Ыбышова салтанат тургынбековна



бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі266.5 Kb.
#9193
түріДиссертация
  1   2   3


ӘОЖ 37.013.43:351.713(574) Қолжазба құқында

ЫБЫШОВА САЛТАНАТ ТУРГЫНБЕКОВНА

Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

13.00.01 – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2010

Жұмыс Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде орындалды




Ғылыми кеңесшілері: педагогика ғылымдарының докторы

Аганина Қ.Ж.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы

Нұрғалиева А.Қ
педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Омаров С.Қ.



Жетекші ұйым: І.Жансүгіров атындағы Жетісу

мемлекеттік университеті


Диссертация 2010 жылы «__» ______________сағат ________ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау жөніндегі БД 14.50.05 біріккен диссертациялық кеңесінің отырысында қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, Ғылыми кеңестің мәжіліс залы).

Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28).

Автореферат 2010 жылы «____» ___________ таратылды.


Біріккен диссертациялық

кеңестің ғалым хатшысы Н.Ә.Мыңжанов



Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздегі саяси-әлеуметтік, құқықтық-экономикалық өзгерістер, ақпараттық ағымның жедел қарқынмен артуы, әлем кеңістігіндегі білім беру үдерісі дамуының тенденциялары жалпы орта білім берудегі терең өзгерістерді талап етуде. Сол өзгерістердің бірі мектеп білім алушыларының экономикалық мәдениетін, соның ішінде салық мәдениетін қалыптастыру мәселесі болып табылады.

Экономикалық мәдениеттіліктің қоғамға әсер етуімен ерекшеленетін кең функциональдық маңызы бар. Экономикалық мәдениеттіліктің маңызды функцияларының бірі – экономикалық субъектілердің ынта-ықыласы. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық кызығушылық адамдардың экономикалық белсенділігін, ынта-ықыласын арттыратын негізгі қозғаушы күш болып табылады.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында (2008, 2009, 2010), Қазақстан Республика «Білім туралы» Заңында (2007), Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім мазмұнын тұлғаның өмір талабына сай құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті материалдармен толықтыра отырып, жетілдіруді жүзеге асыру жоспарланған.

Мектеп білім алушыларына экономикалық білім беру қазіргі заман талабына сай құзыреттіліктерді қалыптастыруға мол мүмкіндік тудыруда. Ал, жоғары сынып білім алушыларына экономикалық білім беруде олардың салық мәдениетін қалыптастыру сол мүмкіндіктерінің біріне айналуда. Жоғары сынып білім алушыларына тән, олардың әлеуметтік қалыптасу ерекшеліктерін, мінез құлықтарындағы сандық та сапалық өзгерістерін ескере отырып, көпшілік ғалымдар осы жастағы жеткіншектердің салық мәдениетін қалыптастыру қолайлы деп есептейді.

Педагогика теориясы мен тарихында экономикалық білім беру мен тәрбиелеу мәселелері көптеген зерттеулерге негіз болып келеді. Олардың шешімі П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б. ғалым-педагогтардың еңбектерінен бастау алған. Бұл ғалымдар жастардың экономикалық дайындығын практикада жүзеге асыру жолдарын қарастырған. Экономикалық білім беруге қатысты зерттеулерге талдау жасай отырып, оларды бірнеше аспектіге бөліп қарастыруға болады.

Экономикалық тәрбиенің философиялық аспектілері ұлы ғұламаларымыз А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, М.Жұмабаевтардың еңбектерінде көрініс тауып, В.А.Ядов, И.Б.Иткин сияқты Ресей ғалымдардың еңбектерінде орын алған.

Ал экономикалық білім беру мен тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негіздері А.Ф.Аменд, Б.П.Шемякин, А.Е.Эпштейн, А.Т.Шпак, И.А.Сасова т.б. ғалымдардың еңбектерінде атап өтіледі.

Әлеуметтік және психологиялық негіздерді Н.Д.Левитов, В.Д.Попов, К.Омаров, В.М.Соколинский т.б. еңбектерінен табуға болады.

Ғылымдар негіздерін игеру үрдісінде экономикалық білім беру мен тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік жүйесін Ю.К.Васильев, И.А.Мельничук, П.А.Хроменков т.б. ғалымдар жасады. Мәселен, еңбекке тәрбиелеу үдерісі негізінде экономикалық білім беру және тәрбиелеу мәселелері М.Л.Малышев, В.Б.Белова, К.Н.Катханов, А.Ф.Крючков т.б. еңбектерінде көтеріледі. Ауыл мектебі оқушыларының экономикалық тәрбиесі мәселелері А.С.Нисимчук, Н.М.Атоев еңбектерінде орын алған.

Экономикалық білім және тәрбие беру мәселелерімен генетикалық жағынан байланысқан экономикалық мәдениетті қалыптастыру саласында төмендегі зерттеулер орын алған: экономикалық мәдениет теориясы мен практикасын қалыптастыру әдіснамасы (Л.Н.Пономарев, В.И.Максакова), экономикалық мәдениеттің әлеуметтік тарамы (Л.П.Буева, Т.И.Заславская, М.И.Сергеев), экономикалық тәлім-тәрбиенің мәні, экономикалық ойлау мен сана ерекшеліктері (Л.И.Абалкин, В.С.Автономов, В.А.Семенов), бастауыш мектепте және қосымша білім беруде салық мәдениетін қалыптастыру (В.В.Антонов, А.П.Балакина, И.И.Бабленкова, Н.Д.Дмитракова, А.А.Мохонина және т.б.).

Соңғы кезде мектеп білім алушыларына экономикалық білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне арналған қазақстандық ғалым-педагогтардың да зерттеулері кең өріс алып келеді. Экономикалық тәрбие мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін С.С.Сатыбалдин, Е.М.Арын, Қ.Ж.Аганина, А.А.Саипов; ал экономикалық тәрбиенің экологиялық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық мәселелерін М.Н.Сарыбеков, К.Жарықбаев, С.Қалиев, А.К.Нургалиева, Қ.А.Сарбасова; ғылыми-әдістемелік жүйесін К.З.Хамитова, М.Анарбаев, Э.И.Қалиева, М.З.Жанбөбекова, Р.А.Садвакасова, Г.Қошанова, А.Ө.Дәулетқұлова, Ш.Сырбаева, С.Б.Нугманова т.б. ғалымдар еңбектерінде зерттеп, ғылыми түрде негіздеген. Еңбекке баулу үдерісі кезінде оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие беру мәселесіне Б.Абдикаримов, Г.Т.Хайруллин, Б.К.Момынбаев, М.К.Қаламқалиев, К.А.Дүйсенбаев, А.Мүсілімов, Е.Есенжолов; ал экономикалық мәдениеттілікті қалыптастыру мәселесіне Ш.М.Жарылғапов, Р.С.Амандосова, Р.С.Уталиева; мұғалімдер, студенттер мен жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатымен экономикалық тәрбие беру мәселесіне А.К.Ахметов, А.Нақпаева, М.Ш.Қадыров, Р.О.Озгамбаева; ауыл мектебі оқушыларының экономикалық тәрбиесі мәселелері Ж.А.Жунисбекова, А.Б.Остаева сияқты ғалымдардың еңбектері арналған. Ал бұл еңбектерде салық мәдениетінің кей аспектілері ғана қарастырылып, оны қалыптастыру мәселесі назардан тыс қалған.

Экономикалық білім беруге қатысты ғылыми зерттеулерге жасалған талдаулар жоғарғы сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру, оны жүзеге асыру механизмін іске қосу мәселесі ғылыми тұрғыда негізделіп зерттелмегенін көрсетіп отыр. Қазіргі заман талабына сәйкес жоғарғы сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен осы мәселенің ғылыми тұрғыда негізделіп, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеуі арасында қайшылықтар туындауда.

Осы аталған қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу тақырыбын «Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға себеп болды.



Зерттеу нысаны – жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сыныптарындағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні – жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеудің мақсаты жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру шарттарын анықтап, теориялық тұрғыда негіздеу және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары сынып білім алушыларына экономикалық білім беруде олардың салық мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері қолданылса, онда жоғары сынып білім алушыларының экономикалық білімі жетіледі, өйткені салық мәдениетін қалыптастыру білім алушылардың білім мазмұнын тиімді меңгеріп, олардың құзыреттілігінің артуына ықпал етеді.



Зерттеу міндеттері:

1) орта мектеп білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың мәні мен мағынасын ашып, теориялық негізін айқындау;

2) жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;

3) орта мектептің жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;



4) жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік құралдарын дайындау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру экономикалық білім сапасын заман талабына сай арттыруға мүмкіндік жасап, болашақ еңбек әрекетінде еліміздің әл-ауқатын көтеруіне үлесін қосуына және сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ықпал етеді.

Зерттеудiң әдiснамалық және теориялық негiздерi: таным теориясы, іс-әрекет теориясы, құбылыстардың өзара байланысы және жеке адамның таным субъектісі ретінде дамуы туралы философиялық тұжырымдар мен теориялары, біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы, экономиканың даму заңдылықтары, мектеп білім алушыларына экономикалық білім беру әдіснамасы мен теориясы.

Зерттеудiң көздерi: зерттеліп жатқан мәселе бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері, педагогика ғылымының тұжырымдамалары, білім беру мен тәрбие мәселелері жөнінде нормативті құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы, «Қазақстан-2030» стратегиясы, «Жалпы білім беретін мектептерде экономикалық білім беру» тұжырымдамасының жобасы, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушыларымен тәжірибелік-педагогикалық жұмыс қорытындылары.

Зерттеудiң әдiстерi: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау, экономикалық білім беру бағдарламаларын, жеке әдістемелік құралдарды талдау, синтездеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, тестілеу, педагогикалық модельдеу, математикалық-статистикалық өңдеу, т.б.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде (2003-2005 жж.) философиялық, әлеуметтік, педагогикалық әдебиеттерге зерттеу мәселесі бойынша талдау жасау негізінде оқу үдерісінде мектеп білім алушыларының экономикалық білімін қалыптастыру мәселесі зерттелді; зерттеудің әдіснамалық негізі мен негізгі теориялық ережелер анықталды; жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогика ғылымындағы зерттелуі қарастырылып, педагогикалық алғышарттары айқындалды, зерттеудің ғылыми аппараты құрылып, зерттеу бағыттары белгіленді.

Екінші кезеңде (2006-2008 жж.) білім алушылардың экономикалық білімін жетілдіру негізінде салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары, компоненттері, көрсеткіштері мен өлшемдері айқындалып, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды; оқу бағдарламалары мен жоспарларына талдау жасай отырып, жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру бағдарламасы жасалынды; дайындалған әдістемелердің тиімділігін негіздеу мақсатында тәжірибелік – педагогикалық эксперимент өткізу жоспары құрылды.

Үшінші кезеңде (2009-2010 жж.) жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыруға қатысты ғылыми тұжырымдар мен әдістемелердің тиімділігін негіздеу мақсатында тәжірибелік жұмыс атқарылды: тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелеріне талдау жасалды, қорытынды шығарылды. Диссертациялық жұмыс жүйеленіп, жинақталды.

Зерттеудің негізгі базасы: Астана қаласындағы Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясы, Алматы қаласының Ауезов ауданындағы №119 мектеп-лицейі, Алматы облысының Жамбыл ауданының Сұңқар, Жайсан, Үңгіртас, Көкқайнар мектептерінде және Казақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

  • орта мектептің жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың мәні мен мағынасы анықталып, теориялық негіздемесі жасалды;

  • жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды;

  • салықтық мәдениетін қалыптастырудың компоненттері, көрсеткіштері мен өлшемдері анықталып, соның негізінде құрылымдық-мазмұндық моделі құрылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ғылыми-зерттеу материалдары, мектепке енгізуге практикалық көмек ретінде төмендегі материалдар ұсынылды:

  • «Салық мәдениеті негіздері» жоғары сынып оқушыларына арналған факультативтік курс бағдарламасы;

  • «Салық мәдениетін қалыптастыру» атты оқу құралы;

  • «Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру» атты мұғалімдерге арналған арнайы курс бағдарламасы;

  • «Экономикалық теория пәнінен тест тапсырмалар» атты оқу құралы;

  • «Экономикалық теория негіздері» атты жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқу құралы;

  • «Экономикалық теория (қашықтықтан оқыту)» атты оқу құралы.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1) Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың анықталған мәні мен мағынасы оның теориялық негізін айқындайды;

2) Экономикалық білім беру негізінде жоғарғы сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары салық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған экономикалық тәрбиенің мақсатын нақтылау; салық мәдениетінің озат идеяларын ашу; салық мәдениетінің экономикалық, құқықтық және адамгершілік мәдениетінің элементтерімен өзара байланысын қамтамасыз ететін экономикалық тәрбиенің мазмұнын логикалық құру; экономикалық тәрбиенің қазіргі жағдайдағы салық қатынасы саласымен байланысын анықтау; салық мәдениетін қалыптастыру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады;

3) Жоғарғы сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталған құрылымдық-мазмұндық моделі негізінде жүзеге асырылады;

4) Тиімділігі тәжірибелік эксперимент барысында дәлелденген, жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік жүйе білім алушылардың экономикалық білімін жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: бастапқы позицияның әдіснамалық негізделуімен, теория мен практика жетістіктерінің қолданылуымен, ғылыми аппараттың зерттеу мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестілігімен, зерттеуге жүйелі қадамның жасалуымен, нәтижелерге сапалық және сандық талдау жасаумен, тәжірибелік тексерумен, ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген.

Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: Зерттеудің негізгі нәтижелері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде, профессор-оқытушыларының ғылыми-әдістемелік бірлестіктерінде, экономика және педагогика кафедраларының кеңейтілген отырысында және әдістемелік семинарларда, білім беру жүйесі кадрларының біліктілігін арттыру Республикалық институтының курстарында, Алматы қаласы мұғалімдерінің тамыз конференциясында, халықаралық және республикалық (Алматы – 2000, 2002, 2005, 2008, 2010, Астана – 2007, Санкт-Петербург – 2006, 2010, Көкшетау – 2008, Тараз – 2008, Бішкек – 2010, Новосибирск – 2010), ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланды. Сонымен қатар зерттеу нәтижелерінен арнайы курс бағдарламасы, оқу құралдары шығарылып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мен ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда («Білім әлемінде» (2009,2010), «Қарағанды университетінің хабаршысы» (2010), Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы (2010), «Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының хабаршысы» (2010), «Қазақстан кәсіпкері» (2010), «Қазақстан педагогикалық хабаршысы» (2010), т.б.) жарияланған 29 еңбектерде көрініс тапты.

Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, зерттеудің тұжырымдамасы келтірілген қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің тақырыбы, оның көкейтестілігі негізделді, теория мен практикада мәселенің зерттеу дәрежесі сипатталды, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері көрсетілді, нысаны мен пәні анықталды, зерттеудің болжамы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні, жүргізілген зерттеу жұмысының кезеңдері анықталды.

«Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде педагогика ғылымы мен практикада білім алушылардың экономикалық білім беру мәселесінің педагогика ғылымдар саласындағы зерттеулерге сүйене отырып, салық мәдениетін қалыптастыру ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді. Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру компоненттері, көрсеткіштері мен өлшемдері белгіленіп, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.

«Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік мүмкіндіктері» атты екінші бөлімде жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік мүмкіндіктері анықталып, оқу курстарының бағдарламалары жасалды, тәжірибелік-педагогикалық эксперимент барысы және оның нәтижелері көрсетілді.

Қорытынды бөлімде теориялық талдау мен тәжірибелік зерттеудің нәтижесі бойынша негізгі қорытынды жасалды.

Қосымшада зерттеу нәтижелерінің қорытындыларын көрсететін материалдар берілді.
Негізгі бөлім
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістен туындап отырған экономикалық білімді жетілдіруге деген қажетттілік бұл мәселеге қатысты ғылыми зерттеулерді жан-жақты талдауды қажет етуде. Осыған орай, еліміздің болашағы - жас жеткіншектердің экономикалық мәдениетін, соның ішінде салық мәдениетін қалыптастыру мәселесі кезек күттірмес мәселеге айналуда. Сонымен қатар, бұл мәселеге қатысты әдебиеттерге жасалған талдаулар, осы күнге дейін салық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің ғылыми-зерттеу нысаны, пәні болмай отырғанын көрсетіп отыр. Еліміздің өркендеуі, халқымыздың әл-ауқатының дамуы, көлеңкелі экономиканың өріс алмауы, осы салық мәселесінің дұрыс орнығып, азаматтарымыздың салық мәдениетінің қалыптасуына тікелей байланысты. Демек, жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру, бәсегеге қабілетті болашақ ұрпақ тәрбиесінің өзекті бір саласы деуге болады.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтан жиналған салық болып табылады. Салықтар мемлекеттік құрылымның дамуымен бірге пайда болып, мемлекеттік бюджеттің кіріс негізін құрайтын негізгі құрал екені белгілі. Мемлекеттің бюджет кіріс көзінің 85-90 пайызы тек салықтардан тұрады. Салық төлеуден бас тартушылар, яғни көлеңкелі экономика өкілдері, мемлекет бюджетінің артуына кері әсерін тигізе отырып, ел экономикасының дамуына кедергі келтіреді.

Өскелең ұрпақтың салық мәдениетін қалыптастыруда ғылыми, берік жүйе жоқтың қасы. «Салық», «Салық жағынан сауаттылық», «Салық білімі» ұғымдарының кейбір нышандары айрықша көрсетіліп, қолданылады, бірақ «Салық мәдениеті» ұғымының мәні, орны, жалпы қызметі жетерліктей айқындалмаған. Өмірде болып жатқан өзгерістерге қарамастан халық тапқан қаражаттарының бір бөлігінен айрылып, не үшін үкіметке салық төлеуге мәжбүр болатынын ұғына бермейді.

Ал жоғары сынып білім алушыларына экономикалық білім беруде олардың салық мәдениетін қалыптастыру бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мүмкіндіктерінің біріне айналуда. Жоғары сынып білім алушыларына тән, олардың әлеуметтік қалыптасу ерекшеліктерін, мінез құлықтарындағы сандық та сапалық өзгерістерін ескере отырып, көпшілік ғалымдар осы жастағы жеткіншектердің салық мәдениетін қалыптастыру қолайлы деп есептейді. Жоғары сынып білім алушылары экономикалық білім негіздерінен сауаты бар, экономикалық қарым-қатынастан хабардар, сонымен қатар нарық қатынасындағы қолайсыз жағдайларға төтеп бере алады. Осыған орай, жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі артып отыр.

Салық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің зерттелуін салық мәдениетін қалыптастырудың тарихи деректерінен, сонау Әмір Темір (1333 жыл) басқа деректерде (1336 жыл) заманынан бастауға болады. «Темір жарғысының» маңызды элементі - экономикалық мәселелер. Соның негізінде обьективті көрсеткіші бар салық салу жүйесін жасап шығарды.

Темірдің салық жинау принципінде: ауқатты салық төлеуші мемлекетті байытады делінген. Сондықтан да ол жер өңдеу ісіне, кедейленген жер иесіне қатты көңіл бөлді, жер өңдейтін құрал саймандар бөлді, арықтың, жолдың дұрыс күйде болуын қадағалады, көпірлер, керуен сарайларын салды, саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Демек, сонау заманннан бастап, салық жүйесінің қалыптасуына негіз салынған.

Салықтар – бұл ертеде пайда болған, мемлекетпен алынатын міндетті төлемдер. Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас ХVІІ-ХІХ ғасырларда пайда болды. Зерттеу барысында А.Смит, Ф.Аквинский, К.Маркс, АҚШ-тың мемлекеттік қайраткері және ғалымы Бенджамин Франклин, Шарль Монтескье және т.б. ғалымдардың салық туралы пікірлеріне талдау жасалынды.

Халқымыздың ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаевтардың еңбектерінде экономикалық мәдениет мәселелері көрініс тапқан. Оқушылардың экономикалық тәрбие мәселесіне арналған бірқататар жұмыстарда еңбекке оң көзқарас пен қоғамдық меншікке ұқыптылық арасындағы байланысты қалыптастыру қарастырылды.

Қоғам қайраткері Т.Рысқұлов қаржы және салық саясатына – халық шаруашылығына басшылық жасаудың маңызды және шешуші тетігі ретінде қарады. Салық саясатының мақсаты – халықтың түрліше әлеуметтік топтарының табысын салық салу арқылы реттеу болатын. Жалпы экономикалық саясат жылдарында қала мен ауылдың арасындағы сауда мен айырбас республика экономикасын көтерудің маңызды шарасы болды. Т.Рысқұлов үкімет жетекшісі болып сайланғаннан соң республикадағы салық саясатын жан-жақты зерттеп, тұжырымдады.

Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде салық тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең және терең зерттелген. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде салықтар экономика мен әлеуметтік хал-аһуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне тікелей басқару әдістері ретінде қолданылады.

Салық ауыртпалығын жеңілдетуді жүргізу әртүрлі меншіктегі экономиканың өсу мүмкіндігін туғызу болса, көлеңкелі экономиканың қысқарып, болашақтағы ЖҰӨ негізі бюджеттік кірістердегі салық түсімдерін молайтуда.

Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі болып қоғамда өркениетті салықтық қатынастар мен халықтың барлық топтарының салықтық мәдениетінің бар болып саналатындығы баршаға мәлім. Қабылданған салықтық құқықтық заңдардың іске асырылмауы кәсіби білім мен салық мәдениет белгісінің төмен болуынан деп айтуға болады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабында «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады» деп атап көрсетілген.

Салықтар мемлекеттің саяси және экономикалық қызметтерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Себебі салық пен мемлекет біте қайнасқан ажырамас жүйе болып табылады.

Салық халық несібесі, десекте өркениет төлеміне адал ниетпен қараймыз ба? Бірақ кейбір жекелеген адамдар салықтың мемлекет кірісінде, халықтың сұранысы мен қажетін өтеуде қаншалықты маңызды рөл атқаратындығын жете бағамдай бермейді. Сондықтан да біздің тапқан табысымыздан алынатын кіріс салықтары мен міндетті төлемдер қайда кетіп жатыр дейтіндер де жоқ емес. Мұның сыртында заңды және жеке тұлғалардан, атап айтқанда, ірі фирмалардан, компаниялардан, шағын және орта бизнес саласынан да бюджетке қаржы құйылады. Осының барлығы, жинақтала келгенде, өзіміз халық қызметшісі атайтын мемлекеттік құрылымдардың, әлеуметтік – медицина, білім беру және басқа салалары қызметкерлерінің жалақысын, зейнеткерлердің зейнетақысын, тұрмысы төмендердің жәрдемақыларын төлеу, қала берді мектептер мен аурухана, емханалар салу сияқты қоғамға қажет мүдделі мәселелерді шешуге бағытталады. Осы себептен де біз салықты, бюджетке міндетті төлемдер жасауды мемлекеттің негізгі тірегі дейміз. Яғни, өзіміздің тапқан табыстарымыз бен кірістеріміз арқылы қоғамымыздағы өмір сүруімізге қажетті міндеттерді шешіп келеміз.

Мемлекет қауіпсіздігін сақтап, жолдар және жылдамдықты магистралдар салып, азтабысты халық топтарына көмектесу сияқты өз міндеттерін орындап отырған үкіметтің қаржы қоры екенін жоғары сынып білім алушыларына ұғындыру қажет.

Қазақстандағы экономикалық білім беруге қатысты ғылыми зерттеулерге талдау жасалынып, олардағы салық мәдениетіне қатысты пікірлері қарастырылды. Ол мәліметтер диссертацияда арнайы топтастырылып таблицада көрсетілген. Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, салық төлеу барлық басқа да табанды әдеттер сияқты балалық шақтан қалыптасуы тиіс. Әйтсе де, салық мәдениеті, әсіресе, жеке тұлғаның қарқынды әлеуметтік пісіп жетілу үдерісін көрсететін, мәдени жағынан өзін-өзі теңестірудің алғы шарттарын туғызатын, мәдениет әлеміне еніп, оны ұғынып, қолдайтын жоғары сынып білім алушылар үшін өте өзекті саналады.

Жоғары сынып білім алушылары, бір жағынан экономикалық ой-өрісін кеңейтіп, экономикалық қатынастардағы көрген-білгені арқылы “есею”, дербестік сезімін оятса, екінші жағынан, бұл кезеңде салық қатынасының экономикалық және әлеуметтік жағынан өзара байланысын жете түсіну үшін алғы шарттар туғызатын өзінің, сондай-ақ басқа да адамдардың психологиялық күйзелісі артады. Қоғамдық қажеттілік пен экономикалық тиімділік негізіндегі өнегелі салық төлемі - мәдениетті адамның мінез-құлқының бірі.

Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база қажет. Яғни, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде салық мәдениеті елеулі орын алады.

Экономикалық білім беруде жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыруда «салық», «салық жүйесі», «салық кодексі», «салық салу», «салықтық бақылау» т.б. ұғымдарды білу қажеттілігі дәлелденді.

Ғылыми негізделген «салық мәдениеті» ұғымын қолдану қажет болып табыла ма? Оның ғылымда тұрақты қолданылып келе жатқан «экономикалық мәдениет» ұғымымен салыстырғанда қандай жаңа функциялық мазмұны мен мағынасы бар? деген сұрақ туатыны сөзсіз.

Салық мәдениеті – салық саласында ойлау, тәлім-тәрбие, қарым-қатынас, іс-әрекет категорияларымен байланысты адамның экономикалық және жалпы мәдениеттілігінің жеке тарамдарын ашып көрсететін жүйе бөлімі болып табылады. Салық мәдениетінің мәнін, сипатын анықтау арқылы ғана біз жеке тұлғаның экономикалық мәдениеттілігін қалыптастыру үшін тәрбие үдерісін ұйымдастыра аламыз.

Экономикалық мәдениет – шаруашылық саласында әлеуметтік табиғи орта мен, адам арасындағы қатынасты ретке келтіріп отыратын мәдениеттің құрамдас бөлігі. Экономикалық мәдениет ауданы экономикалық қатынастар болып табылады. Салық мәдениеті «жалпы мәдениеттің», жекелей айтсақ экономикалық мәдениет көріністерінің бірі ретінде адамдық қатынастан рухтанып, экономиканың маңызы зор мәселелерімен: әлеуметтік саясат негіздері, пайданы бөлу, бюджетті қалыпқа келтірумен қатар жүреді. Бұл жерде, сөз әрине, кез келген қатынастар туралы емес, адам мен қоғамның салық салу саласындағы мүдделерін үйлестіруге бағыт алып отырған халықтың дұрыс құрылған, дұрыс шығармашылық әрекеттерінің басы болып отыр. Жұртшылық санасында білімді де, мәдениетті адам деп «салық салуға оң көзбен қарайтын» тұлға есептеледі деген пікір қалыптасуы тиіс. Сонымен, жеке тұлғаның салық мәдениетінің мәні мен ерекшелігін түсіну үшін салық әрекеті мен салық қатынасы ұғымдарына жүгіну керек.

Салық мәдениеті экономикалық, адамгершілік және құқықтықпен тығыз байланысқан. Салық мәдениетіне шығу тегі мен қоғамдағы әлеуметтік рөлі жағынан неғұрлым жақыны экономикалық мәдениет. Мәдениетті 2 түрге бөле отыра, біз қоғамдық қатынастардың әралуан қасиетін көреміз. Шынында, егер экономикалық, қатынас өндіріс-айырбас-үлес-тұтыну тізбегінде пайда болса, онда салық қатынасы салық төлеу - бюджет құру – қоғамдық қорды тұтыну үдерісінде түзіледі. Яғни, салық пен экономикалық мәдениет байланысы біртұтас және жекелей қатынастан көрінеді.

Салық мәдениеті жеке тұлғалық, ұжымдық және қоғамдық мүдделер үйлестігін талап ететін тәлім-тәрбие ережелері, ұстанымдары, қағидалары, ой-пікірлер, ұғымдар түріндегі рухани қатынастарды бейнелейді.

Жеке тұлғаның салық мәдениетінің когнитивті бөлігі оқушылардың санасында салық салу және оның рөлі жөнінде игерген білімдерінің нәтижесінде көңіл қоюды және салық ісіне тән ойлау стилін, адам тіршілігінің барлық жақтарымен өзара әрекет етуін бекітуді тұспалдайды.

Салық мәдениеті – қоғамның әрбір тұлғаға қоятын нормативті талаптар жиынтығы. Мәдени норма-іс пен тәлім-тәрбие үлгісі. Салықтық білім деңгейі өздігінен шығармашылық әрекетке бара алмайды. «Әрекет жасамас бұрын адам жетістікке жету үшін нысанаға баға береді. Нысаны бағалау экономикалық мүдде, қажеттілік, тәжірибеге» байланысты. Сондай-ақ экономикалық білім, оның практикада қолданылуы да бағаланады, яғни білім, қызығушылық, қажеттілік, тәжірибені негізге алып, әрекет жасау керектігіне мән беріледі.

Сонымен, зерттеу проблемасын байланысты әдебиеттерді талдай келе салық мәдениеті ұғымына анықтама беруге тырыстық. Салық мәдениеті біздіңше, азаматтардың экономикалық мәдениетінің салық бөлігіне қатысты жеке көзқарасының мазмұнын ашатын, өзін салық қатынасының субъектісі ретінде ұғынуын, әлеуметтік-экономикалық жағдайда салық төлеудің қажеттілігі мен тиімділігіне сенімін, салық төлеуші ретіндегі өз бейнесінің көрінісін және азаматтық ар-намысы оянып, өз бетінше салық төлеуге ықылас білдіруі.

Экономикалық тәрбие процесінде салық мәдениетін қалыптастырудың ерекше өзгешеліктері бар. Біріншіден, ол білімге, әсіресе салық салу саласында туған қоғамның экономикалық және әлеуметтік жүйесіндегі салық төлеушінің орны мен ролін жете түсінудің кешенді әдістеріне, экономикалық тәлім машықтарына жол сілтейді. Салық мәденииетін қалыптастыруда салық кодексі мен басқа да заң актілерімен оқушылар еске сақтауы тиіс деп түсіндіруге болмайды. Екіншіден, білікті салық төлеуші жаңа экономикалық ұғымдарды түсініп, өз міндеті мен құқығын қорғай білуі тиіс. Үшіншіден, «қалыптастырудың тәрбие процесінен айырмасы жеке тұлғаға стихиялы түрде әсер ететін көптеген сыртқы, объективті факторларының бар екенін» есепке алу қажет.

Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет педагогикалық шарт дегеніміз –экономикалық тәрбие процесінде іске асырылатын жеке тұлғаның қалыптасу сипатын көрсететін арнайы ұйымдастырылған шаралар. Теориялық көзқарасты есепке алу арқылы жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың төмендегідей педагогикалық шарттары анықталды:



  • салық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған экономикалық тәрбиенің мақсатын нақтылау;

  • салық мәдениетінің озат идеяларын ашып; салық мәдениетінің экономикалық, құқықтық және адамгершілік мәдениетінің элементтерімен өзара байланысын қамтамасыз ететін экономикалық тәрбиенің мазмұнын логикалық құру;

  • экономикалық тәрбиенің қазіргі жағдайдағы салық қатынасы саласымен байланысын анықтау;

  • салық мәдениетін қалыптастыру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.

Сонымен қатар салық мәдениетіне «енудің негізгі тетігі» ретіндегі ересек жеткіншектердің танымдық рефлексивтік, прогностикалық белсенділігін көрсететін экономикалық тәрбиені ұйымдастыру формалары құралдары әдістерінің қолайлы үйлесуі; мәдени жағынан өзін-өзі сәйкестендіру процесінің қамтамасыз етілуі; адамның мәдениеті, мәдени шығармасының болуы қажет деп есептейміз.

Тұлға мәдениетінің көпжақтылық мәні мен ішкі байланысына сүйене отырып, экономикалық мәдениет компоненттерінің өзара байланысын байқаймыз. Біздің зерттеу тақырыбымызға сәйкес салық мәдениетін қалыптастыру компоненттерін мазмұндық-когнитивтік, құндылық-мотивациялық, іс-әрекеттік-креативті деп біріктіріп жүйелеген орынды деп есептейміз.

Салық мәдениеті осы компоненттерді қамти отырып, сол күрделі байланыстың бір маңызды бөлігі ретінде қарастырылады.

Экономикалық мәдениеті қалыптастыру мәселесіне қатысты зерттеулерге жасалған талдаулар жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін калыптастыру мазмұнының компоненттеріне төмендегіше сипаттама беруге мүмкіндік жасады:



  • мазмұндық-когнитивтік компонент - экономикалық категориялар мен экономиканың даму заңдылықтарын, соның ішінде салыққа қатысты мәселелерді танып, түсіну үдерісінің нәтижесі, олардың адам санасындағы ұғым, түсінік, болжау, ойлау, ой тұжырымдау түріндегі көрінісі;

  • құндылық-мотивациялық компонент - жеке тұлғаның экономикалық бағыттылығының және өзара әрекетпен байланысқан экономикалық қажеттілік, қызығушылық, құндылық, әлеуметтік ұстанымдардың түрлі бағыттарын қамтитын өмір сүру қабілеттілігінің жүйесі.

  • іс-әрекеттік-креативтік компонент – қоғамдық және жеке қызығушылықтарына сәйкес тиімді түрде өзгеретін және түрлендіретін рухани және материалдық өндірісті, есеп жүйесін, бақылау, айырбас, бөлу, құндылықтарды тұтынуға бағытталған іс-әрекеттер мен операцияларды көрсетеді.

Оқушылардың экономикалық білімін жетілдіру негізінде салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары, компоненттері, көрсеткіштері мен өлшемдері айқындалып, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.

Біз зерттеуімізде жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру құралдарын іріктеп, олардың тиімділігін анықтадық.

Зерттеу барысында білім алушылардың салық танымын қалыптастыру процесінде таңдалған құралдарды пайдалану тиімділігі мен мақсатқа лайықтылығы анықталды.

Жоғары сынып білім алушыларына салық мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойынның рөлі зор. Соңғы уақытта ойынға деген қызығушылықтың артқандығы байқалады.

Теориялық зерттеулерді пайдалана отырып жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған дидактикалық ойындарға жататын: рөлдік, іскерлік ойындар қарастырылды.

Салық танымын қалыптастыру процесіндегі аталмыш құралдарды қолданудың тиімділігі үшін төмендегідей шарттарды сақтау қажет:



  • түрткінің болуы (танымдық, өзін-өзі тану, өзін-өзі іске араластыру);

  • тәжірибені басқа салаға көшіру мүмкіндігі, мысалға пәндік саладан өмірлік ситуацияға т.б. көшу;

  • күш, динамика, ізденіс болу үшін ойынға қатысушыларды ынталандыру;

  • ойынға қатысушылардың өзін-өзі сыйлауы, бір-біріне моральдік қанағат көрсету;

  • қорқыныштан, өзіне-өзі сенімді болмаудан арылу.



Сурет 1 – Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі

Оқу бағдарлаламары мен жоспарларына талдау жасай отырып, жоғары сынып білім алушылардың салықтық мәдениетін қалыптастыру бағдарламасы жасалынды.

Ұсынылған жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін тексеру мен бағалау мақсатында педагогикалық эксперимент жүргізілді.

Тәжірибелік–эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін, ең алдымен салық мәдениеті ұғымдарын қалыптастырудың деңгейін өлшеп, бағалауға қажетті белгілі бір өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтаудың қажет. Білім алушылардың салық мәдениеті ұғымдарын қалыптастыру мәселесін зерттеген ғалымдардың ғылыми зерттеулеріне сүйене отырып, салық мәдениетін қалыптастыру компоненттеріне сәйкес олардың өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды (1-кесте).
Кесте 1 – Салық мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштері

Компоненттері

Өлшемдері

Көрсеткіштері

Құндылық

мотивациялық



жоғары сынып бі-лім алушыларының салық мәдениетіне қатысты ұғымдар жүйесін пайдала-нуға қажеттілігінің болуы

  • салық мәдениеті ұғымдарын меңгеруге қызығушылықтарының болуы;

  • салық мәдениеті ұғымдарын күнделікті өмірге тікелей әсерінің бар екенін жете түсінуі;

  • салық мәдениеті түсініктерінің бүгінгі маңызын жете түсінуі.

Мазмұндық-когнитивтік

- жоғары сынып бі-лім алушыларының салық мәдениеті ұғымдарының мәнін білуі;

- салық мәдениеті ұғымдарын жүйесін және мазмұнын білуі.



  • салық мәдениеті ұғымдарының мәнін білуі;

  • салықтық қатынасқа енудегі іс-әрекеттің психологиялық құрылымын білуі;

  • салық мәдениеті ұғымдарын түсіну әдістері мен формаларын білуі;

  • ұғымдар жүйесінің сұрыптау өлшемдерін білуі;

  • салық мәдениеті әрекетін ұйымдастыруда салық ұғымдарын пайдаланудағы әсер етуші факторларын білуі;

Іс-әрекеттік-креативтік

білім алушылардың салық мәдениетін қалыптастыру іс-әрекеттеріне дайын болуы.

  • салық мәдениеті ұғымдарын сұрыптай ала білу іскерлігі;

  • салық мәдениеті ұғымдарын меңгеруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастырып, өткізе білу іскерлігі.

Педагогикалық эксперимент кезінде салық мәдениетін меңгерудің тиімділігі олардың білім, білік, дағдыларының қалыптасуынан көрінеді. Жоғары сынып білім алушыларының жеке басының дамуына байланысты ерекшеліктерді ескере отырып, олардың салық мәдениеті деңгейінің сапалық сипаттарын белгіледік.

Салық мәдениеттілігінің төменгі деңгейі – білім алушыларда қандай да бір көлемдегі экономикалық білім бар, бірақ білім алушылар олармен жұмыс жүргізе алмайды, олардың маңызын, салық мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігін түсінбейді; экономикалық көріністерге қатысты ахуалдық қызығушылықты, уәждарды саналы ұғынбайды; экономикалық сипатта іс жүзінде әрекет ету тәжірибелері жоқ, жетістікке қол жеткізу мұқтаждығы нашар байқалады.

Салық мәдениетілігінің орта деңгейі – білім алушыларда экономикалық түсінік, ұғым қалыптасқан, бірақ білім алушылар олармен жұмыс жүргізуде қиындықтарды сезеді; өз әрекеттерін осыған сәйкес бағалайды, қызығушылықтары тұрақсыз және әрекеттерінің уәждары жалаң тәжірибеге сүйенген пайдакүнемдік-қажеттік сипатта; бастамашылық танытпай-ақ ұжымдық экономикалық әрекеттерге қатысудан жағымды эмоциялық көңіл-күйде болады. Салықтық әрекет ету тәжірибелері шамалы, ол репродуктивті сипатта; жетістікке қол жеткізу мұқтаждығы ахуалдық көрініске ие.

Салық мәдениеттілігінің жоғары деңгейі – білім алушылар жас ерекшеліктеріне сай негізгі экономикалық ұғымдарды меңгерген; салық мәдениетіне қатысты ақпаратпен жұмыс жүргізе алады; экономикалық қызығушылықтары дамыған, оқуға және экономикалық әрекеттерге қатысты уәждары жағымды; бағалау пікірлері қалыптасқан, жетістікке қол жеткізуге мұқтаждық көріністері айқын көрінеді; алған білімдері мен шеберліктерін дербес шығармашылық тұрғыда салық мәдениетін қалыптастыруға қатысты әрекетте іс жүзінде қолдану тәжірибелері бар.

Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың қалыптасқан жүйесінің бастапқы жағдайын анықтау және бұл жүйені жетілдіруде қолданылу шарттарына талдау жасау үшін бақылау эксперименті жүргізілді. Оның негізгі міндеттері:



  • салық мәдениеті курсының білім мазмұнының көлемін анықтау;

  • салық мәдениеті курсының білім мазмұнын құрастыру әдістері мен оны жоғары сынып білім алушыларының игеруі арасындағы сәйкестікті анықтау;

  • оқушылардың салық мәдениетіне қатысты білім мен біліктілікті игеру сапасын анықтау.

Дайындалған бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдар мектеп оқу процесінде эксперименттік тексеруден өтті Астана қаласындағы Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясы, Алматы қаласының Ауезов ауданындағы №119 мектеп-лицейі, Алматы облысының Жамбыл ауданының Сұңқар, Жайсан, Үнгіртас, Көкқайнар мектептерінде өткен тәжірибелік сабақтар мен пән мұғалімдеріне жүргізілген сауалнама оқу материалдарының жүзеге асқанын дәлелдеді және оны әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеуге мүмкіндік берді.

Біз эксперимент нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ететін тәсілдер жиынтығын құрайтын кешендік әдістемені қолдандық. Бұл тәсілдер: бақылау, сауалнама жүргізу, тестілеу, әңгімелесу, жеке тапсырмаларды орындау, жағдайларды талдау. Қорытынды мәліметтеріне жасалған талдау эксперименттік топтың жақсы нәтижелерге жеткенін көрсетті. Алайда оның нәтижелерін бақылау тобының нәтижелерімен салыстыруға болады.

Бақылаушы эксперименттің бірінші кезеңінде мектептегі экономикалық білім берудің мазмұнына талдау жасалды. Оқушылардың экономикалық дайындығында салық мәдениетіне қатысты білім мен білік мына себептермен дұрыс бағаланбайтыны белгілі болды, біріншіден, экономика негіздерін игеру бойынша арнайы оқу пәні тек оқу жоспарының вариативті бөлігі есебінен ғана беріледі, екіншіден экономика ғылым негіздерінің құрамындағы салық мәдениетіне қатысты білім мазмұны жүйесіз, үзілісті сипатқа ие.

Эсперименттік сыныптардың оқушылары кешендік әдіс бойынша тексеруден өтті. Бұл жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру динамикасы туралы пікір айтуға және олардың жұмысына мақсатты түрде басшылық жасауға мүмкіндік берді.

Бірінші кезеңде біз сабақтарда салық мәдениетін қалыптастыруға қатысты әрекеттер кезіндегі жұмыс тәжірибесін зерттедік. Білім алушыларға өткізілген сабақтар мен мұғалімдерден сұрау алу, пән мұғалімдерінің дайындығының жоқтығына байланысты салық мәдениетін қалыптастыруда қосымша оқу құралдарын қолданудың төмен деңгейін көрсетті. Салықтық мәдениеттің бір қатар элементтері туралы білімнің қалыптасқан деңгейлерін анықтау мақсатында білім алушыларға сұрақнама жүргізілді.

Айқындау экспериментіне жасалған талдау мынаны көрсетті: білім алушылардың сабақтағы белсенділігі төмен; ынтасы төмен; өз бетімен білім игеруге дайын емес; ізденісті қажет ететін шығармашылық тапсырмаларды орындау білігі қалыптаспаған; педагогикалық мүмкіндіктерін мақсатты қолдана білмейді, уақыт талабына сай жұмыс істей алмайды (2-кесте).


Кесте 2 – Жоғары сынып білім алушылардың салық мәдениетін қалыптастырудың деңгейлері (%) (2006-2007 жж.) (айқындаушы эксперимент нәтижелері)

Деңгейлер

Бақылау тобы

Эксперименттік топ

пайызы

пайызы

Жоғары

28

30

Орташа

32

28

Төменгі

40

42


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет