Информатика пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану
Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі.
Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, Интернет желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім қоғам айнасы.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
• үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру; оқу қызметі мәдениетін дамыту;
• оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арттыру;
«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Оқыту үрдiсiнде технологияны қолдану мұғалім мен оқушы қарым - қатынасының бұрынғы қалыптасқан жүйесiн, олардың iс-әрекеттерiнiң мазмұнын, құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Қалыпты бiлiм беру жүйесінде мұғалім – оқушы - оқулық түрінде құрылған үш жақты байланыс бұзылып, мұғалiм – оқушы - компьютер - оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесінде компьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi.
Қазіргі таңда білім саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат – жана технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту.
Технологиямен жұмыс жүргізу 4 саты арқылы іске асады. Олар:оқып меңгеру; тәжірибеде қолдану; шығарма шылық бағытта дамыту; нәтиже. Бұл технологияның мақсатын төмендегі сызбадан көре аласыздар.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі. Бұл процесті icкe асырудан негiзгi құрал компьютер болып табылады. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы дағдыландыру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Бұл ретте ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс пен өмір тәжірибесі сынынан өткен салт-дәстүріміз педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде пайдаланылады.
Технологиялардың танымал түрлерінің бірі Модульдік оқыту – оқытуды оңтайландыру, тұлғаның мүмкіндігіне даярлық деңгейін бейімдеу болса, дамыта оқыту – оқушының жеке тұлғасын, оның біліктерін дамыту.
Осыны ескере отырып, мен оқу үрдісінде М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» қолданып жүрмін. Мұндағы менің мақсатым - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту
Ал жекелеп (даралап) оқыту – бұл қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашуға, дамытуға жағдай туғызу, белсенді оқыту – танымдық белсенділігін, шығармашылығын ұйымдастыру. Сондай-ақ түрлеріне тоқталсақ:
Олай болса, жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін иновациялык құрылғыларды пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Оқу үрдісінде осы технологияның тиімді жақтарын төмендегі сызбадан көре аласыздар.
Ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде бірден бір талап десек те болады ол - ақпараттық мәдениет. Ақпараттық мәдениет дегенiмiз - адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э. Л. Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет - адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпаттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi - ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негiзiнде сапалы жаңа ақпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетілу деңгейі».
Біріншіден, дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді даяр күйінде бермей, оқушылардың алдына белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оны олар инновация элементтерін пайдалана отырып ізденіп шешуі тиіс жолдарды пайдалану. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар тәрбиелейміз.
Екіншіден, оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғары дәрежеде сапалы білім мен тәрбие беруде компьютерлік технологияны пайдаланып оқыту – бүгінгі күн талабы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға жетуі керек. Содан кейін барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Үшіншіден, қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін өмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі – желілік ресурстарды пайдалану технологиясын енгізу.
Өз тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың «деңгейлік оқыту» жүйесіне, «сын тұрғысынан ойлау» стратегиясына, Шаталовтың «тірек сигналдары арқылы оқыту» жүйесіне және қосымша электронды оқулықтарға сүйеніп сабақ жүргіземін. Жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы да оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені ұға алмағанын білуге болады. Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі әлемнің 18 елінде сынақтан өткен «оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді, қолданбалы программаларды пайдаланып немесе алгоритмдер құру арқылы программа құрастыруды, үйренеді. Баланың жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып, танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда «Бетпе-бет», «Жұлдызды сәт» сияқты ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегиялары, он лайн басқатырғыш, сергіту жаттығулары, электронды оқулықтар кеңінен қолданылады.
Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра білу. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі.
Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі.
Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ.
Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе- білім беру, ғылымды дамыту.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - білім беру ұйымдарын электрондық оқыту жүйесіне енгізу. /e-learning/. «Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін» жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік –тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыруларды т с с бар мәліметтер, ДҚ арқылы енгізіледі. Электрондық оқыту жүйесінің негізгі мақсаты білім беру ұйымдары қызметкерлеріне үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз етуге негізделген болса, міндеті – оқу-тәрбие үрдісін автоматтандыру болып табылады. Аталған міндетті шешу үшін оқу –тәрбие үдерісіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру қажет. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса білім беру саласында информатика пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалануға , әлемдегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Интеллектуалды ұлт -2020» ұлттық жобасы үш құрамдас бөліктен тұруы тиіс деп, оны талдап берді. Біріншісі білім беру жүйесін инновациялық даму жүйесіне түсуді қалыптастыру, екіншісі дәстүрлі технологияның қажеттісін ақпарат және біліммен мол қамтамасыз ету, білім тасқынынан керектісін іріктеп алу және қолданысқа енгізу күн тәртібінен түспеуі тиісті.
Осы тұрғыда ЭО жасауда қойылатын талаптар: Жан жақтылығы, ізгіліктілігі; бейімділігі; модульдігі; экономикалық тиімділігі. Мен осы курс негізінде 10 сыныптарда тест , күнтізбелік жоспар, электрондық күнделік, сапа көрсеткіш программаларын жасақтап пайдаланып жүрмін. Ақпараттық – коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады. Оқу - тәрбие үрдісінде телекоммуникациялық технологияларды қолданудың 2 жолы бар: оқушылар мен мұғалімдерді желімен жұмыс жасауға үйрету, дайын телекоммуникациялық жобалармен жұмыс жасауды ұйымдастыру, пәндік - әдістемелік Web –сайттар, Web –бетін құру.
Тарату деңгейі
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету.
Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз
Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
К. Д. Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1-орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру жатады.
Мен өз тәжірибемде оқушыны өз орныма қоймас бұрын, ең оңай тапсырма «тірек сызбалар» жасаудан бастадым. Сызбаны жаңа сабақ өткенде, бекітуде жиі пайдаланамын. Мысалы: Құжаттармен жұмыс, файлдарға , бумаларға амалдар қолдану тақырыбын өткенде көшіру мен қиюды салыстыру үшін Венн диаграммасын қолдану. «Тірек сызбаларын» сызып үйренген оқушы модель сызуға да дағдыланады.
Әсіресе, қорытынды сабақтарда, белгілі тақырып бойынша қорытындыны модель түрінде қорғап шықса, ол есте сақтау қабілеттеріне тиімді, себебі, түрлі формадағы модель үлгілері кез-келген сәтте бағыт-бағдар берсең, көз алдарына елестеуі мүмкін.
Қазіргі заманғы инновациялық процесті зерттеушілер бұл тәжірибе жаңалықты ендіру емес бұл педагогикалық , шығармашылық, новаторлық және зерттеушілік қызмет нәтижелерінің бірін-бірі толықтыруы деп түсіндіреді. Өткен ғасыр соңында әлем түкпіріндегі білім берушілер жүзе асырылатын нақты мақсаттардың алдын –ала жасалған жүйесінің тәжірибедегі жобасы «Жобалап оқыту технологиясы» болып саналады. Техника тіліндегі жобалау –іс жүзінде орындалатын нәрсенің алдын –ала берілген макеті. Педагогика тілінде -жоба түсінуді талап ететін «еркін шығарма » ретінде қарастырылады.
Осы мәселеге сәйкес облыстық Ж. Досмухамбетов атындағы лицейіміздің кешегі тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігімен хабардар ету, сайт арқылы мұғалімдер мен оқушылар, ата аналар арасында байланыс орнату мақсатында мектептің Web-сайтын жасауда шәкірттеріме сайт дайындауды шығармашылық жұмыс ретінде ұсынып облыстық ғылыми жұмыс ретінде жүлделі орынға ие болдық.
Сайттың құрамы төмендегідей:
Бастапқы бет – сайтқа кірушілерге мектеп директорының арнауы жарияланған. Сонымен қатар бұл беттен білім саласында, мектепте болып жатқан жаңалықтар туралы толық мәлімет алуға болады. Оқушы мен мұғалім үшін, ата-анаға хабарландырулар да берілген.
Мектеп тарихы парағы – мектептің тарихынан мағлұмат береді. Мектеп тарихы парағы арқылы мектепті бітірген немесе мектебімізбен тағдырлас болған адамдарды табуға болады.
Құжаттар парағы - мектептегі құжаттар тізбегін қамтиды. Сабақ кестесін орналастыруымыздың себебі ата-анаға баласының сабақ кестесін кез келген уақытта қарай алатын мүмкіндігі бар.
Жетістіктер парағы - мектептің оқу – тәрбие жұмысындағы пән мұғалімдерінің, оқушылардың жетістіктерін паш етеді.
Жаңадан ашып, тіркелген сайт болғандықтан, көп жетілдіруді қажет етеді. Бүгінгі күні біздің мектепті http://dosmukhambetov. kz/адресімен интернеттен табуға болады. Сонымен қатар электрондық журнал, күнделік жұмыс істейді.
Телекоммуникациялық технологияларды қолдану мұғалімнің білімін өздігінен жетілдіруге көмектеседі, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі артады, сондай-ақ оқушылардың шығармашылықтарының қалыптасуына өз үлесін қосады, олар әртүрлі телекоммуникациялық жобалар байқауына қатысуына мүмкіндік алады.
Технологияны пайдаланудың төмендегідей артықшылығы бар: білім мазмұнын заман талабына сай болуы, болашақта қажетті білімді толығымен алу, білімді өздігімен меңгеру, өзін-өзі бағалай алуы, өз күшіне сенімділіктің болуы, өз жетістігін көре алуы, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа бағыттайды. Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым.
•Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану.
•Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т. б. ) сабақта жиі қолдану.
•Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру.
Информатика сабақтарында электрондық оқулықтың элементтерін пайдаланып өткізген сабақ жоспарымды ұсынамын.
Оқушылардың өздігінен танып - білу дағдыларын қалыптастыра отырып, жаңа тақырып бойынша анықтама, ережелерді өздері құрастырып тұжырымдай білуіне жетелеймін. Ол үшін оқытудың интерактивті формаларын сабақта қолданамын. Олар:
•Жеке шығармашылық тапсырмалар, жобалар.
•Блок – схема, графиктер, диаграмма, карта т. б. Тірек – схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары.
•Ойын арқылы оқыту. Сөз жұмбақ, ребустар. Логикалық есептер. Тестілеу және бақылау.
Оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
1) пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру)
2) активті /белсенді/ оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс)
3) интерактивті – inter (өзара), akt (әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:
•Бағдарлама бойынша барлық сынып оқушыларына қолайлы;
•Web-сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы;
•Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны сынып оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады;
•Интерактивті тақта сыныптағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай туғыза алады;
•Мұғалімнің де, оқушының да шабытын, қызығушылығын арттырып, сабақты тартымды өткізуге ынталандырады;
•Оқушы алдына жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік алады.
Алдын ала дайындаған оқу материалдары - презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер - сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Бұл оқушының сабаққа деген қызығушылығын, әрі өз бетінше іздену қабілетін арттырады. Бұл сапалы білім берудің ең басты факторы болып табылады. Осындай әдістермен жасалған теориялық талдаулар үздіксіз жыл бойында жүзеге асырылып отырса, бала жаттығып, өз бетінше ізденіп, жаңалық ашуға, зерттеу жұмыстарын жасауға дайындалады. Осы арқылы қоғамдағы түрлі қайшылықтар мен жағдайларды, халқымыздың мәдени құндылықтарын өздігінен пайымдауға қадам бастайтын, рухы мықты азамат тәрбиелейміз.
Мысалы 9 сыныпта «Компьютерлік желілер» тақырыбында өткізген кезде жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім:
1. Венн диаграммасы
2. Бес жол өлең: Интернет
1. Интернет
2. Қызықты, ақпаратты.
3. Мәлімет береді, хабар таратады, байланыстырады.
4. Интернет - компьютерден құралған.
5. Ақпараттық өріс.
Сонымен бірге сабақтың қорытынды түйіні ретінде «топтастыру» стратегиясын қолдану оқушыларды шығармашылыққа баулумен бірдей. Өйткені берілген тапсырмаға сәйкес ой түйіндейді. Сабақты қорытындылау мақсатында «Компьютерлік желі дегеніміз не?» сұрағы төңірегінде оқушылар өз ойларын былай топтастырады:
Корпоративті Телекоммуникациялық
есептеуіш
Ауқымды желі Аймақтық желі
Интернет желісі Жергілікті желі
Осы жаңа технология стратегияларды интерактивті тақтадан енгізіп қойсақ, оқушылар шығып жауаптарын орындайды. Бұл сабақты алдын ала электронды оқулықтан көрсетіп, оқушылардың есте сақтауы бойынша орындатқан тиімді.
Педагогика ғылымының докторы, профессор Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесіне сүйеніп, информатика сабақтарында деңгейлік тапсырмалар орындатып жүрмін. Жаңашыл ұстаздың жаңа технологияларын қолдану барысында оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру үшін жарыс, сайыс сабақтарын, әр түрлі ойын түрлерін қолданып, оқушыларды ізденімпаздыққа баулимын.
Осы мақсатта қолданған сабақ берудегі тиімді әдістер нәтижелі болуда көбіне оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыратын тапсырмалар орындатамын. Мысалы, қызықты жағдайлар, оқушылардың өз ойларынан, қиялынан туындаған дүниелер, шығармашылық жұмыс істеуге бағытталған тапсырмалар, жарыстар, сайыстар және әр түрлі танымдық ойындар оқушылардың ойлау қабілеті, шапшаңдығы, есте сақтауы, қабылдауы бірдей емес. Мысалы , Жеңілден ауырға қарай біртіндеп даму арқылы оқыту, оқушыны белсенді, өзіндік пікірі бар тұлға етіп тәрбиелеуге көмектеседі. Сол себепті оқушылардың жас ерекшеліктерімен білім деңгейлерін ескере келе сабақ барысында оқушыларға 4 түрлі деңгейде тапсырма беремін.
1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, бұны орындауға барлығы міндетті.
2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға құқылы, ал 4-деңгейде шығармашылық жұмыс беріледі, бұл деңгейді оқушы түгел орындап шығады деу артық. 1-2 деңгейді түгелге жуық орындайды да, жақсы оқитындар алға кетеді.
8 -сынып информатикасында «Санау жүйелері» тақырыбын өткен кезде сабақты бекіту кезеңінде «Үш қадамнан тұратын сұхбат» тәсілі арқылы және «Перфокарта» арқылы сабақты қорытындыладым. Ол тапсырмалар былайша
2. «Үш қадамнан тұратын сұхбат»:
1. Сұраушы. (Оқушы сұрақ қояды. )
2. Жауап беруші. (Сол сұраққа жауап береді. )
3. Сарапшы (Жауапқа сараптама жасайды. )
Сонымен, қорыта айтқанда, жаңа технологиялар:
- Оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- Оқушыны ынталандыруға;
- Оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынасына;
- Оқушының өз білімін бағалай білуіне бағыттауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздім.
- «Өзіңді білу - адамгершілікке жеткізеді» - деп неміс психологі Н. Энкельман айтқандай әрбір мұғалімнің алдына қоятын мақсаттары болады. Сол мақсатқа жету үшін әрбір мұғалім тығырықтан шығатындай жол іздейді. Оқушының пәнге деген қызығуын және сабақтың сапасын арттыруда менің алға қойған мақсатым мынадай:
- логикалық ойлау қабілетін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру;
- оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;
- оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту;
- оқушының жеке басының дара және дербес ерекшелігін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.
Перфокарта:
Бұл мақсаттардың орындалуы көптеген оқу бағытын анықтауға себебін тигізеді. Оқылатын материалды толық меңгеруді қамтамасыз етеді. Пәннің тәрбиелік мәні оқыту әдістерімен айқындалады.
8 сынып Сабақтың тақырыбы: ЕхсеІ-дегі мәліметтер базасы. Диаграммалар. Есептеулер. Практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі. Алдыңғы өтілген тақырыптар мен ЕхсеІ бөлімін қайталау, оқушылардың сонда алған білімдерін тексеру. Оқушыларды осыған дейінгі біліммен хабардар етіп қана қоймай, жаңа тапсырмалар беру арқылы білімді қалыптастыра отырып алған білімдерін бекіту.
Дамытушылығы. ЕхсеІ программасында мәліметтерді енгізу, формулаларды және функцияларды пайдалану, енгізілген мәлімет арқылы диаграмма құруға машықтандыру.
Тәрбиелігі. Компьютерлік технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, әр түрлі мәліметтер қорын, математикалық, физикалық, экономикалық, статистикалық есептер шығаруға үйрену.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақ әдісі: Практикум
Оқушылардың танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: мәліметтер қорын, математикалық, физикалық экономикалық, статистикалық есептер шығару.
Оқыту формалары: жеке
Құрал- жабдықтар, көрнекі құралдар: Дербес компьютерлер, компьютерлік Microsoft Front Page бағдарламасынан жасалған электрондық оқулық, интерактивті тақта, тест сұрақтары, үлестірмелі топшамалар, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақ жоспары:
1. Компьютерлік сыныптағы қауіпсіздік ережесінен қысқа нұсқау.
2. Алдыңғы сабақ өтілген материалды оқушылардың қалай игергенін білу үшін. «Бекіту сұрақтары» интерактивті тақтадан көрсетіп бекіту
3. Оқушылардың компьютерде отырып жасайтын топшаларды үлестіру.
4. Оқушылардың топшамалардағы тапсырмаларды орындауы.
5. Жасалған пратикум бойынша. Тест сұрақтарын орындау
6. Жасалған практикум бойынша оларға сұрақ қою, үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1- сұрақ: Бұл программа не үшін қажет ?
2-сұрақ Таблицада анықталған формуланы бойынша автоматты есептеуді қалай іске қосамыз?
3 –сұрақ ЕхсеІ- де қандай команданың көмегімен график және диаграмма тұрғызуға болады.
ІІІ. Оқушының білімін тексеру (Үй жұмысын қорытындылау)
Тест сұрақтары
1. Microsoft Excel – электрондық кестесін қалай ашамыз?
А) Іске қосу - программалар – Microsoft Excel
Б) Іске қосу - программалар – стандартты - Microsoft Excel
В) Іске қосу - құжаттар – Microsoft Excel
2. Диаграмма қандай элементтерден тұрады?
А) Тор, тақырып
Б) Тор, тақырып, аңыз
В) Тақырыптан
3. Жаңа бет қосу үшін
А) Файл – лист
Б) Вставка – лист
В) Формат – лист
4. Ұяшықтар қалай белгіленеді?
А) А6, Ң12
Б) Д12
В) Ә15
5. Ұяшық дегеніміз не?
А) Бағанның жалпы атау
Б) Жолдың жалпы атауы
В) Бағана мен жолдың қиылысқан орны.
6. Excel электрондық кесте не үшін керек?
А) Мәтіндерді енгізу үшін;
Б) Есептерді жүргізу және диаграммаларды тұрғызу үшін;
В) Эксперимент жүргізу үшін
7. Барлық формулалар қандай таңбалардан кейін жазылады?
А) нүктеден кейін
Б) «+» кейін
В) «=» кейін
8. Excel программасынан шығу үшін қандай программалар орындалады?
А) Файл – параметр
Б) Файл – шығу
В) Файл - өшіру
9. Бағана мен жолдар қалай белгіленеді?
А) A, B, C, D, E, F, т. б. және 1, 2, 3, 4, 5, 6 т. б.
Б) А, И, С, М және 1, 2, 3, 4, 5, 6
В) A6, D12, F15, Q4 және 1, 2, 3, 4, 5, 6
10. Бағана ені мен жолдың ұзындығын өзгерту
А) Бағананың үстіне барып тышқанды шерту керек.
Б) Кез келген жерде тышқанды шерту керек.
В) Тышқанды бағанның аты бар жолды оң жақ шекарасында орналастырып курсор қос бағдарша түріне айналғанда, сол жақ батырмасын шертіп, оны жібермей басып тұрып қажетті бағытқа өзгерту керек.
2. Оқушыларға үйлестіретін карточкалар.
№1. Математикалық есеп.
Y=X2, Y=2X+9 функцияларының графигін тұрғызыңыз.
№2. Математикалық есеп.
Y=-2X2+5, Y=2x2+1 функцияларының графигін тұрғызыңыз.
№3. Экономикалық есеп.
Қызметкерлердің тізімін, жалақысын, табыс салығын, зейнетақы қорын жазып, қолына алатын жалақысын есептеп, диаграмма шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |