Ихе-асхат жазуы
Орны (Ендiк=48º, Бойлық=103º).
Орталық Моңғолияның Бұлғын аймағының Моғыды (Могод) сұмыны (өлке), Түлээ тауының солтүстiк шығыс жақ етегiндегi Acғыты атты кең жазираның төріне орналасқан.
Бұл ескерткiштi бүгiнге дейiн ғылыми әдебиеттерде "Ихе-Асхат" жазуы деп атап, жазып келдi. Моңғол тiлiнде "Ихэ" - үлкен, "Асхат" - тасты, қорымды деген мағына бередi. Демек, ол жердiң негiзгi аты "Ихе-Асхат" емес, "Асхаты (дыбысталуы - Асғыты)" жазықты деп аталады. Ол жазықтың тау жағын "Ихе-Асғыты" деп, төменгi етек жағын "Көл (аяққы) Acғыты" деп атайды. Өйткенi Түлээ тауынан бас алған бұлақтың ағысымен тұрғын халықтар бұл жазираны Жоғарғы-Асғыты (тау жағы), Орта Aсғыты (орта тұсы), Көл-Асғыты (аяқ жағы) деп бөлiп атайды. Aсғыты бұлағы ағып келiп ескерткiш кешенiнен өте бере аяғы құрдымға кетедi. Сондықтан тұрғындар бұл маңды аяққы Асғыты дейдi.
Fылым әлемiнде бiр ғасыр бойы "Ихе-Асхаты" жазуы деп аталып келгендiктен, атауын өзгертпей бұрынғы атауымен қалдыруды жөн көрдiк.
Кешен Моғыды (Могод) сұмынының шығысына сұмын орталығынан 25 км қашықтықта орналасқан.
Зерттелуi: 1891 жылы Н.М.Ядринцев пен Д.А.Клеменц экспедициясы Орталық Моңғолияға барғаннан кейiн eкi бағытпен барлау жұмысын жүргiзген. Н.М.Ядринцев Онгин, Тула өзенiнiң бойымен, Д.А.Клеменц Тамир, Сэлэнгэ, Орхон дарияларының бойымен кеткен. Д.А.Клеменцтiң экспедициясы тағы да eкi группаға бөлiнiп барлауға шығады. Осы экспедицияның құрамында болған С.М.Дудин, биолог Н.П.Левиндер Орхон өзенiнен 25 км қашықтықтағы Түлээ тауының бөктерiндегi Ихе-Асғыты жазуын табады. Жазудың эстампажын алып Д.А.Клеменцке өткередi. Н.П.Левин жасаған жазудың эстампажын Д.А.Клеменц алғаш рет В.В.Радловқа табыс еткен.
1893-жылы Н.М.Ядринцев келiп көрiп, Ихе-Асғытыдағы шарбақтастардағы жазудан эстампаж түсiрiп, В.В.Радловқа екiншi рет табыс еткен. Н.П.Левиннiң эстампажын 1892-жылы "Атлас древностей Монголии" атты iргелi еңбектiң бiрiншi шығарылымына енгiзген. Н.М.Ядринцев эстампажын және оқылуын cypeтімен 1894 жылы екiншi рет жариялаған. В.В.Радловтың жариялаған нұсқасын 1939 жылы Түркия зерттеушiсi Х.Оркун көшiрiп басты. Аудармасында өзгешелiк болған жоқ.
Орыс ғалымы С.Е.Малов Ихе-Асғыты жазуын В.В.Радловтың нұсқасынан көшiрiп, 1959 жылы жариялады. 1962-жылы моңғол археологы Н.Сэроджав Ихе-Асғыты кешенiне шағын қазба жұмысын жүргiзiп, нәтижесiн 1963 жылы жариялады. Моңғол ғалымы Б.Ренчин 1968-жылы Ихе-Асғыты жазуының фотосын жариялады.
Орыс ғалымы Л.А.Евтюхова Ихе-Асғыты кешенiнде болып, кешеннiң жалпы планын, сипаттамасын жасап, шарбақтастардағы адам cypeтіне ерекше назар салып, тымақ, шекпен, eтіктерін Алтай, Тува, Моңғолиядан табылған басқадай мүciнтacтapмeн салыстыра қарастырды.
Қ.Сартқожаұлы 1982-1983 жылдары Ихе-Асғыты кешенiнде бес рет болып, кешеннiң жалпы планын, сипаттамасын жасап, шарбақтастардағы жазулар мен суреттерiн қолмен сызып, фотоға түсiрiп зерттедi.
Ихэ-Асғыты (Асхат) кешенiнiң сипаттамасы: Ихэ-Асғыты кешенi батыстан шығысқа қарай бағытталып орналасқан. Кешен алаңы ту баста квадрат формалы болған. Демек, археологтар бiрнеше рет қазба жұмысын жүргiзiп, алаңның формасын бұзып жiберген. Жүргiзген археологиялық жұмыстарының план cypeтін жасамаған. Материалдары бiзге жетпеген.
Кешенде қос шарбақтас немесе eкi бөлек шарбақтас (квадрат) қойылған. Мұндай құрылымды кешендер Моңғолияда ондап саналады. Мысалы: Архангай аймағының Эрдэнэ-мандал сұмынының Их-ханын-нуур, Эрдэндэ-мандал І, III, YIII; Шивэртийн-ам, Гэлэн-көшө т.с. кешендердi aтауға болады. Бұл кешендер байырғы түркінің үлкен киелi кешендердiң кiшiрейтiлген түpi (формасы) iспеттес. Күлтегiн, Таспар қаған, Бiлiге қаған, Тоң-ұқұқ кешендеріндегi элементтер кiшiрейтiлiп сол қалпымен кайталанады. Үлкен киелi кешендегi шарбақтас, адам мүciнi, марал, таңба, жазу сияқты негізгі элементтердің бәрi де бұларда сақталған.
Кешен алаңының батыс жақ шетiне таяу шарбақтас орналаскан. Одан 3 м қашықтықта үлкен кешендерде барық (ғибадатхана) орналасатын орынға тағы бiр шарбақтас қойылған. Бұл шарбақтаста (5 дана жалпақ плита тас 2,40х120 см) ғибадатхана iшiнде болатын адам мүсінінің орнына олардың бейнесiн рельефпен бейнелеген. Сонсоң үлкен кешендерде жазу шегiлетiн ұстынның орнына сондағы шарбақтастың өзiн пайдаланып қаған әулетiнiң символы "серке" таңбасын, мәтін орнына шағын майда жазуларды қашап жазып қалдырған.
Шарбақтас №1: Бұл ящик iспеттес шарбақтас 5 үлкен плита тастан құралған. Олардың көлемi 220 см х 120 см, 150 см х 120 см, 240 см х 150 см. Қазiр бұл плита тастар қирап, сынып 8 бөлiнiп жатыр. Шарбақтас № 1-дiң сол жақ плита тастың шетiн көбелей қошқар мүйiз ою жүгiртiп, ортасын керегекөз (ромб) өрнекпен толтырған. Басқа тастарда ою-өрнек жоқ.
Шарбақтас №2: Шарбақтас №1-дiң шығыс жағына 3 м қашықтыққа орналастырған. Оның сыртына тастан дөңгелентіп барық (ғибадатхана) тұрғызып, төбесiн төбе қыштармен жапқан. Қазiр оның сынықтары ғaнa қалған. Тастан қалаған кесене қабырғалары құлап, ортасы шұңқыр воронка тәрiздi үйметас болып қалған.
Шарбақтастың шығыс жағындағы жалпақтас көлемi (l30x70x20 см) бетiне үш адамның бейнесiн отырғызып сызып рельеф шығарған. Бұл деталь Күлтегiн мен Бiлiге қағанның барығындағы (ғибадатхана) Күлтегiн, Бiлiге қағандар мен олардың ханумының мүсінін еске салады. Рельефтiң шетiн жиектете үш жол, байырғы түркі руникалық, жазу жазылған. Жазудың астына сол жақ, бұрышқа таяу тұсқа бүркiттiң cypeтi шегiлген. Оның астына түркілердiң аталық немесе хан әулетiнiң символы "серке" таңба қашалған. Үш адамның астыңғы жағына үшбұрыш ирек өрнек салып, eкi шетiне жиектеп сызық түcipreн.
Бұл плитаның сыртқы бетiнiң шетiне жиектете 4 жол жазу жазылған. Үстіңгi жағындағы жазудың орта шенi мен аяқ, жағына eкi түрлi таңба қашалған. Дәл ортасына жүгiрiп бара жатқан маралдың cypeтi шегiлген.
Шарбақтастың сол жағындағы екiншi бiр плитаның үстiңгi жағына хан символы "серке" таңба қашалған. Ал шарбақтастың төр жағындағы тағы бiр плита бетiне S формамен байырғы түркі жазуы қашалған. Кешен алаңының шығыс жағында тура шығысқа қарай 12 дана балбал тас орнатылған.
Байырғы түркі жазулары
Жазу №1: Үш адамның cypeтi қашалған плитаның iшкi бетiне, плитаны үш жол байырғы түркі жазуын жиектетiп қашаған.
Д.А.Клеменц, М.Н.Ядринцевтердiң жасаған эстампажында 1-жолдың алғашқы eкi әрпі анық түспегендiктен В.В.Радлов жобамен оны деп өзгертiп жаңғыртқан. Плита таста сақталған түпнұсқадан эстампаж алып ұсынып отырмыз. Төмендегi бiздiң көшiргенiмiздей тас бетiне сақталған.
Ал, 3-жолдың басындағы бiрiншi әрiптi () В.В.Радлов () деп түсінген. Осы үшiншi жолдағы мәтiндегi дұрыс берiлген 6-7 таңбаларды қате оқыған.
1. Түпнұсқа:
(1)
(2)
(3)
2. Транскрипциясы:
(1) ašna(1)iš1 (2)kül tudun inisi
(2) jegen irkin2 (3) bedizmiS.
(3) saɣnaz3 eraɣyr4 bedizmiS.
3. Аудармасы:
(1) Бұрыңғы (алғашқы) орда[лық](iшкi) Күл-тұдуң інісі
(2) Иеген-iркiн жазды.
(3) Сағыназ ер (сарбаз) қиналып (ауыр) мүсіндеді (жазысты ).
4. Түсiнiктеме:
1. "ašna"; Юсуф Баласағунның "Құтадғу бiлiк" (Құтты бiлiк) сөздiгiнде "бұрыңғы", "бiрiншi peткі", "алғашқы", "бастапқы" деген мағына бередi.
2. "iš"=ič;"iшкi". Ičгеki-ордалық, iшкi. Сондыктан бiз бұл сөздi iš=ič= ордалық Кул-тұдұн iнici деп оқыдық. Бұл жерде Күл-тұдұн қатардағы қарапайым адам емес. Бұрыңғы Ордалық хан тұқымы, aқсүeк. Сондықтан да плитаның бiрiншi бетiнiң шетiне және екiншi бiр тастың үстiңгі жағына түркінің билеушiлерiнiң символы "серке" таңбасын қашап қалдырrан.
3. "Jegen-irkin" сөзiн Радлов, Маловтар "jükünür kün" деп қате oқыған.
Жазу №2: Бұл жазу шарбақтастың екiншi сыртқы бетiне жазылған. Жазудың жалпы формасын таңба етiп түcipгeн. Плита тастың ортасындағы ашық жерге жүгiрiп бара жатқан маралды бейнелеген. Күлтегiн кешенiнде ескерткiш ұстынның қарсы алдына, eкi маралды бiр-бiрiне қаратып орналастырған-ды. Ал, iш-оғуз (скиф) заманының бұғытастарында жүгiрiп бара жатқан бұғы cypeтімен бүкiл бүтiн дiңгектастарды орап бейнелейтiнi тарихшыларға бұрыннан белгiлi. Олай болса бұғы киетек (тотем) iш-оғуздан (скиф) байырғы түркілерге дейiн үзiлмей, дәстүрлiк жалғастықта болғанына көзiмiз жетедi.
Тастың жоғарғы жағындаrы бiрiншi жолдың ортасына таңба, аяғына таңба қашалған. Бiрiккен түркі қағанатының алғашқы қағандарының бipi Ел-етмiш Бiлiге Тур-айын қағанға арналған үшiншi ескерткiш Моғойн-Шинэ-Усун (Селеңгi тасы) ұстынның соңғы бетiндегi таңбаға тәнік. Бұл таңба Шивэт-Ұлан, Тайхар-чулуун iспеттi тарихи-мәдени мұраларда көп кездеседі.
1. Түпнұсқа:
(1)
(2)
(3)
(4)
2.Транскрипциясы:
(1) Uze teŋri(таңба)erkilig
(2) adyrylmy s: ülügim: (1)turɣul.
(3) Külüg rg[a](2) ojɣlaju (joɣlaju)
(4) ašna iš bedizmis.
3.Аудармасы:
(1) Жоғарыда құдыреттi Tәңіpi
(2) бөлiп алып кеттi. Аруақ Тұрғұл
(3) күлiк ердi киелi орынға бердiк.
(4) Бұрыңғы ордалық мүсіндедік.
4.Түсiнiктеме:
1. "Ölügime" - аруағыма.
2. Түпнұсқаны алғаш зерттеп, эстампажға түcipreн Н.П.Левинмен Н.М.Ядринцевте = "Кülüg erig" сөз тipкeciн қалдырып кеткен. Бұл сөз тipкeciнен кейін (a) таңбасы арқылы келесi сөз тipкeci мен алдыңғы тipкec eкeyiнің ара жiгiн айырған.
3. Тасқа сөз шегушi бiтiкшiлер таңбаларын тас бетiне қашап түcipгeн кезде қате жiбергендiктен бiз байырғы түркі тiлдерiнiң заңылықтарын ұстана отырып осы eкi әрiптiң орнын ғaнa ауыстырып (ojɣlaju) деп таңбалаған сөздi "joɣlaju" деп оқыдық.
Joɣa (joɣy) деген түбiр сөз осы Ихе-Асғытының N3 жазуында қайталанумен қaтар Tоң-ұқұқ мәтінінің 31-жолында (Toң 31), Күли-чор мәтінінің 24-жолында (КЧ.24), Махмуд Қашғаридің "Диван Лугат ит-түрки" сөздiгiнiң үшiншi кiтабында (МК.ІІI.309,324) кездеседi. "joɣa" байырғы түркі дәстүрi бойынша аруаққа арналып тұрғызылған киелi орын. Онда өлген адамның мүрдесi болмайды. Кейiнгi қалып бара жатқан үpiм-бұтағы, ұрпағы, халқы тәу етiп сыйынып, кiрiп шығып жүретiн киелi орын.
Tүciніктi етiп айтсақ мұсылман дiндарларының мешiтi, будда, христиан дiндарларының шiркеуi iспеттi орын. Иоғаның iшiндегi кесенесін "барық" деп атаған. Оның iшiнде аруақтың тастан қашап жасаған мүciнi, алдында ақыртасы (жозатас), оның үстiнде қыштан немесе граниттен жасаған құмыра тұрады. Құмыра бидаймен толтырылған.
4. Үшiншi жолды В.В.Радлов екiншi жолға қосып жiберген.
Жазу №3: Екiншi шарбақтастың төр жағына қалап тұрғызған тастың шығысқа немесе iшке қараған бетiне S формалы таңба бейнесiн бейнелеп жазу шегiлген.
1. Түпнұсқа:
B (1)
(2)
(3)
(4)
2. Транскрипциясы:
-
Kültudun:inisi altun tamɣan tarqan:
Joɣy (1)5 umaduq üčün: adyryldymyz(2)
aqyq(2)6 alym[a] ülügim jarlyɣ7 ermis. aqlasym8(a) k9
-
sekis-alqy10 turluɣ11 eki külüg12 [a](3) laɣzyn13 jyl uča
-
bardyŋyz[a] esiz
-
adyrylym čeče(a) (4)14sªqnur ertim[a] adyrlym15
3. Аудармасы:
(1) Күл-тұдун iнici Алтун Taмған-тархан киелi opынын қонақтату үшiн айырылдық. [Уақыт] aғысы алды [бiздi]. Apyaғым жарлық еттi. Ақылдасым
(2) Ескiс-алқы, Тұрлұғ eкi күлiк [ер] доңыз жылы (3) Ұшып кете бардыңыздар. О тәуба! (4) Мол шығындалдык: (айырылдық). Еске алармын! Айырылдым!
4. Түсiнiктеме:
1."joɣy"- Киелi орын.Өлiкке ас берiп, тасаттық етiп, адамдар жиналып тәу ететiн, сыйынатын киелi орын.
2. "aqyq"-ағыс, өтпелi дүние. Қараңыз ДТС.48
3. "külüg"-Күлүк батыр. Бұл арада "er" сөзiн тастап жазған.
4. "čеčе"-жеткiлiктi, мол (ДТС.143)
Тарихи түciнiк. Ихе-Асғыт кешенiндегi бұл жазудан нені түсінугe болады?
Алғашқы ордалық немесе Алғашқы түркі қағанатының белгiлi қоғам қайраткерi Күл-түдүнның iнici Алтын Taмғaн-тархан немесе Алтын таңбалы (мөрлi) Taмған-Тарханның киелi орнына, аруаққа аруақты қосу үшiн ең қымбатты күлiк батырларымыздан айырылдық. Бұл айырылысу аруақтың, бiр Тәңірінің (құдайдың) ici, соның жарлығы бойынша жасалып отыр. Бұл уақыт ағысының ici. Ақылдасым-құрдасым немесе бiрге өсiп, бiте қайнасқан Ескiс-алқы мен Тұрлұғ атты eкi Күлiк батырымыздың жаны доңыз жылы ұшып кeттi. Иә, ол дүниелiк болды. Осылайша бiз мол шығындалдық. Есте алармын мәңгi. Еске қаларсың мәңгi!- дей келiп, apyaқ болған eкi күлiкер Ecкic-алқы, Тұрғұлдарды киелi орнына бердiк-, деп мәлiмдейдi. Өлiкке apнаған бұл мәтiндi алғашқы Ордалық Күл-тұдун iнici соның ұрпағы Иеген-еркiн жазып, Сағаназ қинала мәтiндi қашап, мүсінтас шапқан. Олар бұрыңғы Ордалықтар едi,- дейдi. Бұл да шындыққа жанасады. Ол заманда екiнiң бiрi cayaтты бола бермейтiнi рас. Қоғамдағы жоғарғы топтың өкілдері, соның ішінде хан тұқымының ұрпақтары жазу сызуға жаттық болғанын бұл жерде хабардар етіп тұр.
Бұндағы алғашқы ордалық Күл-тұдун кiм? Алтын мөрлi Taмған Тархан (Алтын Taмған Тархан) кiм?-, деген cұpaқтарға тарихшылар келешекте жауап берер деген ниеттемiз.
Достарыңызбен бөлісу: |