«Инженерліл экология» ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені



бет1/5
Дата14.06.2016
өлшемі0.96 Mb.
#135825
  1   2   3   4   5



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 денгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-05.01.20.91/03-2008

ПОӘК

«Инженерлік экология» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



№ 1 басылым

«30» қыркүйек 2009 ж.



«Инженерліл экология»

ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«050717» – «Жылуэнергетика» мамандығы үшін

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК материалДАР

Семей

2010

Мазмұны





Экологическая система (экожүйе) – әр түрлі организмдердің бірге өмір сүруінің жиынтығы және олардың өмір сүруі шарттары заңды түрде бір-бірімен байланыста болады. 3

3 Дәрістер 4

Дәріс 1 4

Дәріс 2 6

Дәріс 3 8

Дәріс 4 9

Дәріс 5 11

Дәріс 6 17

Дәріс 7 24



1 ГЛОССАРИЙ

Экология (греч. oikos – дом , logos - ғылым) – ол тірі организмдердің өмір сүру шарттарын, өздері өмір сүретін қоршаған ортамен және өзара әрекеттесуін зеттейтін ғылым. Термин 1886 жылы Эрнст Геккелмен ұсынылды.

Антропогендік экология – бұл адам мен биосфераның әрекеттесуінің жалы заңдарын, адамға табиғи ортаның әсерін зерттейтін ғылым.

Инженернлік экология – қолданбалы пән, өнеркәсіптік өндірістің өсуі шартында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған, инженерлік-техникалық шаралардың ғылыми негізделген жүйесін құрайды.

 Биосфера (греч. bios – өмір, spharia - шар) – Жер қабықшасы, ол атмосфераның, гидросфераның төменгі бөлігін және литосфераның жоғарғы бөлігін қамтып әртүрлі организмдердің өмір сүруіне мүмкіндік береді.



Ноосфера – ақыл сферасы, адамзаттың пайда болуы мен дамуымен байланысты биосфераның жоғарғы даму сатысы, онда ақыл әрекеті жақандық дамудың негізгі анықтауыш факторы болады.

Экологическая система (экожүйе) – әр түрлі организмдердің бірге өмір сүруінің жиынтығы және олардың өмір сүруі шарттары заңды түрде бір-бірімен байланыста болады.



Экологиялық фактор – тірі оргаизмге айтарлықтай әсер ететін орта элементі немесе ортаның барлық шарттарында «тірі организм» бейімделетін реакциялармен жауап беруі.

Зиянды АӨФ – олардың әсері жұмыс істеушілердің жұмыс істеу қабылеттілігін төмендетеді немесе анықталған жағдайларда ауыруға шалдықтыруы мүмкін (мысалы, шу, діріл, электромагниттік өріс).

Қауіпті АӨФ - олардың әсерінен жұмыс істеушілер белгілі жағдайларда жарақат алуы мүмкін немесе десаулығы лезде нашарлайды (мысалы, электр тогы, анықталған концентрациядағы газ тәріздес хлор).

Аса қауіпті АӨФ - белгілі жағдайларда өнеркәсіптік апатқа әкеледі (ионды сәулелену, өрт, жарылыс, көп мөлшердегі газ тәріздес хлордың лақтырылуы).

3 Дәрістер




Дәріс 1


(1 сағат)
Тақырып. Кіріспе.

Дәріс сабақтың мазмұны

1. Инженерлік экология туралы жалпы мағлұмат

2. ҚР-да экономиканың энергоэффективтілігін және қоршаған ортаны қорғау

3. Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері
Инженерлік экология – бұл дамып отырған өнеркәсіп өндірісінің жағдайларында қоршаған ортаның сапасын сақтауға бағытталған инженерлік – технологиялық шаралардың дәлелденген ғылыми жүйесін құрайтын қолданбалы тәртіп.

Энергия тиімділік – аз шығынды парникті газдардың бөлінуін төмендету тәсілі, бұл сонымен қатар өнімділікті, бәсекелестікті, энергетикалық қауіпсіздікті және өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

ҚР-сы әлеуметтік-экономикалық даму үстінде жатыр. ЖІӨ-ң (жалпы ішкі өнімнің ВВП) жылдық өсуі 8 пайызды құрайды. ЖІӨ-ң негізгі өсуі мұнайгазды және пайдалы қазба салалары есебінде қамтамасыз етіледі. Ауыл шарушылығы және өндірістің шикізатты емес салаларын дамыту мен экономиканы диверсификациялау бойынша мемлекеттік бағдарламалар қабылданған. Мемлекет президенті дүниежүзінің 50 бәсекелестікке қабілетті мемлекеттер қатарына кіруді мақсат қойған. Және де еліміздің экономикасы энергияны тұтынудың жоғарылығымен сипатталады. ЖІӨ-ң бірлігіне шаққандағы энергияны меншікті тұтыну көрсеткіші 2 тнэ/1000USD, бұл дегеніміз ОСЭР елдерінің көрсеткіштерінен бірнеше көп.

Энергоресурстарды жоғары мөлшерде тұтыну нәтижесінде қоршаған орта ластанады. ЖІӨ-ң бірлігіне парникті газдың меншікті бөлінуі (6,11 кг СО2/$) бойынша әлемде Қазақстан үшінші орын алады.

ҚР-да экономиканың энергоэффективтілігін және қоршаған ортаны қорғау үшін көптеген жұмыстар атқарылуы қажет. Отынды тұтынуды азайту үшін және қоршаған орта ластамау үшін энергияның қалпына келетін қайнар көздерін пайдалану қажет.
Қазасқcтанның энергетикалық секторы

Энергетикалық сектор Қазақстан экономикасының секторларының ішіндегі айтарлықтай дамыған секторға жатады.ҚР-сы жалпы әлемдік отын қорының 4% құрайтын,шамамен 28 млрд. тн құрайтын отын қорына ие.

2003 жылы біріншілікті энергетикалық ресурстардың жалпы өндірілуі Қазақстанда шамамен 105 млн.тнг құрады,оның ішінде 50 млн.тнг экспортты құраса,энергоресурстардың ішімізде тұтынылуында көмір үлесі 67%,мұнай-шамамен 21%,газ-12% құрады. Қазақстандағы отынның негізгі тұтынушысы-электрэнергия мен жылу өндірісі.Осы секторлардың жылдық отын тұтынуы 25 млн.тнг құрайды.Электростанциялардың отындық балансы структурасындағы көмір үлесі 75% құрайды,газ-25%,мазут -2%.

Қазақстанда 2005 жылы электрэнергия өндірісі 67,5млрд кВт/сағ шамасыда болады.

Қазбалы отын әлемдік энергетиканың негізін құрайды. Халықаралық энергетикалық агенствоның (ХЭА) мәліметтеріне сүйенсек 2003 жылы электрэнергияның әлемдік өндірілуі 16691тВсағ құрады.Органикалық отынды пайдаланумен өндірілген электрэнергияның үлесі-66,4% құрайды, ірі гидростанциялардың үлесі-15,9%,атом энергетикасы-15,8%,энергияның қалпына келетін қайнар көздерінің үлесі-1,9%. XXI ғасыр басында энергетиканың дамуына мына фаторлар әсер етеді: энергия тұтынуының артуы,отын құнының өсуі,булы газ бөлінуі бойынша экологиялық шектеулер. Осы факторлар елдерді энергия және энергияның қалпына келетін қайнар көздерін пайдаланудың тиімділігін арттыру программаларын құрастыруға итермелейді. Бірқатар тәжірибелер көрсеткендей, қайта жаңаратын энергия көзінің дүниежүзілік энергетикалық баланстағы үлесі 2050ж деңгейінде 18% немесе атмосферадағы парниковый газдың құрамын тұрақтандыру үшін жоғары болу керек.

Қатты қалдықтар ағаштарды шабу және отынөндіретін өндірістер қоршаған ортаға көп зиянын тигізуі мүмкін,бірақ сонымен қатар бұл қалдықтар энергияны,тыңайтқыштарды,химиялық заттарды алу үшін шикізат болып табылады.

Бірақ та бұд энергетикалық биомассаларды пайдалану кезінде қоршаған ортағакөп зиянын тигізетінін ұмытпау қажет.Ағашты тура жағу қатты бөлшектерді,органикалық компоненттерді,көміртек қышқылын және т.б.газдарды бөліп шығарады.Кейбір осы ластаушылардың концентрациялары бойынша мұнайды жағу өнімдерінен де асып түседі.

Ағашпен салыстырғанда биогаз таза отын,зиян газдар мен бөлшектерді бөлмейді.Сонымен қатар биогазды өндіру және пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту қажет,өйткені метанның жарылу қаупі өте жоғары.Сондықтан оны сақтау,тасымалдау және пайдалану кезінде ағып кетудің алдын алу қажет.


Өздік бақылау сұрақтары

1. Инженерлік экология дегеніміз не?

2. ҚР-да қоршаған ортаны қорғау үшін қандай шаралар қолдану қажет?

3. Қалдықтардың қоршаған ортаға әсері қандай?



Қолданылған оқулықтар

1. Карабасов Ю.С. Экология и управление: Термины и определение.- М.: МИСИС,2001.-378с

2. Повышение экологической безопасности ТЭС/Под ред. А.И. Абрамова.-М.: МЭИ,2002.-378с.

3. Еремкин А.И. Нормирование выбросов загрязняющих веществ в атмосферу.-М.: АСВ, 2001.-176с.

4. Рихтер Л.А. Охрана водного и воздушного бассейна от выбросов ТЭС.- М.: Энергоатомиздат, 1981.- 253 с.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет