I-дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар



бет1/90
Дата18.11.2022
өлшемі0.5 Mb.
#465191
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90
I-ä?íèåæ?ç³ë³ê ñî?ûñòàí êåé³íã³ õàëû?àðàëû? ?àòûíàñòàð


  1. I-дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар.

Бірінші дүниежүзілік соғыс сипаты жағынан әділетсіз, жаулаушылық, империалистік соғыс болды. Мемлекеттер жаулау-шылық саясат жүргізді. Соғыс ірі мемлекеттердің империалистік катынастарынан туды. Олар отарлар мен ұсақ елдерді қайта бөлісу үшін ұрыс дала ұрыс даласына шықты. Бұл соғыста екі қақтығыс алдыңғы шепте тұрды. Бірі Англия мен Германия, екіншісі Герман мен Ресей арасында болды. Осы үш ірі мемлекет бірінші дүниежүзілік соғысты бастаушылар болды. Ал қалғандары олардың одақтастары еді. Соғыс шеңберіне біртіндеп құрамында бір жарым миллиардтан астам халық бар 38 мемлекет кірді. Төрттік одаққа Германия, Германия отарларымен, Австрия-Венгрия, Түркия мен Болгария кірді. Ал Антантаға — Англия, Ресей, Франция, Бельгия, АҚШ, Португалия, (бәрінің де отарлары бар) Сербия, Жапония, Румыния, Грекия, Черногория және басқа елдер енді
I Дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастарда айтарлықтай өзгерістер болды
1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерінің талабымен Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды. 1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығарылып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары арасында келісімге келу үшін Париж қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден делегаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо, ағылшын премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президенті Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады.
Париж конференциясының алдында соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы, әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, дүниені қайта құру мәселесі тұрды:
- халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру;
- ірі капиталистік елдер арасындағы дүниежүзілік ықпалды реттеу;
- Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу.
Ірі державалық елдер бұл мәселелерді Париж конференциясында өз мүдделеріне ыңғайлы шешу үшін күрес жүргізді. АҚШ-тың конференциядағы негізгі мақсаты дүниежүзілік әлемде өзінің үстемдігін қалыптастыру болды. Бірақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргізуіне оның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық дамуы негіз болды. Соғыстан кейін Франция мен Англияның экономикасы күйзеліске ұшырап, экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтерді. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кірісті. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өліп, 230 мың адам жараланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсібі 335 млрд. доллар таза пайда келтірді. 1919 жылы АҚШ дүниежүзінде көмірдің 50% өндірді; шойын мен болаттың ; мұнайдың ; автомобильдің 85% шығарды.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ дүниежүзінде қаржы саласында толық үстемдік алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдерінде 7 млрд. доллар, Еуропа елдерінде 18 млрд. долларға жетті. АҚШ президенті В. Вильсон: «Дүниежүзіне кім көп ақша берсе, сол ел әлемде билік жүргізуі қажет» - деген болатын. Сөйтіп, АҚШ дүниежүзілік үстемдік жасау үшін күрес жүргізді. Бұл саясатты іс жүзіне асыру үшін АҚШ президенті Париж конференциясына «14 тараудан» тұратын бағдарламасын әкелді. Бағдарламаның мазмұны төмендегідей болды:
- Антанта елдерінің арасындағы жасырын келісімдерден бас тарту;
- дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерде еркін жүзу;
- барлық кедендік кедергілерді жойып, халықаралық «ашық есік» және «ашық қол» принципін сақтау;
- отар елдердің мәселесін әділетті шешу;
- қару-жарақты қысқарту;
- Германиямен және оның одақтастарымен әділетті келісімдер жүргізу;
- дүниежүзілік дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру.
Париж конференциясында АҚШ Президенті В.Вильсонның бейбітшілік сүйгіш саясатты білдірген «14 тараудан» құрылған бағдарламасына Франция мен Англия басшылары қарсы шықты.
«14 тараудан» тұратын бағдарламаның мазмұнынан АҚШ-тың экспансиялық саясаты анық көрінді. Бұл бағдарламадағы АҚШ саясатының мәні дүниежүзілік әлемде үстемдік жүргізу екенін түсініп, Франция мен Англия Париж конференциясында АҚШ саясатын әшкерелеп, Вильсонның бағдарламасын қабылдамады. Ұлттар Лигасын құру бағдарламасын Клемансо мен Ллойд-Джордж қолдап, халықаралық қатынастағы дау-жанжал мәселелерді шешуде айтарлықтай рөл атқаратын ұйым құруға келісті.
Версаль бітім шарты
Версаль бітім шартыАнтанта басшылары уәде еткен "әділетті және демократиялық бітімнен" әлдеқайда басқаша болып шықты. Құжатқа кол қойылған үлкен Версаль сарайының атымен аталған Версаль шарты бойынша Германия соғыстың шығуына кінәлі деп жарияланды және осыған байланысты жаза тартуы керек болды.
Германияны барлық отарларынан айырып, оның территориясының кейбір бөлігін көрші елдерге беру және Антанта елдеріне келтірген зияндары үшін репарация төлеуге міндеттеген шешім қабылданды.
Шарттың территориялар жөніндегі ережелері.Германия Элъзас пен Лотарингияны Францияға қайтарды. Саар облысын басқару 15 жылға Ұлттар Лигасына берілді. Германияның төл территориясының 1/8 бөлігі алынды. Данциг (Гданьск) еркін қала деп жарияланды. Кезінде Германия қосып алған поляк жерлерінің біразы (Познань, Пруссия мен Померанияның кейбір аудандары) Польшаға қайтарылды. Эйпен, Мальмеди және Морене округтары Бельгияға кетті. Данияға Солтүстік Шлезвиг берілді. Германия мұның үстіне Мемельден (Клайпеда) бас тартып, ол кейіннен Литваға қосылды.
Германияның отарларын Англия, Франция мен Жапония өзара бөлісті. Англия мен Франция мұның үстіне Осман империясының "мұрасын" бөліп алды. Қорытындысында Англия Ұттар Лигасының атынан Палестинаға, Трансиорданияға, Ирак пен Танганьикаға (Германиялық Шығыс Африкаға) мандат алды.
Франция Сирия мен Ливанға мандат алды. Англия мен Франция Того мен Камерунды өзара бөлісті. Жапония Мариан, Каролина және Маршалл аралдарын, Шаньдун түбегін алды. Ағылшын доминиондары да бірнеше кіші-гірім территорияларға ие болды.
Шарттың әскери баптары.Герман бас штабы таратылды. Жалпыға міндетті әскери қызмет өзгертілді. Герман армиясының саны 100 мың адаммен шектеліп, еріктілік негізінде құрылатын болып белгіленді. Германияға су асты флотын, ірі су үсті кемелерін, танк құрамаларын, әскери авиация мен ауыр артиллерия иеленуге тиым салынды. Рейн аймағы — сол жағалаудағы герман жерлері мен оң жағалаудағы екі 50 шақырымдық аймақ демилитаризацияланған деп жарияланды. Ол жерлердегі әскери бекіністер жойылып, қарулы күштерді орналастыруға тиым салынды.
Репарациялар мен Антанта елдерінің шығындарының орнын толтыру туралы мәселе келесі келіссөздерге дейін кейінге қалдырылғанымен, 132 млрд алтын марка мөлшеріндегі жалпы саны белгіленді. Рейн аймағында 15 жыл бойына оккупациялық армия орналастырылып, оны герман жағы қамтамасыз етуге тиісті болды.
Версаль келісімі неміс халқына аса үлкен ауыртпалық салды және оның ұлттық сезімдеріне қатты нұқсан келтірді. Кейінгі уақыттарда бұл жағдай кек қайтару идеясы мен саясатына дем беріп, оны 30-жж. фашистер шеберлікпен пайдалана білді.
Келісімге қол кою кезінде герман делегациясы тонаушылық бітімінің шарттарын жұмсартуға, оның ішінде соғысты шығаруға "кінәлілік" туралы бапты алдырып тастауға тырысты, бірақ ол қарсылық қабылданбады. 1919 ж. 28 маусымындаГермания Антанта елдерімен және олардың одақтастарымен Версалъ бітімі туралы келісімге қол қойды.
1919—1920 жж. Австриямен, Венгриямен, Болгариямен және Түркиямен бейбіт бітімдер жасалды.Оларда да кейбір территориялық өзгерістер, қару-жарақ пен армияның саны және репарациялық төлемдер туралы шарттар қарастырылды.
Осы аталған келісімдердің барлығы жеңімпаздар мен жеңілгендердің арасындағы қатынастарды анықтайтын және Еуропа мен отарлық аймақтардағы халықаралық қатынастарды реттейтін Версаль жүйесінқұрды.
Бітім шарттары:
1. Германиямен Версаль шарты (28 маусым 1919 ж.):
— барлық отарларын беру;
— қарулы күштердің санын 100 000 дейін қысқарту;
— Германия ауыр артиллерия, танктер, самолеттер, сүңгуір қайықтар, соғыс кемелерін иелену құқығынан айрылды:
— Рейннің сол жағалауы 15 жылға оккупацияланды;
—Рейннің оң жағалауында екі 50 шақырымдық демилитаризацияланған аймақ орнатылды;
— территориясының1/8, халқының 1/10 бөлігі басқамемлекеттерге беріледі;
—Репарациялар (шығындардың орнын толтыру) /231 бап (соғыстар үшін жауапкершілік туралы бап).
2.Сен-Жермен-ан-Леде Австриямен жасасқан шарт (10 қыркүйек 1919 ж.):
— Австрия мен Венгрияның бөлінуі;
— Италияға Бреннерге дейін Оңтүстік Тиролъды беру;
— Тәуелсіз Чехословакия, Полыиа, Венгрия және Югославия мемлекеттерін тану;
— қару-жарақты қысқартып, армия санын 30 000 дейін азайту;
— репарациялар.
3. Нейиде Болгария қол қойған шарт (27 қараша 1919 ж.)
— Грекияға Фракияның жағалаулың жерлерін беру.
4. Венгриямен жасалған Трианон шарты (4 маусым 1920ж.):
— Словакия Чехословакияға өтеді;
— Трансилъвания Румынияға беріледі;
— Банат Югославияға кетеді.
5. Туркия қол қойған Севр шарты (10 тамыз 1920 ж.):
— бұғаздарға халыцаралық бақылау орнату және осы мақсатпен халықаралық әкімшілік құру;
— қару-жарақты азайтып, қарулы күштер санын 50000 дейін қысқарту;
— территорияларды басқаларға беру.
Бірақ Париж бітім конференциясынан кейін отаршыл елдерге Қиыр Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы қарама-қайшылықтарды реттеу, сонымен бірге Шаньдун түбегін Жапонияға беруге қарсы болып, Германиямен бейбіт бітімге қол коюдан бас тартқан Қытайға қатысты саясатты белгілеу АҚШ үшін Вашингтонда конференция шақырып, өзінің пайдасына маңызды шешімдерді қабылдаттыруға қолайылы сәт туды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет