Информациялық қызмет көрсету жүйелеріне қойылатын талаптар



бет2/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.7 Mb.
#171322
1   2   3   4











1сурет - Жаңа проект терезесі




New бетіне енгізілген проект типтеру:

  • Standert EXE (стандартты ехе файл);

  • VB Application Wizard (қолданбалы VB шебері);

  • Add-In (қосымша қондырма);

  • Internet-те Web беттер құруға мүмкіндік туғызатын Active X файлдары т.б.

Бұрын не жақында кұрылған проектілерді екінші не үшінші қосымша беттерінің бірінен іске қосуга болады, (проект- дайындалатын программада қандай форма, модуль, тағы басқа файлдардың пайдаланылатынын көрсететін терезесі бар арнайы файл. Программа проект ішінде орындалады).

Жаңа проектіні ашу үшін New Project терезесіне орналастырылған Standart EXE белгішесін таңдап, Ашу (Открыть) түймесін шерту жеткілікті. Бірнеше компоненттері (сыңарлары) бар, Дайындаудың (Жетілдірудің) біртұтас ортасы (IDE, Integrated Development Envivonment) не Visual Basic программалау ортасы деп аталатын терезелер көрінеді. Оларды қысқаша Орта деп те атайды (2 сурет). Егер компоненттердің кейбірі көрінбесе, оларды арнайы командалар арқылы орнату қиын емес.





2 сурет- Жетілдірудің біртұтас ортасы (IDE)


1- негізгі мәзір (Menu);

2- аспаптар панелі (Тооlbar);

3- проект терезесі roject 1);

4- форма терезесі (Ғопm 1);

5- қасиеттер терезесі roроrtіеs);

6- элементтер панелі (Тооlbох);

7- форма конструкторы roject Сопtаіпеr);

[design] - программаны дайындау режимі (ол Рroject 1 та-қырыбында көрінеді),

Ортада Immediate (тез, тікелей орындау) терезесін шығару да мүмкін, оған қосымша ортада форма макетін (Form Layout Window) шығаруға болады. Олар Корініс мәзіріне енгізілген. Аспаптар панелінде соңғысын қосуға арналған арнайы түйме де бар.

Панельдер мен терезелерді жылжыту не формасын өзгерту (кеңейту, сығу) тәсілі Windows-та пайдаланатын әдістер сияқты. Егер терезенің шекарасы басқа терезенің шекарасымен біріктірілетіндей етіп жылжытылса, ол соңғы терезеге қосылып (бекітіліп) қойылады. Мұндай терезелерді кеңейту, олармен жүмыс істеу қиын емес.

Visual Ваsіс - бірнеше файлдар жиынтығы (exe-файл). Онымен жұмыс істеу IDЕ ортасында орындалады. Ортада жұмыс істеу командалары мәзірлерге енгізілген. Аспаптар панеліне мәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылган. Стандартты түймелер:

- Standart.ехе типті проектіні іске қосу dd Standart ЕХЕ Рroject);

- Форма қосу dd Form);

- Проектіні ашу (Ореn Рroject);

- Проектіні сақтау (Savе Рroject);

- Көшіру (Сору);

- Кірістіру astе);



- Проект терезесін шығару (Рrоjесt Ехрlоrеr);

- Қасисттер терезесін шығару roporties Window);

- Программаны іскe қосу (Start);

- Программа жұмысын аяқтау nd);

- Мәзір редакторы (Меnu Editor);

- Элементтер панелі (Тооlbох), т.б.

Проект. Проект терезесі

Visual Ваsіс - қосымшалар құруға арналған күрделі программа. Онда жиі қолданылатын компоненттер (сыңарлар): проект, форма, басқару элементтері, модуль және т.б.

Проект (Рrоjесt) - дайындалатын программада қандай формалардың, модульдер мен элементтер панелі пайдаланылатынын көрсететін арнайы файл. Қосымша құрайтын барлық объектілер проект арқылы басқарылады және проектіде сақталады.

VВ-те проект үшін Рroject тeрезесі карастырылған. Проект терезесі Windows терезесіне шамалас (3 сурет). Оған енгізілген проект, форма бумаларын ашуға не жабуға болады. Ол үшін алдарында көрінген ауыстырып қосқыш белгілерін шертсе болғаны.




3 сурет- Проект терезесі

1 - View Code түймесі;

2 - Vіеw Оbject түймесі;

3 - проект терезесіне енгізілген формалар белгішесін ашу жабу түймесі (Тоggle Forders).



View Сode түймесі шертілген кезде, программа жазылатын (не жазылған) Visual Ваsіс редакторы терезесі көрінеді. Оны программалық код терезесі деп қысқаша код терезесі деп атайды.

Форманы экранға шығарудың бір әдісі – View Object түймесін шерту.

Проект терезесінде қосылулы тұрған проект пен форма, олардан соң жақшалар ішінде Visual Ваsіс-тің нақты файлдарга меншіктелген атаулары жазылып қойылады. Алғашқы рет меншіктелетін атаулар: Project 1, Form 1. Форма дайындалып, форма мен проект жаңа атаулар бойынша сақталған кезде, олар осы атауларға өзгертіліп қойылады.

Кейде проект терезесі экранда көрінбеуі де мүмкін. Оны ашу ушіи View— Ргоjесt Ехрlогег командасын беру жеткілікті.

Бір проектімен жұмыс аяқталған соң оны сақтау керек. Жаңа проектіні ашу командасы: File – New Project.
Қасиеттер. Қасиеттер терезесі

Қасиет (сипаттама) - айнымалылардың ерекше типі. Ол объект үшін пайдаланылатын түрлі - мүмкікдіктердің сипаттамалары. Яғни, қасиеттер объектінің ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, объектіге атау беру, түсін өзгерту, объект үстіне мәтін жазу, жазылатын мәтіннің шрифті мен олшемін өзгерту, т.б. Олар объект қасиетін орнату не қасиетке мән беру (меншіктеу) делінеді. Әр объектінің қасиеттер терезесі бар. Терезенің сол жақ бөлігінде барлық қасиет атаулары, оң бөлігінде олардың мәндері жазылып қойылған. Мысалы, форманың касиеттері 4 суретте керсетілген. Ондағы: Name (атау) - объект атауы. Ол - Visual Ваsіс объектілерінің ең негізгі қасиеттерінің бірі.VВ жұмыс істеуі кезінде объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. VВ-тің формаға автоматты түрде берілген атауын (Form 1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Форманың іс - әрекеті атауының белгілі болуы үшін атауды мазмүнға сай етіп енгізіп, алдына frm


4 сурет- Форма касиеттері терезесі


(form) қосымшасын (префиксін) тіркеп қойған жөн, мысалы, форма квадрат теңдеуді шешуге пайдаданылатын болса, "Form 1" мәнінің орнына frmKvtendeu атауын енгізу. Ол үшін қасиет атын (Name) тандап, мәнін (Form 1) екі рет шерту керек. Курсор мән алдына орналастырылып қойылады. Мәнді Dеl клавиші арқылы өшіріп, жаңа мәнді клавиатура арқылы теріп алса болғаны.

Ескерту. Касиеттің автоматты турде орнатылған мәндері бірнеше болуы да ықтимал. Бұл кезде мәндер жолының оң жағына тілсызық түймесі орнатылып қойылады. Оны ашып, көрінген тізімнен кажеттісін таңдау керек.

Borderstyle (Жиек стилі) қасиеті форманың жиек қасиеттерін орнатады. Мысалы, оның оң жағындағы тілсызық түймесін шертіп, тізімді ашқан соң 2-Sizable мәні орнатылса, форманың өлшемін өзгертуге болады (size - өлшем), 0-None мәні орнатылса, форма өлшемін өзгерту мүмкін емес (none-ешқандай).

Сарtіоп (Тақырып, бетіне жазу) - форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтінді орнату қасиеті. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінде тақырып үшін Form 1 сөзі енгізіліп қойылған. Оны "Redactor" не басқа тақырыпқа алмастыру қиын емес. Бұл кезде форма тақырыбы да осы сөзге алмастырылады. (Қасиет мәні енгізілген соң КҚ клавишін басып қойган жөн.)

Font қасиеті екі рет шертілген кезде формада пайдалануға болатын әдеттегідей Шрифт терезесі көрінеді (5 сурет)

5 сурет - Шрифт терезесі

Терезеден қажетті шрифті, оның пішіні мен өлшемін тандап, ОК түймесін шерту жеткілікті. (Шрифті Сарtіон қасиетіне мән енгізуден бұрын таңдау керек).

WindowState қасиетінің мәні үшін 2 - тохimized қатары таңдалып, форма іске қосылған кезде ол пюлық экрандық етіледі. т.б.

Объект қасиетін іске қосу режимінде программалық код ішінде орнату да мумкін.

Жалпы, бір қасиеттің мағынасымен (мазмұнымен) танысу үшін оны касиеттер терезесінде таңдап, F1 клавишін басу арқылы анықтаманы шақыру керек, VВ-те анықтамалар ағылшын тілінде жазылып қойылған. Ол түсініксіз болса. экранда орысша аудармасын көрсететін "Сократ 97" сияқты программаны пайдалануға болады. (Мұндай программа компыотерге орнатылса, оны пайдалану қиын емес).

Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шыгару үшін View – Proporties Windows командасын беру жеткілікті.

Ескерту. Объектіні оң түймемен шерткен кезде, экранда контексті мәзір көрінеді. Оның Рrороrtіеs қатарын таңдап, объектінің қасиетттер терезесін ашу да мүмкін.

Қасиеттер терезесі тақырыбының төменінде көрінген өрістің тілсызық туймесін шертіп, объектілер тізімін шығаруға да болады.



2.2.1 Программалау элементтері

Берілгендер типтері. Айнымалылар. Стандартты функциялар


Visual Ваsіс-те пайдаланылатын берілгендер типтері:


Стандартты типтер

Айнымалы мәндері

Integer (бүтін,%)

Long (ұзын бүтін, &)

Byte (байт)

Single (нақты,!)

Double (нақты, #)

String ($, жол)

Variant (вариант)
Boolean (логикалық)

Currency (ашық)

Date (дата)

[-32768; 32767] аралығында

[-2147483648; 2147483647]

[0; 255]

дара дәлдікті нақты (7 символ)

екі есе дәлдікті нақты (15 символ)

символдар саны [0; 65535] аралығында

жан-жақты (сандық, жолдық не логикалық мәндер)

True не False

ақшалық символ

дата



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет