275
Бұл сөздерді естіп Алла Елшісі (с.а.с.) де, Жәбірейіл де жылады.
Көз жасы көл
болды. Міне, сол сәтте бір үн естілді. Оларды атымен шақырып: «Уа, Жәбірейіл! Уа,
Мұхаммед! Алла сендерді Өзіне қарсы шықпаған бейкүнә қылып жаратты!» – деді.
Мұны естіп Жәбірейіл көзден ғайып болды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) болса сыртқа
шықты. Сыртта бірнеше кісі ойнап-күліп, мәре-сәре болып жатқан екен. Оларға:
– Күліп жатырсыңдар ма? Арттарыңда тозақ бар. Егер мен білгенді білсеңдер, аз
күліп, көп жылар едіңдер. Жеген-ішкендеріңді ас қыла алмай тауларға шығып, Аллаға
жалбарар едіңдер, – деді.
Міне, сол сәтте Алла Елшісіне бір үн естілді. Ол Пайғамбарымыздың атын атап: «Уа,
Мұхаммед, сен пенделерімді үмітсіз қылма. Мен сені сүйіншілеуші қылып жібергенмін.
Адамдарды қинау үшін жіберген емеспін!» – деді.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тура
жолдан адаспаңдар, тура жолға жақын
болыңдар!» – деді.
Бір мәрте Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейілден: «Мен Микаилдың күлгенін
көрмедім, неге ондай?» – деп сұрады.
Жәбірейіл (а.с.): «Микаил тозақ жаратылғаннан бері еш күлген емес», – деді.
Ибн Мажа және Хаким риуаят етеді: «Алла Елшісі (с.а.с.): «Сендер пайдаланған от
тозақ отының жетпістен бір ыстықтығына тура келеді. Егер оттарыңа екі мәрте су сеуіп
мұздатылмағанда оны қолдана алмас едіңдер. Сендер пайдаланып жатқан от
қайтадан тозаққа қайтармауды Алладан сұранады», – деген.
Байхақи риуаят етеді:
Әзірет Омар: «Сол жерде олар үздіксіз азап тарту үшін терісі әбден күйіп,
шыжғырылған сайын орнына жаңа тері қаптап отырамыз»
645
деген мағынадағы аятты
оқып, «Уа, Кәғб, маған бұл аятты түсіндіріп берші, естиін. Егер тура түсіндірме берсең,
растаймын. Тура түсіндіре алмасаң, жаңылысыңды түзеймін», – деді. Кәғб аятқа:
«Кісінің терісі бір сағатта не бір күнде алты мың мәрте күйдіріліп,
қайтадан
жаңаланады» деп түсіндірме берді. Әзірет Омар: «Тура түсіндірме бердің», – деп оның
сөзін растады.
645
«Ниса» сүресі, 56.
Хасан Басри аятқа былайша түсіндірме берген: «Тозақ оты кісілердің терісін әр күні
жетпіс мың мәрте күйдіреді. Әрбір мәртесінде «Бұрынғы жағдайларыңа қайтыңдар!» –
деп айтылады. Олар бұрынғы жағдайына келеді».
Мүслим риуаят етеді:
«Бұл дүниеде мәре-сәре күн кешіп өткен кісі тозақыларға қосылады. Ол тозаққа
салынып алынғаннан кейін: «Уа, адамзат, дүниеде мәре-сәре өмір сүрдің. Көрген
рақатың туралы айт...» –
деп сұрағанда, «Жоқ, Құдайақы, мен дүниеде еш рахат
көрмедім!» – дейді. (Тозаққа көз ашып-жұмғанша уақыттай салынып шығарылуы оның
дүниеде көрген рақаттарын ұмыттырады).
Сонда пейіштегілердің арасынан бұл дүниедегі өмірін
қиыншылықтар қаптаған бір
кісіні алып келеді. Ол пейіш рақатын жақсылап көрген болды. Одан: «Уа, адамзат, сен
дүниеде қандай қиыншылық, азаптарды көрдің?» – деп сұрайды. Ол: «Жо-жоқ, мен
дүниеде еш қиналмай өмір сүрдім», – деп жауап береді».
Ибн Мажа риуаят етеді: «Тозақылар бір мәрте қатты жылайды. Көп жылап, көз
жастары құрғайды. Содан соң көз жасының орнына қан ағады. Міне, содан жүздері
қатып, шарт-шарт жарыла бастайды. Бұл жарақаттардан
аққан қан дариясына кеме
салсаң жүзіп кетуі мүмкін!»