Дарындылар додасы
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
№ 1 орта мектеп тәлімгері
Мунайтбасова Жулдыз Темирхановна
І жүргізуші: Сәулет 10 «а»
І І жүргізуші: Аяжан 10 «а»
«Атамекен толғауы» Ахметқали Шерхан
І жүргізуші:
Өнер менің – бар өмірім, шындығым,
Көкте самғап қыран құсы сындымын.
Шын тұлпарлар оза шауып бәйгеде,
Шын дарындар сынға түсер күн бүгін!..
ІІ жүргізуші:
Ең айшықты әлеміндей үлгінің,
Өнерлі жан жеңе алады бірді мың..,
Дән – қауызы бүршік жарып дарынның..,
Үздіктерден үздік шығар күн бүгін!..
І жүргізуші:
«Дарындылар додасы» дейд білгендер,
Өнерімен кірпік-нәрін ілгендер,
Бар өнерін өздеріңе сыйлайды,
Бақ-талаптың шын тұлпарын мінгендер!..
ІІ жүргізуші:
Мектебімізде наурыз айының 13-і мен сәуір айының 18-і аралығында қабілетті, дарынды оқушыларды қолдай білу мақсатында ұйымдастырылған «Дарындылар додасы» сайысы өз мәресіне жетті.
І жүргізуші:
Шығады әркез сайыскерге сын алдан,
Би менен күй, қылқалам мен жыр-қалам,
Сиқырлы әлем, саз әлемі, қолөнер
Бір шаңырақ жеті уықтан құралған!..
ІІ жүргізуші:
«Сиқыр әлеміне саяхат» таңқалдыру сағаты;
«Сырлы биім –елге сыйым» би байқауы;
«Күй -шежіре» байқауы;
«Жыр жазамын жүрегімнен» ақындар мүшайрасы;
«Қылқалам-өмір» суретшілер туындысы;
«Саз әлеміне саяхат» ән байқауы;
«Еңбек -өнер өрісі, өнер - өмір жемісі» қолөнер туындылары номинациясы бойынша сарапқа салынды.
ІІ жүргізуші:
Іріктеу кезеңінен өткен жарыскерлер өз өнерлерін ортаға салады. Өнегелі оқушының өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек:
І жүргізуші:
-
Көбенов Жарасхан Жайлыбайұлы- мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары;
-
Мұстафина Шаттыгүл Ысқаққызы – музыка пәні мұғалімі;
-
Құдайбергенова Дина Құдайбергенқызы- технология пәні мұғалімі;
-
Құдайбергенова Ақтолқын Сағитжанқызы- шығармашылық жетекші;
-
Ермағанбетова Бақытгүл Нұрланқызы- көркемдік жетекші.
ІІ жүргізуші:
Өнер- өзен. Мөлдір суы жиі ақты..,
Сол өнерден барша жандар сый апты..,
Мың бұралған бишілердің осынау
«Сырлы биі – елге сыйы» сияқты
Сахнаға татар биімен «Балдырғандар» тобын шақырамыз.
І жүргізуші:
Қарсы алатын арайы мол таңдарды..,
Өмір сүйген өлең бар-ды, ән-барды!..
Сахнаға шақырамыз ендеше,
Жүрегімен жыр жазатын жандарды!..
ІІ жүргізуші:
Өз туындыларын көрерменге ұсыну үшін
Серікұлы Ақеділ,
Жұбатқан Айша,
Тілесова Самалды шақырамыз!..
І жүргізуші:
Сахнаны әсем әнге бөлейік..,
Өнеріне қол соғайық.., демейік!
Әуезді әндер әуелесін ендеше,
«Саз әлемге саяхат» жасап көрейік!..
Сахнаға Жайылғанова Тұрғанайды шақырамыз.
Ән:
ІІ жүргізуші:
Болу керек өнер- мықты, жыр егей,
Өнерліге мол табысты тілегей!..
Таңдандырып, тамсандырып баршаны
Таңқалатын сәттер келді, мінекей!..
Сахнада Жалғасбаев Рахман 5в сыныбы
ІІ жүргізуші:
Қылқаламмен сурет салу –сәлем бұл..,
Сыйатұғын кемел дүние, көлем-жыр..,
Жансызға да жан бітірген мәуелі,
Бейнелі әлем – ең әдемі әлем бұл!..
Сахнада Есетова Мариям 6б сыныбы;
Әлімжомартова Айдан 6а сыныбы;
Қалиева Арайлым
өздерінің төл туындыларын ұсынады!..
І жүргізуші:
Бишілерде талғам да бар, бар қанат,
Би әлемге ару қыздар қолқанат..,
Бишілердің «Катюшадай» биі бұл-
Ұлы Жеңіс мейрамына арналад!..
«Катюша» биі
ІІ жүргізуші:
Кездеседі өнер –еңбек жиі бұл,
Талғампаздық, әсемдіктің иі бұл!..
Қараңыздар мың ұғынып ендеше,
Ең шеберлі қолөнерші сыйы бұл!..
Сахнада:
қағаздан жасалған заттар, квилинг-оригами әдісі бойынша жасалғалған бұйымдармен:
-
Қарабалин Дәулет 6б сыныбы «Тауыс»;
-
замадина Нұргүл, Ақмырза Ақерке 11в сыныбы «Тоты құс»;
-
Ізбасарова Дильназ 5а сыныбы «Құмырадағы гүл» туындысымен;
-
11 в сынып оқушылары «Гүлзарда» қолөнерін ұсынады.
Ілмек бізбен тоқу:
-
Әбдікәрім Жалғасгүл 6а сыныбы «Раушан гүлі»
-
Әділова Назерке 6б сыныбы «Ас үй жабдығы»
-
Қилыбаева Айнұр 6а сыныбы «Сәнді сөмке»
-
Молдағазы Назерке, Тасмағанбетова Ақмарал 8а сыныбы «Себеттегі гүл»
Бисермен жапсырмалау:
-
Мұхамедияр Гүлнұр 8а сыныбы «Таңғы ауыл», «Ақ көгершін»
-
Ілиясова Гүлбақыт және Бердібекова Фатима 8а сыныбы «Аяққап»
-
Жайылғанова Тұрғанай 7б сыныбы «Гүл бақта»
Кесте бойынша:
-
Әміржанова Айнұр 8 а сыныбы «Құмырадағы гүл»
Кәде сый (таспа, фетрдан гүлшоғы):
-
Мұратова Дана 5в сыныбы «Анаға сый»;
-
Кәдірбай Арай 8б сыныбы «Мерекеге сый»
Былғары, мата қалдығынан жасалған сәндік қобдиша:
-
Аманжолова Индира 9б сыныбы «Сәндік қобдиша»
-
Мұханбетжанова Ақбота 5в «Қобдиша»
І жүргізуші:
Ақындықтың асқар шыңы –дергеім,
Шәкірттерді келед әркез демегім..,
Мадияр, Әсемай, Ниетжан мен Қалдыбике,
Мүшайраға ұсынып тұр өлеңін!..
Сахнада Есімов Ниетжан,
Мажитов Мадияр,
Оралбек Әсемай
ЖолдасбаеваҚалдыбикені шақырамыз!
ІІ жүргізуші:
Бұл өнерден жібермеңдер енді есе,
Өнерлімен қатар жүрің теңдесе..,
Қабыл алың көрермендер қол соғып,
Ақботаның әсем әнін ендеше!..
Мұханбетжанова Ақбота 7б сыныбы « »
І жүргізуші:
Бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,
Күй өнері –кемел дүние, жанды да!..
Өнері мол Рахман сынды шәкірттің,
Жолдасы да, досы да әркез –домбыра
«Күй-шежіре» номинациясы бойынша Жалғасбаев Рахман « »
ІІ жүргізуші:
Сиқырлы әлем-шынары,
Бар өнердің тұмары,
Таң қалдыру сәтіне
Орналы Шериазден шығады.
(таң қалдыру сағаты)
І жүргізуші:
Өнер десе тысқары һәм шет тұрман,
Әдемі боп өсетұғын бек тұлғаң..,
Қолды соғып қарсы алайық ендеше,
Бишілерді Үнді елінен кеп тұрған.
Сахнада «Назерке» бишілер тобы
ІІ жүргізуші:
Шарықтаған әсем әндер-бақытың,
Жаны сырлы, жаны нұрлы жақұтың.,
Даналықты әсем әнін ұсынад:
Өздеріңе Дана сынды шәкіртің!..
Сахнада Ілиясова Дана « »
І жүргізуші:
Өнер-дәстүр, өнегелі ел-тұнық,
Өрнектейтін би-әлемге өң кіріп,
Тұрғанайдай ару-қызың билейді,
Ұлттық биді нақышыңа келтіріп!..
Сахнада Жайылғанова Тұрғанай қазақ биімен!
ІІ жүргізуші:
Таланттының өнеріне сүйсінем..,
Шабыт алып шынайының күйінен
Бишілердің тобы шықты сахнаға
Италянның ең икемді биімен!..
Италян биі
І жүргізуші:
Шын дарындылар танылып, талаптың тұлпарын мінген өнерлі шәкірттердің бәйгесі өз мәресіне жетті.
ІІ жүргізуші:
Сындарлы өнердің сапасын сарапқа салған алқа-ол, әділ қазылар кеңесі. Ендеше, сөз кезегі шынайы өнерді шындықпен әдіптеп бағалайтын сарапшыларға беріледі.
(Әділ қазылар алқасы)
І жүргізуші:
Еңбек нәрін төктіңіздер сіңімді,
Бір игілі іс жүргізгендей тынымды..,
Суретшілер, әнші-күйші, ақындар,
Жеңістерің құтты болсын бүгінгі!..
ІІ жүргізуші:
Бір туынды сыйлап міне еліңе,
Қуанышқа бөлеп бізді, сені де,
«Құтты болсын!» дейміз жеңіс-белесің
Қол өнер мен бидің шеберлеріне!
І жүргізуші:
Жетістік бұл, жүйесі мол қайнар-шың,
Жеңіс Туы –шаңыраққа байлансын,
Дарындылар додасы бұл дүбірлі,
Мектебімнің дәстүріне айналсын!
ІІ жүргізуші:
Дарындылар мен талантта шәкірттердің қабілетін шыңдайтын шығармашыл байқауларда кездескенше! Сау –саламатта болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |