«Интербелсенді оқыту негізінде бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалім келбеті» тақырыбындағы



бет5/14
Дата23.02.2024
өлшемі54.83 Kb.
#493053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Интербелсенді оқыту сабақта қолдану

Белсенді әдіс – сабақ барысында мұғалім мен оқушының белсенді өзара әрекет формасы негізінде анықталып, оқушы тыңдаушы емес, белсенді қатысушы роліне еніп, мұғаліммен бірдей деңгейде сабаққа ат салысады.
3-топ: Интербелсенді әдістер тұлғаның ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаздық пен шығармашылыққа негізделген тапсырмалар.
Белсенді әдіс пен интербелсенді әдіс арасында айырмашылық бар. Интербелсенді әдіс белсенді әдіске қарағанда ауқымы кеңдеу, бұл әдіс тек қана мұғалім мен оқушы арасында белсенділікке құрылмай, оқушы мен оқушы арасындағы өзара пікірталасқа, ой бөлісуге, өзара бірлесіп негізгі мәселелерді шешуге бағытталған. Интербелсенді әдіске негізделген сабақта оқушылар сабақ мақсатын шешуге бағыт беріп отыру, ал оның белсенді орындаушылары оқушылар. Интербелсенді әдісті төмендегі сызбаға негіздеуге болады.







4-топ: Әдіс-тәсілдерді талқылап, басқа топтарға түсіндіру. Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Интербелсенді әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы себебі қазіргі қоғам талабына сай, тұлғаның ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде, жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, шығармашыл тұлғасын қалыптастыру қажет. Жалпы, жаңарған оқыту құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттеріне, рухани дамуына, олардың өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына бағытталған, көпвариантты және икемді болуы қажет. Интербелсенді оқыту әдістеріне жұптық және топтық жұмыс түрлері: ротация, тыңдайтын үштік, екеуі үйде, үшеуі қонақта, аяқталмаған сөйлем, есептеу ағашы, өз атынан сот, азаматтық тыңдау, іскерлік ойын, өз позицияңды ұстан, жигсо, екі жақты күнделік, дискуссия, дебаттар т.с.с, сондай-ақ, құрылғылар ойлап табу мен жобалар әзірлеу. Интербелсенді оқыту әдістерінің аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, шағын топтарда жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.(әдістер жинағы беріледі)
5-топ: берілген кейстер (слайдтар) бойынша жұмыс жүргізеді. Соңында «Сабақ барысында берілген тақырыптарды меңгерту кезінде сіз қандай әдісті қолданып, қалай өткізер едіңіз?» деген сұрақтарға өздері мысалдар ойлап тауып, жағдаятты бірлесіп шешуі көзделеді.
Бұл тапсырмаларды орындату кезінде оқу пирамидасына сәйкес өзара білім беру мен құрдастар тобыныңы өзара түсіндіруі білімді 90% игертуге мүмкін екендігі басшылыққа алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет