IBAN – банк шотының жаңа нөмірі
(International Bank Account Number)
Тиімді түрде төлем жасау және ақша аудару үшін банктік деректемелерінің бірыңғай стандарттары қажет. 2010 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстан Республикасында ISO 13616: IBAN және сәйкесінше ISO 9362: BIC халықаралық стандарттарына негізделген клиенттердің банктік шоттарының жаңа нөмірлері (IBAN) мен банктердің жаңа банктік сәйкестендіру кодтары (BIC) пайдаланылатын болады.
IBAN деген не?
IBAN (International Bank Account Number) – ISO 13616 халықаралық стандартына сәйкес берілген клиенттің банктегі немесе басқа қаржы мекемесіндегі банктік шотының нөмірі. Қазіргі таңда ол Еуропалық одақ мемлекеттерін, олардың аумағын және басқа елдерді қоса алғанда 45 елде пайдаланылады.
Қазақстандық IBAN және оның құрылымы
Қазақстан Республикасында клиенттердің барлық банктердегі және басқа қаржы ұйымдарындағы шоттарының нөмірлері IBAN стандартына сәйкес ел ішіндегі төлемдер үшін, сол сияқты халықаралық төлемдер үшін бірыңғай принциппен жасақталатын болады.
Қазақстандық IBAN шоттары банктік шоттың бұл стандартын пайдаланатын барлық елдерде оңай танылатын болады, бұл трансшекаралық төлемдерді өңдеуді барынша жылдамдатуға мүмкіндік береді. Қазақстанда IBAN нөмірлерін енгізу әрі пайдалану Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесімен реттеледі.
Қазақстандық IBAN жиырма әріптік-цифрлық дәрежеден тұратын болады:
K Z С С Б Б Б Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х Х
Қазақстанның
коды
бақылау дәрежесі
банктің цифрлық коды (цифрлық)
клиент шотының банкішілік нөмірі
Егер клиент төлем жасау үшін IBAN көрсетіп, қағазға шығарылған бланкіні пайдаланса, әрбір төрт символды бос орын қалдыру арқылы бөлген дұрыс (мысалды қара).
KZ75 125K ZT20 6910 0100
Төлем және басқа да құжаттарды электрондық түрде толтырған кезде банктік шоттың нөмірі бос орынсыз енгізілуі тиіс. Сондай-ақ бұл жағдайда шоттың нөмірінің алдында басқа ешқандай қысқартулар қосуға болмайды (мысалы, IBAN, A/C, Account No және т.б.):
KZ75125KZT2069100100
IBAN не үшін қажет?
IBAN бақылау дәрежесін есептеу алгоритмі барлық елдерде барлық IBAN нөмірлері үшін бірыңғай болғандықтан, банк төлемдерді қабылдай отырып соңғы алушының (алушы басқа банктің клиенті болса да) шотының нөмірі дұрыс көрсетілгенін тексере алады. Осылайша, төлемдерді қайтарып жіберу саны азаяды, сондай-ақ бірыңғай стандарттардың арқасында халықаралық төлемдерді өңдеу жылдамдығы артады.
Қазақстаннның әлемдік экономикаға бірігуінің қазіргі жағдайларында халықаралық стандарттарға өту бірігу барысында тиімді шешімдер қабылдауға қолайлы негіз жасауға мүмкіндік береді.
Клиенттерге не істеу керек?
Өзіңіздің банк шотыңыздың жаңа нөмірін (IBAN) білу үшін банкке хабарласу керек.
2010 жылғы 7 маусымнан бастап төлем құжаттарында банктің жаңа сәйкестендіру кодын (BIC) CASPKZKA пайдалану қажет.
IBAN шотының нөмірі мен BIC-кодын алған кезде өзіңіздің Қазақстандағы және шетелдегі іскерлік серіктестеріңізге осы деректемелер мен олардың қолданыла бастайтын мерзімін (2010 жылғы 7 маусым) хабарлау қажет, сондай-ақ өзіңіздің қазақстандық серіктестеріңіздің банктерінің IBAN шоттарының нөмірлері мен жаңа BIC білу қажет.
2010 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының аумағында және шетелге төлем жасағанда және ақша аударғанда тек қана халықаралық стандарттарға сәйкес келетін (IBAN және BIC) жаңа банктік деректемелерді көрсету қажет екеніне назарыңызды аударамыз.
Сұрақтар туындаған кезде Банкке не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне 8 727 270 47 20, 8 727 270 47 64 телефондары арқылы хабарласу қажет.
Кейбір елдердегі IBAN және BIC мысалдары
Елі
|
IBAN мысалы
|
BIC мысалы
|
Германия
|
DE89 3704 0044 0532 0130 00
|
DEUTDEBB
|
Ұлыбритания
|
GB29 NWBK 6016 1331 9268 19
|
BOFIGB2B
|
Финляндия
|
FI21 1234 5600 0007 85
|
HELSFIHH
|
Швеция
|
SE35 5000 0000 0549 1000 0003
|
NDEASESS
|
Нидерланд
|
NL39 RABO 0300 0652 64
|
ABNANL2A
|
Түркия
|
TR33 0006 1005 1978 6457 8413 26
|
ADABTRIS
|
Қазақстан
|
KZ75 125K ZT20 6910 0100
|
NBRKKZKX
|
Достарыңызбен бөлісу: |