Интернет негіздері” пәні бойынша 050111 “Информатика” мамандығының



бет3/5
Дата24.04.2016
өлшемі1.33 Mb.
#78945
1   2   3   4   5

Кездейсоқ ену әдісінің мәні төмеңдегіде. Ethernet желісіндегі компьютер желі бос болғанда ғана, яғни желідегі басқа компью­тер осы мезетте алмасуға қатыспаған жағдайда деректерді жібере алады. Сондықтан Ethernet технологиясының маңызды бөлігі – ор­таның бостығын анықтау процедурасы.

Желінің бостығына көзі жеткен компьютер, берілісті бастай­ды және ортаны "басып алады". Бір түйіннің бөлінген ортаны же­ке пайдалану уақыты бір кадрді жіберуге қажетті уақытпен шек­теледі. Кадр дегеніміз - Ethernet желісіндегі компьютердің дерек­тер алмасу бірлігі. Кадрдың нақты форматы бар және деректер өрісімен қатар жіберуші мен қабылдаушының адрестері сияқгы әртүрлі қызметші ақпаратты сақтайды. Ethernet желісінде кадр бөлінген деректердің беріліс ортасына түскен кезден бастап бар­лық желілік адаптерлер бір мезетте ол кадрды қабылдауға кірісе­ді. Барлығы кадрдің бастапқы өрістерінің бірінде орналасқан та­ғайындалған адресті талдайды, егер ол адрес өз адрестерімен дәл келсе, онда кадр желілік адаптердің ішкі буферіне жайғастырыла­ды. Сонымен, компьютер-адресат өзіне арналған деректерді ала­ды.

Кейбір кезде желідегі екі немесе одан да көп компьютер бір мезгілде желіні бос деп ойлап, деректерді жіберуді бастайтын жа­ғдайлар да болады. Мұндай жағдайды коллизия деп атайды, ол де­ректердің дұрыс жіберілуіне кедергі жасайды. Ethernet стандар­тында коллизияларды тауып дұрыс өңдеу алгоритмі қарастырыл­ған. Коллизияның пайда болу ықтималдылығы желілік трафиктің қарқындылығына байланысты.

Коллизияны тапқаннан кейін, өз кадрларын жіберуге тырыс­қан желілік адаптерлер берілісті тоқтатып, кездейсоқ ұзілістен соң берілісті қайтадан қалпына келтіреді, коллизияны тудырған кадрды қайталап жібереді.

Ethernet желісінің кең таралуына жол ашқан негізгі артық­шы­лы­ғы - оның үнемділігінде. Желіні құру үшін әрбір компью­терге бір-бірден желілік адаптер және коаксиал кабельдің керекті ұзындықты физикалық сегменті болса жеткілікті. Мұнымен қатар Ethernet желілерінде ортаға енудің, адрестеудің және деректер бе­рілісінің қарапайым алгоритмдері орындалған. Желі жұмысының логикасының қарапайымдылығы оның жеңілдетуіне, соған сәйкес желілік адаптерлер мен олардың драйверінің арзандауына әкеле­ді. Осыған байланысты Ethernet желісінің адаптерлерінің сенімді­лігі жоғары. Ethernet желісінің тағы бір тамаша қасиеті - оның же­ңіл ұзаруында, яғни желіге қосымша түйіндерді жеңіл қосуға бо­ла­тындығында.

Ethernet желісі кабельдер мен топологиялардың әртүрін пай­даланады. Ethernet желісінің төрт түрлі топологиясын қарастыра­мыз.

1. 1990 жылы 10BaseT шиыршықталған жұбы негізінде Eth­er­net желісін құруға арналған 802.3 спецификациясы жарияланды (10 - беріліс жылдамдығы 10 Мбит/с, Base -таржолақгы, Т – ши­ыр­шықталған жұп). Осындай типті көптеген желілер жұлдызша­ның негізінде құрылады, бірақ сигналдарды жіберу жүйесі бой­ын­ша шинаға ұқсас келеді. Әдетте желінің концентраторы 10Ba­seT көппортты репитер сияқты қызмет атқарады. Әрбір компью­тер кабельдің концентратор қосылған ұшына бекиді және сым­ның екі жұбын пайдаланады: біреуі -қабылдау үшін, екіншісі -жіберу үшін. 10BaseT сегментінің максималды ұзындығы -100 м. Кабельдің минималды ұзындыгы - 2,5 м. 10BaseT ЖЕЖ 1024 компьютерге қызмет көрсете алады.

2. 10Base2 (10 - беріліс жылдамдығы, 10 Мбит/с, Base - тар­жолақты, 2-100 метрден екі есе артық қашықтыққа беріліс).

Бұл типті желі жіңішке коаксиал кабелге негізделген, мини­малды ұзындығы 0,5 м. Компьютерлердің максималды саны — 30. Жіңішке Ethernet желісі кішігірім жұмыс топтары мен бөлім­дер үшін үнемді болып табылады. Желі ең көп дегенде төрт ре­питермен қосылған кабельдің бес сегментінен тұруы мүмкін, бі­рақ тек үш сегментке ғана жұмыс станцаларын қосуға болады. Сонымен екі сегмент репитерге арналады, оларды репитор ара­лық байланыстар деп атайды. Мұндай конфигурация 5-4-3 ере­жесімен белгілі.

3. 10Base5 (10 - беріліс жылдамдығы 10 Мбит/с, Base - тар­жо­лақты, 5 -әрқайсысы 500 метрден бес сегмент) – бұл стандартты Ethernet. Желілер жуан коаксиал кабель негізінде (жүан Ethernet) көбінесе «шина» топологиясын қолданады. Жуан Ethernet маги­стральды сегментте 100 түйінге дейін қолдай алады. Магистраль­ды сегмент (магистраль) - жұмыс станцалары мен репитерлар қо­сылған трансиверді біріктіретін бас кабель.

4. l00BaseX (100 - беріліс жылдамдығы 100 Мбит/с, Base - таржолақты, X - кеңейтілуі) - қазіргі бар Ethernet стандартының кеңейтілуі.
UTP-ның 5 - категориясының негізінде құрылған, ену әдісі - CSMA/CD және барлық кабельдер концентраторға қосылған «жүлдызша-шина» топологиясын пайдаланады.



Тесттер

1. Телефон байланысында пайдаланылатын аналогтық жолдар (стан­дарт­ты сөз арналары) басқаша коммутациялайтын жолдар деп те атайды.

а) Иә.


б) Жоқ.

2. Бағыттауыш кестесі әртүрлі адрестерге арналған кең таралған хабар­ламаларды қолдайды.

а) Иә.

б) Жоқ.


3. Көпірлер мен бағыттауыштардың маңызды айырмашылығы, бағыт­тау­ыштың көптеген бағыттардың ішінен тиімді жолды таңдауға мүмкін­дігі бар.

а) Иә.

б) Жоқ.

4. Сөздік коммутациялаушы телефон байланысы компьютерлерге енуді қамтамасыз ету үшін синхронды модемдерді қолданады.



а) Иә.

б) Жоқ.


5. Сөйлемді аяқтаңыз: TCP/IP пакеті ______

а) деректерді қосылыссыз жіберуге арналған хаттама

б) TCP/IP - тұйінді бір мағыналы анықтайтын сан

в) ІР-адрес бойынша аппараттық ад­ресті анықтайтын хаттама

г) Бір желіден екіншісіне дейтграмма­лар­ды жіберетін және қосылысты ор­на­татын хаттама

д) Процестер арасындағы сенімді, ті­келей қосылысты қамтамасыз ететін хаттама


6. Сөйлемді аяқтаңыз: IP хаттамасы _______

а) деректерді қосылыссыз жіберуге арналған хаттама

б) TCP/IP - тұйінді бір мағыналы анықтайтын сан

в) ІР-адрес бойынша аппараттық ад­ресті анықтайтын хаттама

г) Аппараттық адрес бойынша ІР-адресті анықгайтын хаттама

д) Процестер арасындағы сенімді, ті­келей қосылысты қамтамасыз ететін хаттама

7. Сөйлемді аяқтаңыз: IP-адрес ________

а) деректерді қосылыссыз жіберуге арналған хаттама

б) Төртдеңгейлі үлгіні қолдайтын және бірігіп жұмыс істейтін хаттамалар тобы

в) ІР-адрес бойынша аппараттық ад­ресті анықтайтын хаттама

г) Бір желіден екіншісіне дейтграмма­лар­ды жіберетін және қосылысты ор­на­татын хаттама

д) Процестер арасындағы сенімді, ті­келей қосылысты қамтамасыз ететін хаттама

8. Сөйлемді аяқтаңыз: TCP хаттамасы _____

а) деректерді қосылыссыз жіберуге арналған хаттама

б) TCP/IP - тұйінді бір мағыналы анықтайтын сан

в) ІР-адрес бойынша аппараттық ад­ресті анықтайтын хаттама

г) Бір желіден екіншісіне дейтграмма­лар­ды жіберетін және қосылысты ор­на­татын хаттама

д) Процестер арасындағы сенімді, ті­келей қосылысты қамтамасыз ететін хаттама

9. Сөйлемді аяқтаңыз: ARP хаттамасы _____

а) деректерді қосылыссыз жіберуге арналған хаттама

б) TCP/IP - тұйінді бір мағыналы анықтайтын сан

в) ІР-адрес бойынша аппараттық ад­ресті анықтайтын хаттама

г) Бір желіден екіншісіне дейтграмма­лар­ды жіберетін және қосылысты ор­на­татын хаттама

д) Процестер арасындағы сенімді, ті­келей қосылысты қамтамасыз ететін хаттама

10. Сөйлемді аяқтаңыз: UDP хаттамасы _____

а) деректерді қосылыссыз жіберуге арналған хаттама

б) TCP/IP - тұйінді бір мағыналы анықтайтын сан

в) ІР-адрес бойынша аппараттық ад­ресті анықтайтын хаттама

г) Бір желіден екіншісіне дейтграмма­лар­ды жіберетін және қосылысты ор­на­татын хаттама

д) Процестер арасындағы сенімді, ті­келей қосылысты қамтамасыз ететін хаттама


Екінші аралық бақылау



1.

Интернеттің негізгі түсініктері.

1. Интернетке қосылу

2. Web-парақтарды кэштау.

3. Прокси-сервер



8 апта
3 б

Б


2.

Web- броузерлер

1. Web- броузер

2. Кэштеу процесін оптимизациялау арқылы жылдамдату.


9 апта
3 б

Б

3

Web- бетті ашу және көру

1. Интернеттің іздеу технологиялары.

2. Web-тен іздеу

3. Индекстелген каталогтер

4. Сілтемелердің тематикалық жинағы


10 апта
4 б

Б

4

Компьютер тармақтары туралы негізгі мәлімет

1. Индексті құру

2. Индекс арқылы іздеу


11 апта
3 б

Т

5

Компьютер тармақтарының негізгі түрлері

1. File Transfer Protocol – FTP

2. FTP-серверлер

3. FTP-командалар



12 апта
3 б

Гл

6

Internet архитектурасы түзілісінің иерархиялық негіздері

1. Internet глобал тармақ

2. Логик схемасы

3. Тармақ



13 апта
4 б

Б

7

Интернет қызметтері, сервелері және қызмет көрсетушілері, түсініктері және олардың класификациясы.

1. Web-тен іздеу

2. Индекстелген каталогтер


14 апта
3 б

Т

8

Интернет “Клиент-Серверлер” моделі негізінде сервис пайда қылу принціптері.

15 апта

-



ОБСӨЖ 8. Интернеттің негізгі түсініктері, интернетке қосылу

8-апта. Бағалау балы – 3

1. Интернетке қосылу

2. Web-парақтарды кэштау.

3. Прокси-сервер


Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет:

Компьютерді бүкіл әлемдік желінің бір торабына жалғау;

IP адресті алу (Интернетке қосылған адамның тораптық адресі );

 Таңдап алынған интернет қызмет түрінің программа – клиентін орнату және баптау.

Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер интернет қызметін қоюшылар (сервис провайдерлер ) деп аталады. Жоғарыда айтылған қызметті келісім шарт бойынша провайдерлер атқарады.

Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық. Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі (кабельдік,радиоарналық, спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметерді Зіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелермен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.

Ал коммутаторлық байланыс –– уақытша байланыс түрі. Аз көлемді ақпарат алу үшін коммутаторлық байланыс орнатса жеткілікті.Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.

Телефон сымдары тек дыбыс жиілігіндегі сигналдарды жіберуге арналған. Сондықтан олар арқылы сандық мәліметтер жіберу үшін компьютерге арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп (модуляцияланып )торапқа түседі және керісінше.

Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады.Ішкі модемдер аналық тақташаға орнатылады.

Басқа құрылғылар сияқты модемдер де програмалық орнатуды қажет етеді. Windows 98 операциялық жүйесінде оны Іске қосу →Баптау →Басқару тақтасы→Жабдықтарды орнату (Пуск→настройка→Панель управления→Установка оборудования)құралының көмегімен орнатады.

Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу

Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін желіге қашықтан қатынау программасын баптау қажет (Менің компьютерім →Желіге қашықтан қатынау→Жаңа байланыс (Мой компьютер→Удаленный доступ к сети→Новое соединение)).

Программаны баптау кезінде интернет қызметін қоюшы мынандай мәліметтерді алдын ала енгізіп қою керек:

Байланыс жүргізілетін телефонның номері;

Қолданушының аты (Login)

паролі (password)

сервердің адресі.

Web-парақтарды кэштау.

Егер сервер үлкен жойылуда болса, Интернетке шығу жылдамдығы төмен болса немесе қайта қосылу режимінде жұмыс істесе, көбнесе ақпарат кешіктіріліп беріледі. Бұл кезде қосылуды жылдамдату сұрағы туындайды. Осы сұрақты шешудің бір жолы, мәліметтерді жойылған серверлерден бірнеше рет алуға болмауында. Web навигациясы кезінде көбінесе кітаптағындай “парақты артқа парақтау” сияқты, яғни параққа қайта қосылу қажеттілігі туындайды. Браузерде Артқа пернесін басып, алдында көріп өткен параққа қайта оралғанда, оны серверден қайта алудың мағынасы жоқ екені анық. Сондықтан көріп өткен құжатты компьютердің дискінің арнайы буферлік аймағында (кэште) сақтаса, қолданушы ссылкамен қайта оралғысы келген жағдайда тез ашып көруге мүмкіндігі болады. Қазіргі заманға сай браузерлер дәл осылай істейді. Мәселен сіз парақтарды 1-2-3 кезегімен қарап, 3-ші парақ 4-ге ссылкасы бар деп ойлайық. Осы жағдайда 3-ші парақтан 4-ге өтумен (Жүйеден жүктеу) салыстырғанда 2-ге өту тез (кэштан жүктеу) орындалады.

Қазіргі заманға сай браузерлерде (Internet Explorer және Netscape Navigator) кэштелген құжаттарды сақтау үшін папканың көлемін өзгерту мүмкіндігі бар.



Прокси-сервер

Кэштеу технологиясында өзінің шектеулері бар. Мысалы, сіз және сіздің әріптесіңіз Интернетке бір провайдер арқылы қосылған болсаңыз. Бір кезде сіз, алдында сіздің әріптесіңіз алған құжатты сол провайдердің каналынан сұрайсыз. Жүйеден қайта-қайта бір құжатты сұрау дұрыс емес. Мәліметтерді сервер провайдер деңгейінде кэштау дұрыс.

Бұл мәселені шешу провайдерлер прокси-серверге (ағылшынның proxy-орынбасар деген сөзінен) жүктейді. Прокси-сервер – бұл қауіпсіздікті, әкімшілік бақылауды және кэштау функцияларын жоғарылатуға мүмкіндік беретін, қолданушының жұмыс станциясы мен Интернет арасындағы посредник ролін атқаратын сервер.

Прокси-сервер қолданушыдан қандай да бір интернет-сервисті орындауға сұраныс алады, мысалы, web-парақты көріп өтуге сұраныс. Егер прокси кэштау функциясын орындаса, ол сервердің локалді кэшінда сұрап отырған парақтың жоқтығын қарайды. Егер бұл парақ бар болса, ол қолданушыға сұраныс Интернетке берілмей қайтарылады. Ал, егер кэшта бұл парақ болмаса, прокси-сервер клиент ролінде қолданушының атынан, өзінің IP-адресін қолданып, Интернеттен керек параққа сұраныс жібереді. Парақ қайта оралғанда, прокси-сервер оны қолданушыға жібереді. Прокси-сервердің кэштау функциясы Интернетпен жұмысты едәуір жылдамдата алады жене жүйелік трафиктің көлемін азайта алады. Web-парақтарды кэштеу Жүйенің жұмысын жақсартудың бір жолы болып табылады, себебі ол web-түйіннің уақытты бұзылыстарын компенсирует.

Әдетте, прокси-сервер программасы жұмыс істейтін компьютерде едәуір дисктік аула бөлінеді. Үлкен провайдерлар құжаттарды кэштеуге ондаған және жүздеген гигабайт память бөле алады.

Осылайша, үнемі ізделіп отыратын құжат тек құжатты шығарушының серверінде ғана сақталып қоймай, сонымен қатар “қолданушыға жақынырақ”, провайдер прокси-серверінде немесе қолданушының өз компьютерінде сақтала алатындықтан, іздеген құжаттарды тез көре алу мүмкіндігі бар.

Біз мыңдаған клиенттері бар провайдерлар жөнінде айтқана, жүйедегі құжаттардың белгілі бір бөлігін ғана сұрайтынын айтып өткен жөн. Мыңдаған клиенттермен жұмыс істейтін үлкен ISP-дің прокси-сервері, сұраныстардың 50%-ға жуығын өз дискінен орындайды. Әдетте ISP сервері регионның басқа интернет провайдерлардың серверлерімен байланысты. Сондықтан, егер клиентті қызықтырып отырған құжат провайдердің прокси-сервер кэшінде табылмаса, ол басқа прокси-серверлерде табылуы мүмкін. Осылайша, кэш-ауласындағы қолданушылардың көлемі көп есе көбейеді. Кэштейтін прокси-серверлерді тек ISP-провайдерлер ғана емес, сонымен қатар жүйеге деген нагрузканы азайтқысы келетін және сұраныстарды оптимально обрабатывать үшін ірі компаниялар орната алады.
Бақылау сұрақтары
Интернет физикалық структураларын айтып беріңіз.

Интернет логик структура элементтері нені білдіреді.

Интернет программа структура элементтері нені қамтамассыз етеді.

Глобал тармақтарда қандай мәліметтерді ұзату тәсілдері бар.

Мәліметтерді ұзатудағы басқару системаларының түрлері қандай.

Интернетте қандай адрестеу системалары бар.



ОБСӨЖ 9. Web- броузерлер

9-апта. Бағалау балы – 3
1. Web- броузер

2. Кэштеу процесін оптимизациялау арқылы жылдамдату.


Интернеттің құжаттары электрондық түрде бейнеленді.Құжаттың авторы құжат бейнеленетін компьютердің мүмкіншіліктерінен бейхабар болады. Сондықтан HTML тілі құжатты пішімдеуді қамтамасыз етіп қана қоймай,оның логикалық құрылымын анықтап береді.Құжатты нақты бір компьютерде пішімдеу мен бейнелеу броузерлердің көмегімен жүзеге асырылады.

Броузерлердің негізгі атқаратын қызметі:

 Құжат сақталған Web-сервермен байланыс орнату;

 Броузер жұмыс атқаратын компьютерлердің мүмкіншіліктерін ескере отырып web-беттерді пішімдеу мен бейнелеу ;

 web-беттердің құрамына кіретін мультимедиялық және басқада объектілерді бейнелеуге арналған құралдарды ұсыну;

web-беттерді іздестіруді жеделдету мен бұрын ашылған web беттерге қатнауды ықшамдыстыру;

 Интернеттің басқа қызмет түрлерімен жұмыс істеуге арналған дербес құралдарды ұсыну.

Интернет жағынан World Wide Web қызметі жұмысын серверлік программалық құралдар –Web –серверлер қамтамасыз етеді.Қолданушы жағынан бұл қызметті клиенттік программалар –web –броузерлер атқарады.Ең көп тараған броузерлер –– Internet Explorer, Netscape Navigator,Opera.Барлық броузерлердің функциялары біреу ғана, бірақ Microsoft Internet Explorer 5.0 броузерінің басқалардан ерекшелігі, ол Windows 98 операциялық жүйесімен бірге қойылады, және оның бөлінбейтін компаненті болып табылады.

Internet Explorer броузерін іске қосу үшін

Іске қосу →Программмалар → Internet Explorer (Пуск →Программы → Internet Explorer ) командасын орындау қажет.

Егер интернетпен байланыс жоқ болса,эранда байланыс орнатудыбасқару сұқбат терезесі пайда болады.Байланыс орнату мүмкін емес жағдайда,бұрынғы жүктелген web құжаттарды көру мүмкіндігі сақталады.

Егер байланыс бар болса, онда программа баптауы бойынша таңдалынған бастапқы бет экранда пайда болады.

Кэштеу процесін оптимизациялау арқылы жылдамдату.

Мәліметтерді кэштеу кезінде Web-парақтарды жүктеуді жылдамдатуды айтқанда 3 бағытты белгілеп өткен жөн:

IP-мекендерді кэштеу;

Локалді компьютерде дискті кэшті оптимизациялау;

Упреждающее чтение.

Әр бағыттың неден құралғанын түсіндіріп өтейік.

Сіз URL браузерге сол немесе басқа ресурсты жібергенде, ол DNS-серверге доменді атты IP-мекенге жіберуге сұраныс жасайтыны белгілі. Қажетті мәліметтерді табу алдында қаншама DNS-серверлерді сұрап өтеді. Әдетте, IP-мекен қолданушы компьютерінде кэштелмейді және сіз бірнеше минут алдын қолданып отырған мекен қайта сұралып отырады, ол тағы да уақыт алады. Сондықтан, Web-парақтарды көрсетуді жылдамдатудың бір жолы DNS-серверлерді едәуір оптималды сұрау жүргізетін және IP-мекендерді кештеуді ұйымдастыратын программаны қолдану болып табылады.

IP-мекенді алып болғаннан кейін, обозреватель компьютердің кэшінде көрсетілген парақ копиясының сақталғандығын тексеріп, егер кэштегі құжат жарамды болса, ол қолданушыға жіберіледі. Бұл процесс та уақыт алады және оны жылдамдату – бөлек мәселе, сондықтан оны басқа программаға жүктеуге болады. Осы мәселемен айналысатын көптеген программалар көп орын алатын, бірақ жылдам істейтін өз кэшін құрады. Жылдамдатудың екінші бағыты осыны құрайды.

Үшінші механизмді (упреждающее чтение) түсіндіру үшін, кәдімгі браузердің жұмысына қайта оралайық. Құжат браузермен көрсетілгеннен кейін, әдетте үзіліс болады. Қолданушы құжатты оқығанша жүктеу процесі тоқтатылады, яғни система простаивает. Упреждающее чтение үзіліс кезінде қосылыстарды қолдануға мүмкіндік береді, бұл кезде осы параққа ссылкасы бар құжаттар жүктеледі. Осы құжаттардың фондық режимде жүктелуі қолданушы сұраныс жібергенде тез көрсетуге мүмкіндік береді. Үшінші механизм осы упреждающее чтение немесе префетчингтан (prefetch-ағылшынның алдан-ала алып келу деген сөзінен) құралады. Кейде осы механизмді упреждающее загрузкой (ағылшынның pre-loading деген сөзінен) деп те атайды.

Бақылау сұрақтары
Протокол дегеніміз не.

Интернеттегі ең негізгі протоколдарды атаңыз.

Қандай тармақтың операциялық системалары бар.

Net Ware тармқ операциялық системасының негізгі міндеттері.

Клиентті программаның қамтамассыздануы дегеніміз не.

Интернеттегі тематик домендер тізімн келтіріңдер.

Интернетте қандай байланысу тәсілдері бар.

Интернетте кандай кіру тәсілдері бар.

РАР және Clarinet дегеніміз не?

Интрнетте нормал жағдайда істеу үшін бір модем неше пайдаланушыға қызмет қалуы керек.



ОБСӨЖ 10. Web- бетті ашу және көру

10-апта. Бағалау балы – 4
1. Интернеттің іздеу технологиялары.

2. Web-тен іздеу

3. Индекстелген каталогтер

4. Сілтемелердің тематикалық жинағы     

 

Егер сізге белгілі бір веб-параќ ±наса, жєне де ол параќ сізге ‰немі ќажет болып т±рса ол адреске белгі салып ќоюѓа болады.Белгі жасау ‰шін «Избранное-Добавить в избранное» деген менюді тањдап алу ќажет. Келесі кезектегі терезеден белгініњ атын жєне белгі саќталатын папканы тањдау ќажет. Мысалы сіз мынандай http://www.rubricon.ru адрестегі  веб-параќты ќарап отырсыз жєне оны белгі жасап саќтаѓыњыз келді, ол ‰шін «Избранное – Добавить в избранное» деген менюді аламыз. Онда «Добавление в избранное» деген терезе пайда болады, «имя» деген жолда веб-параќ алѓашќы атауымен т±рады, оны сіз µз ќалауыњыз бен µзгертуіњізге де болады. «Добавить в избранное» деген терезеде папкалар тізімі берілген, оныњ сєйкес келетін біреуін тањдауыњызѓа болады. Егер папканы тањдап алмасаќ саќталатын адресіміз «Избранное» деген бастапќы папкаѓа жазылады. Кµрсетілген папканыњ ешќайсысы сєйкес келмеген жаѓдайда жањадан папка ашуѓа болады, ол ‰шін «Создать папку» деген команданы тањдаймыз.



      Веб-параќтарды саќтап белгі жасау арќылы біз кез келген уаќытта ќажетті адрестерді жылдам мониторѓа шыѓара аламыз. Ол ‰шін аспаптар таќтасынан «Избранное» деген папканы тањдаймыз, пайда болѓан терезеден ќажетті адресті аламыз.

      Егер веб-параќ сізге аѓымдаѓы мазм±нымен ѓана ќажет болса аќпараттарды саќтаудыњ мынандай жолдары бар:

Веб-параќты толыѓымен саќтау.

Веб-парќ толыѓымен ж‰ктелген соњ аспаптар таќтасынан «Файл-Файл сохранить как» (сурет1)деген команданы тањдаймыз, пайда болѓан терезеден «Сохранить веб-страницу» командасында «Тип файла» деген жолда «Веб-страницу полностью» (сурет2) деп кµрсетілуін ќадаѓалау керек. 

Суретті саќтау.

Веб-параќтаѓы суретті жеке саќтау ‰шін тышќанды суреттіњ ‰стінде ±стап т±рып оњ жаќ т‰ймесін шертеміз. Пайда болѓан контекстік менюден «Сохранить рисунок как» (сурет3) деген команданы тањдап аламыз да ќажетті папканыњ ішінде саќтаймыз.

      Егер сіз суретті  ж±мыс істеп отырѓан файылыњызѓа ќойѓыњыз келсе контекстік менюден «Копировать» деген команданы тањдап аласыз да ќайтадан µз файылыњызѓа ауысып «Вставить» деген команданы орындайсыз. 
Интернеттің іздеу технологиялары.

Қажетті ақпаратты іздеу принциптері. Іздеу машинасының жұмыс механизмі. Индексті құру.



Web-тен іздеу

Интернетте миллиондаған сайттар бар, соның ішінде өзекті ақпаратпен қоса көптеген ескі қорлар орналыстырылған. Интернет – белгілі бір басқарушысы жоқ демократиялық ақпарат көзі болып табылады. Кез келген адам желіге өзінің қорын орналастыра алады. Қорытындылап келгенде, интернетте ақпараттың қайталанбауына, оның стандартқа сай келуіне көп адамдар мән бере бермейді. Желіде барлығы бар екені белгілі, бірақ желіден қажетті ақпаратты алу қиын. Яғни, мәліметті табу үшін, оны жақсы іздей білу керек. Осы бөлімде интернет желісімен жұмыс істейтін іздеу аспаптары сипатталып, іздеу жүйесінің жұмыс механизмі түсіндірілген, іздеу оптимизациясына практикалық түсініктеме берілген.

Интернетте ақпаратты іздеуге арналған мынадай әртүрлі аспаптар бар: іздеу машиналары (поисковиктер), индекстелген каталогтер (рубрикаторлар), рейтингілер, метаіздеуіш жүйелер және тематикалық сілтемелердің тізімі, онлайн энциклопедиялары мен анықтамалар. Осы кезде әр түрлі үлгідегі ақпаратты табуда іздеу аспаптарының түрлі категорияларын қолдану тиімді болып келеді. Әр категорияны жеке қарастырайық.

Индекстелген каталогтер

Каталог дегеніміз тақырыптары бойынша топтастырылған иерархиялық құрылым түрінде берілетін мәліметтер. Иерархиялық құрылымның бірінші деңгейіндегі тематикалық бөлімі “спорт”, “демалыс”, “ғылым”, “дүкендер” сияқты кең тараған тақырыптардан тұрады. Ал әр бөлімнің бөлімшелері болады. Осылайша, біртіндеп каталог бұтақтары арқылы саяхат жасап, іздеу облысын кішірейте отырып, сіз өзіңізге керекті облысты дәл анықтай аласыз. Мысалы оқу орындарын іздеу барысында мынадай тізбек пайда болуы мүмкін: Білім-> Оқу орындары -> Жоғары оқу орындары ->Институттар. Қажетті ішкі катологты тапқаннан кейін, одан сілтемелер жинағын аласыз. Катологтерді программалар емес, адамдар құрастырғандықтан, катологтегі барлық сілтемелер профильді болып табылады. Егер сіз ортақ тақырыпта жалпы ақпарат іздесеңіз, онда каталогке қатынаған дұрыс. Ал егер сізге нақты бір құжатты табу керек болса, онда каталог тиімсіз іздеу құралы болып табылады.

Желіде ортақ қолданылатын каталогтардан басқа, ерекшеленген каталогтар да бар. Егер де бір каталогта өте көп қор орналасса, онда оларды кең таралуына байланысты бірнеше бөліктерге бөлуге (ражнирование) болады. Мысалы, Яндекс каталогында бөліктеу басқа сайттардың біздің сайттағы сілтемелерінің индексімен жүргізіледі.

Желіде каталогтардан басқа рейтингтер де бар. Каталогтан рейтингтің айырмашылығы, мұнда қорларды тікелей оның иесі суреттесе, ал каталогта - авторы, демек оның редакторлары суреттейді.



Сілтемелердің тематикалық жинағы

Сілтемелердің тематикалық жинағы – бұл кәсіби топтармен немесе жеке жинақтаушылармен құрылған тізімдер. Шектелген кәсіби тақырыпты ірі каталогтің жұмыскерлер тобына қарағанда сол жұмыстың кәсіби маманы жақсы ашуы мүмкін.


Практикалық жаттығулар:

вариант№3 

1. Қазақстанның «Білім және ғылым» серверін тауып көрсетіңіз

2. Г.Гейненің «Лорелей» өлеңінің толық мәтінін тауып беріңіз

3. В.Суриковтың «Боярыня Морозова» деген картинасын тауып беріңіз

4. «деликт» сөзінің түсіндірмесін тауып беріңіз

5. Г.Флобердің «Госпожп Бовари» деген шығармасының толық мәтінін тауып беріңіз 


 
 вариант№4 

1. «Казахстанская правда» газетінің серверін тауып көрсетіңіз

2. Флористика туралы ақпарат тауып беріңіз

3.  Николай II-ің суретін тауып беріңіз

4. «толерантный» деген сөзінің түсіндірмесін тауып беріңіз

5. Ш.Айтматовтың «Белый пороход» деген шығармасының толық мәтінін тауып беріңіз 




ОБСӨЖ 11. Компьютер тармақтары туралы негізгі мәлімет

11-апта. Бағалау балы -3

1. Индексті құру

2. Индекс арқылы іздеу
Компьютер тармағы – бұл мәліметтерді ұзату каналдары арқылы өзара байланысқан компьютерлер жынағы болып, оның жәрдемінде пайдаланушылар мәлімет алмасу және тармақтың аппаратты, программалы мәлімет алмастырылған құрылымдарынан ұжым болып пайдалану қамтамасыз етіледі, нақты және сенімді қолайлық жаратып береді. Глобал тармақтарда элетрон пошта арқылы мәліметтер алмасуы ең көп таралған қызмет тәсілі есептеледі.

Тармақтың негізгі міндеті пайдаланушыларға жоғарғы тармақ ресурстардан пайдалануда, ұжымболып пайдалануда әрқандай және сенімді қолайлық жаратып береді.Сонымен бірге пайдаланушылар ортасында қолай және сенімді мәліметтер ұзату құрылымдары мен қамтамасыз етеді. Локал және глобал копьютер тармақтарында үлкен көлемдегі мәліметтер сақталады, дайындалады және ұзатылады. Локал тармақтарда пайдаланушылардың істеуі үшін берілген жоғарғы мәліметтер базасы түзіледі. Глобал тармақтарда болса бірден – бір ғылыми, экономик, саяси және мәдени мәліметтескен фонд түзу амалға асырылады. Сонымен бірге глобал тармақ бір неше миллион адамдар үшін дем алу және көңіл көтерудің жаңаша тәсілдерін жаратады.

Интернет көп тармақтарды бірлестіру қабілетіне ие болып, халықаралық қоғамға кіру мүмкіншілігін жаратып беретін тармақ.

Индексті құру

Желілік агенттер немесе робот-өрмекшілер Желі бойымен “өрмелейді”, Web – беттердіѕ талдайды және не әрі қай парақта табылғаны туралы ақпарат жинайды. Кезекті HTML-парақтарды табысымен көптеген іздеу машиналары (әр іздеу машиналарында әртүрлі) сөздерді, суреттерді, сілтемелерді және де басқа да элементтерді белгілейді. Сөздердің парақта барлығы ғана емес, әрі оның орналасуы, яғни бұл сөздің қайда орналасқаны: тақырыпта (title), таќырыпшаларда ( subtitles ), метатэгте ( meta tags ) немесе басќа орындарда . Әдетте негізгі сөз ескеріледі де, шылау мен одағайлар: “ ал ”,“ біраќ ” және “ немесе ” еленбейді. Метатегтер парақ иелерінің өзіне сол арқылы ізделінетін кілттік сөздер мен тақырыпты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе кілттік сөздің бірнеше мағынасы болғанда қажет. Метатегтер іздеу машинасын сөдердің бірнеше мағынасынан дұрысын таңдауға көмектеседі. Алайда метатегтер адал толтырылғанда ғана сенімді жұмыс істей алады. Web-парақтардың кейбір иелері өздерінің метатегтеріне Желіде көп аталатын өз сайт тақырыбына қатысы жоқ сөздермен толтырады, сол арқылы өзінің жаңа келушілерін тарту әрі қор қатысуы рейтингісін жоғарылату үшін жасайды. Іздеуден осы сияқты сайттарды шығару – жақсы іздеу жүйесінің тағы бір тапсырмасы. әрбір роботтың өз қараниетті жарнама үшін жазаланған қор тізімі бар.

Тапсырма берілген Web-парақтарда ақпарат жиналғаннан кейін алынған мәліметтерді индекстеу жүреді. Робот-өрмекшілер Web-парақтардың ақпараттарын қарастырып, кілттік сөздер арқылы индекстенген іздеу базасын құрады, содан кейін пайдаланушы сұранысы арқылы жүйе дұрыстығына (релевантты) қарай сайттар тізімін береді. Айқын, егер сіз сайтты “гүл” деген кілттік сөзбен іздесеңіз, онда іздеу машинасы сол сөз бар парақтарды тауып қана қоймай, бұл сөздің қай жерде сайт тақырыбына қатыстылығын анықтай алуы керек. Сөздің Web-парақтың профиліне қатыстығын анықтау үшін оның парақта қаншалықты жиі ұшырасатынын, берілген сөз туралы сілтемелердің бар-жоқтығын бағалау керек. Қысқаша айтқанда, парақта табылған сөздерді маңыздылық дәрежесіне қарай рангілеу керек.

Сөздерге салмақтылық коэфициенттері оның қанша және қайда кездесетініне қарай (парақ тақырыбында, беттің басы не аяғында, сілтемеде, метатегте және т.б) меншіктеледі. әрбір іздеу механизмі салмақ коэфициенттерін берудің өз алгоритмдері бар – бұл әртүрлі іздеу машиналарының бір кілттік сөз арқылы сұрауға әртүрлі қорлар тізімін берудің бір себебі. Парақтар әрдайым жаңартылып отыратындықтан, онда индекстеу үрдісі де жиі орындалып отырылуы керек. Робот-өрмекшілер сілтемелерді аралай жүріп, индекстен тұратын файлды құрады, ол үлкен болуы мүмкін. Оның көлемін азайту үшін ақпарат көлемін минимизациялау мен файлды сығуға жүгінеді. өңделгеннен кейін мәліметтер үнемі жанарып отыратын базада сақталады. Бірнеше роботтары бар іздеу машинасы секундына жүздеген парақтарды өңдей алады. Бүгінде мықты іздеу машиналары жүздеген миллион парақты сақтайды және күніне ондаған миллион сұранысты қабылдайды.

Индексті құруда дубликаттардың санын азайту тапсырмасы да шешіледі – қатесіз салыстыру үшін алдымен құжаттың кодировкасын анықтау қажеттігін ескерсек, тапсырма оңай емес. Бұдан да қиын тапсырмаға өте ұқсас құжаттарды айыру жатады (оларды “дубликат дерлік” деп атайды), мысалы оларға мазмұны бір ал тақырыбы әртүрлілер жатады.Бұл сияқты құжаттар Желіде өте көп – мысалы біреу рефератты көшіріп алып өз сайтында басқа атпен басып шығаруы мүмкін. Қазіргі заманғы іздеу машиналары барлық бұл проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.

Индекс арқылы іздеу

Индекс арқылы іздеу мынадан құралады, яғни пайдаланушы сұраныс құрастырып оны іздеу машинасына береді. Бірнеше кілттік сөздерді қолдануда сұраныс тілін пайдаланған пайдалы, оның негізін буль операторлары құрайды.

Ең жиі қолданылатын буль операторлары:

AND – бұл арқылы біріктірілген барлық терминдер ұсынылған құжатта қатысуы керек. Кейбір іздеу жүйелері “+” белгісін “AND” орнына қолданады;

OR – кем дегенде бір кілттік сөз “OR ”-мен қатысты, ізделінетін құжатта болуы керек;

NOT- “NOT”-тан кейінгі кілттік сөз ізделінетін құжатта кездеспеуі керек. Кейбір іздеу жүйелері “-” белгісін “NOT” орнына пайдаланады;

FOLLOWED BY – кілттік сөздер бірінен кейін бірі кезектесіп келуі керек;

NEAR – сөздердің бірі екінші сөзден белгілі санды сөздерден кейін келуі керек;

Тырнақшалар – тырнақша ішіндегі сөздер- бұл текст фрагменті құжат немесе файл ішінде кездесуі тиіс. Айта кетейік, сұраныс тілі семантикасы нақты бір іздеу машиналарында бір біріне ұқсамауы мүмкін, әдетте ол туралы іздеу машинасының нұсқауында мәлімет келтіріледі.

Шектерінде логикалық комбинация анықталатын мәтін іздеу бірлігі деп аталады. Бұл сөйлем, абзац не бүкіл құжат болуы мүмкін. Түрлі іздеу жүйелерінде әртүрлі іздеу бірліктері қолданылуы мүмкін. Сөйлем шегіндегі іздеу тек индексінде толық мекенжай (адрес) бар жүйелерде ғана мүмкін.

Пайдаланушы іздеу жүйесіне сұраныс жібергеннен кейін, ол сұраныс синтаксисін өңдейді, кілттік сөздерді индекстегі сөздермен салыстырады. Содан кейін сұранысқа жауап беретін сайттар тізімі релеванттылығына қарай рангіленіп, пайдаланушыға берілетіндей іздеу нәтижесі құрастырылады.
Бақылау сұрақтары

Глобал тармақтарда қандай мәліметтерді ұзату тәсілдері бар.

Мәліметтерді ұзатудағы басқару системаларының түрлері қандай.

Интернетте қандай адрестеу системалары бар.

Провайдер, сервер, клиент дегеніміз не.

Протокол дегеніміз не.

Интернеттегі ең негізгі протоколдарды атаңыз.

Қандай тармақтың операциялық системалары бар.

Net Ware тармқ операциялық системасының негізгі міндеттері.

ОБСӨЖ 12. Компьютер тармақтарының негізгі түрлері

12-апта. Бағалау балы -3
1. Локал және глобал тармақтар

2. File Transfer Protocol - FTP


Тармақтар негізінен 3 түрге бөлінеді: локал, глобал және регионал.

Глобал тармақтар дүние жүзі бойша тарқалған пайдалданушыларды бірлестіреді және өте тез бір-бірінен 10 – 15 мың километр ұзақтықта жайласқан электрон машинасын және тармақ узелдерін жолдас каналдары арқылы бірлестіреді.

Регионал тармақтар қала, облыс және кіші мемлекеттердегі пайдаланушыларды бірлестіреді, байланыс каналы сипатында телефон линияларынан пайдаланылады. Тармқ узелдері арасында аралық 10 – 1000 км ге тең болады.

Локал тармақтар болса бір кәсіпорын не желілердің жақын жайласқан бір не бірнеше корпустардағы абоненттерді бірлестіреді. Мұнда есептеу машиналары арасындағы аралық 10 км ге дейін, ал радиоканалдарынан пайдаланылғанда 20 км ге дейін болуы мүмкін.

Персональ компьютерлердің локал тармақтары өте кең көлемде істетілуде. Файлды серверге ие болған локал тармақтарды істеудің мүмкіншіліктері төмендегілер:

Персонал және әрқандай тәсілде падаланатын мәліметтерді файлды сервер дискілерінде сақтау мүмкіншілігі;

Көп пайдаланушыларға қажет болған бір нұсқдағы программалық құрылымдарды файлды серверге сақтау мүмкіншілігі;

Тармақта компьютерлер арасында мәлімет алмасу мүмкіншілігі;

Жоғарғы тармақ принтерлерінде барлық пайдаланушылар мен бір уақытта баспаға шығару мүмкіншілігі;

Тармақ жәрдемінде оқу процессін методик жақтан көрсету мүмкіншілігі;

Пайдаланушы үшін локал тармақтың қалаған компьютерінде глобал тармақ ресурстарына кіру мүмкіншілігі.

Көбінесе, локал тармақта бір каналды, айланба не жұлдызша топология (компьютер байланыс каналдарын байланыстырып тұрушы логик схема) істетіледі. Каналға тармақ узелдері арқылы кіру ізбе – іздігін анықтау және әрқилы узелдер арқылы келетін мәліметтерді ұзату пакеттерінің артып кетуінің алдын алу үшін каналға кіру методы қажет. Кіру методы бұл мәліметтерді ұзату каналдарында пайдалануды анықтауш жиындысы.

Моноканал топология тармағы тармақтың барлық компьютерлерін бірлестіруші бір байланыс каналынан пайдаланады. (2 - сурет).

Бұл топология тармақтарында негізгі частотаны есіту келіспеушіліктерін байқау методының аты белгілі болған кіру методтары есептеледі.

Мәліметтерді коммуникациялық каналдар бойынша ұзатудан алдын узел оны есітіп көреді, егер канал бос болса пакет ұзатылады. Егер канал бос болмаса узел пакетті бірден пайда болған уақыт аралығында ұзатуға әрекет етеді. Тармақтың бір узелі арқылы ұзатылған мәліметтер барлық узелдерге барып түседі, бірақ бұл мәліметтер белгілінген бір узелге ғана тиісті болады және қабыл қылынады. Келіспеушілік жағдайы пакеттер бір уақытта екі узел тарапынан ұзатылғанда болуы мүмкін (сигналдың уақытша кешігуі).

Бұл кіру методы тармақтың мысалы сипатында Ethernet тармағын көрсету мүмкін. Қазіргі уақытта каналды физик Ethernet узел концентраторға байланысады, яғни ұзату каналы физик ажыратылған жағдайда болады (ұзату жылдамдығы 10 бит/с). Моноканал топология каналдың өткізуін үнемді пайдалануында қамтамасыз етеді.

Айланба топология тармақта байланыс каналы сипатында сигналдарды қабыл қылушы және ұзатушылардан тұрады (3 сурет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет