І бөлім. Жастардың девианттық мінез-құлқын әлеуметтік жұмыс проблемасы ретінде зерттеудің теориялық-методологиялық негіздері


Социологиялық терминдерге анықтама беру



бет2/4
Дата25.06.2016
өлшемі0.55 Mb.
#157289
1   2   3   4

Социологиялық терминдерге анықтама беру

Социологиялық зерттеулер - бұл сапалы және сандық әдістердің көмегімен өлеуметтік құбылыстардың нақты жағдайын зерттеу құралы.

Зерттеудің негізінде бір мәселе туындайды, оны біз қиындықтар аймағы деп атаймыз;

Мәселенің пәндік аспектісі - бұл арнайы әлеуметтік тапсырма;

Гнесеологиялық аспектісі - ол қандай да бір қоғамдық қажеттіліктерді сезіну және оның шешу әдістері;

Зерттеу объектісі – мәселені қамтамасыз ететін әлеуметтік шындық аймағы (әлеуметтік процесс, өмір аймағы, жиынтық).

Зерттеу пәні- зерттеуге жататын объектінің көзге көрінетін, маңызды жақтары. Ереже бойынша зерттеу пәні зерттеу тақырыбын құрастырудағы ағымдағы теориялық түсініктермен байқалады. Жекелеген элементтер гипотеза немесе ұйғарымдар формасы ретінде модельге енеді. Гипотезалар түсінідірмелі (социологияға деген қызығушылық студенттің болашақ мамандығына деген қызығушылығынан аңғаруға болады), және бейнелейтін (барлық студенттер социологияны оқуға қызықпайды), және детерминантты студенттің семинар кезіндегі активтілігі экзамендегі бағасына әсер етеді). Теориялық модельдің негізінде жұмыс моделі жасалады, мұнымен қатар теориялық модель нақты объектіге қатысты емес мінездемелердің факторын жоққа шығарады: ол факторлар берілген зерттеудегі нақты жағдайлармен байланысты өлшенбейді; зерттеу жүргізіп отырған субъекті позициясынан басқаруға келмейтін факторлар.

Бағдарламаның процедуралық-методикалық бөлімі ақпарат алу әдістерін, іріктеудің инструменттерін жобалауды таңдауды қосады.



Әдіс - бұл объектіні оның заңдылықтары мен функционалдану негізінде зерттеу жүйесі болып табылады.

Инструмент - арнайы дайындалған құжаттар, осылардың көмегімен объекті туралы ақпараттар жинауды қамтамасыз етеді (анкета, сұхбат бланкісі, бақылау картасы, таблица).

Әдістеме - операциялар жүйесі, осылардың көмегімен валидті (өлшемге байланысты өлшенетін көрсеткіштер), релевантты (ерекшеліктерді бейнелейді) және репрезентативті социологиялық ақпарат.

Ақпарат алудың әдістері: сұрау (анкеталау, сұхбат, эксперттік сұрау, социометриялық сұрау, социологиялық тестілеу); бақылау (стандарттанған және еркін, қосылған немесе қатыспаған, ашық немесе инкогнито, лабораториялық немесе алаңдық); құжаттарды талдау (дәстүрлік, формальданған, контент-анализ); эксперимент (лабораториялық немесе алаңдық, сызықтық немесе паралельді, констат жасайтын немесе құрайтын).

Іріктеу әдісі - объектінің потенциалды жиынтығының (негізгі жиынтықтың) бір бөлшегін зерттеуге арналған және нәтижелері объектінің барлық жиынтығына тарайтын ақпарат алудың әдісін айтады.

Іріктеуді жобалау: негізгі жиынтықтың құрамы мен шекарасын анықтау (тұтастай немесе іріктеулі зерттеу); іріктеудің түрін анықтау (кездейсоқ, квоталы, ұялы, қарапайым және көпсатылы); іріктеудің көлемін анықтау; іріктеудің шектеулі қателерін есептеу (репрезентативтілік); объектіні таңдау технологиясын анықтау.

Репрезентативтілік (өкілеттілік) - негізгі жиынтықтың мазмұнын көрсететін іріктеудің қасиеті.

Іріктеудің көлемін анықтайтын формулалар: п=2

n =(0,25t2N)/(А2N+0,25t2),

Бұл жерде n - дегеніміз іріктеуші жиынтық;

N - негізгі жиынтықтың көлемі;

Т2 - арнайы кестелермен анықталатын іріктеудің шектеулі кателерінің және сенуге болатын ықтималдылықтың саны;

А - іріктеудің шектеулі қателері;

1.3. Девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы

Маскүнем, наркоман, жезөкше, әртүрлі жыныстық жолмен жұққан аурулары бар девианттармен қалай жұмыс істеу керек? Гомосексуалистерді, жезөкшелерді және маскүнемдерді қылмыстық жауапкершілікке тартудың нәтижесіз екені айдан анық. Олардың көпшілігі ауру адамдар, медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмекке мұқтаж.

Жалпы, еңбекпен-түзету жүйелері (түрмелер, тергеу изоляторлары, және колониялар) түзету және сотталғандарды жазалауды көздейді. Дегенмен түрме адамды түзеудің орнына негізінен жазалайды.

Девианттық мінез-құлық бастапқыда дәлелсіз болады. Жастар әдетте қоғамның талаптарына сәйкес болғысы келеді. Бұған олардың албырттығы, қоғамдағы өзінің әлеуметтік орнын жете білмеуі, әлеуметтік бейімделе алмауы, қайыршылық өмір, т.б. жағдайлар әсер етеді. Девианттық мінез-құлықтағы топтардың болуы заңға қайшы және адамгершілікке жат қылықтарды істеуіне жол ашады. Осындай істерді жасағанда олар ләззат алып, әлеуметтік бақылау тәсілдерінен тыс болады.

Әлеуметтік бақылаудың негізгі факторларына мыналар жатады:

1. Әлеуметтік бақылау әдістері мен құралдары девианттық мінез-құлықтың нақты түрлеріне бара-бар болуы тиіс. Әлеуметтік бақылаудың негізгі құралы қалыпты емес мінез-құлыққа бейім жандардың әртүрлі қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталғаны жөн. Ғылыми, техникалық және баска да шығармашылық түрлері осындай балама бола алады. Құқық бұзушылықтың алдын алуда осындай шаралардың тигізер пайдасы көп.

2. Репрессивті ықпал ету шараларын барынша қысқарту. Бас бостандығынан айыру тұлғаның әлеуметтік және құлықтық тоқырауына ұшыратады. Сондықтан мұны мүмкін болмаған жағдайда ғана қолдану керек.

3. Әлеуметтік қолдау көрсетудің өте икемді түрін қолданған жөн. Бұрын қолданылып жүрген «өзіңе-өзің көмек бер» принципі бойынша құрылған ұйымдар кәдімгідей нәтиже берді.

4. Жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамгершілік қағидалары негізінде азаматтарға рухани және діни тәрбие беру, өмірдің мәні туралы насихаттау. «Келісім институты» мен «делдалдық институтын» құру. Бұлар қылмыстық және әкімшілік жазалау шараларын өз қолдарына алғаны дұрыс.

5. Зорлық зомбылықты, зұлымдықты және ашық жыныстық қатынасты насихаттайтын бейнесюжеттерге катаң тыйым салу. Жастардың осындай теріс қылықтарды уағыздайтын дүниелерге әуестігіне шектеу қойып, олардың орнын басқа адамгершілікке үндейтін дұрыс дүниелермен толтыру керек.

6. Бұқаралық ақпарат құралдары, оқу және ағарту ұйымдары арқылы басқаша ойлайтын және басқаша әрекет ететін жастарға барынша байсалды саясат жүргізіп, оларды дұрыс жолға бағыттау да тиімді болады.

7. Девиантты мінез-құлықты жастармен жұмыс жүргізетін кадрларды даярлау және қайта даярлау да өзекті мәселелелердің бірі. Бұлардың қатарына құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әлеуметтік педагогтар мен әлеуметтік психологтер; нарколог-дәрігерлер, жалпы девианттармен жұмыс істейтін мамандар жатады.



1.4. Қазіргі қоғамдағы жастардың әлеуметтенуінің негізгі заңдылықтары мен жалпы сипаты

Тұлға социологиясында жастар мәселесі ерекше орын алады, әсіресе олардың тәрбиесі, білімі, әртүрлі жағдайлардағы, оқиғалардағы өзіндік ұйғарымдары. Бізге көбінесе жастардың ішкі әлеміндегі жалпы адамзаттық бағалылықтардың, адамзат тарихынан қалыптасып келе жатқан дәстүрлік міндеттердің, олардың ішкі жан дүниелерінде қаншалықты орын алатыны біз үшін көңіл алаңдатар мәселе. Сонымен қатар олар қоғамымыздағы адамдардың басым көпшілігін алады және жағымды, әлеуметтік, саяси, экономикалық маңызды тапсырмаларды шешкенде арнайы ролді атқаратынын ескеруіміз қажет.

Жастар - тек қана жастық принциптерге сүйенетін категория емес, соншалықты әлеуметтік және тарихи түсінік. Әртүрлі уақытта, әртүрлі қоғамда осы жастар түсінігіне әртүрлі жастағы адамдар категориясы түсіп отырған. Сонымен қатар жақындағы өткен заманда осы категорияға сәйкес салыстырмалы жағынан осы категорияға өте тар аумақтағы жастық адамдар қабаты жатқан, олар әлеуметтік үлкендіктің алдындағы тұрған үлкендер қатарына кіретін отбасын құратын адамдар тобын айтқан.

Қазіргі шындық кезеңінде балалар көбірек оқуға тырысады және ата- анасының қол астында ұзақ жылдар бойы өмір сүріп келеді, тіпті олар отбасын құрған жағдайда да ата-анасының қол астында жүретіндері де аз емес. Сол сияқты балалық шақтан жастық кезеңге өтетін кезең бізде өткен дәуірге қарағанда ұзағырақ. Сонымен қатар балалық пен үлкендіктің арасындағы үйлесімділік жасөспірімдерге үлкендердің рольдерін меңгеруге деген қиындықтар туғызады, көптеген ішкі және сыртқы конфликтерды тудырады. Осындай жастық өтпелі кезеңнің түрлері қоғамның арнайы жастар категорнясы мен үлкендерге деген талаптарынан, нормаларының арасындағы айырмашылықтарына байланысты.

Жастар - бұл жастық нормаларына тән ерекшеліктерін игерген, мінез- құлықтың бағалылықтары мен стереотиптерін меңгерген әлеуметтік топ. Бірақ та отандық социологиялық зерттеулерде көптеген ұзақ жылдар бойы арнайы әлеуметтік топ ретінде бөлініп қарастырылған жоқ. БҰҰ-ның анықтауынша жастар деп 15 пен 24 жас аралығындағы адамдардың категориясын ажыратады. Осы статустың анықтау критерийі ретінде біздің елімізде хронологиялық жас ерекшеліктері арқылы жалпы жастық категориядан бөліп қарастырады, олар 15 жастан 29 жасқа дейін деген ұйғарымдар жасалады.

Біздің көзқарасымызша бұл критерий қандай да бір деңгейде формальдық деңгейге сәйкес келеді деп есептеуге болады. Статустың бұдан да басқа параметрлері бойынша уақыттың вертикалдық (тігінен) деңгейімен емес горизонталдық (көлденеңінен) деңгейімен өлшенеді екен: ол отбасылық, этномәдениеттік, білім берушілік, интеллектуалдық, генетикалық өзгешеліктеріне сәйкес. Осы атап айтылған көрсеткіштердің барлығы уақыт параметрімен сәйкестеліп қандай да бір статустың деңгейін анықтауға көмектеседі, яғни ол жастық немесе әлеуметтік топқа жатқызатын мінездемелер болып табылады.

Жасөспірімдер жасына қатысты қолданатын олар өмірлік бағалылықтарды, өмірлік позициялардың, өмірлік жосарлардың активті кезеңі.

Олардың біріншісі, (жасөспіірмдердің жасы 12 және 13 жас)қоғамдық сананың әртүрлі аймақтарында жинақталған әлеуметтік категориялар мен танымдардың игеруіндегі активті кезең. Осы әлеуметтік «бағалылықтардың» жас өспірім үшін көңіл аудааррлық мінезде болады, немесе ол өзіндік тәжірибесімен әлі қалыптаса қоймаған яғни осыған сәйкес келетін базаның жоқтығы.

Келесі кезең 13-15жас аралығы, тұлға неігздерін құрайтын индивидуалды жетістіктерімен байланысты, үлкендердің өміріндегі өз өздерін тұрақтандыратын қасиеттер мен олардың өмірдегі іс-әрекеттері мен өмір «жағдайларын» меңгерумен сипатталады. Осы кезеңде жас өспірімнің әлеуметтену процесінде тұлғаның индидуалды даму мен типтену тенденциясы қалыптасады.

Жасөспірімдік әлеуметтануының үшінші сатысы16- 17- 18 жас аралығында қалыптасады.Әлеуметтік психологтар тұлғаның индивидуалды даму процесімен қатысты деген ұғымдар айтады. Біз білетіндей «осы саты басталғаннан бастап өте күшті тұлғалық қам жеуінен, қайран қалуынан, немесе соққы әкелетін уақиғалардың »болуымен қатар жүретіні біз үшін қажет фактор/10/.

Осыған сәйкес А.И.Ковалева ауытқитын әлеуметтан процесінің үш деңгейін анықтайды. Нақты индивиттің әлеуметтену процесіндегі ауытқуы, арнайы топтардың ауытқитын әлеуметтануы, кең ауқымды аномия , қағамның әлеуметтік құндылықтармен сәйкестенбеуі /11/.

Девиантты мінез-құлықтың диагностикалық маңызды көрсеткіштеріне келесілер жатады /12/.



  • жағымды бағыттағы өмірлік жосарлар мен профессианалдық алғы шарттардың болмауы;

  • оқу процесіне деген санасыздық пен тәртіптің жоқтығы;

  • пайдалы қызығушылықтардың тереңдігінің және жанжақтылықтың жетіспеушілігі;

  • педагогикалық әсер етушілерге сыйламаушылық қарым-қатынасат болу;

  • қоршаған адамдардың іс-әрекетін құқықтық пен моральдық талаптарға сай критикалық тұрғыдан баға беер алмау;

  • өзіндік критиканың болмауы;

  • қоршаға ортаға деген назар аудармаушылық,эмпатияға деген талаптың болмауы;

  • жаман әсерлерге бейімділігі,қиындықтар алдындағы тұрақсыздығы;

  • мінез құлықтың сыртқы мәдениетінің жоқтығы (киім киуде,сөйлеу мәнерінде);

  • жаман әдеттер мен қызығушылықтардың болуы (алкоголь, нашақорлық, никотин, бейберекет баалғаттау)

Ш.Е. Жаманбалаеваның

II БӨЛІМ. ЖАСТАРДЫҢ АУЫТҚИТЫН МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ СТЕРЕОТИПТЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СЕБЕПТЕРІ

2.1. Жастардың ауытқитын мінез-құлық стереотиптерінің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері

Әлеуметтік стереотиптері тұлғаның өмірлік іс-әрекеттерінің және әртүрлі әлеуметтік жағдайлардағы мінез-құлықтар жалпыға аян. Біздің мәліметтеріміз көрсеткендей бұл бағалықты ұйғарымдар деструктивті және продуктивті мінезде болады Мысалы, 1-кесте мәліметтерінен көруге болады, бүгінгі күндегі жастардың преоритеттері әлеуметтік маңызды болып табылмайды. Жыныстық ерекшеліктерден тәуелді алып жүруші бағыттар ретінде қазіргі кезде көбінесе өмірлік іс-әрекет бейнесіне сәйкес көңіл көтерулерді ұйғаратындығын аңғардық. Көбінесе осы тенденция еркек жыныстағылардың арасындағы басымдылығын көрсетеді. Жалпы олар 56 % жағдайды құрайды.

Осы тенденцияның басымырақ көрінуі жас өсіпірімдерде 14-17 жас аралығында бақыланады, олар ПТУ-дың оқушылары мен мектеп оқушыларында көптеп кездеседі, осыған сәйкес 60-62 % жағдайлар. Әйел адамдардың жынысын қатысты айтатын болсақ осы тенденция көрінісі еш өзгеріссіз екендігін байқауға болады. Яғни осы бағыттың маңызы сол сияқты көптеген жастық топтарда кездеседі.

Білім беруге талдау жасау маңызы ойын сауық құруға деген құмарлық өмір салттарының күтпеген жерден пародоксалды тенденция байқалды, көбінесе жоғарғы білімі бар адамдарға қатысты айтылады. Берілген пародоксалдылын әйел адамдарда зерттелгендердің ішінен тіпті жартысы (56 %жағдайда), сол кездерде ер адамдарда жоғарғы білімі барлары осы тенденция байқалмаған. Бұл фактіге түсіндірме ретінде ойын сауық бағдарламаның маңызды бағыттарын табу бір жағынан болса. Екінші жағынан, зерттеу жасалушылардың оқушылар екендігін ескере келе, олардың толық емес отбасыларында тұратындықтарын және өз әкелерінің мінез-құлықтарының моделін әлсіз білетіндер екендігі айтуға болады. Сонымен қатар өздерінің аналарының мінез-құлықтарын көрнекі жағдайда біледі, мүмкін, тіпті ер адамдардың бағалылық бағыттарын идеалданғаны гипертрофтанғаны көрінеді және әйелдер концепциясындағы өмірлік маңыздылығы бұзылған.



1-Кесте.


Зерттеуге қатысушылар

Бейресми топтардағы бағалы бағыттардың стереотиптері ( жағдайы)

Қызықты іс-әрекетпен шұғылда-ну


Заңды бұзбау-шылық


Көңіл көтеру


Жиі ұрыстар


Аймақтағы өте «мық-ты» болу


Жүліктік мінез-құлық


Жау-ап беру-ге қиналған-дар


Ер жыныстағы адамдар

31,0

9,0

56,0

-

-

1,0

3,0

14-17 жас аралығындағы ж-р

28,0

8,0

60,0

-

-

-

4,0

18-25 жас аралығындағы ж-р

26,0

5,0

58,0

-

-

6,0

5,0

Мектеп оқушылары ПТУ-дың оқуы

28,0

5,0

62,0

-

-

-

5,0

Орта білімі бар адамдар

26,0

14,0

55,0

-

-

3,0

2,0

Жоғарғы білімі бар адамдар

100,0

-

-

-

-

-

-

Әйел жынысындағы адамдар

43,0

6,0

43,0

1,0

3,0

3,0

1,0

14-17 жас аралығындағы ж-р

28,0

4,0

58,0

3,0

6,0

1,0

-

18-25 жас аралығындағы ж-р

45,0

6,0

45,0

-

2,0

1,0

2,0

Мектеп оқушылары ПТУ-дың оқуы

28,0

6,0

57,0

4,0

4,0

5,0

-

Орта білімі бар адамдар

45,0

6,0

39,0

-

3,0

-

2,0

Жоғарғы білімі бар адамдар

33,0

11,0

56,0

-

-




-

Стереотиптер топтарын әлуеметтік-маңызды тұлғалық және топтық іс-әрекетпен байланысты стереотиптер "қызықты жұмыстармен айналысу" бағытталған стереотиптерден құралады екен. "Қызықты жұмыс" дегенде немесе топтың немесе тұлғаның әлеуметтік маңызды потенциалы бар профессионалдық және интеллектуалдық өзін-өзі алға дамытатын шараларын айтқан едік. Бұндай бағытта ерлер арасында 31 % жағдайды құрайды, ал әйел адамдар арасында 43 % құрайды. Ер адамдар арасында осы тенденция барлық жастар топтар арасында да орын алады және жоғарғы білімі барлар арасында өте максималды деңгейге жетті. Ал әйел адамдар арасында қарама- қарсы тенденция байқалады, өзіндік профессионалдық ал жылжулар уақыт өткен сайын, яғни жасы ұлғайған сайын білім деңгейіне тәуелсіз басымырақ болып келеді. Көбінесе әйел адамдар арасында жоғары білімі барлар арасынан бұл тенденция 12 % төмен болған, ол орта білімі бар әйел адамдар арасында салыстырғанда, ерлер арасынан 67 % кем болған.

Жастардың мінез-құлықтарының басқа да стереотиптеріне топ аралық жанжалдарды жатқызуға болады, оларды жиі ұрыстар қатарына кіргіземіз, және жекелеген топтардың аймақтағы "өте мықтылардың" есебінде болғысы келетіндер. Осы екі топтық деструктивтік стереотиптер әйел адамдардың топтарының өкілдерінде кездеседі, ал ерлер арасында жоқтың қасы.

Жоғарыдағы айтылғандардың ішінен көптеген стереотиптердің қалыптасуында бағыттың белгілеріне тәуелсіз бейресми топтар көп әсер етеді.



Осыған байланысты, осы стереотиптердің тұлғааралық қатынастардағы орын алуын бақылау өте қызықтырақ болады, яғни партнер немесе топ әртүрлі модальды жағдайға бағынышты болса осы жағдайды бақылауға болады (денелік, жасты интеллектуалдық, криминогендіктің үлкен тәжірбиесі).
2-Кесте. Жастардың басым болу жағдайдындағы мінез-құлық стереотиптерінің стратегиялары





Басым болу жағдайындағы мінез-құлық стереотиптерінің стратегиялары ( жағдайында)

Зерттеушілер


Сендіру

Тыныштықта қалдыру

Қорлау

Ұру

Жауап беруге қиналамын

Ер жыныстағы адамдар

68,0

13,0

9,0

10,0

-

14-17 жас аралығындағы ж-р

68,0

24,0

4,0

4,0

-

18-25 жас аралығындағы ж-р

63,0

21,0

5,0

11,0

-

Мектеп оқушылары ПТУ-дың оқуы

67,0

10,0

10,0

13,0

-

Орта білімі бар адамдар

67,0

19,0

5,0

9,0

-

Жоғарғы білімі бар адамдар

100,0

-

-

-

-

Әйелдер арасында

72,0

17,0

7,0

3,0

1,0

14-17 жас аралығындағы ж-р

52,0

22,0

14,0

12,0

-

18-25 жас аралығындағы ж-р

77,0

19,0

4,0

-

-

Мектеп оқушылары ПТУ-дың оқуы

51,0

20,0

12,0

17,0

-

Орта білімі бар адамдар

75,0

16,0

6,0

-

2,0

Жоғарғы білімі бар адамдар

100,0

-

-

-

-

Маңызы жағынан екінші стереотип келісім мінез-құлық болды, яғни тұлғааралық өзара әрекеттестікке араласуға тырысуы. Бұл стереотип жас өспірім кездегі (14-17 жас аралығындағы) әйел адамдар жынысында жоғарғы көрсеткіштерді алады, ереже бойынша шығарылған күйзелісуі, сенімсіздік осы компромистік мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін стереотиптердің бірі.

Сонымен қатар жастар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастардың вербалдық және денелік агрессивті стереотиптерінің барлығы арнайы орын алады. Бұндай стереотиптер ерлер арасында қалыпты жағдай ретінде көрінеді (бірінші кезекте, 18-25 жас аралығындағы және ПТУ-дың оқушылары арасында) көптеп кездеседі. Көбінесе жиілікті осы стереотиптер қылмыстық шаралармен жаза өтеу аймақтарындағы ер адамдардың арасынан көптеп кездеседі.

Осы экспериментке маңызды дәлел ретінде жынысаралық мінез-құлық стереотиптері өз репутациясын қорғау кезінде көрінуі мүмкін. (3-Кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет