Тақырыбы: «Алгоритмдеу негіздері» тақырыбын оқыту әдістемесі
Мақсаты: Алгоритмдеу негіздері тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.
Теориялық түсініктеме
«Алгоритмдеу негіздері» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 9-сыныбында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші сабақ болып І оқу тоқсанында өтіледі.
Сағат саны - 4 сағат.
1 – сабақ.
«Алгоритм» ұғымы. Алгоритмнің қасиеттері
Мақсаты: оқушылардың «алгоритм» ұғымын талдау және оның қасиеттеріне мысал келтіру, қарапайым алгоритмдерді құру дағдысын қалыптастыру.
Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар алгоритмнің анықтамасын айтып, мысал келтіріп, негізгі қасиеттерін сипаттай алуы керек.
Оқушылардың білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: қарапайым алгоритм құра білу, оның нәтижесін талдау.
Жоспары:
-
«Алгоритм» ұғымы.
-
Алгоритмдерге мысал келтіру.
-
Алгоритмнің қасиеттері.
-
Алгоитмнің қасиеттеріне сипаттама беру.
-
Алгоритм құруға есеп шығару.
-
Бақылау және тестілеу сұрақтары арқылы оқушылардың игерген білімін тексеру.
-
Жаттығу мен есеп шығару арқылы оқушылардың алгоритм құру дағдысын қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны:
Анықтама. Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру.
Алгоритмнің қасиеттері:
-
Айқын, дәл өрнектелуі.
-
Үздіктілігі.
-
Нәтижелілігі.
-
Жалпыламалығы.
-
Формалды орындалуы.
2 – сабақ.
Алгоритмнің өрнектелу жолдары. Блок – схема.
Мақсаты: алгоритмнің өрнектелу жолдарын салыстыра отырып, блок – схема құру.
Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: алгоритмнің өрнектелу жолын білу, оларды салыстыра алу және блок – схема түрінде берілу тәсілдерін меңгеру.
Оқушылардың білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: қарапайым алгоритм құрып, оны блок – схема түрінде жазу.
Жоспар:
-
Алгоритмнің өрнектелу жолдары.
-
Алгоритм блоктарының арнайы белгілері.
-
Алгоритмді блок – схема түріндежазуға мысал келтіру.
Қысқаша мазмұны:
Анықтама. Блок – схема – алгоритмнің арнайы бекітілген гоеметриялық фигуралар арқылы графиктік түрде жазылуы.
Алгоритм блоктарының арнайы белгілері:
3- сабақ
«Орындаушы» ұғымы. Орындаушы командалар жүйесі
Мақсаты: оқушыларды орындаушы командалар жүйесімен таныстыру.
Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: орындаушының командалар жүйесін, оның атқаратын міндеттерін білу.
Оқушылардың білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: қарапайым есептерге алгоритм құра білу.
Жоспар: «Орындаушы» ұғымын түсіну.
Қысқаша мазмұны:
Анықтама. Берілген реті бойынша алдын ала бекітілген командалар жүйесіне кіретін командалар тізбегін автоматты түрде орындайтын адамды немесе техниканы орындаушы деп атаймыз.
4-сабақ
Алгоритмнің түрлері: сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритмдер. Көмекші алгоритм түсінігі
Мақсаты: оқушыларды алгоритмнің негізгі түрлерімен таныстыру. Алгоритмдерді блок – схема түрінде өрнектеу.
Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: оқушылар есептің алгоритмін блок – схема арқылы өрнектей алуы тиіс.
Оқушылардың білігі мен дағдысына қойылатын талаптар: Берілген есепке алгоритм түрлерінің қажеттісін қолдана білу.
Жоспар:
-
Сызықтық немесе тізбектік алгоритм.
-
Тармақталған алгоритм.
-
Циклдік алгоритмдер: арифметикалық, қадамдық алгоритм.
-
Бақылау сұрақтары.
Қысқаша мазмұны:
Анықтама. Алгоритмдер блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық, тармақтық және циклдік түрлерге бөлінеді.
-
Сызықтық немесе тізбектік алгоритм. Сызықтық алгоритм өрнектелуіне қарай тізбектелген командалардан, ал блок – схемалары бар сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады
-
Тармақталу алгоритмдері. Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобы тармақталу алгоритмдері деп аталады.
-
Арифметикалық цикл. Алгоритмнің атқарылуы алдында циклдің алғашқы мәні белгілі болады да, келесі қайталану кезеңінде цикл параметрі белгілі бір тұрақты шамаға өзгеріп отырады.
-
Қадамдық цикл. Алдын ала қайталану саны белгісіз болған жағдайда қадамдық цикл пайдаланылады. Циклді аяқтау үшін белгілі бір шарт тексеріледі.
Тапсырмалар:
Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.
-
«Алгоритмдеу негіздері» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.
-
Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.
-
Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.
Бақылау сұрақтары:
-
Алгоритмдеу негіздері тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?
-
Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?
-
«Алгоритмдеу негіздері» тақырыбының мақсаты?
-
Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?
-
Сабақ қандай типте өтеді?
-
Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар.
№5 өздік жұмыс
Тақырыбы: «Компьютер құрылымы» тақырыбын оқыту әдістемесі
Мақсаты: Компьютер құрылымы тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.
Теориялық түсініктеме
«Компьютер құрылымы» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 7-8 сыныптарында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 7-ші, 8-ші, 9-шы, 10-шы және 11-ші сабақ болып І-II оқу тоқсанында ЖӘНЕ 8-сынып бойынша 8-9 сабақ болып өтіледі.
7 сынып бойынша 5 сағат, ал 8 сынып бойынша 2 сағат көлемі берілген.
7 – сыныпқа арналған «Информатика» курсы бағдарламасының
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУЫ
№
|
Тақырыбы
|
Сағаты
|
1.
|
Компьютер - әмбебап ақпараттық машина. Информатика дегеніміз не? Компьютер – ақпарат өңдеу құралы. Есептеуіш техниканың даму тарихы. ЭЕМ – ді қолдану аумағы. ЭЕМ – нің қоғам өміріндегі рөлі: мектепте, үйде, бизнесте, медицинада, мәдени ортада, ғылымда. Компьютерде өңделетін ақпарат түрлері.
|
2
|
2.
|
Ақпараттық құралдар. Құралдардың қызметі. Пернетақтамен танысу.
|
3
|
КОМПЬЮТЕРДІҢ АППАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
2.1. ТАҚЫРЫП. ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
№7 сабақ
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Есептеуіш техникасыынң даму тарихы. ЭЕМ – ның қоғам өміріндегі рөлі: үйде, медицинада, өнерде, бизнесте, ғылымда, ЭЕМ – ді қолдану аумақтары.
|
Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру
|
Оқулық. Жұмыс дәптері.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушыларды ЕТ – нің даму тарихымен оны құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру. ЭЕМ – нің өміріндегі рөлін түсіндіру. ЭЕМ – ді қолдану аумақтары туралы ой - өрісін кеңейту.
|
Сабақтың типі:
|
Пікірлесіп – түсіндіру.
|
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
|
Оқушылар білуі тиіс:
ЕТ дамуының негізгі кезеңдерін;
Ақпарат түрлерін;
Цифрлық есептеуіш машинасының құрылу принциптерін;
ЭЕМ буындары мен олардың элементтік базасын;
ЭЕМ – ді қолдану аумақтарын.
Оқушылар үйренуі тиіс:
әр түрлі бундарға ЭЕМ мысалдарын келтіру;
ЭЕМ элементтік базасы бойынша қандай да бір машина қай буынға жататынын аңықтауды;
ЭЕМ – ді қоғам өмірінде қолдану мысалдарын келтіруді.
|
2.2. ТАҚЫРЫП. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР
№8 сабақ
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Дербес компьютерлер. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы. Компьютердің арналуы. Мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блок. Компьютердің ішкі құрылғылары.
|
Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру
|
КУВТ, музыкалық компакт – диск, компьютерлік ойындар, мәтіндік және графикалық редакторлар, калькулятор. Оқулық. Жұмыс дәптері.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылармен және олардың міндетімен таныстыру. Компьютердің негізгі құрылғылары – процесссормен, ЖЖҚ – мен, ТЖҚ – мен таныстыру.
|
Сабақтың типі:
|
Көрсете түсіндіру.
|
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
|
Оқушылар білуі тиіс:
Компьютер деген не екенін;
Аппараттық құралдардың негізгіжиынына не кіретінін;
Компьютердің құрылғыларының міндетін (арналуын);
Бағдарламалық жабдықтаманың не үшін керек екенін;
ДК көмегімен не жасауға болатынын;
Жүйелік блоктың алдыңғы панельдегі батырмалар мен құрылғылардың арналуын;
Жүйелік блоктың ішіндегілердің арналуын;
Жүйелік блоктың арғы жағында не орналасқанын;
Процессордың негізгі сипаттамалары мен арналуын;
Компьютердің ішкі жадының түрлері және арналуын.
Оқушылар үйренуі тиіс:
Компьютерді қосуды және өшіруді.
|
№9 сабақ
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Компьютердің сыртықы құрылғылары. Енгізу – шығару құрылғылары. Монитор. Пернетақта. Пернетақталық тренажер.
|
Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру
|
ОЕТС (КУВТ), пернетақталық тренажер. WordPad мәтіндік редакторы (алфавитті – цифрлық пернелердің қызметін көрсету үшін).
Оқулық. Жұмыс дәптері.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен таныстыру. Енгізу – шығару құрылғыларын жалпы шолу. ДК – нің негізгі шығару құрылғысы – монитормен таныстыру. Пернетақтаның арналуы және таратылуымен таныстыру. Әр түрлі алфавитті – цифрлық ақпартты енгізуді көрсету, пернетақтамен жұмы істеу әдістерімен таныстыру.
|
Сабақтың типі:
|
Баяндау, көрсету, практикум.
|
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
|
Оқушылар білуі тиіс:
Компьютердің ішкі құрылғыларына қандай құрылғылар жататындығын;
Енгізу – шығару құрылғыларын;
Монитордың сипаттамаларын, арналуын, құрамдас бөліктерін;
Пернетақтаның міндетін;
Пернелердің негізгі топтарын;
Алфавитті – цифрлық символдарды енгізу тәсілдерін;
Арнайы пернелердің негізгі функцияларын;
Пернетақтамен жұмыс істеу техникасының ережелерін;
Меңзердің аңықталуы мен міндетін;
Пернетақтаның схемасын.
Оқушылар үйренуі тиіс:
Пернелердің негізгі топтарын пайдалануды;
Арнайы пернелерді пайдалануды;
Пернетақтамен дұрыс жұмыс істеуді;
Меңзердің орнын аңықтауды және оны басқаруды;
Пернетақтады қолды дұрыс орналастыруды;
Он саусақпен теруді;
Пернелерге дұрыс механикалық басуды;
Теру жылдамдығын асыруды.
|
№10 сабақ
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ақпарат енгізу манипуляторлары. Басу құрылғысы.
|
Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру
|
Оқулық. Жұмыс дәптері.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Ақпаратты енгізу манипуляторларымен таныстыру (маус, трекбол, терте (джойстик), сканер). Принтердің түрлерімен, оның жұмысының ерекшеліктері мен принциптерімен таныстыру.
|
Сабақтың типі:
|
көрсете отырып, түсіндіру.
|
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
|
Оқушылар білуі тиіс:
Манипуляторлардың түрлері мен міндетін;
Принтерлердің түрлері мен міндетін;
Прнтерге шығаратын ақпараттың типін;
Принтер жұмысының принциптерін.
|
№11 сабақ
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Компьютердің сыртқы жадысы. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт – дискілер. Дискіжетек. CD - ROM.
|
Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру
|
ОЕТС – 98 (КУВТ - 98). Иілгіш және компакт – дискілер.
Оқулық. Жұмыс дәптері.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт – дискілер сияқты ақпарат тасуыш туралы түсінік беру. Дискіжетек пен CD – ROM жұмыстарымен таныстыру.
|
Сабақтың типі:
|
Көрсете - түсіндіру.
|
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
|
Оқушылар білуі тиіс:
Иілгіш және компакт – дискілер не екенін;
Дискіжетек пен CD – ROM қалай құрылғанын;
Ақпаратты оқу мен жазу қалай жүретінін;
Қандай жағдайларда қандай ақпарат тасуыш қолдану керек екенін;
Ақпарат тасуыштардың негізгі параметрлерін;
Иілгіш және компакт – дискілермен жұмыс істеу ережелерін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
Иілгіш және компакт – дискілерді қолдану;
Ақпаратты бір тасуыштан басқасына алмастыруды;
Иілгіш дискілерді пішімдеуді;
Иілгіш және компакт – дискілердегі ақпаратты қарауды.
|
8 – сыныпқа арналған «Информатиканың базалық курсының»
КҮНТІЗБЕЛІК ҮЛГІ ЖОСПАРЫ
Аптасына 1 сағ. Барлығы 34 сағ.
Сабақ
|
Тақырып
|
Сағат
|
4 – 5. Дербес пайдаланылатын компьютерлер. Компьютердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптері.
|
8 - 9
|
ЭЕМ – де деректерде кескіндеу түрлері. ЭЕМ – нің техникалық сипаттамалары мен ондағы орындалатын міндеттердің өзара байланысы. ЭЕМ – нің буындары және элементтік базасы. Басқарудың программалық принципі.
|
2 сағ.
|
Оқушының меңгеруі тиіс білімі:
қазіргі дербес пайдаланылатын компьютердің құрылымын;
компьютердің негізгі тораптарын, олардың өзара байланысын;
компьютерді айрықшалайтын негізгі техникалық параметрлерді;
ЭЕМ – нің буындары мен элементтік базасы;
Компьютердің автоматты жұмыс істеу принципін.
|
Оқушының игеруі тиіс білігі:
компьютердің әр буынына мысал келтіру және сипаттамалық ерекшеліктерін көрсету;
компьютерге кез – келген енгізу құрылғысын жалғауды және оны құрылымдауды жүзеге асыруды;
дискілерді пішімденуді;
файлдарды архивтеу және архивтен шығаруды;
антивирустық программаны қолдануды.
|
4. ДЕРБЕС ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН КОМПЬЮТЕРЛЕР
№8 сабақ
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Деректерді ЭЕМ – де кескіндеу түрлері. ЭЕМ – нің техникалық сипаттамалары мен оларда шешілетін мәселелердің өзара байланысы. ЭЕМ – нің буындары мен элементтік базалары.
|
Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру
|
Оқулық. Жұмыс дәптері.
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушыларды дербес пайдаланылатын компьютердің архитектурасымен, оның құрылғыларының міндеттерімен таныстыру.
|
Сабақтың типі:
|
Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.
|
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
|
Оқушылар білуі тиіс:
компьютерлердің айрықшаланатындай негізгі техникалық параметрлерін;
ЭЕМ – нің буындары мен элементтік базасын.
Оқушылар меңгеруі тиіс білігі:
әр буын компьютерлеріне мысал келтіруді және сипаттамалық ерекшеліктерін айтып беруді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |