Теректі Әулие



бет1/3
Дата18.09.2023
өлшемі56.5 Kb.
#477816
  1   2   3
ТЕРЕКТІ ӘУЛИЕ


Теректі - Әулие
Петроглифтер – бұл жартастардағы суреттер олар тас немесе металл құралдармен қашалған біздің дәурдің алғашқы мыңжылдықтарынан қазіргі уақытқа дейін сақталған.
Мұнда көбіне жылқының бейнесі салынған (90%). Адамның бейнесі сирек кездеседі. Хорезмның ХІ ғ. Ғалымы Әбу Райхан әл-Бируни қимақ еліндегі жергілікті тұрғындар сыйынатын жұмбақ сүреттер туралы жазған: Оғыз елінің бір жерінде су көзі – құдық бар жанында қол аяқ табанның ізі жатыр. Теректі-Әулиедегі іздерге қатысты көптеген аңыздар бар. Сол нұсқалардың бірі Әл-Бирунидің мәлеметтері бойынша белгілі нәтижесінде мұсылмандық агиалогияға енген «Хазрет-Әли мен оның аты Дулдул» туралы аңыз. Аңыз ХІ ғ. жатады. Теректі-Әулие петроглифтерін түрлі дәуірге жатқызуға болады: қола дәуріне (ІІ д. аяғы мен І д. басы); скифтік-сібірлік тип (б.д.д. ХІІ ғасырдан б.д. алғашқы ғасырлары); орта ғасыр.
Бұл ескерткіштер туралы түркі тілдес тайпалардың да орыс саяхатшылары сияқты білген болуы мумкін.
Күнге табынушылардық рәсім жасаған жері қазіргі кезде гранитты жартастардағы киелі соқпақ болып табылады. Аңыз бойынша соқпақпен жүріп өткен әрбір кезең рухани тазартып, әулиердің аруақтарына жақынтады екен. Ең биіқ (холмдағы) төбедегі адам табанның ізі бір кездерді осы маңда өмір сүрген, ислам насихаттаушылары болып табылады екен. Ал табан ізінің Мекке жаққа қарауы әрбір мусылманға ислам дінің ең негізгі міндетінің бірі Меккеге қажылыққа бару екенін есіне салады деседі.
Бұл жер бүгінде мінәжат ету орны. Мұнда экстрасенстер, халық емшілері, астронамдар, ауырған адамдар, ғалымдар және жай көргісі келгендер келіп жатады. Мұнда келген адамдардың көпшілігі бұл жерлерде күшті табиғи энергетиканың барын айтады. Мұнда күн энергиясының ағылы күшті, әсіресе суы емді, ол түрлі тау жыныстарынан, кварц және шақпақ тастардан өтіп келіп, адамды көптеген аурудан жазады.
Тарихи және мәдени ескерткішіне келген адамдар емдік мақсатта пайдалану үшін бұлақтың суын құйып алады екен.
Әрі қарай жол петроглифтер жазылған гранитті төбішіктің бойымен жалғасады. Одан сырғып өткен әрбір адамның өту- арманыңынң орындалуына бір ақтық қадам жасау, мақсатында адамдар ол жерді қызық көреді.
Сопканың тегіс бетімен шеңбер жасай сырғу өте оңай сол кезде жүрегің ұша жөнелетіндей сезімде боласың. Төбешіктің бетіне дұрыстап қарасақ ол қорғаныш қабатымен қапталғанын байқайсың. Бұл қандай қабат екені әлі жұмбақ. Қалашық териториясына кірмес бұрын ата бабаларымзға дұға бағыштаймыз. Бұл жерде ежелгі бейіттер бар. Кейбіреулердің пікірінше, олар XIII, XVII-XVIIIғ жатады.Ал кейбір ғалымдар XIX ғортасы дейді. Бұл Оспан баба мазарына қатысты. Мазарлардан басқа ағайындар бейітінің түріндегі жерлеулер кездеседі, олардың басына қарапайым тас қойылған. Кім,қалай өлгендері белгісіз. Бірақ 300адамның жерлеуіне қарағанда, бұл жауынгерлер шығар деген пікір бар.
Теректі - Әулие археологиялық кешенінің территориясында жұмбақты жерлер көп. Аңыздар да көп. Рәсім жасайтын және сыйынатын орындардың көптігі соншалық, осы жердегі петорглифтер, жартастар мен құдықтардың негізінде халықтардың тіршілігі мен салт дәстүрлерін де зерттеуге болатын еді. Мыс сиқырлы тасты алсақ, ол күнәһарларды айқындауға арналған. Оның ортасымен өткен адамның кейбіреуіне ол ашылып өтуге мүмкіндік берсе, кейбірін қысып оларды алып шығуға тура келеді.
Бұдан басқа бұл жерлерде шақпақ тасты құдықты кездестіруге болады. Ежелгі замандарда бұл жерде шықпақ тас өндіріп одан еңбек құралдарын жасаған, ал бұл құралдардың көмегімен петроглифтер,әшекейлік бұйымдар, кейде тіпті тұрмыстық заттар ойылған.
Билеп тұрған жылқылар әдемі жартасты компазиция оның кем түспес әдемі аңызы да бар. Аңызды Теректі Әулие шатқалында жылқы баққан бозбала туралы айтылады. Ол домбыраны қатты жақсы көріп күнімен күй ойнайды еді. Жүрек түбінен шыққандай әсер қалдыратын дыбыстарға гранитті жартастардың өзі еліктіреді. Бірақ табын иелерінің біре аттарының арып бара жатқанын байқап, аңдыға көшеді. Көлеңкеде жатып, домбыра татқан жылқышысын, билеп жүрген 2 атын көріп тағалып тамсанған олөзінің қалай билей жөнелгенін де байқамай қалыпты.
Неге бұл жер Теректі аталды? Бұл аймақта бірде бір терек табылмаған. Жергілікті тұрғындар XXғ басында ұжымдастыру кезеңінен бұрын бұл жер терек ағашына толы болғанын айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет