I-дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар


Антигитлерлік коалициясы державалары басшыларының Ялта (Қрым) конференциясы, негізгі шешімдері және маңызы



бет46/90
Дата18.11.2022
өлшемі0.5 Mb.
#465191
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90
I-ä?íèåæ?ç³ë³ê ñî?ûñòàí êåé³íã³ õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð

48.Антигитлерлік коалициясы державалары басшыларының Ялта (Қрым) конференциясы, негізгі шешімдері және маңызы.
Ялта конференциясының күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралды:
Германия мәселесі;
Азат етілген Еуропа тағдыры;
Польша және Югославия мәселелері;
Кеңес үкіметінің Жапонияға қарсы соғысқа араласуы туралы.
1.Германия мәселесі. Конференция мүшелері мәжілістің бірінші күні Кеңес Бас штабының бастығы генерал А.И. Антонов пен АҚШ-ның Бас штабының бастығы генерал Дж. Маршаллдың майдандағы жағдай туралы хабарландыруларын тыңдап шығып, Германия толық тізе бүккенге дейін әскери қимылдарды жалғастыратынын мәлімдеді.
Ялтада одақтас державалар Германияға қатысты ұстанған саясатының жалпы мақсаттарын жариялады. Үш одақтас держава жауды талқандаудың біріккен әскери жоспарларын жасады. Бұл мәселені шешу үшін одақтас үш ұлттың әскери штабтарының басшылары күнде мәжіліске жиналып отырды. Бұл мәжілістер бойынша қабылданған коммюникеде, олардың жұмысы нәтижелі болғаны және үш одақтас мемлекеттің әскери жоспарларының тығыз координацияда болғаны туралы айтылды. Әр мемлекет өзінде бар мәліметтермен олақтас мемлекеттерді толық таныстырды. Германияға шығыстан, батыс пен оңтүстіктен одақтастардың әскерлері мен әскери-ауе күштері жасайтын шабуылдарының мерзімдері, жерлері келісілді.
"Біздің бірлескен жоспарларымыз адамзатқа олар жүзеге асырылғаннан кейін белгілі болады" - деп айтылған еді бұл мәселе бойынша қабылданған коммюникеде, - "бірақта біз үш әскери штабтардың бірлесіп атқарған жүмысы соғыстың тезірек аяқталуына септігін тигізеді деген сезімдеміз. Үш штабтың бірлескен мәжілістері қажет болған әр уақытта болып тұрады. Нацистік Германияның күні санаулы. Неміс халқы келешегі жоқ қарсылықты жалғастырьіп, өздерінің жеңілісі үшін өте жоғары баға төлейіндеп отыр"
Конференцияда Германияны оккупациялау мен келешекте ондағы жағдайды бақылау туралы мәселе талданды. Бұл мәселе бойынша қабылданған коммюникеде былай делінген еді: " Үш одақтас держава Германия толық тізе бүккенннен кейінгі Германияда жүргізітін жалпы саясаты мен оны жүзеге асыру жоспарлары бойынша келісіп қойды. Бірақта ол жоспарлар Германия толық талқандалғанға дейін жарияланбайды. Үш державаның әскери күштерінің бірлесіп бекіткен жоспары бойынша, Германия арнайы зоналарға бөлініп онда одақтастардың әскерлері түрады. Келісілген жоспар бойынша, ол зоналарды басқару Берлинде орналасатын үш державаның Жоғарғы қолбасшыларынан түратын Орталық Бақылау Комиссиясына тапсырылады. Егер Франция келісім берсе оны үш держава бірігіп Германияны оққупациялауға шақырады. Ол Бақылау Комиссиясының 4-ші мүшесі болып жарияланып, оған оққупациялау зонасы бөлінеді. Оған бөлініп берілетін оққупациялау зонасының мөлшерін Еуропалық Кеңес беруші Комиссиясындағы 4 үкіметтің мүшелері шешеді.
Біздің негізгі мақсатымыз - герман милитаризмі мен нацизмді жою және де Германия еш уақытта әлемдегі бейбітшілікті бұза алмауына кепілдік беру болып табылады. Сондықтан біз алдымызға мынадай мақсаттар қойдық: герман қарулы күштерін қарусыздандырып, тарату; герман милитаризмінің жандануына осымен 2 рет әрекет жасаған германдық Бас штабты мәңгілік жою; барлық герман әскери обмундированиесін жою; келешекте әскери өндірісті жандандырып қарулануға пайдаландырмау үшін герман өнеркісібін жою; соғыс отын тұтатқандардың әділ жазасын беру; немістерге соғыс барысында бөтен елдерге келтірген шығындарын өтету; жер бетінен нацистік партияны, нацистік заңдармен, ол.ардың үйымдары мен мекемелерін жою; Германияның экономикасына, мәдени өміріне нацистік және милитаристік тұрғыдан ықпал етіп отырған қоғамдық ұйымдарды жою. Сонымен қатар келешекте Германияны тағы да соғыс ошағына айналдырмауға кепілдік беретін бөтен де шараларды жасау.
Бізідің мақсатымыз неміс ұлтын жою емес. Тек қана нацизм мен милитаризмді біз жойғанда ғана, герман халқы әлемдік қауымдастықта өзіне лайық орнын алып, өнегелі өмір сүруге мүмкіндік алады".
Конференция жеңілген Германияның одақтастар державаларымен басқарылуының формалары мен функцияларын белгіледі. Ортақ келісім бойынша Кеңес Одағы - Германияның шығыс бөлігін, Ұлыбритания - солтүстік-батысын, АҚШ - оңтүстік - шығыс оккупациялайтын болды. Одақтас державалар Францияны Германияны бірлесіп оккупациялауға Шақырды. Конференцияның шешімі бойынша Үлкен Берлиннің ауданы одақтас 3 державаның бірікккен күштерімен оққупацияланатын болды.
Германияға қатысты біріккен келісілген саясат жүргізу үшін Берлинде Орталық бақылау комиссиясын құру ұйғарылды. Ол Германиядағы барлық жоғары билікті атқаратын болды. Бұл комиссияға Герман территориясында орналасқан КСРО, АҚШ және Ұлыбританияның қарулы күштерінің қолбасшылары кірді.
Одақтас мемлекеттердің мемлекет басшылары Германиядан репарация алуды шешті. Бұл мәселе бойынша, Терманиядан натуралдық түрде репарациялар алу мәселесі бойынша Қырым конференциясына қатысушы үш үкіметтің келісім сөздері деген Хаттама қабылданды.
Үш үкіметтің басшылары мынадай мәселелер бойынша келісті:
1. Германия натуралдық түрде соғыс барысында одақтас ұлттарға келтірген зиянын өтеуге міндетті.
Репарацияны бірінші кезекте соғыс барысындағы соғыстың ауыртпалығын көтерген, көптеген шығын шығарған және фашизмді жеңуге зор үлес қосқан мемлекеттер алады
2. Германиядан репарациялар мынада үш түрде алынады:
а) Германия тізе бүкеннен немесе ұйымдасқан қарсылық көрсетуін қойғаннан көйінгі 2 жылда Германияның өзінің территориясы мен шет елдерде ораналасқан ұлттық байлығынан репарация (құралдармен, станоктармен, кемелермен, поездармен, шет елдік банктегі ақшаларымен, онеркәсіптік, транспорттық, кеме және бөтен де өнеркәсіптік салаларының акцияларымен) алынады және де ол алымдар неміс халқын тонау үшін емес Германияның әскери потенциалын жою үшін жасалады;
б) мерзімі кейін белгіленген уақытта, Германия репарацияны жылдық өнеркәсіптің табысынан төлеп тұрады;
в) репарация есебіне одақтас державалар Германияның жұмыс күшін пайдаланады.
3. Жоғарыда көрсетілген принциптерге негізделген нақты толық репарациялық жоспарды жасау үшін Мәскеу қаласында КСРО, Ұлыбритания, АҚШ мемлекетінің өкілдерінен тұратын одақтастар аралық Репарациялық комиссия құрылады.
5. Германия төлейтін репарацияның жалпы сомасы мен оны герман агрессиясынан зардап шеккен мемлекетерге бөлу туралы мәселе бойынша американ және кеңес делегациясы мынадай шешімге келді: "Мәскеу Репарациялық комиссиясының ұсынысы бойынша, әзірше талқылауға Кеңес үкіметі ұсынған мынадай көрсеткіштер қабылданады: 1. Репарациялардың жалпы сомасы 20 миллиарда долларға теңеледі және оның 50 % Кеңес үкіметіне беріледі." Британ делегациясы Германия төлейтін репарациялардың жалпы сомасын атау әлі ертерек деді.
Қырым конференциясында батыс мемлекеттері қайтадан біріккен герман мемлекетін жоюды ұсынды. Американ президенті Рузвельт Германияны 5-7 мемлекетке бөлшектеп жіберуді ұсынды. Черчилль өз жағынан бұған қарсылық білдірмеді.
Бұл жоспарлар Кенес үкіметінің басшысынан батыл қарсылық көріп, сондықтан қабылдамбай қалды.
Қырым конференциясында Германия мәселесінен басқа мынадай мәселелер талданды және олар бойынша шешімдер қабылданды:
Азат етілген Еуропа бойынша Декларация қабылданды;
Польша және Югославия мәселесі талқыланды;
Бірккен Ұлтар Ұйымын құру мәселесі;
Кеңес үкіметінің Еуропада соғыс аяқталғаннан кейінгі Жапонияға қарсы соғысуы туралы;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет