Информатиканы қосымша оқыту формалары және оның қосымшаларын сипаттаңыз.
Информатиканы қосымша оқыту түрлері. - реферати та учбові матеріали на um.co.ua
Информатиканы оқытуда тек дәстүрлі оқыту түрлерін ғана қоймай, сонымен бірге қосымша оқыту түрлерінде қолдансақ, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артып, тереңірек білім алуға септігін тигізеді. Информатиканы қосымша оқыту түрлеріне экскурсия, үйірме, факультативтік курс, олимпиада, апталықтар, оқушылардың ғылыми жоба жарысы және т. б. жатады. Енді әрқайсысына жеке тоқталайық.
Экскурсия информатика сала бойынша оқушының танымын кеңейтіп, теориялық біліммен оның практикалық қолданылуларының арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргіуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, кәсіптік бағдары мен политехникалық оқытуды қамтитын, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастыру түрі болып табылады.
Үйірме әртүрлі мағынадағы мазмұнмен жұмыс істегенде тиімді жеке форма болып табылады. Жоғарғы сынып оқушыларына мектепке арналған мәліметтер қоры бар жобаны ұсынуға болады. Сыныптан тыс жұмыстың ең тиімді де әсершіл түрлерінің бірі. Оның негізінде еріктілік принципі жатыр.
Үйірме жұмыстарының түрлері: Сөзжұмбақтар құру, сайыстар, белгілі адамдармен кездесулер, клубтық қызметтер, клубтық іс-әрекет, іскерлік ойындар, сынып сағаты, ауызша журнал, мектептегі баспа және көрмелер.
Пәндік апталықтар, онкүндіктер пәнге деген қызығушылықпен пәнаралық байланысты жүзеге асырады. Информатика апталығына мұғалімдермен бірге оқушылар газет шығаруға көмектеседі және түрлі іс шараларға қатысады.
Ғылыми жоба жарысы. Қазіргі уақытта оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектепте ерекше мән береді. «Дарын» орталығы ұйымдастыратын оқушылардың ғылыми жоба жарысы бірнеше бағыт және секциялар бойынша өткізіледі. Бұл оқушылардың ғылыми жоба жарысына орта мектеп жоғары оқу орындарының оқытушыларымен тікелей байланыс жасап, бірлесіп жұмыс істейді. Оқушылардың олимпиадағы нәтижесі және ғылыми жоба жарысына қатысуы информатика пән мұғалімдердің және мектептің жетістігі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |