50
құралдарымен жабдықталуы
1
, электронды және баспадан шыққан оқу-
әдістемелік материалдардың болуы) және оқуға жеке уақыттың
бөлінуі;
5) эргономикалық жағдай (кесте бойынша сабақ өткізу уақыты,
сыныптың
толықтығы, компьютерде жұмыс жасау ұзақтығы және
т.б.);
6) мұғалімдердің дербес өзгешеліктеріне және мүмкіндіктеріне
сәйкестік (мінез-құлқы, қандай да бір әдісті меңгеру деңгейі,
сыныппен қарым-қатынасы,
бұрынғы тәжірибесі, психологиялық-
педагогикалық деңгейі, әдістемелік және ақпараттық-технологиялық
дайындығы).
2.3. Информатика пәні бойынша үй жұмысы
Оқушылардың үй жұмысы деп – құрылған сабақтар
кестесінен тыс оқу тапсырмаларын өздігінен орындауды айтады.
Үй
жұмысының
сыныптағы
жұмыстан
принциптік
айырмашылығы, мұғалімнің берген нұсқаулары бойынша, оның
тікелей басқаруынсыз орындалады. Оқушы үй жұмысын орындау
уақытын, ырғағын және қарқынын өзі таңдайды.
Үй жұмыстарының формалары
Оқушылардың
үй
жұмысының
теориялық
аспектілері
жеткіліксіз зерттелгендіктен, педагогикалық
және әдістемелік
әдебиеттерде үй тапсырмаларының жіктеуі әртүрлі негіздемелермен
ұсынылады.
Дидактикалық мақсат бойынша үй жұмыстарының мына
формалары ерекшеленеді [34, 35, 49]:
жаңа
материалды қабылдауға, жаңа тақырыпты оқуға
дайындайтын тапсырмалар;
сабақта алған білімдерін бекітуге және пайдалануға, ептілік
пен дағдыларды қалыптасыртуға бағытталған тапсырмалар;
сыныпта игерген оқу
материалын кеңейтуге және
тереңдетуге ықпал ететін тапсырмалар;
жаттығуларды өздігінен орындау дағдысын қалыптастыру
және дамытуға бағытталған тапсырмалар;
бағдарламадағы материалдан тыс, дегенмен оқушылардың
мүмкіндіктеріне сай тапсырмаларды
молынан жеке отырып орындау
арқылы өздігінен ойлау қабілетін дамытуға ықпал ететін тапсырмалар.
Web-сайтта [47] мына өткізілетін сабақ типіне
байланысты үй
тапсырмаларының жіктемесі
ұсынылған:
Достарыңызбен бөлісу: