Информатика пәнінің мұғалімі Есмағанбетова Гүлнұр
Анықтама
11.10.2023 жылы 7 «В» сыныбында информатика пәнінен «Аитивирустық қауіпсіздік» тақырыбындағы сабағына қатыстым. Мұғалімі: Есмағанбетова Гүлнұр – жоғары білімді, 13 жыл еңбек өтілі бар. Сыныпта барлығы 23 оқушы оқиды. Сабаққа 21 оқушы қатысты. Сабақта жоқ оқушылары: Төлебай Олжас, Олжасқыхы Руфина.
Мұғалім ең бірінші кабинеттің жабдықталуына, компьютердің жағдайының сабақты өткізуге дайындығына, оқушылардың компьютерде жұмыс істеулері кезінде техника қауіпсіздігінің сақталуына баса назар аударған. Мұғалім сабақтың кезеңдерін сақтады. Оқу мақсатына сәйкес тапсырмалар берді, уақытылы тексеріп, бағалап отырды. АКТ қолданылды. Сабақ уақытылы қорытындыланып, аяқталды. Рефлексия жасалды. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, балалармен қарым-қатынасы өте жақсы.
АКТ-ны тиімді қолданды. Сынып оқушыларына бейдж таңдатып, сондағы суреттер арқылы үш топқа бөліп алды. Сабақ барысында wordwall.net платформасында дайындалған тест тапсырмасы оқушылар ұялы байланыс құралы арқылы тапсырып сәтті жүзеге асырылды. Сабақ барысында өмірмен байланыс тиімді қолданылды. Әрбір жұмыстан кейін қолпаштау, мадақтау арқылы бағалау жүргізілді. Сабақтың жоспарын, яғни ұйымдастыру, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, үйге тапсырма беру, сабақты қорытындылау сияқты кезеңдерін жүзеге асырғанда уақытты толығымен тиімді пайдалана алды. Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға сабақ тақырыбына сәйкес wordwall.net платформасы арқылы аитивирустық бағдарламалардың түрлерін сәйкестендіру арқылы орындап шығып, жауап алынып, қатемен жұмыс жүргізілді. «Ашық хат» әдісімен рефлексия жасалды. Білім алушылардың үй тапсырмасы мен жаңа сабақты жақсы меңгергендігі, олардың өз ойын айқын да еркін жеткізе алатын тұлға ретінде қалыптасып келе жатқандығы байқалды. Сабақ мақсатына жетті. Сабақ барысында дайындықсыз келген екі оқушы Ақылбаев Нұрғали, Ақылбекұлы Алиханға қатаң ескерту беріп, үй жұмысына тиянақты дайындықпен келу керектігі ескертілді.
Ұсыныс: Жаңа сабақты бастамамтан бұрын үй тапсырманы сұрау барысында жаңа платформаларды кеңінен қолданылса деп ұсынылады.
Информатика пәні мұғалімі Есмағанбетова Гүлнұр
Анықтама
11.10.2021жылы 11 «Ә» сыныбында информатика пәнінен «Виртуалды және кеңейтілген шындық» тақырыбындағы сабағына қатыстым. Сыныпта барлығы 15 оқушы. Сабаққа 13 оқушы қатысты.
Сабақ кезеңдері сақталып, жаңа технологиялар бойынша материалдар әзірленген, информатикадан қолданылатын платформалар, әдіс-тәсілдер кеңінен көрсетілген. Әр тапсырманың соңында дескрипторлар, оқушылармен жұмыс жасау барысында көптеген материалдар тақырыпқа сай, компьютермен жұмыс жасау тапсырмалары, жеке жұмыс, топтық жұмыс берілген. Сонымен қатар оқушылар жаңа тақырыпты жақсы игеріп, жұмыстар жасалып, өз деңгейінде сабақ өткізілген.
Мұғалім сабақтың кезеңдерін сақтады. Pano2VR6 бағдарламасындағы тапсырмалар оқу мақсатына сәйкес, уақытылы тексеріп, бағалап отырды. АКТ қолданылды. Виртуалды саяхат жасау сабақ уақытылы қорытындыланып, аяқталды.
Мұғалім сабақ өту барысында АКТ-ны, үлестірмелі тапсырмаларды, платформаларды, жеке жұмыстарды, топтық жұмыстарды, компьютермен орындалатын тапсырмаларды тиімді қолдана білді. Сабақ барысында миға шабуыл, сұрақтар қою арқылы, сұрақ-жауап әдісі сәтті жүзеге асырылды. Сабақ барысында жаңа сабақты оқушылар компьютермен, жеке – жұмыс жасау арқылы өте жақсы орындады. Сабақта оқушылар Pano2VR6 бағдарламасындағы тапсырмаларды компьютермен сәтті орындап, әрбір тапсырмадан кейін мадақтау арқылы бағаланып, кері байланыс жүргізілді. Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға сабақ тақырыбына сәйкес жаңа тақырыпты бекіту мақсатында «Қар» әдісімен сұрақтарды қойылып, сұраққа жауап алу дұрыс жолға қойылған. «Шапалақ» әдісімен рефлексия жасалды. Сабақ өз деңгейінде өтіліп, өз мақсатына жетті.
Кері байланыс жасалды. Мұғалімнің өзін-өзі ұстауы, балалармен қарым-қатынасы өте жақсы, бәрі талапқа сай жүргізілді.
Ұсыныс: Сабақ өту кезіндегі оқушыларға берілген тапсырмалар әлдеде көбейтіліп, қолданылса деп ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |