Ойынға қатысушылар 15х15 метрлік шаршы құрып тұрады. Аялдама бастағы ортада, әрбір бұрыш жалаушамен белгіленеді. Ойынды ұйымдастырушы әр түрлі жаттығулар орындайды, оқушылар қайталайды. Мысалы: « Қолды алға созу», «қолды жоғары көтеру», «еңкею», «шалқаю», «отырып – тұру». Негізгі мақсат: жылдам жүгіріп орнына келу. Тапсырманы жылдам орындаған топқа ұпай ретінде бес шеңбер, үшінші орын екі шеңбер, төртінші орын бір шеңбер беріледі. Ойын 2-3рет қайталанады, ойынға қатысушылар жүгіруді әр түрлі бағытта орындайды. Әр жүгірістен кейін ұпайлар беріліп отырады. «Жүйріктер» ойыны аяқталғаннан кейін оқушылар қатардан пойыз болып тұрып келесі аялдамаға келеді.
«Секіргіштер» аялдамасы, тоқтау уақыты – 4минут.
Топта мәре сызығы бойынша қатарға тұрады. Әр топ-тың арасындағы арақашықтық 1-3 метр. Мере мен меже ара қашақтағы 8-10 метр, ойынға қатысушылар сол қолдарын алдыңғы ойыншылардың иығына қояды, оң аяқтарын бүгіп, оң қолдармен алдыңғы ойыншының бүгілген аяғына ұстайды. Берілген белгі бойынша бір уақытта ойынға қатысушылар сол аяқпен секіру арқылы алға жылжиды. Қай топ өзінің байлауын бұзбай межеге жетсе, сол топ жеңеді. Қайту бағытында олар тапсырманы, оң аяқпен орындайды. Ұпай қою жүйесі жоғарыда аталғандай.
«Тапқырлар» аялдамасы, тоқтау уақыты - 7минут.
Ойыншылар шеңберге тұрады. Шеңбердің ортасында ұйымдастыркшы. Әр топтың спортқа байланысты сұрақтар береді. Әрбір топ жылдам, толық жауабы үшін ұпай алады. Ұпай шеңберлер арқылы белгіленеді. Жауап беру барысында белсенді қатысқаны үшін қосымша ұпай берілі мүмкін. Ойлану уақыты 30 секунд.
«Күштілер» аялдамасы, тоқтау уақыты – 4минут.
Ұзындығы 6-8 метр арқан төрт бұрыштап жерге қойылады. Арқан жатқан төрт бұрыштың әрбір бұрышына 5-6 метрлік жіп байланады. Әр топөз жібінің қасына тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша ойнаушылар жіптерін қолдарына алады, арқанды тартады. Негізгі мақсаты тартып алу, күштерін көрсету. Тартып алған топқа ұпай қосылады. Тапсырма 3-4 рет орындалады.