Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымға қағаз ақшаның тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англияда, Францияда қолданыла бастады. Инфляцияның анықтамасы – айналымға ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенмен, ол тек қана ақшаға тән “ғажайып” құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемаларының бірі. Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Инфляцияға әсер етуші ішкі себептер:
“Инфляцияны күту”
Ірі корпарациялар, фирмалар мен кәсіпорындардың монополиясы
Салық
Жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің өсуінен алшақтығы
Қағаз ақшалардың эмиссиясына бақылаудың болмауы
Несие үшін жоғары проценттер
Мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы
Импорттық байланыс
Тауар тапшылығы
Инфляцияға әсер етуші сыртқы себептер
Әлемдік құрылымдық дағдарыстар (шикізаттық, энергетикалық, азық-түліктік және экологиялық).
Достарыңызбен бөлісу: |