Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Педагогтің кәсіптік деңгейін дамытудағы психологиялық ерекшеліктер



бет38/43
Дата16.04.2024
өлшемі223.64 Kb.
#498827
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

5. Педагогтің кәсіптік деңгейін дамытудағы психологиялық ерекшеліктер

Кәсіптік деңгейде өзін-өзі дамыту мына бағыттарда жүруі мүмкін: өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру, өзіндік өзектілік. Педагогтің кәсіптік салада бекуіне әр түрлі жағдай түрткі болуы мүмкін: мұғалім деген бейнеге сай болуға ұмтылуы; басқалардан кем болмауы; басшы мен әкімшілік талаптарының деңгейінде болуы; директордың «жақсы» көретін адамдарына деген қызғанышты және т.б. Бұл мұғалімнің өзінің жұмыс деңгейін жоғарылатуына түрткі болуы мүмкін, бірақ ол көп жағдайда әр түрлі айлалы әрекет жасауды қанағат тұтады. Айлалы әрекеттерді пайдаланып, жасырын жолмен өзінің мақсатына жету жолында тек біржақты пайдаға жетеді, қарсыласы оны сезбейді де, сонымен қатар тәуелсіздік елесі туындайды.


Мәселен, мұғалім сыныпта нағыз үстемшіл болуы мүмкін, балалармен қарым-қатынасты қорқытумен бастап, сол арқылы жоғарғы нәтижелерге жетіп, бірақ оқыту әдіснамасын, жеке басының дамуын жетілдірмейді. Осы мұғалім сонымен бірге әріптестерінің алдында «жетістіктерімен» мақтануы мүмкін.
Тағы да бір мысал, оқушыларына, олардың еріншектігіне, қабілетсіздігіне үнемі шағымдану, «нашар» сынып мұғалімнің педагог ретінде жолының болмауына ақталу болып табылады, оған ата-аналар мен балаларды кінәлі деп санайды.
Өзін басшылар мен әріптестерінің алдында көп кітап оқитын, педагогика мен әдістемелердің жаңалықтарын жақсы білетін, оқушылармен жұмыс істеуде ерекше тәсілдер қолдана алатын мұғалім ретінде көрсетіп, әр түрлі авторлар мен кітаптардың атын атап, бірақ іс жүзінде ешбіреуін оқымай, өзін бекітуі мүмкін. Шындығында, әр түрлі айлалы әрекет жасаудың түрлері бар, бұл өзі жеке бір әңгіме.
Өзін-өзі жетілдіру көбінесе өзінің бүгінгісінен де асып түсуге ұмтылысынан туындайды, жоғары нәтижелерге жетіп, шеберлігін шыңдап, маңызды қасиеттерді бойына сіңіруге тырысады. Бұл – оң көзқараста өзін өзгертуге арналған күнделікті жұмыс «Мен» идеалына жақындау, жеке тұлға болып қалыптасуын жүзеге асыру.
Педагогтің өзін-өзі жетілдіру үрдісі мына деңгейлерден тұрады:

  • Жеке тұлғаның өзінің іс-әрекетіне және қарым-қатынастарына талдау жасауы. Өзін-өзі тану кезінде өзі туралы көзқарас қалыптасады, өзінің күшті және әлсіз жақтарын байқайды, өзін-өзі тұлға ретінде қабылдау механизмі жүзеге асады. Өзін-өзі жетілдіру стратегиясын таңдауына байланысты, өзін тұлға ретінде қабылдай ала ма, әлде жоқ па (тұлғаның жеке қасиеттерін қабылдай ма, қабылдамай ма?).

  • Мінсіз «Мен» бейнесінің қалыптасуы – өзін-өзі болжау механизмінің қатысуымен жүзеге асады. Бұл бейненің өзі жалпылама немесе нақтыланған, уақытпен жақындастырылған және т.б. болуы мүмкін;

  • Өзін-өзі дамыту бағдарламасын тұжырымдауда педагогтік кемелдену әрекетінің реті мен білімділігі анықталады, уақытын, жағдайын нәтижесін болжайды, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі оқытудың амал-тәсілі айқындалады;

  • Бағдарламаны жүзеге асыру;

  • Жасалған жұмыстың тиімділігіне баға беріп, өзінің кәсіби тұрғыдан дамуына байланысты жасайтын жұмысына түзетулер енгізіп, бақылау жасауы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет