Тақырып: МӘТІН.
І деңгейлік тапсырма.
-
Мәтіннің түрлерін жаз.
-
Тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жаз, ат қой.
Көктемде бозторғай ұшып келді шатырдың астына ұя салды біраздан кейін бес балапан пайда болды бозторғай оларға жем тасыды балапандар үлкейіп ұшып кетті
ІІ деңгейлік тапсырма.
-
Жұмбақты көшіріп жазып, шешуін тап.
Қодиында қайырлы,
Қазынанын бәрі ба.р
Тауыссаң көз майыңды,
Қалағаның табылар. (...............)
-
Жұмбақтың шешуіне фонетикалық талдау жаса.
ІІІ деңгейлік тапсырма.
-
Тірек сөздер бойынша мәтін жаз, ат қой. Мәтінің қай түріне жататынын анықта. Тірек сөздер: қоян, қыс, жүн, жүгіру,тоңбау, жұмсақ, аң, ағаштың түбі, пайда, паналау, шөптің арасы, жату.
Тақырып: СӨЙЛЕМ.
І деңгейлік тапсырма.
-
Сөйлем түрлерін жаз:
а) сөйлемнің мүшелерінің қатысына қарай
ә) құрылысына қарай
б) айтылу мақсаты мен дауыс ырғағына қарай.
-
Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер ойлап жаз.
...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
ІІ деңгейлік тапсырма.
1.Сурет бойынша жалаң, жайылма сөйлемдер жаз.
ІІІ деңгейлік тапсырма.
1.Төмендегі сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем. Неге? Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап, астын шартты сызықтармен сыз.
а) Жазғы каникул аяқталды. Жаңа оқу жылы басталды.
ә) Жазғы каникул аяқталды, жаңа оқу жылы басталды.
Тақырып: СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ.
І деңгейлік тапсырма.
-
Сөйлемнің күрделі мүшесіне жататын сөздерді теріп жаз: ана, ойға шолды, екі, үнсіз ғана, от,басында, сұрақ қой.
-
Сөйлем мүшелерінің түрлерін сұрақтарымен қосып жаз.
-
Сөйлем мүшелеріне талдап, шартты сызықтармен сыз.
Балалар айналаға қуана қарайды.
ІІ деңгейлік тапсырма.
-
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша туралы жаз.
-
Сөйлемдегі тыныс белгілерін қой.
Жақсы жаныңа жолдас жаман малыңа жолдас.
Сөйлем мүшесіне талда.
ІІІ деңгейлік тапсырма.
1.Сурет бойынша шағын әңгіме жаз, тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
2.Әңгімеге ат қой.
Тақырып: ЗАТ ЕСІМ.
І деңгейлік тапсырма.
-
Атау септікте тұрған сөздерді теріп жаз.
Күрекпен, күрек, күректі, өзенге, өзеннен, өзен, өзенді, немересі, немересінің, мектептен, мектеп, мектепке.
-
Малдардың төлдерін жаз.
Қой ________________
Түйе ______________
Жылқы _______________
Ешкі ____________
-
Мына сөздерден зат есім жаса.
Ұш, біл, өшір,жүз, таза,сұлу, адал, жаңалық.
ІІ деңгейлік тапсырма.
-
Берілген зат есімдерді екі түрлі септікке қойып жақшадағы сөзбен тіркестір.
Нүргүл (бару), Жіп(байлау), ауыл( бару), қол(жуу), ән(айту).
-
Тәуелдеулі сөздерді сызық арқылы бір - біріне қос.
-
Тәуелдеулі сөздердің тұсына оның түбірін жаз.Бұл сөздер қай септікте тұрғаның көрсет.
Етігің – кітабым -
Сабағымыз- жібіміз-
-
Сөздердің қай септіктікте тұрғаның көрсет. Септік жалғауын ажырат.
а) қапқа, қабыма
ә) төбеде, төбесінде
б) кітапты, кітабым
ІІІ деңгейлік тапсырма.
“Менің күшігім” тақырыбына шағын әңгіме жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |