ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет1/6
Дата09.06.2016
өлшемі381 Kb.
#125188
  1   2   3   4   5   6


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ПОӘК 042-14-3-04.42-2007


ПОӘК

«Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар


№1 басылым


050701 мамандығы студенттері үшін

«Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және менеджмент »

ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей- 2007




Мазмұны

1. Глоссарий

2. Өндірісті ұйымдастыру,жоспарлау және менеджмент пәні бойынша дәрістер жинағы:

3. Практикалық сабақтар мазмұны

4. Студенттердің өздік жұмысы

1. Глоссарий

Банкроттық-бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың т.б. өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым. Банкроттық кәсіпорындардың жабылуына не таралуына әкеліп соқтырады. Банкротқа ұшырағандар қарызды өтеу үшін өз мүліктерінің бәрін сатуға мәжбұр болады. Экономикалық дағдарыс кезінде банкрот етек алып, барлық саланы бірдей банкроттықа ұшыратуы мүмкін, бұл еңбекшілердің тұрмыс-жағдайын нашарлатады, жұмыссыздар санын көбейтеді, т.б.

Жалпы пайда, табыс-кәсіпорынның жалпы табысынан барлық өнімге (жұмысқа) кеткен шығынды алып тастағандағы пайда.

Жалпы өнім-кәсіпорындар мен халық шаруашылығының жекелеген салаларында белгілі бір мерзім ішінде (ай, тоқсан, жыл) өндірілген өнімнің (жұмыстың) жалпы көлемі, яғни ақшалай көрсетілген жалпы мөлшері.

Табыс, кіріс, түсім-белгілі бір өнімді өндіру, жұмысты атқарунәтижесінде тиісті кәсіпорындарға, сауда - өнеркәсіп мекемелеріне жән жеке адамдарға түсетін ақшалай табыс немесе материалдық игіліктер.

Өндіріс шығындары-өнім өндіруге жұмсалған нақты және затқа айналған еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығындары қоғамның өнімдері өндіруге жұмсалған шығындары және кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай шығындары болып бөлінеді. Қоғамдық өдіріс шығындарына өнімді өндіруге жұмсалған өндіріс құрал – жабдықтары бағасының бір бөлігі әне қажетті еңбекпен жасалған өнімнің құны кіреді. Олар тауардың жалпы құнын анықтайды. Кәсіпорындардың тауар өндіруге жұмсалған ақшалай түріндегі шығындары сол өнімнің өзіндік құны түрінде әрекет етеді. Өндіріс шығындарының бұл бөлігіне материалдық қорларға және жұмысшылардың еңбекақысына жұмсалатын шығындар жатады. Тауар өндірісі кезіндегі өндіріс шығындары құн түрінде көрініп, іске асады. Оғамдық өндіріс шығындары өндірілген өнімнің құнына тең болады.

Материал сіңіргіштік, материалды көп қажет ету-белгілі бір өнімді өндіруге, жұмысты орындауға кеткен материалдық қорлар шығынын білдіретін көрсеткіш.

Айналым қаржысы-кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың айналым қаржылары өндірістік қор жасауы үшін, аяқталмай қалғанөнім қалдықтарын, дайын өнімдерді, т.б. мүліктерді дайындау үшін және айналыс пен өндірістің басқа қажеттерін өтеу үшін пайдаланылады.

Айналым қорлары-өндірістің бір циклына тугелмен пайдаланылатын өндірістік қорлардың бір бөлігі. Олардың құны өндірілген өнімге толығымен аударылады, кіреді. Айналым қорларының негізгі элеметтері еңбек заттары, қоймадағы шикізат, негізгі және қосалқы материалдар, отын ыдыс, өндірісте аяқталмай қалған өнім шала фабрикат, арзан және тез тозатын еңбек құралдары, саймандар, алдағы жылдардың шығындары т.б. айналым қорлары кәсіпорынның айналым қаржылар есебінен алынады.

Айналым капиталы- тұтыну процесіндегі өнімге толық сіңірілетін және әрбір ауспалы айналым ақша түріндегі түгелдей қайтып оралып отыратын өндіргіш капиталдың бір бөлігі.

Өнім көлемі-жеке бір кәсіпорынның, шаруашылықтын не саланың белгілі бір уақыт ішінде шығырған немесе істеп шығаруға тиісті өнім мөлшері.

Негізгі шығындар-өнімді жасайтын технологиялық процесттермен тікелей байланысты шығындар (шикізат, материал, энергия, амортизация, т.б.)

Негізгі қаржы, құрал, қор-өндірістің неізгі қорға деген суранымы өндіріс көлеміне анықталады.

Негізгі қорлар-кәсіпорынның өдіріс құралы мен еңбек құрал жабдықтары. Өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы пайдалынылатын өндіріс құрал – жабдықтары негізгі қорға жатады.

Өнім, бұйым-белгілі бір уақыт ішінде тиісті кәсіпорынның, өнеркәсіп саласының шығарған өнімнің жиынтығы.

Өндіріс қуаты-өндіріс құрал– жабдықтарын аса тиімді пайдаланып, еңбек пен өндірісті дұрыс ұйымдастырғанда белгілі бір саланың, кәсіпорының, цехтің тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі түрін шығарудаң жоғары қабылеттілігі, мүмкіндігі.

Өндіріс циклі, айналымы-еңбек заттарын өнімді әзірлеуден бастап дайын өнім шығарғанға дейін өндіріс процессінде болу мерзімі, уақыты.

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

Амортизация – ғимарат, машина, т.б. ұсталуына, тозуына қарай құнын өтеу үшін ауық-ауық ұстап отыратын жарна.

Аренда – жерді, малды, егістікті, кәсіпорынын, оның бөлімшелерінің, құрлысты, техниканы, үйді, мүлікті уакытшанемесеұзақ мерзімге пайдалану үшін жасалған шарт бйынша белгіленген жағдайда жалдап алады немесе жалға береді. Келісілген аренда ақысын төлейді немесе өнімін береі, жұмыс көлемін, қызметтерді орындап түрал\ды, жерді және басқаны жалдап алу – ол жерді және басқаны пайдалану түрі, шаруашылықты жүргізу үшін алады, береді. Жерді және басқа объектілерді өнім өндіру немесе орындалатын жұмыс көлемін ұлғайту үшін соңғы кезде оларды арендаға беруге рұқсат етіледі.

Еңбек биржасы – бұл жұмысшы күшін, еңбекті алып – сату кезінде жұмысшылар мен кәсіпорындар арасындағы делдалдық қызметті жүйелі атқаратын мемлекеттік мекеме.

Сыртқы сауда – бір елдің, республиканың басқа мемлекетке, республикаға тауар шығаруы (экспорт) немесе оны әкелуі (импорт) арқылы жүзеге асырылатын сауда. Сыртқы сауда экспорт пен импорттан құралады. Белгілі кезінде тауарлар экспорттың құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда балансы деп аталады.

Жүк айналымы – белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері.

Ұдайы өндіріс- өндіріс процесінің үздіксіз қайталанып, жаңғыртылып отырылуы.

Жүк айналымы- белгілі бір мерзім ішінде тасылған жүктің сандық мөлшері.

Демпинг- бәсеке күрес түрлерінің бірі. Негізінен сыртқы рынокторды иелену үшін қолданылады.

Диверсификация- жан-жақты даму. Өндіріс диверсификациясы- бір-бірімен байланысты емес көптеген өндіріс түрлерінің қатар дамып отыруы, өндірілген өнімнің таңдаулы жиынтығының ұлғайып отыруы.

Дивиденд- акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, яғни акция иесінің табысы.

Дотация- өндірілген өнім тиімділігі түрлі себептерден төмендеуі салдарынан кәсіпорындарға белгілі бір шығындарының орнын толтыру үшін мемлекет тарапынан берілетін жәрдем ақы.

Нарық сыйымдылығы- нарықта мүмкіндігінше сатылатын тауар мөлшері. Сұраныстың төлем қабілетіне қарай анықталады.

Заем, қарыз- белгілі шарт бойынша ақшаны қарызға алуды қамтамасыз ететін қаржы операциясы. Белгілі мерзімге дейін алынған ақша, зат.

Импорт – елдің ішкі нарығына шетелден тауар әкелу.

Инвентаризация- мүлікті, ақшаны түгелдеу, мүліктерді тізімге алу. Мүліктің түгелдігін, дұрыс сақталуын және қаржы сметасының, есеп айырысу тәртібінің дұрыс жүргізілуін бақылаудың және меншік пен қоймадағы мүліктің есепке сәйкестігін тексеріп, түгендеп отыру.

Инвестициялық саясат- халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатында ұзақ мерзімді капитал салу. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешу бағытта шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдердің жиынтығы.

Инвестиция- пайда не табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығының саласына: кәсіпорындарға күрделі қаржының, капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы.

Интеграция- кейбір өндіріс бөлімдерінің немесе оның элементтерінің басқа салалармен бірігуі.

Еңбек қарқындылығы- белгілі бір уақыт өлшемі ішінде жұмсалған еңбектің деңгейімен, көлемімен анықталатын еңбек қарқыны.

Өндірісті интенсивтендіру- қоғамдық өндірісті дамыту бағыты, мұнда өнімнің үстеме өсуі, ұлттық табыстың көбеюі ең алдымен сапаның өзгеруінің, еңбек өнімділігінің артуы, материалды үнемдеп пайдалану, өндіріс қорларын және қуатын пайдалануды жақсарту, күрделі қаржы тиімділігін арттыру, өндіріс пен еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру нәтижесінде қалыптасады.

Инфляция- ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы. Елдің айналымдағы қағаз ақшасының шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан оның құнсыздануы, яғни ақша айналымының мейлінше тұрақсыз болуы.

Инфрақұрылым- экономиканың дамуы мен адамдардың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартып қамтамасыз ететін салалардың жиынтығы.

Ипотека- қозғалмайтын мүліктерді кепілге алу арқылы банкілердің ұзақ мерзімге беретін ақшалай қарызы.

Кадастр- уақтылы бір жүйеге келтіріп жасалатын керекті объектілерді бағалау тізімі туралы мәліметтер жиынтығы.

Калькуляция- өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу.
2 Өндірісті ұйымдастыру,жоспарлау және менеджмент пәні бойынша дәрістер жинағы:

Модуль 1. Негізгі өндірісті ұйымдастыру.

Тақырып 1. Кәсіпорын туралы түсінік, түрлері (2 сағат)

Дәріс жоспары:



  1. Кәсіпорын түсінігі, негізгі мақсаты және міндеттері

  2. Кәсіпорынның ішкі және сыртқы орта элементтері

  3. Кәсіпорындардың жіктелуі

  4. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары

Дәріс:

1. Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық жүргізетін бірлік, меншігінде бар еңбек құралдары көмегімен еңбек заттарын өңдеп, тұтынушыларға қажет дайын өнім шығарып, пайда алу мақсатымен оны өткізетін, кәсіби ұйымдасқан еңбек ұжымы. Әр кәсіпорын заңды тұлға ретінде қарастырылады және кәсіпорынды құру келісім шарты негізінде жұмыс істейді.

Заңды тұлғаның негізгі белгілеріне келесі жатады:



  1. Тұлғаның ұйымдық бірлігі болу керек – нақты және толық басқару құрылымы болу керек, кәсіпорын цехтерге, жұмыс орындарға және т.с.с. бөліну керек;

  2. Мүліктік дербестік – бухгалтерлік баланс негізінде;

  3. Мүліктік жауапкершілік – кәсіпорын барлық қарыздары бойынша барлық өз мүлігімен жауап беруге тиіс.

Кәсіпорынның негізгі міндеттері:

  1. Пайда алу және оны өсіру

  2. Жұмыс орындарын және еңбек ақыны қамтамасыз ету

  3. Қоршаған ортаны қорғау, ластамау

  4. Сапалы өнім шығару

  5. Жұмысшыларға қажет жұмыс жағдайларын жасау

  6. Өз қызметін дамыту

2. Кәсіпорынның ішкі ортасына кіретін негізгі элементтер:

А) Өндіріс қорлары

Б) Адамдар

В) Ақпарат

Г) Қаржы

Капитал – қосымша құн әкелетін кез келген құндылық.

Кәсіпорын қорлары – экономикалық және экономикалық емес болып бөлінеді.

Материалдық қорлар.

Капитал, негізгі және айналым.

Жер қорлары.

Энергетикалық қорлар.

Материалдық емес қорлар – өнім өңдіруге қатысатын, бірақ материалдық-заттық формасы жоқ қорлар.

Авторлық құқық.

Патент.


Сауда маркалары.

Бағдарламалар, ноу-хау және т.с.с.

Еңбек қорлары.

Еңбек


Кәсіпкерлік қабілет.

Қаржы қорлары (экономикалық емес) – кәсіпорында бар ақша:



  • өзіндіке – жарғылық капитал, пайда, амортизациялық қор және т.с.с.

  • келтірілген.

  • қарызды.

  • Басқа түсімдер – сақтық төлемдер, мемлекеттік бюджеттен түскен ақша, дивидендтер және с.с.

Кәсіпорынның сыртқы орта элементтері:

А) Мемлекеттік органдар

Б) Кәсіпорындар – бәсекелестер, әріптестер, серіктестер.

В) Тұтынушылар

Г) Кәсіпорын қасында тұратын халық

3. Кәсіпорындардың жіктелуі

Жіктеу факторлары:

1) Қолданылатын қорларына байланысты кәсіпорындар еңбек сіңіргіштігі жоғары, қор сіңіргіштігі жоғары және материал сіңіргіштігі жоғары болып бөлінеді. Еңбек сіңіргіштігі жоғары кәсіпорындарда, көбінесе еңбек бөлінісі дәрежесі өте жоғары. Бөл бөліністің кемшіліктері еңбекті ізгілендіру, еңбек қызметін қызықтыру және топтарда жұмыс істеу тұжырымдамаларын туғызды.

2) Салаға байланысты кәсіпорындар келесі түрде бөлінеді: кен өңдіру, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауыл шаруашылық, сауда, транспорт, байланыс, құрылыс кәсіпорындары, қаржы мекемелері.

3) Орналасуына қарай. Орналасу жерін таңдау белгілері:

а) материалдар шығындары (транспорттау шығындарын азайту)

б) еңбек шығындары (еңбек қорларының жеткіліктілігі, еңбек күші бағасы)

в) тауарларды сату шығындары және салықтар деңгейі

г) транспорттық құралдар жеткіліктілігі

д) энергия шығындары

е) қоршаған орта жағдайына қарай

ж) тұтынушылар жеткіліктілігіне

з) жергілікті жердің ерекшеліктеріне қарай (ландшафтысы, климаты және с.с.)

и) шетел әріптестерімен байланысуына қарай

4) кәсіпорын өлшеміне қарай ірі, орташа, шағын кәсіпорындар болады. Ол үшін жұмысшылардың саны, жылдық айналымы, негізге қаржы мөлшері, жұмыс орындарының саны, бастапқы материалдардың қолданылуы есебке алынады.

5) меншік формасына қарай жеке, мемлекеттік, ұжымды кәсіпорындар болады.

6) ұйымдастырушылық-құқықтық формасына қарай

4. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары.

  1. Шаруашылық серіктестіктер.

Шаруашылық серіктестіктер – белгілі бір мақсаттарға жету мақсатымен кәсіпкерлердің бірігуін айтады. Екі не одан көп қатусышысы болу керек. Табыс енгізген капитал үлесіне сәйкес бөлінеді. Барлық серіктестер ұйымның жұмысына міндетті түрде қатысу керек. Жалданды еңбек қолдана алады. Екі түрі бар:

1)Толық серіктестік. Оның мүшелері кәсіпорын қарыздары үшін бүкіл мүлігімен жауап беруге тиіс. Сондықтан да бұл ең сенімді ұйымның түрі. Әр серіктес ұйым атынан басқалардың келісімінсіз қызмет ете алады.

2)Коммандитті серіктестіктер. Мұнда толық серіктестермен бірге жай салымшылар коммандитисттер бола алады. Коммандитисттер компанияны басқаруға қатыспайды, тек енгізген капиталдан процент түрінде пайда алады.

2.Шаруашылық қоғамдар.

Шаруашылық қоғам – коммерциялық мақсаттарға байланысты капиталдардың бірігуі. Міндетті түрде жарғысы және құрылтай келісім шарты болу керек. Қоғамның жұмысына қатыспауға да болады. Түрлері:

  1. ЖШҚ – Жауапкершілігі шектелген қоғамдар: Мүшелердің жауапкершілігі олардың салымдар мөлшерімен ғана шектелген. Қатысушылар саны шектелмеген. Ең сенімсіз кәсіпорын формасы.

  2. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам: мүшелері қоғам қарыздары бойынша бүкіл мүлігімен өз салым үлесіне пропорционалды жауап береді.

  3. АҚ: Жарғылық капитал бірдей үлестерге – акцияларға бөлінеді. Түрлері:

  4. ЖАҚ: Акциялар акционерлердің көпшілігі берген рұқсатымен ғана сатылады. Қоғам мүшелері арасында ғана қолданылады.

  5. ААҚ: акциялар еркін сатылады.
3.Өндірістік кооперативтер

– бұл бірлескен өндірістік және шаруашылық қызмет жүргізу мақсатымен адамдардың бірігуі. Әр құрылтайшы кооператив жұмысына тікелей еңбек ету қажет. Жалданды еңбек қолдануға тыйым салынады. Табыс істеген еңбек үлесіне қарай бөлінеді. Жауапкершілік – берген салым (пай) мөлшерінде.
4.Унитарлы кәсіпорын.

Мұнда мүлікке меншік құқығы болмайды, барлық қызметкерлер жалданды болады.

Екі түрі бар:

Шаруашылық жүргізу құқығы бар: кәсіпорын қарыздары бойынша мемлекет жауап береді.

Оперативты басқару құқығы бар: (қазыналық кәсіпорындар) тек мемлекет ие болады (мысалы қорғаныс өнеркәсібі).

Кәсіпорындар ұйымдарға біріге алады:

Ұйымдардың келесі түрлері болады:

Корпорация – акционерлік қоғам, жалпы мақсаттарға жету үшін бірнеше кәсіпорындардың бірігуі, кіретін кәсіпорын қарыздары үшін жауап береді.

Концерн – келісімдік монополиялық бірлестік, шоғырландыру, кооперациялау, мамандану және интеграциялау артықшылықтарын қолданады. Ең ірі кәсіпорын түрі.

Консорциум – ірі экономикалық бағдарламаны орындау үшін кәсіпорындардың уақытша бірігуі.

Картель – нарықтарды бөлу, баға деңгейі, өнім өңдіру үлесі, төлем жасау мерзімдері және т.б. бойынша жасалынған келісім.

Трест – кәсіпорындар өз дербестігінен толығымен айрылады, бір орталыққа бағынады.

Синдикат – жабдықтау және өткізу сұрақтары бойынша қызметті жетілдіру мақсатымен ерікті түрде бірігу түрі.

Холдинг – акционерлік қоғам түрі, өз капиталын басқа компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алу үшін қолданады және оларға басқару жүргізеді.

Қаржылы-өнеркәсіптік топтар – ірі инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мақсатымен өз активтерін біріккен заңды тұлғалар жиынтығы.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

    1. Кәсіпорын дегеніміз не? Оның негізгі міндеттеріне не жатады?

    2. Кәсіпорының ішкі ортасына кіретін негізгі құрамдас элементтер?

    3. Кәсіпорынның сыртқы ортасы элементтері?

    4. Кәсіпорындардың жіктелуін атаңыз.

    5. Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары: серіктестіктер, қоғамдар, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, кооперативтер, бизнестың басқа формалары

    6. Кәсіпорынның заң алдындағы міндеттемелері және құқықтары.

    7. Кәсіпорындарды тіркеу тәртібін сипаттаңыз.

Әдебиет

1. ҚР-ның «Кәсіпорындар туралы» заңы:

2. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 59-71 б

3. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 5-15, 37-58 б.

4. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2000 г., 75-111 б

5. Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2001 г., 11-35,42-72 бб.

6. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 4-12 б

Тақырып 2. Кәсіпорын қызметін болжау және жоспарлау (2сабақ)

Дәріс жоспары:

1.Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау мен болжау жұмыстарына сипаттама беру.

2.Жоспарлаудың әдістемелік негіздері.

3.Жоспарлау көрсеткіштері.

4.Кәсіпорынды дамыту жоспары.

Дәріс:

1. Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау мен болжау жұмыстарына сипаттама беру. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің тиімділігі олардың болашағын қаншалықты анық көре білуіне, яғни болжауға байланысты. Болжау-болашаққа көзқарас,дамудың мүмкін жолын бағалау. Белгілі бір мақсатқа жету үшін жасалынған әрекеттің реттелген үлгісін жоспар деп атайды. Жоспарлау-жаңа мүмкіндіктер арқылы мақсатты әрекеттерді біріктіру арқылы жаңа жол мен әдістерді іздеудің үздіксіз процесі. Жоспарлау менеджменттің алғашқы функциясы:жоспарлау-ұйымдастыру-басқару-тексеру. Жоспарлау процессіндегі кезеңдер:

1)мақсатты қалыптастыру

2)қойылған мақсатқа жету тәсілдерін таңдау,талдау,бағалау

3)қажет әрекет тізімін құрастыру

4)жұмыс бағдарламасын құрастыру

5)ресурстарды талдау

6)жасалған жоспар вариантын талдау

7)әрекет жоспарын дайындау

8)жоспардың орындалуын қадағалау.

Жоспарлаудың принциптері:

1)жоспарлауға барлық қызметкерлерді қатыстыру. Мұндай жоспардың 2 түрі бар:дирекативті (жоғардан төмен) және индикативті (төменнен жоғары).1-де кәсіпорын мақсаты мен міндеттері анықталады. Мұнан кейін бұл көрсеткіштер бөлімше жоспарларында көрсетіледі. Төменнен басталатын әдіс керісінше, көрсеткіштерді бөлімшелер жасап, сонан кейін біріктіріледі.

2)жоспар үздіксіз болуы керек,сыртқы және ішкі өзгерістерге байланысты түзетулер мен толықтырулар жасау.

3)үйлестік және интеграциялық,жоспардың жеке бөлімдері өзара байланысуы қажет және кәсіпорын бөлімшелерінің іс әрекеттері бір-бірімен үйлесімді, олардың бір-біріне тәуелділгін көрсетіп жоспарлау.

Уақыт мерзімі бойынша жоспарлау түрлері: болашақтық, ағымдық және оперативті-өндірістік. Болашақты жоспарлау болжауға негізделеді, оны стратегиялық жоспарлау деп те атайды. Ұзақ (10-15 жыл) және орта мерзімді (5 жыл) жоспарлауға бөлінеді.

Ағымдағы(жылдық) жоспарлау бес жылдық жоспар негізінде жасалады, оның көрсеткіштерін нақтылайды.

Оперативті-өндірістік жоспарлау жылдық жоспардың міндеттерін қысқа уақыт ішінде (ай, онкүн, ауысым, сағат) жекелеген өндіріс бөлімшелерінде: цех-аймақ-жұмыс орны нақтылайды.

Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары жатады.

2.Жоспарлаудың әдістемелік негіздері.

Кәсіпорынның даму жоспарын жасау кезінде жоспарлау әдістемесін, яғни жоспарды жасаудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын әрі қарай жетілдірудің маңызы зор.

Жоспарлау әдістемесінің негізгі бағыттары:

-жоспарларды ғылыми-техникалық және есепті-экономикалық негіздеуді арттыру

-озық техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер қолдану.

Норма-белгіленген сапамен өнім дайындауға жұмсалған шикізат, материал, отын, энергия т.б. шығындарының максимальды босатылған мөлшері. Норматив- салыстырмалы шама. Ол еңбек заттарының, еңбек құралдарының қолданылу деңгейін, олардың аудан, салмақ ,көлем бірлігіне жұмсалған шығын көлемін көрсетеді. (мысалы,қор қайтымдылығы-негізгі қорлардың 1 теңгесіне өнім шығару) .

Қолданылатын техникалық нормалар мен нормативтер озық болуы қажет, яғни оларды жасау кезінде ғылым, техниканың, технологияның, өндірісті ұйымдастырудың қазіргі даму деңгейі есепке алынуы керек. Өндірістік қуат толық пайдаланылуы және алдыңғы өндірістік тәжірибе қолданылуы тиіс.

Техникалық нормалар мен нормативтер келесі негізгі топтар бойынша жасалады:

1) тірі еңбек шығындарының нормалары (өнім бірлігіне жұмсалған жұмыс уақытының шығындарының нормалары, уақыт бірлігіндегі өнім өндіру нормалары, қызмет көрсету нормалары, адамдар санының нормативтері).

2) материалдық шығындардың нормалары (шикізаттың, материалдың, отынның, энергияның үлестік шығын нормалары).

3) еңбек құралдарын пайдалану нормативтері (машиналарды, жабдықтарды, механизмдерді, құрылғыларды, құралдарды пайдалану нормативтері).

4) өндіріс процесін ұйымдастыру нормативтері (өндірістік цикл ұзақтығы, аяқталмаған өндіріс көлемі, шикізат, материалдар, отын запастары).

Нормалар мен нормативтердің әр топтарының міндеттері әр түрлі. Тірі еңбек шығындарының нормалары еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытын пайдалануды, еңбек ақы мөлшерін бекітуді анықтау үшін қажет. Материалдық ресурстардың үлестік шығын нормаларының және өндірістік бағдарлама негізінде материалдық ресурстардың жекелеген түрлерінің қажетті саны анықталады. Еңбек құралдарын пайдалану нормативтері өндірістік қуатты пайдалану деңгейін есептеуге көмектеседі. Нормалар мен нормативтер негізінде өнімнің өзіндік құны анықталады.

3. Жоспарлау көрсеткіштері.

Жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштер сандық және сапалық көрсеткіштерге бөлінеді. Сандық көрсеткіштер абсолютті шамалар. Оларға тауар өнім, жалпы өнім көлемі, өткізу көлемі, жұмысшы саны, қызметкер саны, еңбек ақы қоры, пайда сомасы және әр түрлі өндірістік ресурстардың шығын мөлшері т.б. жатады. Сапалық көрсеткіштер-салыстырмалы шамалар болып табылады. Олар өндірістің экономикалық тиімділігін, жекелеген факторларды көрсетеді. Бұл еңбек өнімділігінің өсуі, өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, өндірістің рентабелдігі, қор қайтымдылығы, өнім сапасы.

Өнеркәсіп жоспарының көрсеткіштерін есептеу үшін натуралдық, еңбектік және құндық көрсеткіштер қолданылады.

Натуралдық көрсеткіштер өндіріс көлемін, материалдық қорларды жоспарлағанда қолданылады.

Еңбектік көрсеткіштер еңбек өнімділігін, еңбек ақы мөлшерін есептеу үшін, өнім өндіру нормасын анықтау үшін қолданылады.

Құндық көрсеткіштер көмегімен өндірістің даму көрсеткіштері анықталады. Өнімді өткізу көлемі, тауар және жалпы өнім көлемі жоспарланады.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Болжау мен жоспарлау түсінігі

2. Жоспарлау процессіндегі кезеңдер

3. Жоспарлаудың принциптері

4. Уақыт мерзімі бойынша жоспарлау түрлері

5. Норма мен норматив түсінігі

6. Жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштер

7. Кәсіпорынның даму жоспары



Әдебиет

1. Шмален Г. Основы и проблемы экономики предприятия/ под ред. А.Г. Поршнева, М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 398-416 б

2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 246-267 б.

3. Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 2002 г., 234-276 б

Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 2000 г., 180-208 б.

4. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым»,

2002 ж., 54-68 б

5. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер

жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 46-48, 55-56 б.
Тақырып 3. Еңбекті және еңбек ақыны жоспарлау (2сағат)

Дәріс жоспары:

1. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы

2. Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері

3. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері

4. Еңбек ақының экономикалық мағынасы

5. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет