«Форматтау» құралдар тақтасы
Әрбір батырманың атқаратын қызметі туралы ақпаратты көру үшін сол батырмаға тышқанды апарсаңыз болған.
Стиль – Таңдалған абзацқа стиль таңдау.
Шрифт – Қаріпті таңдау. Егер бір фрагментті еркшелеп, қаріпті таңдайтын болсақ, онда сол ерекшеленген фрагменттегі барлық символдар жаңа қаріпке ауысады.
Қаріптердің бірнеше түрі бар
Размер – қаріптің өлшемін өзгерту. Өлшеді тізімнен таңдауға болады, немесе қолмен енгізуге болады.
кіші, үлкен, өте үлкен, өте өте үлкен
Полужирный –Символдарды жартылай қоюлатады. Жартылай қоюлатылған
Курсив – Символдарды көлбеу етіп орналастырады Көлбеу
Подчеркнутый – Мәтіннің астын сызады. Асты сызылған
По левому краю – Мәтінді құжаттың сол жағы бойынша туралайды. Оң жағы тура болмайды.
По центру – Мәтінді құжаттың ортасы бойынша туралайды. Бұл функция тақырыпшаларды беттің ортасына орналастыру кезінде қолайлы.
По правому краю – Мәтінді құжаттың оң жағы бойынша туралау. Сол жаңы тегіс болмайды.
По ширине – Мәтінді құжаттың оң жағы және сол жағы бойынша туралайды.
Нумерация – Қарапайым мәтінді нөмірленген тізімге түрлендіреді.
-
бірінші
-
екінші
-
үшінші
Маркеры - әрбір жолы арнайы символмен маркерлеген тізім құрады.
Уменьшить отступ – Ерекшеленген абзацтың шегінісі азайтады.
Увеличить отступ - Ерекшеленген абзацтың шегінісі көбейтеді.
Внешние границы –Ерекшеленген мәтінге, абзацқа, ұяшыққа немесе суретке шекаралар қосу немесе алып тастау.
Шекара
Выделение цветом – Мәтін фонын орнату.
Ерекшелеу
Цвет шрифта – Символға түс таңдау.
Жаңа құжат құру
-
Меню арқылы – Файл – Создать
-
Құралдар тақтасындағы батырмасына басу арқылы
-
Ctrl + N пернелерінің комбинациясы арқылы
WORD іске қосылғаннан кейін, экранда 1-құжат (Документ) деген бос терезе пайда болады(сурет1). Жаңа құжат ашарда WORD оны құру үшін белгілі бір шаблонды пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Бұл параметрлерге қаріптегі таңбалар сызылымы, парақ айналасындағы бос қалдырылатын өрістер мәні, табуляция символдары және т.б. жатады. Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:
-
мәтін(мысалы, жоғарғы, төменгі колонтитулдер немесе бет нөмірлері);
-
Кестелер(таблицалар);
-
Төртбұрышты жақтаулар;
-
Графикалық бейнелер;
-
Кейбір арнайы құралдар(макрокомандалар, батырмалар, т.б.).
Үнсіз келісім бойынша, жағадан ашылған құжат «Кәдімгі»(шаблон Обычный) бойынша жасалады.
Құжатты сақтау
-
Меню арқылы – Файл – Сохранить
-
Меню арқылы– Файл – Сохранить как
-
Құралдар тақтасындағы батырмасы
-
Shift + F12 пернелерінің комбинациясы
Бұрын құрылған құжатты ашу
Құжатты ашу
-
Меню арқылы – Файл – Открыть
-
Құралдар тақтасындағы батырмасын таңдау
-
Ctrl + O пернелер комбинациясын басу арқылы
Бұл командалардың бірін таңдағаннан кейін экранда «Құжатты ашу» сұхбат терезесі(Сурет2) пайда болады.
Келісім бойынша «Құжат ашу» терезесі экранға шыққанда, ол WORD –та дискінің ағымдағы бумасы ішіндегі бұрын даярланған құжаттар тізімін береді. Папканың аты сол терезенің Папка деген өріс жолында көрінуі тиіс. Керекті құжат аты тізім ішінен көрініп тұрса, оны таңдап алу керек. Егер керекті құжат аты тізім ішінде жоқ болса, басқа папкалар мен дискілерді қарап шығу үшін «Папка» өрісі жолындағы бағыттауыш тілсызық таңба тұрған батырманы басу керек, сонда жаңа тізімдер пайда болады. Тізімнен өзіңізге керекті файл орналасқан дискіні таңдап алыңыз. Дискі таңдалынғаннан кейін, диск ішіндегі бумалар тізімі төменгі үлкен терезеге шығады. Әрбір бума атының қасында жабық бума тәрізді шарт белгі көрініп тұрады.
Бумалар тізімінен керектісін таңдап алсақ, төменгі терезеге сол буманың ішіндегі мәліметтер тізімі шығады.
Негізгі терезедегі бір буманы таңдап алу керек. Енді бұл сөз жоғарғы өріс жолына шығып, оның ішіндегі файлдар тізімі төменгі негізгі терезеге шығады. Қайтадан жоғарғы деңгейдегі бумаларды қарау үшін арнайы батырма бар. Мысалы, керекті мәліметтер бұл бумадан да табылмаса, қайтадан жоғарғы деңгейге көтеріліп басқа бумаларды қарап шығамыз.
Егер керекті файл ашық терезеде тұрса, онда келесі қадамға өту керек. Әйтпесе келесі төменгі деңгейдегі ішкі бумаларға өтіп, солардың ішіндегі мәліметтерді қарап шығу қажет, т.с.с. керекті файл табылғанша саты бойынша төмендей беру керек. Ең төменгі файлдар деңгейінде, олардың атына сәйкес шарт белгісі мәтіні бар тізімнен керекті файлды тышқан арқылы таңдап алу керек. Бұған балама тәсіл ретінде төмендегі «Файл» атты өріс жолына бірден файл атын енгізуге болады.
Соңында «ОК» басу қажет.
Ерекшелеу тәсілдері
Бағандарды және абзацтарды форматтау үшін, ақпаратты көшіру, көшірмесін алу және жою үшін оны ең алдымен тышқанның немесе пернетақтаның көмегімен ерекшелеп алу керек.
Пернетақта көмегімен ерекшелеу
-
Курсорды ерекшелеу керек фрагменттің басына орналастырыңыз.
-
Мәтінді ерешелеу үшін пернелердің төмендегі комбинациясын пайдаланыңыз:
-
Shift + немесе Shift + – бір жолды ерекшелеу;
-
Shift + немесе Shift + –бір символды ерекшелеу;
-
Shift + Ctrl + немесе Shift + Ctrl +– бір сөзді ерекшелеу;
-
Shift + Ctrl + немесе Shift + Ctrl + – бір абзацты ерекшелеу;
-
Shift + Home – Курсор тұрған жерден бастап ағымдағы жолдың басына дейін ерекшелеу;
-
Shift + End – курсор тұрған жерден бастап ағымдағы жолдың соңына дейін ерекшелеу;
-
Shift + Ctrl + Home – курсор тұрған жерден бастап құжаттың басына дейін ерекшелеу;
-
Shift + Ctrl + End – курсор тұрған жерден бастап құжат соңына дейін ерекшелеу;
-
Ctrl + A немесе Ctrl + қосымша пернетақтадағы 5 цифры – бүкіл құжатты ерекшелеу.
Тышқанның көмегімен ерекшелеу
-
Мәтіннің кішкене фрагментін ерекшелеу үшін, оның басына тышқанды шертіп, тышқан батырмасын жібермей көрсеткішті фрагмент соңына дейін тартыңыз, содан кейін тышқан батырмасын жіберіңіз.
-
Мәтін блоктарын ерекшелеу үшін, төменде көрсетілген әдістердің бірін қолданыңыз.
Сөз
|
Сөзге тышқанды екі рет шертіңіз
|
Сөйлем
|
Ctrl пернесін басып тұрып, тышқанды сол сөйлемге бір рет шертіңіз
|
Жол
|
Ерекшелеу жолағына тышқанды шертіңіз(мәтіннің сол жағындағы бос өріс)
|
Абзац
|
Ерекшелеу жолағына тышқанды екі рет шертіңіз
|
Құжат
|
Ерекшелеу жолағына тышқанды үш рет шертіңіз
|
Тік блок
|
Фрагментті ерекшелеу кезінде Alt пернесін басып тұрыңыз
|
Мәтінді форматтау
Форматтау– бұл Word-тың құжатты безендіру мүмкіндігі.
Құралдар тақтасында форматтауға арналған бірнеше батырмалар орналасқан. Форматтаудың құралдар тақтасын қолдана отырып, қаріптің стилін өзгертуге болады. Сондай-ақ, фонның түсін өзгертуге болады, нөмірленген, маркерлеген тізімдер құруға болады, шекаралар қосуға болады, шегіністерді азайтып, көбейтуге болады.
1-сурет. Форматтау құралдар тақтасы
Мәтіндерді туралау
Үнсіз келісім бойынша Word -та мәтін сол жағы бойынша тураланады, ал оң жағы біркелкі болмайды. Бірақ мұны өз қалауымыз бойынша өзгерте аламыз. Құралдар тақтасында туралауға арналған 4 батырма бар. Біріншісі сол жағы бойынша туралау, яғни мәтін сол жағы бойынша тураланады, ал оң жағы біркелкісіз болады. Екіншісі - оң жағы бойынша туралау, яғни мәтін оң жағы бойынша тураланады, ал сол жағы біркелкі сіз болады. үшіншісі ортасы бойынша туралау, яғни мәтін құжаттың ортасына орналасады. Төртіншісі екі жақ шеті бойынша туралау (по ширине), яғни мәтін оң жағы және сол жағы бойынша да тураланады. Абзацты туралау үшін , оны ең алдымен ерекшелеп алыңыз, кейін Формат - Абзац командасын пайдаланыңыз немесе Форматтау(сурет1) құралдар тақтасын пайдаланыңыз. «Қызыл жолақты» орнату үшін Формат – Абзац – Первая строка – Отступ (сурет2) командасын пайдаланыңыз.
Жоларалық интервалды орнату
Жоларалық интервалды орнату үшін, ең алдымен мәтіндік фрагментті ерекшелеп алып, Формат – Абзац – Межстрочный командасын пайдаланыңыз. Содан кейін тізімнен керек интервалды таңдауға болады, мысалы, одинарный, полуторный, двойной.
2-сурет. Абзац сұхбат терезесі
Қаріпті орнату
Қаріпті орнату үшін форматтау құралдар тақтасын пайдалануға болады немесе Формат-Шрифт командасын пайдалануға болады.
3-сурет. Шрифт сұхбат терезесі
Осы әрекеттер нәтижесінде шыққан терезеде екі парақ бар: "Қаріп" және "Интервал". Енді "Қаріп" парағының жолдарын (Сурет3) қарап шығайық.
Қаріп - компьютерде орнатылған қаріптер тізімі.
Қаріптердің сызылымы мына опциялардан (мүмкіндіктерден) тұрады.
- Кәдімгі (Обычный) - негізгі мәтін символдары үшін пайдаланылады;
-
Курсив - сөздерді, такырыптарды айқындау үшін пайдаланылады;
-
Жартылай қалыңдатылған (Полужирный) - сөздерді, тақырыптарды айқындау үшін пайдаланылады;
-
Жартылай қалыңдатылған курсив - алдыңғы екі түрлі қаріптер комбинациясын бірге пайдаланушы,
-
Мөлшер (Размер) - әріптердің мүмкіндік мөлшерінің тізімі (8-72 пункттер аралығында).
Астын сызу мыналардан тұрады:
-
Жоқ - мәтіннің асты сызылмай бейнеленеді;
-
Кәдімгі – мәтіннің астын тұтас сызықпен сызу;
-
Тек сөздер - тек сөздердің асты сызылып, сөз арасындағы бос орындар асты cызылмайды;
-
Қоссызық - сөздердің астын қоссызықпен сызу;
-
Пунктирлік - үзбе сызықпен астын сызу;
-
Түс (Цвет)- мәтінді бояйтын мүмкін түстер (Авто, Қара, Қызыл, Сары т.б.) тізімі бар;
-
Эффектілер құрамы;
-
Сызылған (Зачеркнутый) - мәтін үстінен тұтас түзу сызықпен сызу (түзету кезінде пайдаланылады);
Жоғарғы индекс - мәтін символы негізгі жол сызығы деңгейінен жоғары көтеріледі;
-
Төменгі индекс - мәтін символы негізгі жол сызығы деңгейінен төмен түсіріледі;
-
Жасырын (Скрытый) - мәтін баспаға берілген кезде көрінбейді;
Кішірейтілген үлкен әріптер (Малые прописные) -мәтін әріптері кіші әріптердің мөлшеріндей үлкен әріптермен жазылады;
Алдын ала келісім бойынша (По умолчанию) - бұл батырманы бассақ, "Қаріп" терезесіндегі тағайындалған параметрлер бұдан былай осы нұсқамен даярланып, барлық құжаттарға келісім бойынша пайдаланылады.
Өңделіп (теріліп, түзетіліп) жатқан мәтіннің кейбір фрагменттерінің қаріптерінің параметрлерін өзгертуге болады. Ол үшін сол керекті фрагментті ерекшелеп, артынан "Қаріп" терезесі көмегімен оның керекті параметрлерін тағайындаймыз.
Мұндайда тек ерекшеленген фрагменттің ғана қаріп параметрлері өзгереді, ал қалған мәтін өзгеріссіз қалады.
Мәтінге кейбір арнайы эффектілерді қолдану үшін, ең алдымен фрагментті ерекшелеп, Формат – Шрифт – Анимация командасын таңдауға болады.
Бекіту сұрақтары:
-
Жаңа құжат қалай даярланады?
-
Терілген құжатты сақтау мүмкіндіктері.
-
WORD редакторын қалай жабады?
-
«Қаріп» сұхбаттасу терезесін қалай ашуға болады?
Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы: Информатика құрылымы
Мақсаты: Информатиканың мақсаты мен міндеттерін қарастыру, құрылымымен танысу
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Информатикадан оқулық
Теориялық түсініктеме:
Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМдерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді. Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске үшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделеніп барады. Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан "информация" үғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Тапсырма:
Төмендегі тақырыптар бойынша семинарлық сұрақтарға жауап жазыңыз:
-
Информатиканың даму тарихы
-
Қазіргі заманғы информатиканың құрылымы
-
Информатиканың әлеуметтік аспектілері
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Семинар сұрақтарына жауаптарды ұсынылатын әдібиеттерді бпайдаланып жазыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.
-
Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002
-
Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999
-
Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.
-
Информатика:Учеб. Пособие для стед. Пед. Вузов/ А.В.Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; - М.: Изд.центр «Академия»,2000г.
-
Шафрин Ю.А. Современные информационные технологии. Москва, «АСТ», 1998 г.
-
Острейковский В.А. Информатика. Учебное пособие М, Высшая школа, 1999 г.
-
Ляхович В. Ф. Основы информатики. Изд. Феникс, Ростов-на-Дону, 1996 г.
Бекіту сұрақтары:
-
Информатикаға берілетін қандай анықтамаларды білесіз?
-
«Информатика» термині қалай пайда болды?
-
Информатиканың мақсаты мен міндеттерін атаңыз?
-
Ғылым жүйесінде информатиканың алатын орыны?
-
Компьютерлік сауаттылық деген не?
Зертханалық жұмыс №2
Тақырыбы: Ақпарат құрылымы
Мақсаты: Ақпарат туралы түсінікті бекіту, ақпарат өшем бірліктерімен танысу
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Информатикадан оқулық
Теориялық түсініктеме:
Біз бәріміз бала кезімізден бастап ақпарат алмасу процесіне қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі ақпарат аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен сөйлесуі де ақпарат түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың, мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау – ақпарат алмасуынсыз жүзеге аса алмайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
Информацияны жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, информация алмасу тек ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы да беріле бастады. Оқи білу жәнз ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат пен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын үрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.
"Информация" термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген үғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез келген керекті ақпаратты мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Ақпараттығ түпкі заттық мазмүны оның негізгі қасиеттерін - дәлдігі мен толықтығын, бағалылығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі. Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпаратның толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке үрындыруы мүмкін. Ақпараттың бағалылығы, оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпаратты жүмыс шарттары өзгерген жағдайда өте керек болады. Егер бағалы, әрі өзекті ақпаратты түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Егер ақпаратты пайдаланушылар тілінде жазса, ол тусінікті болады.
Ақпаратты түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр сигналдары, магниттік жазба және т. б.
Тапсырма:
Төмендегі тақырыптар бойынша семинарлық сұрақтарға жауап жазыңыз:
-
Үздіксіз және дискретті ақпарат
-
Философия және ақпарат
-
Ақпараттың құрылымы
-
Ақпараттың ықтималдылығы
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Семинар сұрақтарына жауаптарды ұсынылатын әдібиеттерді пайдаланып жазыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
-
Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.
-
Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002
-
Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999
-
Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.
-
Информатика:Учеб. Пособие для стед. Пед. Вузов/ А.В.Могилев, Н.И. Пак, Е.К. Хеннер; - М.: Изд.центр «Академия»,2000г.
-
Шафрин Ю.А. Современные информационные технологии. Москва, «АСТ», 1998 г.
-
Острейковский В.А. Информатика. Учебное пособие М, Высшая школа, 1999 г.
-
Ляхович В. Ф. Основы информатики. Изд. Феникс, Ростов-на-Дону, 1996 г.
Сұрақтар:
-
Ақпарат дегеніміз не?
-
Ақпараттың қасиеттерін атаңыз
-
Ақпарттың қандай түрлерін білесіз?
-
Ақпаратты ұсыну тәсілдерін атаңыз?
-
Ақпартты өлшеу тәсілдерін атаңыз?
Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Джон-фон-Нейман принципі
Мақсаты: Джон фон Нейман принципімен танысу
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:
Информатикадан оқулық
Теориялық түсініктеме:
Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашанда мүқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ-кол саусақтары секілді қарапайым қүралдар жеткілікті болды. Рылым мен техника дамуына байланысты есептеу жүмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар - абак, есепшот, арифмометр, арнаулы математикалык кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық физиканьщ даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмеи есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды жәнг адамның тікелей араласуын талап ете бастады. Мысалы, "Манхеттен жобасын" (АҚШ-тағы атом бомбасын жасау) іске асыру кезінде есептеу жүмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп отырды.
Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.
Компьютер ақпаратты арнайы құрылған программалар арқылы ғана өңдей алады. Жалпы, оның оның орындайтын негізгі жұмысы: ақпаратты енгізу, оны өңдеу, өңделген ақпаратты сыртқа шы,ару, сақтау. Программаны пайдаланып жұмыс істейтін ЭЕМдердің көпшілігінің құрылымы Американың кибернетика ғалымы Дж. Фон Нейманның еңбектерінде 1945 жылы жарық көрді.
Біз үлкен ЭЕМ-ді нзмесе дербес компьютерді алсақ та, олар бір-біріне үқсас принципте жұмыс істейтін мынадай құрамнан тұрады:
1 орталық процессор;
2 енгізу құрылғысы;
3 есте сақтау құрылғысы;
4 шығару құрылғысы.
Достарыңызбен бөлісу: |