66
2.4.5. Сабаққа қойылатын талаптар
Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
-
білімділік мақсаттарды түгелдей,
сондай-ақ олардың
құраушы элементтерін және олардың дамытушылық және тәрбиелік
мақсаттармен байланысын айқын дұрыс түрде құрастыру қажет;
-
оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды
ескере отырып, оқу бағдарламасы мен мақсаттарына сай сабақтың
үйлесімді мазмұнын анықтау;
-
сабақ кезінде, сондай-ақ әртүрлі
жұмыстар кезінде білім мен
біліктіліктерді ұйымдастыру және оқушылардың ғылыми білімдерді
меңгеру деңгейін болжау;
-
оқыту формаларының ең тиімді тәсілдерін және әдістерін
таңдап қолдану, олардың сабақтың кезеңдеріне әсерін бақылау және
қалыптастыру, жеке және ұжымдық жұмыс формаларын таңдау және
оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
-
барлық дидактикалық принциптерді сабақ барысында жүзеге
асыру;
-
оқушылардың табысты оқуына жағдай жасау.
Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
Сабақтың психологиялық мақсаты:
1. оқушылардың дамуын нақты
оқу пәні және нақты сабақ
шегінде жобалау;
2. сабақтың мақсатын қою кезінде, тақырыпты оқытудың және
оның нәтижесінің психологиялық мақсатын ескеру;
3. оқушылардың
дамуын қамтамасыз
ететін әдістемелік
тәсілдердің психологиялық және педагогикалық әсерлерінің жеке
құралдарын қадағалау.
Сабақтың стилі:
1.
Оқытудың дамытушылық принципіне сай сабақтың
құрылымы мен мазмұнын анықтау:
-
оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілетіне әсер ететін
жүктемелердің қатынасы;
-
оқушылардың шығармашылық және жүзеге
асыру іс-
әрекетінің көлемін анықтау;
-
дайын түрде (мұғалімнің сөзінен, кітаптан немесе қосымша
құралдардан) және өздігінен іздену кезінде білімдерді меңгеруді
жоспарлау;
-
проблемалық-эвристикалық
оқытуды
мұғалім
мен
оқушылардың орындауы (проблеманы кім қояды, кім тұжырымдайды
және оны кім шешеді);
67
-
мұғалім жүзеге асыратын әрекеттерді: оқушылардың іс-
әрекетін тексеру, талдау мен бағалау және оқушылардың өзара сынай
бағалауын, өзін-өзі бақылауын, өзін-өзі талдауын есепке алу.
2. Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:
-
сабаққа деген дайындығы және ең бастысы–
психологиялық
мақсатты түсіну, оны жүзеге асыруға іштей дайын болу;
-
сабақтың басында және барысындағы көңіл-күй –
жинақылық, сабақтың психологиялық мақсаты мен тақырыпқа
байланысты өзін-өзі баптау, жігерлілік,
анықталған мақсатты
орындауға табандылықпен ұмтылу, педагогикалық шеберлік;
-
педагогикалық әдептілік;
-
сабақтағы психологиялық жағдай.
Достарыңызбен бөлісу: