ғар­масында екіжүзділік пен ұқыпсыздықты күлкі етті. Адамдардың табиғи теңдігін сөз ете, өзінің педагогикалық шығармаларында баланың еңбек іс-әре­кеттері арқылы тума қабілеттерін және белсенділігін дамыту қа­жет­ті­лі­гін, сондай-ақ, оқыту кезінде шамаға сай принципін ұстануды талап етті.

  • Томмазо Кампанелла (1568-1639) – «Күн қаласы» (1602) утопиялық трак­татын жазды. Онда теңдікте құрылған қоғамның үлгісін берді. Трак­тат­та тәрбиенің негізі қаланатын педагогикалық принциптер жазылған: ғы­лым­ды оқу, тарихты, салт-дәстүрді оқу, өнермен шұғылдану, қолөнермен, қо­ғамдық пайдалы еңбекпен айналысу, гимнастика, жүгіріс, ойын арқылы физикалық дамыту сөз етілген.

  • Томас Мор (1478-1535) – ағылшын ойшылы, өзінің «Золотая книжка, столь же полезная, как и забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопия» (1516) деген еңбегінде тәрбиеге деген өз көз­қа­ра­сын жазды. Ол ең басты міндет – парасаттылық, рухани тәрбие деді. Қа­рапайымдылық, кішіпейілділік және еңбекқорлық – үйлесімді дамыған адам­ның ерекшеленетін басты парасаттылық белгілері. Ана тілінде ер ба­ла­лар мен қыз балаларды оқыту керек. Оқытуды еңбекпен байланыстырған дұрыс жол деп санады.Педагог-гуманистердің басты педагогикалық ойлары:баланың белсенділігіне негізделген үйлесімді дамуын қамтамасыз ету;балалардың рухани, дене, ақыл-ой жетілуіне талпыну;балаларға деген сүйіспеншілік;дене жазалаудан бас тарту;еңбекке үйрету.

    Гуманизм педагогикасы бірнеше жүз жыл өткеннен кейін ғана жүзеге асты, ал XV-XVIғ. мектептер схоластикалық, ортағасырлық сипатта қана болды.Гуманистік білім беру мектептері:Иоганн Штурм (XVI ғ. басында) негізін салған Страсбургтегі гим­на­зия. Онда латын және грек тілдері оқытылды;Эразм Роттердамский қатысуымен құрылған Лондондық бұқаралық мектеп. Солтүстік Италияда, Мантуеде Витторино да Фельтре XV ғ. басшылық еткен мектеп белгілі болды. Ол герцог Гонзаганың балаларын тәрбиелеу үшін шақырылды. Олармен бірге 80 тәрбиеленуші болды. Олар байлардың (ақсүйек­тер­дің) және дарынды балалар болды. Олар Витторино да Фельтренің есебінен оқытылды. «Қуаныш үйі» деп аталған оқу-тәрбие орны – «ақыл, дене және жү­рек­ті» дамытуға бағытталды. Бағдарламаның негізгі пәндері – классикалық (латын, грек) тілдер, әдебиет, музыка, математика, сурет болды. Тәрбие­ле­ну­ші­лер физикалық жағынан көп дайындалды (жүгіріс, күрес, атпен жүру). Жа­ңа­лық – ер балалар мен қыздар аралас оқыды. Дене жазасы қолданылды. Тәртіп ба­қылау мен тәрбиелеушілердің жеке үлгілері арқылы қадағаланып отырды. Діни тәрбиеге көп көңіл бөлінді.
    «Жаңа ғасыр» дәуірінің кезіндегі мектеп пен педагогикалық ой-пікірлерінің дамуы. Ағылшын ойшыл-философ Френсис Бэкон (1561-1626) ғы­лыми танымның мақсаты – тәжірибе арқылы кезектестік жолмен табиғат кү­шін игеру деп санады.
    Табиғатқа адам білімін жариялап, Ф.Бэкон, сонымен қатар, ресми түрде табиғи таным және тәрбие принципін мойындады.
    Германиядағы Жаңа ғасыр педагогикасының негізін салушылардың бірі – Вольфганг Ратке (1571-1635) болды. Латын тілінде есімі былай болып келеді – Ратихий, Ратихиус. Ол шет тілдерді оқытуды оқушыларға қызықты, әрі жеңіл қылғысы келді. Шет тілдерді оқыту әдісінен ол жалпы мектеп ісін ұйым­дас­ты­ру ісі және оқытуға көшті. Ратке барлық мектеп жүйесінің негізін «неміс мектебі» - ана тіліндегі мектеп еткісі келді. Өзінің «Мемориал» деген жұмы­сын­да мектеп пен қоғам арақатынасы мәселесін қозғады. Сондай-ақ, Герма­ния­ның ұлттық, саяси, мәдени және діни бірлестігінің жетістіктері жөніндегі бағ­дар­ламаның жалпы сипатын жазды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   139




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет