Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы


Бақылау: -«Саяси-әкімшілік аясындағы басқару» тақырыбы бойынша тестік бақылау жұмысының сұрақтары. 1. Тақырыбы



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#131931
1   2   3   4   5

7. Бақылау:

Саяси-әкімшілік аясындағы басқару» тақырыбы бойынша тестік бақылау жұмысының сұрақтары.



1. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері»
2. Мақсаты:
Аталған саланың қағидалары мен қайнар көздерін, азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұнын, азаматтық- құқықтық жауапкершіліктің қолданылу негіздерін, мәмілелер мен келісім- шарттарға отыру ережелерін зерделеу.

3. Оқыту мақсаты:
- Студенттерді азаматтық құқықтың пәні мен ролін түсінуге үйрету.

- Жағдайлық есептерді құруға және оларды шешуге дағдыландыру. – Жағдайлық есептерді құру және оларды шешу студенттердің ойлау қабілетін дамытып, түзетуге және білім деңгейлерін жеке тексеру үшін қажет. – Азаматтық құқықтық қатынастардағы мәмілелермен келісім-шарттардың құрылуы бойынша студенттердің алған білімін пайдалану. –Азаматтық –құқықтық жауапкершілігінің қолданылу шарттарын түсіну.



4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Азаматтық құқықтың ұғымы және пәні.

2. Азаматтық құқықтың рөлі және мазмұны.

3. Азаматтық құқықтық қатынастардың ұғымы.

4. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері.

5. Азаматтық құқық қабілеттілігінің ұғымы және оның мазмұны.

6. Азаматтық әрекет қабілеттілігінің ұғымы және оның түрлері.

7. Мәміле және келісім-шарт ұғымы.

8. Меншік құқығы және оның мазмұны.


5.Білім берудің және оқытудың әдістері: жағдайлық есептер.
№1 Есеп.

А есімді қарт адам қайтыс болады. Бұл адамның жеке иеленген пәтері бар.Өсиет бойынша, өзінің балалары болмағандықтан, А есімді азамат пәтерін ешкімге қалдырған жоқ.

Сұрақ: Бұл пәтер кімнің иелігіне өтеді?

№2 Есеп.


А есімді азамат Д есімді азаматтың атасынан қалған мұрасына яғни жеріне қол сұқпақшы болды.

Сұрақ: А есімді азаматтың қылығы дұрыс па?


№3 Есеп.

Манго деген атақты фирмасымен Пуча фирмасы арасында шарт жасалады. Уақыт өте келе араларында келіспеушілік пайда болды. Енді шарт бұзуға тура келді.

Сұрақ: Шартты бұзу үшін қандай құқық негіздері айналысады?
№4 Есеп.

Қ есімді азаматша шетел валютасын өз иелігіне меншіктенеді.

Сұрақ: Заң бойынша жазаға тартыла ма?
№5 Есеп.

Бір аса бай, ауқатты жанұяда мұрагерлікті бөлу жөнінде өзара келіспеушіліктер пайда болды

Сұрақ: Бұл жағдайда қандай құқық негіздері шешеді және айналысады?
№6 Есеп.

Б есімді азамат Д есімді азаматтың рұқсатынсыз мүлкін иеленеді.

Сұрақ: Д есімді азаматтың сотқа жүгінуге құқығы бар ма?
№7 Есеп.

№ 17 мектептің оқушылары орталық саябақта орталығында Ауған соғысына қатысқан азаматтарға арналған ескерткіштерге зиян келтірді.

Сұрақ: Бұл оқушыларға қандай құқық бұзушылық тағуға болады?
№8 Есеп.

Е есімді азаматша детективтік агентстваға барып, өзінің жұбайы Б есімді азамттың артынан бақылау қойып, жұмыстан бос уақытында не істеп жүретінін білуді өтінеді. Детективтік агенства Б есімді азаматтың телефонына тыңдаушы апарат қойып, артынан аңдуды бастайды.

Сұрақ: Б есімді азаматтың жеке өмірінің құқығы бұзылды ма?
№9 Есеп.

Аумақтық сайлау комиссиясына кандидат ретінде келесі адамдардың құжаттары тіркеуге түсті: Мұхтар Алиев, белгілі дәрігер – хирург 54 жаста, Сәкен Байкенжин әйгілі тележурналист Қазақстанға Россиядан келгеніне 7 жыл болған.

Сұрақ: Көрсетіген адамдар ҚР Президентіне кандидат ретінде тіркеуге

алынады ма?


№10 Есеп.

1998ж.1 тамызында әскери қызметкер Жұмабаевтан денсаулық сақтау департаментінің Алматы қалалық әкімшілігіне шағым түсті. 25 қыркүйекте Жұмабаев ешқандай жауап алмағандықтан, неліктен ақпарат жоқ екендігін анықтағысы келді, бірақ оған еш жауап түсіндірілмей күте тұруын ұсынды.

Сұрақ: Азамат Жұмабаев қандай құқығын іске асырғысы келді?
№11 Есеп.

12 желтоқсан күні Дулатовтар отбасы достарымен отбасылық мерекені атап өтті. Сағат 23-тен кейін олар шу көтеріп, көршілердің мазасын алды. Дулатовтар көршілердің ескертулеріне құлақ аспады. Сонда көршілері милиция шақырды. Бірақ Дулатовтар құқықтарының бар екендігін айтып, милицияға есік ашпады.

Cұрақ: Дулатовтар Қ.Р азаматтарының қандай құқықтары туралы айтқысы келді?
№12 Есеп.

Қосшы ауылының тұрғындары Омаров пен Кәрімов демалуға шығып, бірнеше ағаштарды сындырып, от жақты. Өздерінің арттарынын қоқыстарын жинамады.

Сұрақ: Азамат Омаров пен Кәрімов қандай конституциялық міндеттерді

бұзды?
№13 Есеп.

Азамат Жуков Қазақстан тұрғыны жеке кәсіпкер бола отырып, салық полициясына салық төлемеу жөнінде, сонымен қатар декларация құрмайтындығына арыз жазады. Себебі ол Ресей азаматы және барлық салықты Ресейге төлеген.

Сұрақ: Жуковтың ісі дұрыс па?


6. Әдебиет:

Негізгі

1. Баққұлов С. Д.«Құқық негіздері».Оқулық, 2-ші басылым. Алматы 2004 . -

248 бет. IV- бөлімі. 54-102 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы. 2007. - 304 бет. IV- бөлімі. 93-112 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. Азаматтық кодексі жалпы бөлімі 1994 ж.

6. Азаматтық кодексі ерекше бөлімі 1999 ж.

Қосымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.
7. Бақылау:

- «ҚР азаматтық құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тестік бақылау жұмысының сұрақтары.

- «ҚР азаматтық құқығының негіздері» тақырыбы бойынша ауызша жауап беру бақылау жұмысының сұрақтары.




  1. Азаматтық құқықтың пәні.

  2. Азаматтық құқығының қайнар көздері.

  3. Азаматтық құқығының жүйесі.

  4. Азаматтық құқығының мазмұны.

  5. Азаматтық құқықтық қатынастар.

  6. Азамттық құқықтың қосымша бастаулары.

  7. Азаматтық құқығының қосымша саласы.

  8. Азаматтық құқығының жалпы бөлімі.

  9. Азаматтық құқығының арнайы бөлімі.

  10. Азаматтық құқығының негізгі мақсаттары.

  11. Азаматтық құқықтық нормалары.

  12. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері.

  13. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері.

  14. Азаматтық құқықтық қабілеттілігі.

  15. Азаматтық әрекет қабілеттілігі.


1. Тақырыбы: Интеллектуалдық меншік құқығы.
2. Мақсаты:
Тақырыпты зерделеу барысында интеллектуалдық меншік түсінігі, интеллектуалдық меншік құқығының реттелуі, интеллектуалдық меншіктің объектісі, интеллектуалдық меншіктің нәтижесі, интеллектуалдық меншік объектісіндегі құқықтың пайда болуы, интеллектуалдық меншік құқығын қорғау түсінігі және авторлық құқық түсініктері толығымен түсіндіріліп, таныстырылады.
3. Оқыту мақсаты:
Тәжірибелік сабаққа «Интеллектуалдық меншік құқығы» тақырыбы бойынша презентация дайындау. Жоспарға және қолданылатын әдебиеттерге сәйкес презентация дайындап слайдтарды қолдана отырып тақырыптың мазмұнын ашып презентацияны қорғауға үйрету. Қарсыласын мұқият тыңдап, бір бірін толықтыра білуге үйрету.

- интеллектуалдық құқықтың жалпы түсінігімен таныстыру.

- Конституциядағы баптармен жұмыс істеу барысында құқықтық терминдерге мінездеме беруді үйрету, қазақстандық заңнамаларға толық сипаттама беру.

- интеллектуалдық меншік құқығының реттелу мәселелеріне бейімделуді үйрету.

- Интеллектуалдық меншіктің бұзылған құқықтарын қорғай білу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Интеллектуалдық меншік құқығының түсінігі.

2. ҚР – да интеллектуалдық меншік құқығының реттелуі.

3. Авторлық құқық туралы түсінік.

4. Авторлық келісім-шарттың ұғымы мен шарттары.

5. Авторлық және сабақтас құқығының қорғалуы.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері - презентация.
Презентация тақырыбын ашу үшін қарастырылатын сұрақтар:

1. Интеллектуалдық меншік құқығының түсінігі.

2. Интеллектуалдық меншіктің объектісімен субъектісі.

3. Интеллектуалдық меншік нәтижесінің түсінігі.

4. Ерекше құқық ұғымы.

5. Интеллектуалдық меншік объектісіндегі құқықтың пайда болуы .

6. Авторлық құқық түсінігі.

7. Авторлық құқықтың субъектісі.

8. Авторлық құқықтың объектісі.

9. Авторлық құқықтың мазмұны.

10. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау.
6. Әдебиеттер:
Негізгі

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық,2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. I бөлім. 4-26 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас.,толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.- 304 бет. I бөлім. 5-43 беттер.

3. ҚР Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер. Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.
Қосымша

1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж
7. Бақылау:
- «Интеллектуалдық меншік түсінігі» тақырыбы бойынша жазбаша бақылау жұмысы.

1. Интеллектуалдық меншік құқығының құқықтық реттелуі.

2. Интеллектуалдық меншік құқығы субъектісінің құқығының және міндеттерінің мазмұны.

3. Авторлық құқығының және оның міндеттерінің реттелуі.

4. Интеллектуалдық меншік объектісінің ерекше құқығының мәні .

5. Интеллектуалдық меншік құқығының рәсімделу тәртібі және бұзылған құқықтарды іске асыру тәсілдері.



1.Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік құқығының негіздері.
2. Мақсаты:
Студенттерді Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың нақты түсініктерімен таныстыру, ҚР-да кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың қайнар көздерін, жеке кәсіпкерлік қызметтің түсінігін, кәсіпкерлік қызмет түрлерімен таныстыру.
3.Оқыту міндеттері:
- іскерлік ойынын өткізуді үйрену.

Іскерлік ойын — белсенді оқытудың бастаушы әдістерінің бірі болып табылады. Оқыту әдісі ретінде іскерлік ойын келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс: ойынға қатысушылар арасында рөлдерді бөліп алу, ойынға қатысушылардың қызметнің біріктілігі; үйлестірілген шешімдер қабылдауға қажетті шарт ретінде ойын бойынша диалогтық қарым-қатынас; ойынның бастаушы тірегі болатын ұжымда жалпыға бірдей ойындық мақсаттың болуы (ойындық жүйе) ; ойынға терме енгізу (ойламаған жерден пайда болған жағдайлар); уақытты тиімді қолдана білу; ойын жүргізілуіне және білімдеріне қарай жарысқа қатысуларына байланысты қорытынды бағалар жүйесін қолдану; интеллектуалдық және эмоционалдық жағдайды тудыратын ойында ынталандыру жүйесінің болуы, іскерлік ойынның тоқтаусыз және қызықты болуы; іскерлік ойынның тиімділігі - оқытылатын бірлескен ойынға жетістілікті дамыту және тәрбиелеу.

- кәсіпкерлікке жалпы сипаттама беру.

-ҚР-да кәсіпкерлік қызметтің негізгі талаптарымен танысу.

-Конституция баптарымен жұмыс барысында ҚР территориясындағы

-кәсіпкерлік қызмет қағидаларына сипаттама беру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Кәсіпкерлік қызмет түсінігі, белгілері.

2.Кәсіпкерлік қызмет субьектілері, объектілері.

3.Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу.

4. Кәсіпкерлік түсінігі, оның құқықтары мен міндеттері.

5. ҚР-да кәсіпкерліктің құқықтық негіздері.

6. Кәсіпкерлік саласындағы құқықтық қатынас.

7. Кәсіпкерліктің конституциялық қағидалары.

8. ҚР-да монополистік қызметті реттеу.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: іскерлік ойын.
Тақырып бойынша тапсырма:

-іскерлік ойынның сценариін жазу.

-сценариге және хронометражға сәйкес ойынды жүргізу.

- іскерлік ойынға студенттердің барлығы қатысуы тиіс.

-іскерлік ойын жүргізу барысында қосымша пайда болған сұрақтарды талдау.

-қорытынды шығару.


Іскерлік ойынның мысалы:

Іскерлік ойынды өткізу әдістемесі « Үстел ортасындағы қаламсап»

Қажетті нәрселер:


  1. Бөлек қағаздарға басылған сұрақтар.

  2. таза парақтар, қаламсаптар.

  3. Жұмыс дәптері.

Жұмыс барысы:

  1. Топтағы барлық топтар 3 топтамаға бөлінеді.

  2. Әрбір топ бөлек столға отырады да таза парақ пен қаламсап дайындайды.

3. Қағазға қатысушы студенттердің аты жөні, факультеті, топтың нөмірі, іскерлік ойынның атауы және өткізілген күні жазылады.

4. Тапсырмалар: нақты бір сұраққа барлық топ жауап береді.

5. Әр студент параққа өзінің тегін және жауаптың бір нұсқасын жазып көршісіне береді де қаламсабын столдың ортасына жылжытып жібереді.

6. Оқытушы топтардың жұмысын және барлығының қатысуын қадағалайды. Дұрыс жауаптың жалпы бір нұсқасы дәптерге жазылады.

7. Оқытушы студенттердің жауаптарын бағалап, тиісті бал қояды.

8. Жауап жазылған парақтарға оқытушы тиісті ұпай және қолын қояды.

9. Студенттерге ұпай сабақ барысында есептеліп қойылады.

10. Журналдың төменгі бос орнына іскерлік ойынның өткізілгендігі жазылып, топ жетешісі (староста) қолын қояды.

11. Студенттердің жасаған жұмыс жазбаларын оқытушы сақтап қояды.

Іскерлік ойын барысында келесі сұрақтарды ашу:

1. Кәсіпкерлік түсінігі.

2. Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу.

3. Кәсіпкерлік қызмет негіздерінің конституциялық бекітілуі.

4. Жеке кәсіпкерлік түсінігі.

5. Кәсіпкерлік қызмет негіздері.

6. Жеке меншік кәсіпкерлігі.

7. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нысандары.

8. Кәсіпкерлік қызметпен айналысу тәртібі.

9. Кәсіпкерлік қызмет құқығына шектеу қою.

10. Кәсіпкерлік қызметті қорғау.


6.Әдебиет:

Негізгі
1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық,2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. I бөлім. 4-26 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас.,толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.- 304 бет. I бөлім. 272-280 беттер.

3. Қ.Р Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер. Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.


Қосымша
1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР-ның Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж



7.Бақылау :
- «ҚР кәсіпкерлік құқығының негіздері»тақырыбына арналған тестік сұрақтар.

- «ҚР кәсіпкерлік құқығының негіздері»тақырыбы бойынша жазбаша жұмыс:

1. ҚР территориясында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру

2. Кәсіпкерлік қызмет бостандығы дегеніміз не?

3. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы мемлекеттің ролі.

4. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың тәсілдері

5.Азаматтық құқықтың кәсіпкерлік қызмет негіздерімен арақатынасы.

1.Тақырыбы: Міндеттемелік құқық негіздері
2.Мақсаты:
Студенттерді міндетттемелік құқықтың реттеу пәнімен таныстыру, міндеттеме және міндеттемені орындау тәртібімен, міндеттемені орындамаған жағдайдағы санкция түрлерімен таныстыру.

Тақырыпты оқып үйрету міндеттемені қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін білуге, міндетттемні орындаудың рөлін білуге оқып үйретеді.


3.Оқыту міндеттері:
- іскерлік ойынын өткізуді үйрену.

Іскерлік ойын — белсенді оқытудың бастаушы әдістерінің бірі болып табылады. Оқыту әдісі ретінде іскерлік ойын келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс: ойынға қатысушылар арасында рөлдерді бөліп алу, ойынға қатысушылардың қызметнің біріктілігі; үйлестірілген шешімдер қабылдауға қажетті шарт ретінде ойын бойынша диалогтық қарым-қатынас; ойынның бастаушы тірегі болатын ұжымда жалпыға бірдей ойындық мақсаттың болуы (ойындық жүйе) ; ойынға терме енгізу (ойламаған жерден пайда болған жағдайлар); уақытты тиімді қолдана білу; ойын жүргізілуіне және білімдеріне қарай жарысқа қатысуларына байланысты қорытынды бағалар жүйесін қолдану; интеллектуалдық және эмоционалдық жағдайды тудыратын ойында ынталандыру жүйесінің болуы, іскерлік ойынның тоқтаусыз және қызықты болуы; іскерлік ойынның тиімділігі - оқытылатын бірлескен ойынға жетістілікті дамыту және тәрбиелеу.

- міндеттемелердің негізгі түрлерін қарастыру.

- міндеттемелердің пайда болуы, өзгерту және тоқтатудың негізгі шарттарымен танысу.

- Міндеттемелерді орындамағаны үшін заңды жауапкершіліктің түрлерін талдау.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Міндеттеме түсінігі және мазмұны.

2. Міндеттемелердің негізгі түрлері және олардың пайда болу негіздері.

3. Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету тәсілдерінің жалпы сипаттамасы (айып төлеу, кепіл, мүлікті ұстап қалу,аманат, банктік кепілдік, кепілпұл).

4. Азаматтық-құқықтық жауаптылық түрі ретінде шарт бойынша және шарттан тыс жауаптылық.

5. Азаматтық құқық бойынша үлестік және ынтымақтастық жауаптылық.

6. Азаматтық-құқықтық қатынастардағы негізгі және қосымша (субсидарлы) жауаптылық.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: іскерлік ойын.
Тақырып бойынша тапсырма:

-іскерлік ойынның сценариін жазу.

-сценариге және хронометражға сәйкес ойынды жүргізу.

- іскерлік ойынға студенттердің барлығы қатысуы тиіс.

-іскерлік ойын жүргізу барысында қосымша пайда болған сұрақтарды талдау.

-қорытынды шығару.


Іскерлік ойынның мысалы:

Іскерлік ойынды өткізу әдістемесі « Үстел ортасындағы қаламсап» Қажетті нәрселер:



  1. Бөлек қағаздарға басылған сұрақтар.

  2. таза парақтар, қаламсаптар.

  3. Жұмыс дәптері.

Жұмыс барысы:

  1. Топтағы барлық топтар 3 топтамаға бөлінеді.

  2. Әрбір топ бөлек столға отырады да таза парақ пен қаламсап дайындайды.

3. Қағазға қатысушы студенттердің аты жөні, факультеті, топтың нөмірі, іскерлік ойынның атауы және өткізілген күні жазылады.

4. Тапсырмалар: нақты бір сұраққа барлық топ жауап береді.

5. Әр студент параққа өзінің тегін және жауаптың бір нұсқасын жазып көршісіне береді де қаламсабын столдың ортасына жылжытып жібереді.

6. Оқытушы топтардың жұмысын және барлығының қатысуын қадағалайды. Дұрыс жауаптың жалпы бір нұсқасы дәптерге жазылады.

7. Оқытушы студенттердің жауаптарын бағалап, тиісті бал қояды.

8. Жауап жазылған парақтарға оқытушы тиісті ұпай және қолын қояды.

9. Студенттерге ұпай сабақ барысында есептеліп қойылады.

10. Журналдың төменгі бос орнына іскерлік ойынның өткізілгендігі жазылып, топ жетешісі (староста) қолын қояды.

11. Студенттердің жасаған жұмыс жазбаларын оқытушы сақтап қояды.

Іскерлік ойын барысында келесі сұрақтарды ашу:

1. Міндеттемелер түсінігі.

2. Міндеттемелер негізінде пайда болатын қатынастардың құқықтық негіздері.

3. Азаматтық-құқықтық жауаптылықтың түсінігі.

4. Мәмілелер мен шарттар жасасқандағы міндеттемелер.

5.Несие беруші мен борышқордың құқықтарымен міндеттері.

6. Азаматтық – құқықтық қатынастардағы материалдық зиянды өтеу.

7. Азаматтық – құқықтық қатынастардағы моральдық зиянды өтеу.
6.Әдебиет:

Негізгі
1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық,2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. I бөлім. 4-26 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2-бас.,толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007.- 304 бет. I бөлім. 93-140 беттер.

3. ҚР Конституциясы. I бөлім Жалпы ережелер. Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.


Қосымша
1. Ашитов З.О.,Ашитов Б.З. «ҚР Құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж



7. Бақылау :
- «Міндеттемелік құқық негіздері » тақырыбы бойынша тестік сұрақтар.

- оқиғалық есептер

1 есеп

Міндеттеме күші бойынша Валиков Зотованың былғары етігін жөндеп беру қажет болды, бірақ ол орындалу уақытын бұзды. Зотова Валиковтан міндеттемесін орындауын талап етті.



Валиковтың Зотованың алдындағы міндеттемесінің туындауының негізі не болып табылады?
2 есеп

Міндеттеме күші бойынша Докин Валеевтің үйінің шатырын жөндеуге міндетті, ал Валеев Докинға өзендік құм машинасын әкеліп беруге міндеттенді.

Бұлардың қайсысы несие беруші, ал қайсысы борышкер ?
3 есеп

Килькин Малышевтан бір жылға сәйкесінше пайызбен ақша алды Килькин Малышевтан ақшасын қайтарып алатын уақыты келгенде Малышевтің сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз деп танылғандығы және оған қорғаншы тағайындалғаны айқындалды.

Килькин міндеттеме орындалу үшін не істеу қажет?
4 есеп

Поселкеде көршілерМалышева және Грушева біреуі жоқта бақшаны суарып, тауықты тамақтандырып тұруға міндеттелді. Бұл келісім қалай аталу қажет?


5 есеп

Лимонов және Брюсов Шустовқа екі қолды арамен отын жарып беруге міндеттеліп, жұмыстың 50 пайызы болатындай сомада алдын ала төлем алды. Келесі күні жұмысты бастап, 30 пайыз жұмысты орындағанда Лимонов аяқ астынан қайтыс болды. Серіксіз қалған Брюсов жұмысты аяқтай алмады. Шустов оны бұл міндеттен босатты. Лимонов пен Брюсовтың міндеттемесі Лимоновтың өлімімен байланысты тоқтатыла ма. Брюсов Шустов оны міндеттемені орындаудан босатқан соң төлемнің бір бөлігін қайтаруға міндетті ма?


6 есеп

Кәсіпкер Лапшин хабарландыру бойынша офистың сатып алу-сату шарты бойынша кәсіпкер Крутиковқа оферта жіберіп, одан акцепт алды. Қай кез шарт жасау кезеңі болып саналады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет