І. Ғылыми дәреже берілетін ғылым саласы Тарих ғылымдары ІІ. Мамандықтың формуласы



Дата08.07.2016
өлшемі36.11 Kb.
#185090
МАМАНДЫҚТЫҢ ҚЫСҚАША ТӨЛҚҰЖАТЫ
07.00.02- Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы)
І. Ғылыми дәреже берілетін ғылым саласы
Тарих ғылымдары
ІІ. Мамандықтың формуласы

Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нысаны – қазақ халқының тарихы және Орталық Азия және Еуропа елдерімен тығыз байланыста дамып отырған Қазақстан Республикасының тарихы. Ол жүріп өткен жолымыз бен бүгінімізді зерделеу және болашағымызды айқындау мақсаты үшін қажет б.т. Отан тарихының пәні – Қазақ жерінде қалыптасқан түрлі қоғамдардың ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейінгі даму эволюциясын ортақ әрі көп кезеңді үдеріс ретінде бүгінгі гуманитарлық ғылымдардың жетістіктері негізінде танып білу.


III. Зерттеу бағыттары

Этникалық тарих. Қазақстан аумағындағы этникалық қауымдардың қалыптасу және өзгеріс үстіндегі даму үдерістері. Түркі тілдес этностық қауымдардың қалыптасуының тарихи алғы шарттары, қазақ этносының қалыптасуы, қазақ жүздері. Қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасуы. Қазақстандағы этносаралық қатынастар, миграциялық үдерістер мен демографиялық өзгерістер. Шетелдік диаспоралар мен ирриденттер.

Қазақ мемлекеттілігінің тарихы.

Көшпелі және жартылай көшпелі халықтардың мемлекеттілігінің ерекшеліктері. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы. Қазақ хандығының негізгі даму кезеңдері. Қазақ хандығының саяси жағдайы, мемлекеттік басқару. Әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары. Қазақ хандығыынң көршілес халықтармен, Орталық Азия елдерімен, Ресеймен саяси-экономикалық қатынастары. Қазақ хандығының халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен ролі. Шаруашылықтың дамуы және материалдық мәдениет. Қазақ халқының ортағасырлардағы рухани мәдениеті. Тіл, дін, әдебиет және ауызша тарих айту дәстүрі.



ХVIIIXX ғғ. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. Көшпелі қоғам эволюциясы. Қазақстан және ислам өркениеті. Көшпелі және отырықшы халықтардың өзара байланысы. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. Қазақ қоғамының рулық-тайпалық, әлеуметтік жіктелісі. Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуы мәселелері: еріктілік, жаулау, әскери-казактық және шаруаларды қоныс аудару арқылы отарлау. Патша үкіметінің әкімшілік-аумақтық реформалары. Патшалық отарлау саясатына тарихи баға.

XVIII-ХХ ғғ. қазақ халқының отарлық саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстары. Экономикадағы, әлеуметтік құрылымдағы, демографиядағы, мәдениет пен ұлттық дүниетанымдағы түбегейлі өзгерістер. Қазақ халқының дәстүрлі қоғамындағы дағдарыс.

Қазақ демократиялық интеллигенциясының қазақ халқының саяси автономиясы мен қазақ қоғамының прогресі жолындағы күресі. («Алаш» қозғалысы).

Кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Кеңес Одағы басшылығының Қазақстанда жүргізген әлеуметтік-экономикалық және мәдени саясатының сипаты. Индустриаландыру мен күштеп ұжымдастырудың нәтижелері. 1931-1933 жж. аштық қасіреті. Мәдени өмірдегі жетістіктер мен қайшылықтар. 1920-1950 жж. саяси қуғын-сүргін.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы.

1990 жж. Қазақстан. Әкімшіл-әміршіл жүйенің дағдарысы. Кеңестер Одағының ыдырауы және Республика тәуелсіздігінің жариялануы. Қоғамды демократияландыру және ұлттық-мәдени өрлеу үдерістері. Қазақстан Республикасы ішкі саясатының басымдықтары мен стратегиялық мақсаттары. Қазақстан экономикасындағы нарықтық қатынастардың дамуы. Қазақстанның сыртқы саясаты және сыртқы экономикалық байланыстары. Қорытындылары мен мәселелері.



Қазақ халқының рухани мәдениеті.

Қазақ халқының ата-бабаларының рухани мәдениетіндегі синкретизм. Сақ-үйсін мәдениеті. Көшпелі түркі халықтарының мәдениетіндегі, менталитетіндегі, дәстүріндегі ерекшеліктер. Ислам әлемінің қазақ мәдениетіне ықпалы. Түркі-мұсылмандық өркениет шеңберіндегі қазақ мәдениеті. XIX-XX ғғ реформалар. Қазақ ағартушылығының сипаты. Алаш зиялыларының феномені. Қазіргі қазақ мәдениетіндегі дәстүрлер мен жаңа үрдістер және даму жолдары.


IV. Шектесетін мамандықтардың атауы мен шифры

07.00.03 – жалпы тарих

07.00.04 – түркі халықтарының тарихы

07.00.06 – археология

07.00.07 – этнография, этнология және антропология

07.00.09 – тарихнама, деректану және тарихты зерттеу әдістері

07.0010 – ғылым мен техника тарихы

07.00.15 – халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат тарихы



V. Шектесетін мамандықтардан айырмашылығы

07.00.03 – мамандығы бойынша ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдегі жалпы тарих мәселелері зерттеледі.

07.00.04 – мамандығы бойынша түркі халықтарының тарихына арналған зерттеулер жүргізіледі.

07.00.06 – мамандығына Қазақстан тарихына қатысты археологиялық зерттеулер жатады.

07.00.07 – мамандығына Қазақстан аумағын мекендеген халықтардың этнографиясына, этнологиясына және антропологиясына қатысты зерттеулер жатады.

07.00.09 – мамандығы бойынша тарихнама, деректану және тарихты зерттеу әдістері мәселелеріне байланысты зерттеулер жүргізіледі.



07.00.10 – мамандығы бойынша химия, биология, геология-минерология, техникалық, ауыл шаруашылық, географиялық, медициналық, ветеринарлық және архитектура ғылымдарының қалыптасу және даму тарихы зерттеледі.

07.00.15 – мамандығына халықаралық қатынастар мен сыртқы саясат тарихының өзекті мәселелері жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет