Қымбатты балалар,қонақтар! Құрметті әріптестер!



Дата19.11.2019
өлшемі17.98 Kb.
#447511
ән көңілдің ажары ән фестивалі

«Ән – көңілдің ажары»

Жүргізуші: Қымбатты балалар,қонақтар! Құрметті әріптестер!

Біз бүгін осы әсем залда «Бөбек» қорының негізін салушы және президенті «Өзін-өзі танудың» авторы, Қазақстан Республикасының тұңғыш ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған

«Ән – көңілдің ажары» атты балалар арасындағы ән фестиваліне қош келдіңіздер.

Ортаға 3класс оқушыларың шақырамыз.Ән «ТУҒАН КҮН»

Біз бақытты баламыз еркелеген,

Тыңдап өскен ән мен күй,ертегі өлең.

Туған жердің аймалап самал лебі,

Отан ана біздерді мәпелеген.

Ата-анамның менмін ғой бала шағы,

Әдептілік балаға жарасады.

Жақсы азамат боламын өскенде мен,

Балалар ғой елімнің болашағы.

Ән: «Бала тілегі»2 класс

Жүргізуші:Ән барлық халықтарды біріктіреді, себебі оның тілі барлық халықтарға да түсінікті. Ән, сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезімдердің, ойлардың өзін түбі жоқ тереңнен алып шығып, әуен арқылы бүкіл сана – сезіміңді баурап алып жеткізе алатын құдіретті қасиетке ие. «Ән жүректен шығады, ақын  халықтан шығады» дейді халық даналығы. Халық шығармашылығында лирикалық әндер көп орын алады.

Табады асып сөзді ер данасы

Шығады білімдіден сөз сарасы.

Салшы бір әсем әнге шарықтатып,

Егеменді еліміздің болашағы.

Ән: «Құстар ұшып барады»Орындайтын: Сәкен Мұқан



Жүргізуші:

Міне бізде мереке,

Көңілденіп билейік.

Шырқатып ән-жырымызды,

Шашу етіп төгейік.

Жүргізуші:

Шырқағын балапаным өз тілінде,

Күнің шықты алдыңнан,сен күлімде.

Мерекеде ән айтып,би билетіп,

Құштар болғын өнерге сен білімге.

Қазақ әндері – асыл мұра. Халқымыз әрқашан өз жерін қорғап, қастерлей білген. Қазақтың дарынды ұл – қыздары Отанғадеген ыстық сезімін ән – күй, өлең – жырлар арқылы жеткізіп отырған.

Ән: «Тәуелсіздік ел ұраны»4 класс

Жүргізуші:

Тамсандырып өнерімен,

Осы кештің барысы.

Жадыратсын жанымызды,

Бүлдіршіндер көрінісі.

Балалар, жер бетіндегі әрбір адам өзіне,ата-анасына,туған еліне,Отанына сүйіспеншілікпен қарайды.Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді.мейірімділік,махаббат,қайырымдылық,адалдық ақ жүректен шығады.

Ән: «Біз отанның ұланымыз» 3класс

Жүргізуші:

Келіңіздер,келіңіздер,

Би де билеп беріңіздер.

Қызығы мол мерекенің,

Тамашасын көріңіздер.

Бәрінізді ортаға шақырамыз

Би.ФЛЕШМОБ

Жүргізуші:

Менің әжем,ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Ортаға тамаша әнімен 4класс оқушыларың шақырамыз.Ән: «Ата-әже»



Жүргізуші: Балалар,кішіпейілділік адам бойындағы ізгі қасиетті білдіретін ұғым.Кеңпейілділік пен бауырмалдық адамдарды татулыққа,бірлікке,достыққа,ынтымақтыққа жетелейтінін ұмытпаңдар.

«Айгөлек» әні. 2 класс



Жүргізуші:

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. Туған жердің сұлулығы барлық уақытта да ақындардың шабытын оятып, лирикалық әндер жазуға шабыттандыратын. Олар ғажап сезім – махаббатқа, туған жеріне, табиғатқа деген сүйіспеншілігін өз шығармаларында көрсетуге тырысқан.

4 класс ән «Ұланы мен отанның»



Қымбатты балалар! Талапты бүлдіршіндер,адал,өнерлі,сенімді,мейірбанды болуларыңа тілектеспін.Әрбір күндерің жұлдызды ашық күндерге ұлассын! Осымен «Ән-көңілдің ажары» атты ән фестивалімізді аяқтаймыз.

Кешты аяқтайтың ән: «Ертегілер елінде»

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет