Идеалды және реал газдар. Газ күйінің тендеуі



Дата03.01.2022
өлшемі8.56 Kb.
#451297
c9a9534c-37b1-4df1-8b87-a31f0ca65930

Идеалды және реал газдар. Газ күйінің тендеуі


Орындаған: Ескермес Т

Тексерген: Қойшина А

ИДЕАЛ ГАЗ

  • Идеал газ – бөлшектерінің өзара әсері ескерілмейтін газдың теориялық моделі.
  • Ол классикалық идеал газ және кванттық идеал газ болып ажыратылады. Классикалық идеал газдың қасиеттері классикалық физика заңдарымен – Клапейрон теңдеуімен, сондай-ақ оның дербес түрлері Бойль–Мариотт заңы және Гей-Люссак заңымен сипатталады

Менделеев-Клапейрон теңдеуі


1834 жылы француз ғалымы Клапейрон Бойль-Мариот және Гей-Люссак заңдарын біріктіре отырып, (р,Т,V) параметрлерінің үшеуі де өзгергенде жүретін процестерді сипаттайтын теңдеуді алды. Бұл теңдеу Клапейрон теңдеуі деп аталады.

Бойль–Мариотт заңы

Бойль-Мариотт заңы (кейде Бойль заңы) – газ туралы негізгі заңдылықтардың бірі. Тұрақты температурадағы газдың көлемі мен қысымының арасындағы байланысты анықтайтын заң. Бұл заңды ағылшын ғалымы Роберт Бойль (1662 жылы) ашқан

pV=const

  • Бойль-Мариотт заңының көмегімен реал газдың қысымы мен көлемі арасындағы байланыс жуықтап қана анықталады. Үлкен қысымдағы және жоғары температурадағы газ қасиеттерінде бұл заңнан күрт ауытқушылық байқалады. Өйткені, мұндай жағдайдағы зат молекулаларының көлемі мен оның бір-бірімен әсерлесуін еске алуға тура келеді. Бойль-Мариотт заңы идеал газдар үшін дәл орындалады.

Идеалды газдар қоспасы

  • Жылулықты қолданатын машиналардың жұмыстық денесі ретінде, әртүрлі газдардың қоспасын қолданады.
  • Олар үшін, Rқос болуы қажет. Әрбір құрамды бөлікке кіретін қоспалар, қоспаның толық көлемімен толады, бірақ, онда олар өзінің парциалды қысымында болады:
  • Дальтон заңы бойынша
  • P=і
  • Газды қоспаның т массасы үшін, дұрысында дәл осындай түріндегі теңдеу түрі:
  • PV = RT

Идеал газ күйінің теңдеуі

Изотермалық процесс

1667ж. Бойль (ағылшын) Мариотт(француз) Бойль-Мариотт заңы берілген газдың, берілген массасы үшін тұрақты температурадағы қысым мен көлемнің көбейтіндісі тұрақты шама

Изобаралық процесс

1802ж. Гей-Люссак (француз) Гей-Люссак заңы газдың берілген массасының тұрақты қысымында көлемі температураға тура пророрционал (түзу сызықты байланыста)

Изохоралық процесс

1787 ж. Шарль(фр) Шарль заңы газдың берілген массасы үшін тұрақты көлемде қысымның температураға қатынасты тұрақты шама

Дальтон заңы

Қоспа газдардың қысымы Дальтон заңының көмегімен анықталады:

Қоспа газдардың қысымы  қоспаны құрайтын жеке газдардың парциаль қысымдарының қосындысына тең болады:

 

 

Парциаль қысым деп қоспадағы басқа газдардың қысымын ескермеген жағдайдағы жеке газдардың түсіретін қысымын айтады.

Реал газдар және олардың қасиеттері


Реал газдар идеал газдардан бұл газдардың молекулаларының ақырғы дербес көлемдерінің болуымен ерекшеленеді және өзара электромагниттік және кванттық табиғаты бар өзара әрекеттесу күштерімен байланысты болады. Бұл күштер кез-келген молекулалар арасында кез – келген жағдайларда болады және молекулалар арасындағы қашықтықтың артуымен азаяды. Молекулалардың аз қашықтыққа жақындауы кезінде тартылыс күштері күрт төмендейді және өте үлкен мәндерге жеткен итеру күштеріне өтеді. Молекулалардың арасында өзара әрекеттесу күштерінің болуына байланысты идеал газдар заңы ешқандай жағдайлардада реал (нақты) газдарға қатаң қолданыла алмайды. Яғни реал газ Клапейрон-Менделеевтің идеал газ күйі теңдеуімен сипаттала алмайды. Реал газдардың әртүрлі қасиеттерін тәжірибелік есептеу кездерінде, сығылу коэффициенті аталатын, қатынас қолданылады:

рV/RТ = С, (26)



Идеал газдар үшін кез-келген жағдайларда рv = RТ және С = 1 болатындықтан, сығылу коэффициенті реал газ қасиеттерінің идеал газдар қасиеттерінен ауытқуын көрсетеді. С-ның мәні реал газдар үшін қысым мен температураға тәуелді бірден үлкен және кем бола алады және тек қана өте аз қысымдар мен жоғары температураларда ол бірге теңеседі.


Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет