I. Салықтардың мәні,мазмұны қағитаттары, қызметтері түрлері


Жер салығының жүйелеріне талдау



бет3/7
Дата01.07.2016
өлшемі1.4 Mb.
#170243
1   2   3   4   5   6   7

Жер салығының жүйелеріне талдау.


Кесте- 3

Жер салығын сипаттайтын элементтердің сыныптамасы

ТМД

Еуро одақ

1. Салықтың қызметтері

- жерді ұтымда пайдалану

- жерді қорғау шараларын қаржылан/ға қаржыларды жинақтау

+

+


-

-



2. Салықты төлеу көздері

- жер рентасы

- жер рентасының үлесіне байланызсыз барлық табыс

+

-


-

+



3. Салық салудың анықтау базасы

- жердің бағасы

- рентаның мөлшері; жердің бағаланған балы

-

+


+

-



4. Басқа салықтармен байланысы

- дара салық

- табысқа салынатын салықпен байланысы

+

-


-

+



Ескерту: “+” элементтік барын көрсетеді, ал “-” жоқ екенін.
Берілген кестеден мынаны байқауға болады. Біріншіден, жер салығының қызметтері мен оны төлеу көздерінің байланысын. Жерді ұтымды пайдалану ТМД-ның барлық елдеріне ерекше тән. Сондықтан жер салығының төлеу көзі жер рентасы болып табылады. Еуро одақ елдерінде ерекше ынталандырудың ешбір қажеттілігі жоқ, себебі бұл қызмет жеке меншік жағдайында, көбінесе ауыл шаруашылық кәсіпкерлігінің отбасылық жүйесінде жемісті орындалуда.

Екіншіден, жер салығының қызметтері мен салық салу жүйесіндегі басқа элементтердің арасында байланыстың бар болуы. Егер жер салығы дара болған жағдайда, ол қарлық қызметтерді, соның ішінде рентаны қайта бөлу қызметін қоса орындайды. [10]

Үшіншіден, жер салығының базалық ставкасын белгілеу оның қызметтеріне, сонымен қатар ақылы жер пайдалану жүйесінің дамығандығына да байланысты. Жерге деген бағаның болмаған жағдайында салық ставкасы не жердің бағаланған балымен немесе рентаның мөлшеріне байланысты болады.

Әрбір елде ренталық төлемдер мен жер салығы әр түрлі түрде есептеледі. Жер салығынан түұскен қаражаттар әр түрлі пайдаланылады. Жер салыға фермалардағы табыстарды реттейтін ауыл шаруашылық саясатының құралы ретінде бола алады. Германияда бес жылда бір рет жерді қайта бағалау заңмен негізделген, бірақ тәжірибе жүзінде бұл интервал әлде қайда ұзағырақ. Егер дамыған елдердің салық салу жүйесін талдап көрсек, онда оның негізі жер кадастрының болуымен байқалады, ал оның құрамдас бөліктері жердің сандық есебі, топырақтың сапалық мінездемесі және құндық бағасы (жердің экономикалық бағасы). Дүние жүзінің көптеген елдерінде жеке секторда жерді сатып алу-сату және пайдалану процесі, соның ішінде жалдық қатынастар мемлекет тарапынан реттеліп отырады, бірақта мемлекеттің қатысуы бірдей емес. Мәселен Германия, Ұлыбритания, Греция елдерінде келісім шарттарды еркін түрде құру қалыптасқан, ал Франция, Бельгия, Италия, Испания, Португалия елдерінде жалға беру қатынастарын реттеуге мемлекет қатаң түрде араласып отырады. Бұл елдердің заңдарында жалға алудың минималды мерзімдері бекітілген.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция және т.б.) жерді кепілдікке қою дамыған. Бұған жылжымайтын мүлікті алынған несиенің орнына кепілге қоюы жатады, яғни ипотека. Ипотекалық жазу егер несие алушы алған қарызын өз уақытында қайтарып бере алмаса қарыз берушіге өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ипотекалық мүлікті өз қалауынша пайдалануға мүмкіндік береді. Осындай бағалау негізінде жердің бағасы және оны пайдаланғаны үшін ренталық төлемдердің жүйесі бекітіледі. Мәселен, АҚШ-да жер және жылжымайтын мүліктерді кепілге алу несиелік операцияларымен қаржы нарығының негізгі субьектілері жинақ және несие ассоциалары, коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, федералды жер банктері, федералды несиелік агенттіктер, кепілдік трасталық қорлар айналысады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалға алу кең көлемде таралған, сонымен қатар ауыл шаруашылығының тиімді пайдаланылуы жерге жеке меншікпен байланысты емес. Мәселе Голландияда жер мемлекеттің меншігінде, ал бұл елдің ауыл шаруашылығы әлемдегі ең жоғары дамыған.

Сонымен қазіргі жағдайда нарықтық экономикасы бар мемлекеттер активті түрде жер салығын пайдалануда. Сонымен қоса барлық мемлекеттерге тән жағдайлар: ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын жерлерге салық салу барысында жеңілдетілген жағдайлар мен режимдер, ал бұл аграрлы сектордың дамуына бірден бір қолайлы факторлар болып келеді Сонымен қатар нарықтық экономикасы дамыған елдердің салық жүйесінің ұқсастығына қарамастан, олардың әр қайсысында тарихи- мәдени дамуына байланысты жер салығы салудың ерекшеліктері бар.

Әртүрлі елдердің салық жүйесінде жер салығы федералды және жергілікті салық түрлерінде де болып келеді, бұл көбіне осы елдердегі оның спецификалық дамуымен, сонымен қатар құқықтық- жер қатынастарыны сипатымен байланысты.

Қазақстанда жер салығының қолданылуы аз ғана уақытты құрап отыр, бірақ оның даму эволюциясы жалпы әлем процесінің бағытына бет алған.


II. Алматы облысының салық комитеті бойынша түскен салықтарға экономикалық талдау

2.1 Алматы облысы салық комитетінің қызметіне экономикалық талдау
Алматы облысы бойынша салық комитетінің өндірістік емес төлемдер басқармасының жер салығының жергілікті бюджетке түсетін сомасына және олардың уақытылы орындалуына бақылау жүргізу. Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімі өндірістік емес төлемдер Басқармасының Облыстық салық Комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады және өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Бөлім Қазақстан Республикасының салық Кодексімен өзінің қызметтерін ұйымдастырады. Бөлім өзінің қызметін атқаруда Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Президент актілерімен және Заңдарымен, Қазақстан Республикасының Укіметінің бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігіндегі салық комитетімен және жалпы Алматы облысы бойынша салық Комитетінің қабылданған бұйрықтарымен байланысты жүзеге асырады. Бөлім Облыстық салық Комитетінің құрылымдық бөлімшелерімен бірге ҚР қаржы Министрлігіндегі салық Комитеттерімен өзара қатынас орната отырып іске асырады. Бөлім қызметі бөлім басшысының ерекше қатысуымен жүреді. Бөлім өндірістік емес Басқармасының басқа да бөлімдерімен, Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің комитеттермен және Алматы облыстық салық Комитетімен, Облыстық ұйымдармен, органдармен өзара байланыса отырып өзінің қызметтерін іске асырады.

Бөлімнің негізгі міндеттері болып:



  • өндірістік емес төлемдердің бюджетке толық және уақытында түсуін қадағалау;

  • Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасының орындалуын өндірістік емес төлемдер сомаын толық және мерзімде бюджетке түсуін тиімді жолмен жүргізілуін қамтамасыз ету;

  • өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру әдістеріне талдау жасау және оны жан жақты зерттеу болып табылады.

Бөлім жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес төмендегі қызметтерді атқарады:

  • өндірістік емес төлемдердің мерзімінде, толық көлемде және дұрыс есептеліуінің қамтамасыз етілуін бақылау;

  • өндірістік емес төлемдерді жинау бойынша консультациялық хаттар және бұйрықтар дайындау;

  • өндірістік емес төлемдердің түсімдерін болжауының орныдалуына бақылау және аудандық салық комитетерімен қоса түсімдердің динамикасын қадағалау;

  • өндірістік емес төлемдердің мерзімінде, толық көлемде және дұрыс есептеліуінің қамтамасыз етілуін бақылау;

  • өндірістік емес төлемдерді жинау бойынша аудандық және қалалық салық Комитеттерінің есептеріне талдау жасау;

  • төмендегі салық комитеттеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету;

  • өндірістік емес төлемдердің мерзімінде, толық көлемде және дұрыс есептеліуінің қамтамаыз етілуін бақылау;

  • өндірістік емес төлемдер бойынша аудандық салық комитеттеріне және мемлекеттік органдардың, салық төлеушілердің жұмыстарының ұйымдастырылуына бақылау жүргізу;

Бөлім қызметін ұйымдастыру. Алматы облысы бойынша салық комитетінің төрағасымен бекітілген штаттық ережеге сәйкес бөлім қызметкерлерінің саны белгіленеді. Бөлімді өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысымен және салық комитетінің басшысымен тағайындалған өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы басқарады. Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы бөлімдегі барлық міндеттер мен тапсырмаларға персоналды жауап беретін тұлға болып есептеледі. Қызметкерлер арасындағы шеңберді жасайды және қызметкерлер арасында олардың функционалдық міндеттерін таратады. Бөлімнің негізгі инспекторлары жұмыстарынан салық комитетінің төрағасымен тағайындалып немесе босатылады. Бөлім қызметі бөлім басшысының ерекше қатысуымен жүреді. Бөлім өндірістік емес Басқармасының басқа да бөлімдерімен, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің комитеттермен және Алматы облыстық салық комитетімен, Облыстық ұйымдармен, органдармен өзара байланыса отырып өзінің қызметтерін іске асырады.

Бөлім қызметкерлерінің құқықтары және міндеттері.

Бөлім қызметкерлерінің міндеттері төмендегідей көрініс табады:


  • Алматы облысы бойынша салық комитетінің тапсырмаларын мерзімінде орындау;

  • бөлімге қатысты кіретін салық төлеушілерге салық заңнамасын түсіндіріп беруге;

  • төмендегі органдарға кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету;

Бөлім қызметкерлері жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес төмендегі құқықтарға ие:

  • салық комиетінің құрылымдық бөлімшелерінен қызметтік бапқа сәйкес материалдар, құжаттар, ақпараттарды талап етуге;

  • бөлімге қатысы бар бақылау-экономикалық жоспардың орныдалуына салық комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне бақылау жүргізуге;

  • бөлімге қатысы бар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен хат жазысуға толық құқылы.

Бөлім қызметкерлерінің төмендегілерге жауапты болып табылады:

  • қызметтік инструкцияға сәйкес берілген участок бойынша жұмыс атқаруға;

  • Алматы облысы бойынша салық Комитетінің ішкі еңбек ережесін бұзбауға;

  • мемлекеттік немесе қызметтік құпияны сақтауға;

  • заңнамада көрсетілгендей салық төлеушілердің сұрақтарына дұрыс жауап дайындау;

  • Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес, сонымен қатар «Мемлекеттік қызмет туралы», Қазақстан Республикасының «Коррупцияға қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес анықталған міндеттерді орындауға жауапты тұлғалар болып саналады.

Бөлім Қазақстан Республикасының салық Кодексімен өзінің қызметтерін ұйымдастырады. Бөлім өзінің қызметін атқаруда Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Президент актілерімен және Заңдарымен, Қазақстан Республикасының Укіметінің бұйрықтарымен, Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігіндегі салық комитетімен және жалпы Алматы облысы бойынша салық комитетінің қабылданған бұйрықтарымен байланысты жүзеге асырады. Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы бөлімдегі барлық міндеттер мен тапсырмаларға персоналды жауап беретін тұлға болып есептеледі. Қызметкерлер арасындағы шеңберді жасайды және қызметкерлер арасында олардың функционалдық міндеттерін таратады.

Өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік актілеріне сәйкес жүзеге асырады. Бөлім Қазақстан Республикасы салық Кодексімен өзінің қызметтерін ұйымдастырады. Бақылау өзінің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Уақытқа байланысты – алдын ала, ағымдағы және соңғы болуы мүмкін. Бақылаудың бұл түрлері барлық бақылау жүргізетін органдарға тән және салықтың бюджетке төленуін бақылау үшін, келесі мәліметтерге көңіл бөлген жөн болады. Мысалы, сату-сатып алу келісім-шарты бойынша жер учаскесінің сомасы сатып алу шы бөліп төлеуі мүмкін. Жер учаскесінің келісім-шартта көрсетілген мерзімде сатып алушы төлемді енгізбеген жағдайда, сатушы жер ресурсы жөніндегі басқармасына шағымдануға толық құқығы бар. Сөйтіп, сатушы келісім-шартты бұзуға құқылы, осыдан сатып алушының алдында төлеген сомалары қайтарылмайды. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында жер учаскесін сатып алу сомасын сатып алушы бірінші, мерзімде толық көлемде төлеуге тырысады. Мұндай жағдайлар болжамның тым алыс орындалуына әкеледі.

Жоғарыда атап өтілген салық органдарының міндеттерімен жер санаттарына салынатын жер салығының тәртібі де қатаң бақыланады.

Ауыл шаруашылық мақсатына арналмаған жерлер. Олар: қала, демалыс бақтары және саяжай түрлерін атауға болады. Атап өткен жер учаскелеріне салық әр түрлеі ставкаларымен салынады, бірақ олардың ставкалары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне белгіленген ставка мөлшерінен неғұрлым жоғары болып келеді. Егер жер салығы есептелген сомадан жер учаскесінің көлемі асып тұрса, онда салық төлеуші жер салығы ставкасын екі еселенген сомасын төлейді.

Сонымен бірге, жергілікті жерде жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттердің де атқаратын міндеттерінің орны да бөлек. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі органдарының құзыретіне мыналар жатады:

Жер ресурстарын басқару мен жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу, жерді пайдаланумен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді ұйымдастырады, жер қатынастары саласында мемлекет мүддесін қорғайды, жерді аймақтарға бөлу кезінде оның пайдалануын жоспарлау мен болжамдауды ұйымдастырып, жер учаскелері шекарасын белгілейді, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялайды, мемлекет жеке меншікке сататын немесе жер пайдалануға беретін нақты жер учаскелерінің бағалау құнын анықтайды, жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар береді, жерді аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету, жер учаскелерінің бөлінетіндігін және бөлінбейтіндігін айқындау іс-шараларын жүргізеді, сонымен қатар уәкілетті орган мен оның жергілікті жерлердегі органдары өз қызметтерін Қазақстан Республикасның Үкіметі бекіткен ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Жергілікті өкілді органдар өзін - өзі басқару органдарының міндеттері төмендегідей көрініс табады:


  • басқа табиғат қорғау іс-шаралары кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекіту;

  • ауылдық атқарушы органдардың қарамағына берілген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елді мекендер аумағында жер шаруашылық орналастыру жоспарларын бекіту;

  • жергілікті бюджеттер құрамында жер ресурстарын қорғау және топырақ құнарлығын арттыру жөніндегі шығыстарды бекіту;

  • жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуының жай-күйі туралы есептерін тыңдау;

  • Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген құзыреті шегінде әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекараны белгілеу туралы шешімдер қабылдау.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жер қатынастарын реттеу саласында Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өкілеттіктер шегінде тұрғын халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын қамтамасыз етеді.

Облыстық атқарушы органдар жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттері төмендегідей сипатталған, яғни басқа да табиғат қорғау іс-шаралары кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі облыстық бағдарламаларды әзірлеп, облыстық өкілді органның бекітуіне енгізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Жер қойнауын пайдалану, магистралды құбырлар тарту, мұнай мен газ өңдеу объектілерін салу мақсатында жер учаскелерін беру және алып қою, оның ішінде сатып алу арқылы алып қою, аудынаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерін беру, мемлекеттік ғылыми зерттеу, оқу және басқа да ауыл шаруашылығы ғылыми ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрлерін құру үшін жерді резервте сақтайды.

Қаратал ауданы бойынша салық комитеттің негізгі міндеттері, қызметі мен құқықтары

Комитеттің негізгі міндеттері:



  • Мемлекеттік бюджетке түсетін қарастырылған төлемдер мен мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді, салық заңдары мен басқа да заң мен басқа да міндетті төлемдердің толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету;

  • Салықтарды, мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді, заңды және жеке тұлғалар салықтарының және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түспеуіне байланысты мемлекетке зиян келтіруге әкеп соққан, кірістерін жасыру немесе кеміту, салық салу обьектілерін жасыру мақсатында жасалған әрекеттерін анықтау;

  • Салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық төлеушілерге салық заңдары мен салық салу бойынша нормативті құқықтық актілердегі өзгерістерді дер кезінде хабарлап отыру.

Комитет жүктелген міндеттерге сәйкес төмендегі негізгі қызметтерді атқарады:

  • Бюджетке түсетін қарастырылған салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттерді, өз аумағында салық заңдары мен басқа да заң актілерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

  • Салық комитетіндегі салық есбінде тұратын салық төлеушілерге белгіленген тәртіпке сай салық аудиті мен мониторингін жүзеге асырады;

  • Төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің бюджетке түсуін көздейтін салық заңдары мен басқа да ақпараттарды тексеруді жүзеге асырады.

  • Салық төлеушілердің арасында төлемдердің және мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелердің бюджетке түсуін көздейтін салық заңдары мен басқа да заң актілерінің қолданылуы туралы түсінік жұмыстарын жүргізеді.

  • Салық төлеушілердің келіспеушілік актілері мен арыздарын қарайды;

  • Заңдардың бұзылуына баға беріп, талдау жасайды, салық құқын бұзып, қылмыстарға ықпал ететін себептер мен шарттардың алдын алу бойынша тиісті ұсыныстар енгізеді.

  • Барлық деңгейдегі бюджетке түсетін салықтар мен төлемдерді жинау жөнінде жұмыстардың нәтижесі туралы белгіленген тәртіп бойынша есеп жасайды.

  • Кадрлардың мамандығын арттыру бойынша шаралар өткізеді.

Заң актілеріне сәйкес Комитеттің:

  • Заңды (ерекше жұмыс режимі бар заңды тұлғаларды қоса алғанда ) және жеке тұлғаларда барлық ақша құжаттарына, бухгалтерлік кітаптарына, есептілікке, сметаларға, қолда бар ақшаға, бағалы қағаздарға және басқа да құндылықтарға, есеп айырысуларға, декларацияларға және салықты, бюджетке төленетін басқа да төлемдерді мемлекет алдындағы өзге де қаржылық міндеттемелерді есептеуге және төлеуге байланысты өзге де құжаттарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіппен шарттар бойынша тексеру жүргізуге, ұйымдардың лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен, сондай-ақ азаматтардан аталған тексерулердің барысында туындаған мәселелер бойынша анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға;

  • өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру кезінде ұйымдар мен азаматтардың кіріс алу үшін пайдаланылатын не салық салу обьектілерін ұстауға байланысты өндірістік, қойма, сауда және өзге де үй-жайларын орналасқан жеріне қарамастан, қолданылып жүрген заңдарды сақтай отырып, тексеруге;

  • ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдарына, сондай-ақ азаматтарға анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жоюды орындау үшін міндетті нұсқаулар беруге және олардың орындалуын бақылауға;

  • анықталған салық заңдарын бұзушылықты жою туралы талаптар орындалмаған, тексеріс пен тексерулерге жібермеген салық комитетіне есеп айырысуларды, декларацияларды җане пайда алуға, салық салу обьектілерін ұстауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді және мемлекет алдындағы өзге де қаржы міндеттемелерін есептеуге байланысты басқа да құжаттарды ұсынбаған, салық комитетінің талап етуі бойынша анықталған тәртіп бұзушылықтарды жойғанға дейін қаржылық есепті ұсынбаған жағдайларда ұйымдар мен азаматтардың банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы шоттары бойынша шығыстық операцияларды тоқтатуға, салық заңдарын бұзу фактілерін анықтаған кезде салық комитеті алынған заттардың тізімі көрсетілген актінің көшірмесін тізім жасаушыға тапсыра отырып, салық заңдарын бұзу фактілерін куәландыратын құжаттарды, ақша және материалдық қаражаттарды алуға құқылы;

  • салық заңдарын бұзған ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға қолданылып жүрген заңдарда көзделген салық санкциялары мен айып салуды қолдануға;

  • белгіленген мерзімде салықты, айыпты және өсімді төлемеген кезде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, ұйымдар мен азаматтардың жылжымалы мүліктерін, ақшаларын тізімдеуге;

  • сауда және басқа ұйымдарда, жеке кәсіпкерлерде тауарларды (өнімдерді), ұсынылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің бақылаулық сатып алуларын жүргізуге;

  • қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жазбаша сұрау салудың негізінде тек қызметтік мақсатта басқа заңды тұлғалардан, банктерден және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан, биржалардан және азаматтардан кәсіпкерлік қызметі, банк шоттарындағы операциялары және ақша қаржыларының жағдайы туралы мәліметтер, анықтамалар, сондай-ақ құжаттар алуға;

  • тексерулер мен сараптамалар жүргізуге ұйымдардың білікті мамандарын, басқа бақылау органдарының қызметкерлерін тартуға;

  • қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ұйымдар мен азаматтарға салықты және барлық деңгейдегі бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, сондай-ақ мемлекет алдындағы басқа да қаржылық міндеттемелерді төлеу бойынша мерзімін ұзартуға және бөліп төлеуге рұқсат беруге құқы бар.

2.2 2001-2006 жылдардағы түскен жер салығының түсімдеріне экономикалық талдау


Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі екі тармаққа бөлінеді: республикалық және жергілікті бюджет түрінде көрініс табады. Қазақстан Республикасының 2005, 2006, жылдардың республикалық бюджетіне түскен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің сомасы туралы мәліметтерді келесі кестеде көрсетілген.

Қазақстан Республикасының 2005, 2006, жылдардың республикалық бюджетіне түскен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің сомасы.


Кесте – 4 (млн. теңгемен)



Салық түрлері

2005ж

2006ж

Ауытқу сомасы

(+;-)


1

Корпоротивтік табыс сал.

223 944

252 489

28 545

2

Жеке табыс салығы

65 710

70 005

4 296

3

Әлеуметтік салық

111 293

119 620

8 327

4



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет