Құқық негіздерімен сот медицина кафедрасы



бет4/5
Дата13.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#131931
1   2   3   4   5

1. Тақырыбы «Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негізгі ережелері».
2. Мақсаты:
Отбасы құқығының пәнін реттеу құқықтың жалпы жүйесіндегі бұл саланың рөлі мен мақсаты туралы, неке, отбасы институттарының рөлі, некеге тұрудың шарттары мен некені бұзу, неке жасы түсінігі, некеге тұру кезінде азаматтардың денсаулығын қорғау, отбасы құқықтық қатынастарының түсінігі, қорғаншылық пен қамқоршылық түсінігі, неке-отбасы құқықтық қатынастарында мемлекеттің рөлін реттеу туралы түсінік беру үшін қажет.

3. Оқыту мақсаты:
- осы саланың реттеу пәнін зерделеу.

- жағдайлық есептерді құрастыру және орындау дағдыларын үйрену.

- жағдайлық есептерді орындау жеке студенттің білім деңгейін тексеруге, түзетуге, ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

- некеге тұрудың шарттары туралы, отбасындағы құқықтық қатынастар туралы студенттердің білімдерін қалыптастыру.

- жауап беру кезінде дидактикалық материалды қолдана білуді үйрету (слайдтар, кестелер, электронды көшірмелер).
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Отбасы құқығының түсінігі мен қайнар көзі.

2. Отбасы құқықтық қатынастарының түсінігі және мазмұны.

3. Отбасы құқықтық қатынастардың объектілері.

4. Отбасы құқықтық қатынастардың субъектілері.

5. Неке түсінігі және некеге тұру шарттары.

6. Некеге тұруға шектеу қою.

7. Неке бұзу тәртібі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жағдайлық есептер.

№1 Есеп.


24 жастағы Наталья Верт және 30 жастағы Сергей Соробин АХАЖ-ға некеге тіркелуге арыз береді. Наталья Верт некеге тіркелгеннен кейін өзінің фамилиясында қалғысы келетінін айтты. Оның болашақ жары, қыз тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің фамилиясын иемдену керектігін айтып, оған қарсылық білдіреді.

Сұрақ: Бұл келіспеушілікте кімнің айтқаны дұрыс?

Бұл болашақ отбасының жаңа фамилия таңдауға қандай мүмкіндіктері бар?
№2 Есеп.

Разлогов, 8 жасар Софья деген қызы бар Суринаға үйленеді және 1 жылдан кейін қызды асырап алады. 9 жылдан кейін Сурина қайтыс болады. Сурина қайтыс болғаннан кейін 2 жыл өткен соң Разлогов және Софья, бір – бірін ұнататындарына көздері жетіп, некеге тіркелуді шешеді және АХАЖ – ға арыз береді.

Сұрақ: АХАЖ не істеу керек?
№3 Есеп.

Жасына байланысты төменгі зейнетақы алатын 70 жасар Семенова, комуналдық пәтердің бөлмесінде жалғыз өмір сүрген. Ол өзінің жұмыс істейтін, үйленген, 24 жасар баласы бар ұлына ақшалай көмек беруін өтінеді. Бірақ Семенов жалақысының өзінің жанұясына ғана жететінін айтып, анасына көмек көрсетуден бас тартады.

Сұрақ: Семенова не істеу керек?
№4 Есеп.

Монякина және Левада АХАЖ – ға некеге тіркелуге барады. Керекті құжаттарға қол қойған соң, Монякинаның психикалық аурумен ауратындығын, ал Левада туберкулезбен ауыратындығы туралы анықталады.

Сұрақ: АХАЖ оларды некеге тіркей алады ма?
№5 Есеп.

Некеге тіркелгеннен кейін 8 айдан соң Левандовская күйеуінде 1 жыл бұрын Вич инфекциясы анықталғаны туралы кездей соқ біліп қалады.

Сұрақ: Бұл жағдайда ол не істеу керек?
№6 Есеп.

Самохвалова өзінің 12 жасар қызының пайдасы үшін, бірге тұратын күйеуіне алимент төлеткізу үшін сотқа арыз береді. Мұның себебі, күйеуі қызы мен әйелін өмір сүрулеріне керек заттармен қамтамассыз етпейді.

Сұрақ: Бұл жағдайда сот алимент төлеттіру шешімін қабылдағаны дұрыс па?
№7 Есеп.

Балалары болмаған және отбасы құралмаған Зерцаловтар, ажырасу туралы өтінішпен сотқа барады. Сот олардың татуласуына 3 ай уақыт береді.

Сұрақ: Соттың шығарған шешімі дұрыс па?
№8 Есеп.

1985 жылы көлік апатынан қайтыс болған АБдурасуловтардың 7 жасар қызы Гүлнарды 11 жасар Асқар деген ұлы бар Губановтар асырап алады. Өсіп қалған балалар бір – бірін ұнатып және 1988 жылдың көктемінде ата – аналарының келісімі мен некеге тұруды шешеді. Бірақ АХАЖ туысқандар арасында некеге тұру мүмкін еместігін ескертіп, олардың берген арыздарынан бас тартады.

Сұрақ: АХАЖ дұрыс шешім қабылдады ма?
№9 Есеп.

А есімді Б есімді азаматтар ажырасады. Олардың 11 жасар балалары бар.

Сұрақ: Бұл баланың кіммен қалатыны қалай шешіледі?
№10 Есеп.

15 жасар А есімді азамат С есімді ағасының қолында 10 жасынан бастап қамқорлығында болды. Әке шешесінен айырылған кезде оған 1 бөлмелі пәтер қалған. Сол пәтерді сатқысы келеді.

Сұрақ: А есімді азамат сол пәтерді сата алады ма?
№11 Есеп.

Азамат Б мен азаматша С отбасын құруға шешім қабылдады. Шешім қабылдауға себеп азаматша С –ның жүкті болуы. Бірақ азаматша С – ның жасы 18-ге толмаған.

Сұрақ: Осы жағдайда азамат Б мен азаматша С отбасын құра алады ма?

мді ағасының қолында 10 жасынан бастап қамқорлығында болды. Әке шешесінен айыры



6. Әдебиет:

Негізгі

1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері» Оқулық, 2 - ші басылым. Алматы, 2004.

- 248 бет. V- бөлім 107-111 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет.IV бөлім 113-140 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II бөлімі Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. Неке және отбасы туралы 1998 ж.



Қосымша
1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.


7. Бақылау:
- «ҚР отбасы құқығының негізгі ережелері» тақырыбы бойынша тестік сұрақтарға жауап беру жұмысы.

1. Тақырыбы «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы»
2. Мақсаты:
Осы тақырып бойынша еңбек қатынастарын оқып үйрену, жұмыс уақыты мен еңбек уақытын дұрыс анықтау, еңбек құқықтық қатынастарын реттеудегі конституциялық нормаларды бекіту туралы жалпы сипаттама беру. еңбек құқығы, қайнар көздері туралы жалпы түсінігін ашу. Ұжымдық және жеке еңбек шарттарының рөлі, еңбек шартын жасасу тәртібі, еңбек келісім шартының жалпы мазмұны мен шарттарын зерделеу. Жұмыс аптасын қалыптастыру, жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтары мен міндеттерін анықтау.



3. Оқыту мақсаты:
– Студенттер еңбек құқығының ұғымы мен қайнар көздерін білу, еңбек құқықтық қатынастарды білу, жеке еңбек келісім шартына тұру, жеке еңбек келісім шартының бұзылуын білу, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының құқықтық реттелуін білу, сонымен бірге еңбекті қорғаудың құқықтық шараларын білу, еңбек дауларын шешу тәртібін толық сипаттамларын білу.

- Шағын топтарда бірігіп жауап берген сұрақтар мен талқыланып жатқан түсініктерге сипаттама беруге дағдылып үйрену.

- Басқа студенттердің жауаптарын тыңдай білу және оларды толықтыру.

- Конституция баптарына түсінік бере отырып, құқықтық терминдерді сауатты қолдану.

- Шағын топтар коммуникативтік дағдыларды, тақырыптық тапсырмаларды бірлесіп орындауды өркендетеді.

- Сабақ барысындағы жауап беру кезінде себеп салдар байланыстарына назар аудару қажет.

- Студенттердің жауап бері барысында дидактикалық материалдарды сауатты қолдана білуі қажет (кестелер, слайдтар т.б.)
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Еңбек құқығының түсінігі, пәні мен қайнар көзі.

2. Еңбек құқығының жүйесі.

3. Еңбек құқықтық қатынастардың түсінігі және мазмұны.

4. Жеке еңбек келісім шартының түсінігі мен тәртібі.

5. Туынды және тікелей жеке еңбек келісім шарты.

6. Жеке еңбек келісім шартын бұзу негіздері.

7. Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

8. Еңбек дауларын шешу тәртібі.

9. Еңбекті қорғаудың түсінігі мен мағынасы.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері. Шағын топтар.
Шағын топтарға тапсырма:

1 топ.


1. Еңбек құқығының түсінігі.

2. Еңбек құқығының мақсаты.


2 топ.

1. Еңбек құқықтық қатынастары.

2. Еңбек құқығының қайнар көздері.
3 топ.

1.Жеке еңбек шартының жасалуы ұғымы.

2.Жеке еңбек шартының бұзылу түсінігі.
4 топ.

1. Жұмыс уақытының түсінігі және түрлері. мен демалыс уақыты.

2. Демалыс уақытының түсінігі және түрлері.
5 топ.

1. ҚР Конституциясының 24 бабына түсінік беру.

2. Еңбек дауларын шешу тәртібі.
6 топ.

1. Жалақы ұғымы және оның реттелу әдістері.

2. Жалақы төлеу жүйесі.
7 топ.

1. Еңбек шартының тараптарының материалдық жауапкершілігі.

2. Еңбекті қорғау түсінігі.

6. Әдебиет:

Негізгі

1.Баққұлов С. Д.«Құқық негіздері» Оқулық, 2 - ші басылым. Алматы, 2004 .-

248 бет.IX- бөлімі 137-149 беттер.

2.Оспанов Қ.И.«Құқық негіздері» 2- бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет.VIII бөлім 238-272 беттер..

3. ҚР Конституциясы.II бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. ҚР Еңбек туралы заңы 1999 ж.



Қосымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.
7. Бақылау:
- «ҚР еңбек құқығы» тақырыбы бойынша оқиғалық есептер.

№1 Есеп.


Марат құрлысшы болып істейді оның аптасына жұмыс уақыты 45 сағат. Ал шартта олай жазылмаған.

Сұрақ:Ол қанша уақыты жұмыс істеуі керек?


№2 Есеп.

Айгүл жүкті болғансон ол демалысқа шықты. Ол жалаусынаң 20%-ін алады.

Сұрақ: Бұл дұрыс проценттін жалақыма?

№3 Есеп.


Бахыт мемлекеттік жұмыс орынында хатшы болып істейді. Оның тәңертен 9.00-де жұмыс орнында болуы керек еді,бірақ отбасы жағдайына байланысты жарты сағатқа кешігіп келеді. Оның басшысы айғайлап жұмыстаң қуып шығады.

Сұрақ: Басшысы жұмыстан шығармай не істеу керек еді?


№4 Есеп.

Асқаров Даурен 2-ші топ мүгедегі,бірақ оған мемлекеттен ешқандай көмек көрсетілмейді.

Сұрақ: Бұл қандай құқық бұзушылық және қандай бап бойынша кепілдік берілген?
№5 Есеп.

Азамат пен Бағдат екеуі мемлекеттік жұмысқа орналасамыз деп бет бұрады. Бірақ Азамат өзінің туысы арқылы конкурстен өтіп кетеді.

Сұрақ: Бұл қандай бапқа кайшы келді?
№6 Есеп.

Максим биылғы жылы Москвадан көшіп келді. Оны мемлекеттік жұмысқа бірден алды.

Сұрақ: Мемлекеттік жұмысқа тұру үшін қандай талаптар сай болу керек (бап бойынша)?
№7 Есеп.

Асхат есімді азамат Заң Университетін 2007 жылдың 4 маусымында бітірген болатын. Бірақ, ата – анасы оны өз мамандығы бойынша орналастырмайды. Ол хатшы болып қызмет атқарады.

Сұрақ: Бұл Конституцияның нешінші бабына қайшы келіп отыр?
№8 Есеп.

Т есімді азамат С есімді азаматтың қол астында жұмыс жасайды. Оның жұмысында барлық қауіпсіздік шаралары мен қауіпсіздік киімдері түгелдей қамтылған. Бір күні Т есімді азамат жұмыс уақытында белгісіз себептермен жұмыста 3 сағат болмайды, сонымен қоса еңбек ету барысында қауіпсіздік шаралары мен қауіпсіздік киімін кимей жұмысқа кірісіп, денсаулығына зиян келтіреді.

Сұрақ: Т есімді азамат жұмыс беруші С есімді азаматқа денсаулығы жөнінде шағымдана алады ма?
№9 Есеп.

Б есімді азамт мектепте оқитын 14 жастағы Р есімді азаматты ата – анасының рұқсатынсыз жұмысқа алады. Бір айдан кейін жұмыс беруші Б есімді азамат 14 жастағы Р есімді азаматты аптасына 36 сағат жұмыс істеуге күштеп көндіреді.

Сұрақ: Бұл жерде қандай заңсыз оқиға көрініс тапқан?

№10 Есеп.

С есімді азаматша жұмыс орнына 25 минут кешігіп келді және ол бірнеше рет қайталанды.

Сұрақ: С есімді азаматтың ісі дұрыс па?


1.Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы»
2.Мақсаты:
Бұл тақырып бойынша ҚР – ның азаматтарына әлеуметтік қатынастардағы заңдылықтардың түрлерін қарастыру, сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік нұсқауда қойылған жоспарлары мен әлеуметтік қамтамассыз етудің құқықтық негіздерінің міндеттерін қарастыру, әлеуметтік қамтамассыздандырда берілетін зейнетақы, әлеуметтік көмек, зейнетақы жасы, еңбек стажының реттелуі және ҚР- ның «Зейнетақымен қамсыздандыру» заңын толық нақты қарастыру.
3. Оқыту мақсаты:

- Әлеуметтік қамтамасыз ету түсінігін, зейнетақы және жәрдемақы түсінігі мен түрлерін үйрену қажет, конституцияның 28-29 бабына нақты сипаттамасын білу қажет.

- Мемлекеттің әлеуметтік кепілдерін бағалап үйрену.

- Шағын топтардағы жұмыс тақырыптық тапсырмаларды орындауда әр түрлі әдістер қолдануға, студенттердің білімін реттеу мен дамытуға, ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

- Оқу дәрістері мен әдебиет негізінде толық жауап беруге үйрену.

- Басқа студенттердің жауаптарын тыңдай білу және оларды толықтыру.

- Конституция баптарына түсінік бере отырып, құқықтық терминдерді сауатты қолдану.

-Шағын топтарда коммуникативтік дағдыларды, тақырыптық тапсырмаларды бірлесіп орындауды өркендетеді.

- Сабақ барысындағы жауап беру кезінде себеп салдар байланыстарына назар аудару қажет.

- Студенттердің жауап бері барысында дидактикалық материалдарды сауатты қолдана білуі қажет (кестелер, слайдтар т.б.)


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. ҚР әлеуметтік қамтамассыз ету құқығының түсінігі мен пәні.

2. Әлеуметтік қамтамасыз ету түсінігі және түрлері.

3. Зейнетақы түсінігі және түрлері.

4. Зейнетақы жасы.

5. Зейнетақы мен қамтамассыз ету түсінігі.

6. Жинақтаушы және ортақ зейнетақы қорларының түсінігі және белгілері.

7. Жәрдемақы түсінігі және түрлері.
5.Білім берудің және оқытудың әдістері. шағын топтар.
Шағын топтарға тапсырма: рөлдік ойын өткізу.

1 топ.


- Конституцияның 28-29 баптарының мазмұны.

- Әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңның мақсаты.

2 топ.

- Мемлекеттік әлеуметтік саясатын құқықтық қамтамасыз ету.



- Тегін медициналық көмек ұсыну бойынша саясатын реттеу.

3топ.


- Әлеуметтік қамтамасыз етудегі, сондай-ақ әлеуметтік жеңілдіктер мен кепілдіктерді реттеудегі мемлекеттің рөлі.

- Медициналық қызметкерлердің зейнетақыға шығу тәртібі.

4топ.

- Зейнетақы құқықтық қатынастарындағы құқық бұзушылықтардың түсінігі.



- Зейнетақы құқықтық қатынастарындағы құқық бұзушылық үшін заңды жауаптылық.

5топ.


- Зейнетақы құқықтық қатынастарындағы жұмыс берушілердің құқықтық бұзушылығы үшін заңды жауаптылық.

- Медициналық қызметкерлер үшін әлеуметтік кепілдер.



6.Әдебиет:

Негізгі
1. Баққұлов С.Д «Құқық негіздері» Оқулық, 2-ші басылым. Алматы,2004. -

248 бет. IX бөлім 151-154 беттер.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері"2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет. VIII бөлім 241-247 беттер.

3. ҚР Конституциясы II бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996ж.

5. ҚР –да зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңы 1998 ж.
Қосымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003ж.
7. Бақылау:

- «ҚР әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы» тақырыбы бойынша тест бақылау жұмысының сұрақтары.



1. Тақырыбы «Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері»
2. Мақсаты:
Қаржы құқықғы пәнін үйрену нарықтық қатынастардағы қаржылық қызметтің рөлі туралы студенттердің білімін қалыптастыру, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуында қаржылық құқықтық қатынастардағы беделін қалыптастыру үшін қажет.

3. Оқыту мақсаты:
- Мемлекеттің қаржылық қызметінің мазмұнымен танысу.

- Қаржылық құқықтық бұзушылық үшін заңды жауаптылықтың түрлері.

- Конституцияны және нормативтік-құқықтық нормаларды қолдана отырып тақырыпты ашып үйрену.

- кейс-стадияны мысалға алып бір мәселенің немесе тақырып бойынша сұрақтардың белгілеріне тоқталу.

- кейс-стадиялармен тапсырмаларды орындау әдістерін үйрену: ауызша талдау, жазбаша жұмыс, рөлдік ойын т.б.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қаржы құқығының түсінігі, пәні мен қайнар көзі.

2. Қаржылық құқығының әдістері.

3. Қаржылық құқығының жүйесі.

4. Мемлекеттің қаржылық қызметінің түсінігі және мақсаты.

5. Қаржы қызметінің түрлері.

6. Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.

7. Қаржылық құқықтық қатынастардың объектілері, субъектілері.

8. Қаржылық құқықтық қатынастардың мазмұны.

9. Қаржылық бақылаудың негізгі және қосымша мақсаты.

10. Қаржылық бақылаудың түрлері.



5. Білім берудің және оқытудың әдістері.кейс-стадия
№1 Есеп.

Ануар есімді азамат банкпен келісім бойынша несие алады. Белгілі бір жағдайларға байланысты Ануар несиені уақытында жаба алмағандықтан, гарант болған Самат есімді азамат төлеу керек еді, бірақ Самат есімді азамат төлеуден бас тартып отыр.

Сұрақ: Бұл жағдайда қандай әрекет жасауы қажет?
№2 Есеп.

Б есімді кәсіпкер банктен 4 жыл мерзімге 1 млн. тенге несие алады. Келісім бойынша кепілдікке 3 бөлмелі пәтерін қойған. Б есімді кәсіпкер өзінің алған несиесін 1 жыл төлеп жүрді. Кенет ол дүниеден өтеді.

Сұрақ: Осы жағдайда қаржы тарапынан қандай құқықтар тудырады?
№3 Есеп.

Шағын кәсіпкерлер тобы өз бизнесін ашу мақсатымен банктен несие алған. Бірақ бизнестері жүзеге аспаған кәсіпкерлер тобы банкроттыққа ұшырап, несиені уақытында төлей алмаған.

Сұрақ: Бұл қандай құқық бұзушылыққа жатады және сот істің қай жақты қорғау тиіс?
6. Әдебиет:

Негізгі
1. Баққұлов С. Д. «Құқық негіздері».Оқулық, 2- ші басылым. Алматы, 2004.-

248 бет. VIII- бөлімі. 126 бет.

2. Оспанов Қ.И "Құқық негіздері" 2 - бас., толықтырылған. - Алматы: Жеті

жарғы, 2007. - 304 бет.V бөлім 140-146 беттер.

3. ҚР Конституциясы. II бөлім Адам және азамат Алматы 2008 ж.

4. Конституцияның түсіндірме сөздігі. Алматы 1996 ж.

5. ҚР Cалық кодексі 2001 ж.

Қосымша

1. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. «ҚР құқық негіздері». Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

2. Ағарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы 2003 ж.

3. Сәкен Өзбек, Өмірәлі Қопабаев «Мемлекет және құқық теориясы».Алматы

«Жеті Жарғы» 2006 ж.

4. Табанов С.А. «Салыстырмалы құқық негіздері».Алматы

«Жеті Жарғы» 2003 ж.

5. Сапарғалиев Ғ. «Заң терминдерін түсіндірме сөздігі». Алматы «Жеті

Жарғы» 1995 ж.

6. Жамбылова Р. «Заң терминдерінің қазақша – орысша, орысша – қазақша

анықтамалық сөздігі» Алматы 2001 ж.

7. Сапарғалиев Ғ.Ибраева А. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы

«Жеті Жарғы» 1997 ж.

8. Сапарғалиев Ғ. «ҚР Конституциялық құқығы» Алматы 1997 ж.

9. Төлеуғалиев Ғ. «ҚР азаматтық құқығы» Алматы 2001 ж.

10.Баянов Е.«ҚР Мемлекеті мен құқығының негіздері».Алматы 2003 ж.
7. Бақылау:
- «ҚР қаржы құқығының негіздері» тақырыбы бойынша тестік сұрақтарға жауап беру.

1.Тақырыбы: Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері
2.Мақсаты:
Студенттерге нақты салық құқығының түсінігін, салықтың түсінігі, оның экономикалық және құқықтық мәні, салық құқығының субъектілерін және объектілерін үйрету. Мемлекеттің салықтық қызметін, салық заңнамасының белгілері мен қағидаларын, қайнар көздерін талдау, салықтық міндеттемені орындау түсінігі, ҚР салық құқығының жүйесінің құрылымы және мемлекеттік реттеуді үйрену. Салық төлеушілердің құқықтарымен міндеттерін қарастыру, салықтық және қаржылық құқықтың қатынасы, салық салудың ерекшеліктері мен функцияларын, салықтың түрлерін, салықтық заңнама бұзылғаны үшін жауаптылықты қарастыру.
3.Оқытудың міндеттері:
- Мемлекеттік салықтық қызметінің мазмұнымен танысу.

- Салықтық құқық бұзушылық үшін заңды жауаптылықтың түрлерін білу.

- Конституцияны және нормативтік-құқықтық нормаларды қолдана отырып тақырыпты ашып үйрену, конституцияның 35 бабын талдау.

- Кейс-стадияны мысалға алып бір мәселенің немесе тақырып бойынша сұрақтардың белгілеріне тоқталу.

- Кейс-стадиялармен тапсырмаларды орындау әдістерін үйрену: ауызша талдау, жазбаша жұмыс, рөлдік ойын т.б.

- Оқу материалын терең түсіну үшін түрлі әдістерді қолдану.

- Салықтық құқық туралы жалпы түсінік алу.

- Салық төлеушілердің құқықтарымен міндеттерін анықтау.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Салық құқығының түсінігі мен пәні.

2. Мемлекеттік салықтық қызметінің түсінігі және түрлері.

3. Салық салудың түсінігі мен функциялары.

4. Салықтың түсінігі және экономикалық-құқықтық мәні.

5. Салық жүйесі.

6. Тура және жанама салықтардың айырмашылығы.

7. Салықтық міндеттемелерді бұзғаны үшін жауаптылық.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кейс-стадия.
1 Есеп.

Шағын кәсіпкерлер тобы өз бизнесін ашу мақсатымен банктен несие алған. Бірақ бизнестері жүзеге аспаған кәсіпкерлер тобы банкроттыққа ұшырап, несиені уақытында төлей алмаған.

Сұрақ: Бұл қандай құқық бұзушылыққа жатады және сот істің қай жақты қорғау тиіс?

Есеп 2.


Азамат Петров бірнеше ай бойы салық төлемеген, сот пен салық инспекциясыда ай сайын салық жөнінде хабарлады Жер кайтадан алынып қояды деп жеткізілген. Петров арыз жазып сотқа жүгінген. Салықтың өкілі борыштын өтеумеуі жер учаскісін тәркілеуге жатады деп хабарлады. Салық инспекциясының іс әрікеті заңды болды ма? Азамат Петровты қандай жауапкершілікке тартуға болады?
Есеп 3.

ЖК (жеке кәсіпкер) Р.Б. белгіленген уақытта салық органдарына салық төлеуге міндетті еді. Алайда әр түрлі себептерге байланысты төлемнен бас тартып жүрді. Құқық бұзушылықтың негізі не болып табылады? Іс әрекетке құқықтық бағалау беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет