Фонфар ойналады. Ұстаз туралы ән орындалады. Ән аяқталады да екі жүргізуші сахнаға шығады 1 Жүргізуші



бет1/6
Дата02.05.2024
өлшемі72.5 Kb.
#500377
түріСценарий
  1   2   3   4   5   6
Үздік мұғалім-2024» байқауының сценарийі


«Үздік мұғалім-2024» байқауының сценарийі


(Фонфар ойналады. Ұстаз туралы ән орындалады. Ән аяқталады да екі жүргізуші сахнаға шығады)
1 - Жүргізуші:
–Мұғаліммін мазасыз білім десе,
Көз майымды тауысты күнім неше.
Рақат тауып қалар ем бұл шақта да
Түн бойы оқып кірпігім ілінбесе…
2 - Жүргізуші:
–Мұғаліммін жан оты жарқылдаған,
Минутым кем ой қуып шарқ ұрмаған.
Жүргіншімін қағаз жүк қолтықтаған,
Азаматтық ақ тыныс алқынбаған.
1 - Жүргізуші:
Ой түзейді жас ұлан маған қарап,
Бой түзейді жас ұлан маған жанап.
Шәкірт пікір ұштайды мен арқылы,
Сондықтан да ерекше маған талап.
2 - Жүргізуші:
Ұландарым — ұятым, ар-намысым,
Бала — менің қуатым, алданышым.
Өткен түнім ұйқысыз, күлкісіз күн
Жас өреннің қанатты арманы үшін
1 - Жүргізуші:
«Ұстаз – тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, ештеңеніұмытпайтын...»
2 - Жүргізуші:
«Алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
1-жүргізуші:
Құрметті көрермендер, аяулы ұстаздар, байқауға қатысушы мұғалімдер және жанкүйерлер!
2-жүргізуші:
Сондықтан да жыл сайын аудандық, облыстық көлемде өтіліп дәстүрге айналған биылғы «Үздік педагог-2024» байқауының мектепішілік сайысына қош келдіңіздер!
1-Жүргізуші:
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам, -
дей келе бүгінгі байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Бұл кеште бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құйып, тәрбие мен білімнің алтын діңгегі, әулие мамандық иесі болып қана қоймай, қоғамның ұлттық айнасына да айналып үлгерген үздік ұстаз деген атқа лайық ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет