Ikaz. Kz – ашық мәліметтер порталы Есім хан — (1598—1628) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім»



бет2/4
Дата13.11.2023
өлшемі2.95 Mb.
#483164
1   2   3   4
Есім хан

1523 жылы Қасым хан өлгеннен кейін оның мұрагерлері арасында таққа, баққа таласу өріс алып, Қазақ хандығы біраз әлсірейді де, Хақназар тұсында (Қасым ханның баласы) қайта өрлейді. 42 жыл бойы тақтан түспеген Хақназар (Ақназар) "қазақтар мен қырғыздардың патшасы" аталған. Сол тұста ыдырай бастаған Ноғай ордасынан қаңлылар, қыпшақтармен бірге Кіші жүз — Алшын одағына енген тайпалар түгелімен Қазақ хандығына келіп қосылғаны мәлім. Тіпті Ноғай ордасының астанасы Сарайшық қаласы да Хақназарға қарағанын айта кету керек. Әйтсе де сырттағы жаудан іштегі жаудың ақыл-айласы артық екені анық. Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын адамдар жіберіп, қапылыста қазақ сұлтаны Жалымды екі баласымен, Хақназарды екі ұлымен қоса өлтіртіп жіберген. Екі жыл өткен соң Баба сұлтанның да басына зауал туып, Түркістан қаласының түбіндегі ашық шайқаста Тәуекел бастаған қазақ қолы Баба сұлтанның әскерін талқандап, өзінің басын алған.

  • 1523 жылы Қасым хан өлгеннен кейін оның мұрагерлері арасында таққа, баққа таласу өріс алып, Қазақ хандығы біраз әлсірейді де, Хақназар тұсында (Қасым ханның баласы) қайта өрлейді. 42 жыл бойы тақтан түспеген Хақназар (Ақназар) "қазақтар мен қырғыздардың патшасы" аталған. Сол тұста ыдырай бастаған Ноғай ордасынан қаңлылар, қыпшақтармен бірге Кіші жүз — Алшын одағына енген тайпалар түгелімен Қазақ хандығына келіп қосылғаны мәлім. Тіпті Ноғай ордасының астанасы Сарайшық қаласы да Хақназарға қарағанын айта кету керек. Әйтсе де сырттағы жаудан іштегі жаудың ақыл-айласы артық екені анық. Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын адамдар жіберіп, қапылыста қазақ сұлтаны Жалымды екі баласымен, Хақназарды екі ұлымен қоса өлтіртіп жіберген. Екі жыл өткен соң Баба сұлтанның да басына зауал туып, Түркістан қаласының түбіндегі ашық шайқаста Тәуекел бастаған қазақ қолы Баба сұлтанның әскерін талқандап, өзінің басын алған.

Тәуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға катысып, "Еңсегей бойлы Ер Есім" атанған еді. Тәуекел Бұхараны қоршағанда ол 20 мың әскерімен Самарқандты билеп тұрған. Ауыр жарақаттан қайтыс болған ағасының орнына хан сайланған Есім отыз жыл бойы буыны жаңа бекіп келе жатқан Қазақ мемлекетін қорғау, күшейту жолында қанын да, жанын да аяған жоқ. Шығысында қалмақтармен, солтүстік батысында Бухара хандығымен үздіксіз шайқасуға тура келген. Көрші жатқан қазақ ауылдарын үнемі талан-таражға салып, ұлдарын құл, қыздарын күң етуге ұмтылған қалмақтардың бетін қайтаруы, кейде тіпті өзі де жорыққа шығып, шекарадан алысқа қуып тастауы түсінікті жағдай, ал өзімен қандас, халқы аралас-қүралас Бұхара хандығымен неге жауласты дейсіз ғой? Бүған бірнеше себеп бар.

  • Тәуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға катысып, "Еңсегей бойлы Ер Есім" атанған еді. Тәуекел Бұхараны қоршағанда ол 20 мың әскерімен Самарқандты билеп тұрған. Ауыр жарақаттан қайтыс болған ағасының орнына хан сайланған Есім отыз жыл бойы буыны жаңа бекіп келе жатқан Қазақ мемлекетін қорғау, күшейту жолында қанын да, жанын да аяған жоқ. Шығысында қалмақтармен, солтүстік батысында Бухара хандығымен үздіксіз шайқасуға тура келген. Көрші жатқан қазақ ауылдарын үнемі талан-таражға салып, ұлдарын құл, қыздарын күң етуге ұмтылған қалмақтардың бетін қайтаруы, кейде тіпті өзі де жорыққа шығып, шекарадан алысқа қуып тастауы түсінікті жағдай, ал өзімен қандас, халқы аралас-қүралас Бұхара хандығымен неге жауласты дейсіз ғой? Бүған бірнеше себеп бар.
  • IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет