Информационно-справочный материал



Дата15.07.2016
өлшемі24.38 Kb.
#201734



Информационно-справочный материал




«Елімнің тағдыры – менің тағдырым!»
















Алматы облысының Панфилов ауданында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» аймақтық форумы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты: замандастарымыздың позитивті дүниетанымы мен жасампаз күшін көрсететін Қазақстан Республикасы азаматтарының жетістіктері тарихын ашып көрсету; Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы стратегиясының жаңа тәуелсіз мемлекет орнатудағы табысын отандастарымыздың тағдыры арқылы көрсету.

Форумға жиналғандар қатысушыларды – аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағымбек Үшбаев, аудандық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Рақымжан Тохтахунов, аудандық білім бөлімінің бастығы Бағира Жазылбекова, №2091 әскери бөлімшесі командирінің орынбасары Игорь Полозенко, ауданның орталық ауруханасының бас дәрігері Төлеу Сарпеков, Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы, жас маман Ержан Исаевты ду қол шапалақтаумен қарсы алды.

Өз жетістіктерінің тарихынан сыр шерткен әрбір спикерлер еліміздің басты байлығы – бейбітшілік пен келісімде жатқанын айтып кетті, шынын айтқанда, қазіргі таңдағы кісі таңданарлық жетістіктерге онсыз қол жеткізу қиын болар еді.

«Қазақстанға келген сәтімнен бастап алдымнан шыққан қиындықтарға қарамастан, көптеген қазақстандықтардың, соның ішінде, менің де, отбасымның да туған жеріндей болып Отанымызға айналып үлгерген осынау қасиетті жерде өмір сүріп жатқаныма ешқашан өкінген емеспін, – деген ойын ортаға салды Дон облысының тумасы И. ПОЛОЗЕНКО. – Әрдайым өзім қолдаған, әлі де қолдай беретін Президенттің даналығы мен шынайы күш-жігеріне сеніп Қазақстан халқымен бірге не көрсем де бірге көрейін деп бел будым. Оған біздің көз алдымыздағы халықтың әл-ауқаты мен экономиканың өсуі, халықаралық аренадағы беделіміз, әрбір отандастарымызға деген қамқорлық, еңбек пен шығармашылыққа берілген еркіндік, еліміздің болашақ ұрпақтарының игілігіне деген тыныштық куә болып отыр».
Еске сала кетсек, бірінші республикалық «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» форумы 2012 жылдың шілдесінде, Елорда күні қарсаңында Астанада өткізілген болатын. Іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық «Назарбаев орталығы» мемлекеттік мекемесі болды. Форум қоғамда кеңінен резонанс туғызып, оны ендігі кезекте жыл сайын елдің барлық аймақтарында өткізу туралы шешім қабылданды. 

Аймақтық форум екі кезеңде өткізіледі: біріншісі – аудандық деңгейде; екіншісі – облыстық, Астана және Алматы қалалары деңгейінде. Елорда күні қарсаңында Астанада өткізілетін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» екінші республикалық форумына қатысуға лайықты дегендері жолдама алады.    

Көп функциялы ғылыми-талдамалық және

гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі

«Назарбаев Центр»

Астана қ., Республика даңғылы, 2

Қоғаммен байланыс жасау бөлімі

тел./факс: +7  (7172)57 23 37

:



frame2



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет