Иран Ислам Республикасының астанасы



Дата08.07.2016
өлшемі225.5 Kb.
#184516
Иран Ислам Республикасы




Иран Ислам Республикасының астанасы – Тегеран қаласы. Территориясы 1.648.195 шаршы километрді құрайды. Мемлекеттік тілі – парсы тілі. Ұллтық валютасы – риал. Иран Ислам Республикасының территориясында көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Атап айтатын болсақ олар: парсы, күрдтер, әзірбайжандық түріктер, араб тайпалары, белудждер, талыштар, лур т. б.

2005 жылғы мәліметтерге сүйенсек, Иран 30 останнан ( ауданнан), 282 кіші қалалардан, 741облыстық округтерден, 716 қаладан, 2258 ауылдық кеңестерден, 68125 –тен аса ауылдардан тұрады.



Остан атаулары:
Исфаһан қаласы



Тегерандағы мешіт




  1. Шығыс Әзірбайжан 16) Фарс

  2. Батыс Әзірбайжан 17) Ғазвин

  3. Ардебиль 18) Құм

  4. Исфаһан 19) Күрдістан

  5. Елам 20) Керман

  6. Бушахр 21) Керманшах

  7. Техран 22) Кахкилуи мен Бевирахмад

  8. Чахармахал мен Бахтиари 23) Гүлістан

  9. Разави Хорасаны 24) Гилан

  10. Солтүстік Хорасан 25) Луристан

  11. Оңтүстік Хорасан 26) Мазендеран

  12. Хузестан 27) Маркази

  13. Занжан 28) Хырмызган

  14. Семнан 29) Хамадан

  15. Систан мен Белужестан 30) Йезд


Иран Ислам Республикасындағы халықтардың жас мөлшері.
Иран 1979 жылғы Ислам Реводюциясынан кейін Иран Ислам Республикасы деген атау алды. 2007 жылғы санақ бойынша 75 млн халық тіркелді, олардың 45 миллионы қала тұрғындары болса, 30 миллионы ауыл тұрғындары. Елдегі әйел адамдардың саны 37 миллион, ал ер адамдардың саны 38 миллионды құрайды. Иран халқының 85 %- і жұмыс істейді, қалғандары жұмыссыздар санына кіреді. Ирандағы 56% халық -жас өспірімдер. Яғни олардың жасы 20 ға жетпегендер. Конституция бойынша Иран Ислам Респбликасы болып аталады, яғни ислам дінінің шарттары мығым орындалатын бірден-бір елдердің бірі. Тегеран қаласының өзінде ғана 17 миллионнан аса халық өмір сүреді. Ислам шарттары мығым бекінген ел болғандықтан, әйелдер қауымы чадра жауып, дене мүшелерін көрсетпеуге тиісті. Иран Ислам Республикасындағы діни билік діни рахбардың қолында болса, мемлекеттік билік президенттің міндетінде.

Иран Ислам Республикасы ислам революциясы жеңгенге дейін шах билігінің құзырында болды. 1979 жылдан бері діни билікке ауысты. Аты әлемге әйгілі қалаларымен, атақты ақын жазушыларымен дүйім жұртқа танылған.

Бүгінгі таңда Иран Ислам Республикасын тек қана ол жағынан емес, саяси аренада болып жатқан оқиғалардың желісінен де миллиондаған жұрт таниды. Иран Ислам Республикасында экономика мұнай есебінен қарқынды дамып келеді. Пайдалы қазбаларының ішіндегі әлем таласын тудырып отырған осы бір қара алтыны ел экономикасының қарқындап дамуының көрсеткіші.

Иран өзінің стратегиялық жағдайы, табиғи ресурстарға бай, ежелгі мәдени мен өнері, 7000- ға созылған тарихымен, қонажай халқымен әлемде ерекше орын алады. Иран мәдениеті ерекше даңқа ие. Ежелгі Иран мәдениеті ислам мәдениетімен ұштасып, қазіргі Иран мәдениетінің дамуына ықпалын тигізді. Қазіргі Иран тәуелсіз, азат, ұлттық мәдениеттің үлгісінде өмір сүріп келеді.

Иран халқына келер болсақ, олар өте қонақжай әрі мейрімді және қарапайымдылығымен ерекшеленеді.

Жағрапиялық жағдайы: Иранның екі жағынан өзен-сулар қоршап жатыр. Солтүстігінде Каспий теңізі, немесе Мазендеран аймағы, оңтүстігінде Парсы және Оман шығанағы. Батысында Иракпен, Түркиямен, солтүстігінде Әзірбайжанмен, Түркіменстанмен, шығысында Ауғанстанмен, Пакистанмен шектесіп жатыр. Иранның екі ұлы ежелгі мәдениеттердің (Қытай, Үндістан) ортасында орналасуы бұл елдің маңыздылығын арттырады. Бұл елдермен болған сауда, мәдениет байланыстары Иранның дамуына үлкен әсерін тигізді. Қолайлы жағрапиялық жағдайы менг пайдалы қазбалардың көптігі Орта Азиядағы оның ықпалын жоғарылатты. Шығыс пен батыс аралығындағы уақыт айырмашылығы 1 сағат 18 минут.

Елдегі орташа температуралық көрсеткіш + 18 градус. Парсы шығанағы мен Хузистанда ауа температурасы + 50 градусқа дейін барады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 250-300 мм. Осы себептен елде құрғақшылық мәселесі орын алған. Бұл мәселені шешу мақсатында плотиналар, құдықтар жасаған.



Иран Ислам Республикасының ресми діні – ислам діні, шейт ағымы, сондай-ақ ханафи, шафи, малеки, занбали, зейдит секілді ислам ағымдарына да зор құрмет көрсетіледі. Иран Ислам Республикасындағы 98%-ке жуық халық осы мұсылмандар, олардың 91%-і шейт ағымының өкілдері. Сонымен қатар, ресми тіркелген христиан, зороастр, иудеи діндерінің өкілдері де бар.

Иран Ислам Республикасының мемлекеттік тілі – фарсы тілі, парсы тілі. Парсы тілінен басқа да тілдерде сөйлейтін ұлт өкілдері де бар. Олар: белуждер, арабтар, гиляндар, түріктер т.б. Парсы тілі әдеміліген ерекшеленіп, әлем әдебиетінде өзінің орны бар.

Иран Ислам Республикасының байрағы – үш түсті: жоғарғы жағы жасыл түсті, ортасында ақ, төменгі тұсы қызыл. Жалау «Аллаһ ұлы» деген 22 рет жазылған сөздермен көмкерілген. Жасыл түс – бейбітшілікті, ақ түс – бейбітшілікті, қызыл түс – иран ұлтының діни көзқарастарының қорғаушы күш болып есептеледі.

Тегеран қаласындағы азаттық алаңы

Иран Ислам Республикасының астанасы – Теһран қаласы. Теһран әдемі ғимараттарымен, көрнекті жерлерімен, тауларымен ерекше көз тартады. Теһран қаласында 15 миллионға жуық халық тұрады.

Табиғат жағдайы:

Табиғат көрінісі

Иран әдемі табиғатымен, қайталанбас сұлулығымен ерекшеленеді. Жазық далалар, тау бөктерлері, өзен, көлдер, шөлейттер, теңіз желдері Ирандағы әдемі табиғат жағдайын тудыруға ықпалын тигізді.

Өзендері: Иранның солтүстігі мен батысында әрбір шақырым сайын кішігірім өзендерді кездестіруге болады. Иранда Карун өзенінде ғана кеме жолы бар. Карун өзені Хузестан арқылы Парсы шығанағына құяды. Елдің солтүстігінде екі өзен бар, олар: Арас пен Атрак. Арас өзені Әзірбайжан Республикасы арқылы өтеді, Атрак Иран шекарасынан Түркмінестанға өтеді. Кархе, Сефидруд, Гамасаб, Харируд, Хирман, Талхерад, Заринеруд, Симинеруд, Чалус, Хараз, Горган, Заяндеруд өзендер халық үшін өз үлесін қосып отыр.

Иран Ислам Республикасындағы Үкімет орындары.

Иран Ислам Республикасындағы ең жоғарғы лауазым мен билік діни рахбардың қолында. Президент мемлекет істерімен айналысады. Иран Ислам Республикасы аты айтып тұрғандай шариғат заңдарымен жүреді. Негізгі заң яғни Конституция да осы ислам заңдарының негізінде жасалған. Конституция негізінде заң жобалары қатаң түрде орындалады.

1979 жылы Иран Ислам Революциясы жеңген соң, 3желтоқсанда Иран Ислам Республикасының конституциясы, ата заңы қабылданды. Конституцияның 6 бөліміне сәйкес, Иран Ислам Республикасының президенті, парламент депутаттары, облыстық, қалалық, ауылдық кеңестер мүшелері халықтық сайлаумен жүзеге асады. Елдің басшысы, ең жоғарғы лауазым иесі рахбар да эксперттер кеңесімен сайланады.

Иран Ислам Республикасы үш жуйелі билік көздерімен басқарылады: заң шығарушы, орындаушы, сот. Олардың бәрі ел басқарушының билігінің құзырында және Иран Ислам Республикасының ата заңына бағынады. Заң шығарушы биліктің мүшелері мен орындаушы билік мүшелері тікелей ортақ халық сайлауымен тағайындалады. Заң шығару істерімен бір жүйелі парламент айналысады. Орындаушы билік құзыры президент пен премьер-министрде.

Бақылау кеңесі он екі діндар мен құқықтанушыдан тұрады, алты діндарды рахбар тағайындаса, алты құқықтанушыны жоғарғы сот парламенті сайлайды. Бақылау кеңесінің міндетіне ислам шарияты мен Иран Конституциясына қарсы қабылданған заң жобаларын тексеру мен реттеу жатады.

Барлық үкіметтік саясат Алланың үкімімен заңгер «Вали- е Факиһ» пен іске асады. Ол Алламен халық алдында өз міндеттерін орындайды. Жоғарғы заң шығарушы үкімет – бір палаталы парламент – «Мәжлес-е шура-ие Ислами» 275 депутаттан тұрады, және оларды халық 4 жыл мерзімге сайлайды.

Сонымен қатар, Конституцияда ақсақалдар алқасының кеңесінің «Шура-ие Негаһбанан-е Ғанун-е Ассаси» билігі де айқындалған. Олар Ассамблеяның резолюциясын қабылдауға және қабылдамауға құқылы.

Иран Ислам Республикасындағы денсаулық сақтау орындары.

Иран Революциясына дейін елде 1800- ден аса ған медициналық орталықтар болды. Тек 25% ғана ауылдар ауыз сумен қамтамасыз етілген еді. Қазіргі таңда медицина әлеемдегі алдыңғы қатарлы елдердің медицинасынан кем емес.

Алайда, Иран Революциясы жеңген соң медицина жоғарғы дәрежеде дамып, елде 98% -ке жуық халық вакцина алатын деңгейге көтерілді. Иран Ислам Республикасында дәрі-дәрмектің 98% - ті жасалады. Хирургиялық операциялардың көпшілігі елде жасалады. Медицина Иранда қарқынды үде дамып , өсіп-өркедеп келеді.

Ирандағы білім беру жүйесі мен сауаттылық деңгейі.

Иран Ислам Республикасындағы білім беру жүйесі өте жоғарғы дәрежеде дамыған. Сауатылық деңгейі 80% ке жетті. 20 млн- ға жуық бала мектептерде білім алуда. 1млн 300 мың студент жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Әр жыл сайын 150 мыңға жуық студент диплом алады.



Иран Ислам Республикасындағы оқытушылардың мансап , атақ дәрежесіне қарай бөлінуі.

«Морабби» - тәрбиеші – магистрлік құжаты бар, жаңадан жұмысқа орналасқан, өз ғылыми жұмысына қатысты бірнеше мақаласы бар жас маман. Қазіргі кездері Иран Университеттерінде тәрбиешілердің саны аз, оларды жұмысқа алуға белгілі себептермен тыйым салынған. Тәрбиеші аптaсына 16 сағат сабақ беруге міндетті.

«Астадиар»- профессордың ассистенті –докторлық құжаты бар, бірнеше жылдық жұмыс тәжірибесі бар маман. Профессордың ассистенті бірнеше диссертацияға жетекшілік еткен, ғылыми 7-8 мақаласы жарық көрген, 2 кітабы жарық көрген , бірнеше семинар мен конференцияда сөз сөйлеген – ұлағатты маман. Аптасына 12 сағат сабақ беру жүктелген.

«Данешиар»- доцент, профессордың ассистентігінен кейін кітаптары мен мақаласын арттыруға қажет. 5 кітап және 10 мақаласы болуы шарт. Бірнеше докторлық диссертацияға, магистрлік жұмысқа жетекшілік етуі қажет. Елдегі және шет елдегі конференцияларға қатысуы қажет. Аптасына 9 сағат сабақ жүргізеді.

«Астад-е тамам» - ұлағатты ұстаз – доценттіктен кейін кітаптары мен ғылыми зерттеулерін ұлғайта отырып, бірнеше ауқымды мақалаларымен, елдегі, шетелдегі зерттеу жұмыстарымен, докторлық диссертацияларға жетекшілік етуімен, конференциялардағы бірнеше ғылыми еңбектерімен негізгізгі пәніндегі ізденушілігімен «ұлағатты ұстаз» деген атақ алады. Ұлағатты ұстаздың қоржынында 10-нан аса кітабы, 20-дан астам мақалалары болуы қажет, өз ұжымының ортасында мәртебесі биік болуы шарт. Ұлағатты ұстаз аптасына 7 сабақ жүргізеді.

«Астад-е момтаз» - жоғарғы дәрежелі ұстаздық пен оқытушылықтың ғылыми соңғы шені – жоғарғы дәрежедегі ұстаздық. Бұл атаққа санаулы ғана ұстаздар лайықты. Бұл атаққа санаулы ғана ұстаздар лайықты. Бұл атаққа ие болу – ғылымдағы ізденушілік пен жұмыстың артықшылығымен және барлық ұстаздардың ұсынуын қажет етеді. Бұл ғылыми дәреженің берілуі, оқытушының жалақысының өсуімен, сағат санының азаюына және оқытушылар мен студенттер ортасындағы беделдің артуына, әсерін тигізеді.



Иран Ислам Республикасындағы ежелгі тарихи көрнекті жерлері. Селжүктердәуірінің архитектурсының стилінде жасалған «Жаме» мешіті, Тебриздің атақты мешіті « Алишах», б.д. XV ғасырда пайда болған «Кабуд» мешіті немесе «көк күмбез» деген атаумен әйгілі, Қаджарлар әуірінде салынған Тебриз базары т.б.




Иран Ислам Республикасындағы діни және ұлттық мерекелер.

Діни мерекелері:

Ейд-е фетрораза айының біту салтанаты;

Ейд-е құрбан – құрбан айт;

Ейд-е маб'ас – Мұхамедтің үмбетінің келуі

Ейд-е Қадир - Әлидің Мұхамедтің орнын басуы

Мұхамед пайғамбардың туған күні

Алидің туған күні

Ұлттық мерекелері:

Ислам Революциясының жеңген күні

Ноуруз – жаңа жыл мерекесі

Сиздаһ бе дар – наурыздың 13- і күні

Чахаршанбе Сури – Наурыздың алдындағы сәрсенбі

Саде- ежелгі иран мерекесі

Меһрган – ежелгі иран мерекесі, қырман той

Ұлттық тағамдары: палау, челу кәуап, абгушт, арнайы әдіспен пісірілген күріш. Сонымен қатар, жеміс-жидектер, көкеністер, айран, шәй, сусындар, тәттілер. Соның ішінде гәз, пахлава, пәшмәк т.б

Иран Ислам Республикасындағы үйлену рәсімі.

Иранда атастыру рәсімі кеңінен жайылған. Яғни ата-аналар тарапынан үйлендіру. Үйлену рәсімі ерлер үшін қол жетпес бақыт болып саналады, себеі иран қыздары өте қымбат, яғни жар алу үшін үлкен қаражат керек. Шариғат бойынша ерлер 4 әйелге дейін алуға болады, бірақ бұл әйелдердің рұқсатымен іске асады.



Иран күнтізбесі.

Иранда жыл 365 күнге созылады. Жылдың басы 21-ші наурыздан басталып,келесі жылдың 20- шы наурызымен аяқталады. Алдыңғы алты ай 31 күннен, бес ай 30 күннен және соңғы ай 29 күннен тұрады. Иран жыл санауы 622- ші жылдан бастап есептелді, Мұхамед пайғамбардың Меккеден Мәдинеге келген күні.



Иран Ислам Республикасының экономикасы.

Иранның экономикасы мұнай көздеріне тікелей байланысты. 40 жылдан астам уақыт бойы Иран экономикасы мұнаймен дамып келеді.

Иранда кәдімгі қол сүртететін қағаздан бастап, автообильге дейін өндіріс қарқынды дамыған. Сонымен қатар, Иранда пайдалы қазбалар көздері, азық- түлік, жеміс-жидек, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, қолөнер бұйымдары ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келеді. 10 жылға созылған Иран-Ирак соғысы Иран экономикасын күрт түсірсе де, аздаған жылдар арасында ел бұл олқылықтарды түзетіп қатарға қосылды. Иранның атақты кілемдері елдің экономикасының өсуіне өз үлесін қосуда.

Иран Ислам Республикасындағы киностудия.

Иранда жыл сайын 60-тан аса кинофильм түсіріледі. Бұл салада бірнеше мыңдаған адамдар жұмыс атқарады. Иран кинофильмдері әр түрлі кино фестивальдарда лайықты орындарға ие болды. Елде 284- тен аса кинотеатрлар жұмыс істейді. Иран кинофильмдері 55- тен аса елдерде көрсетіледі.



Иран Ислам Республикасындағы транспорт.

Иран жолдарындағы тасымалдау «Елдің тасымалдау ұйымымен» 3300 тасымалдау ұйымдарымен жүзеге асады. Олардың 3%-і ғана мемлекет меншігінде. Иран өз тасымалдау мүмкіндіктері мен, жағрапиялық орналасуы жағынан әлемдегі транзиттік кілт ретінде мойындалған. Елде жер үсті көліктерімен қатар, теңіз жолы, әуе жолы жақсы дамыған. Иран жолдарының түзулі мен жасалу үлгісі әлемдік стандарттарға сәйкес деп айта аламыз. Иранға жолыңыз түсіп бара қалсаңыз, бұған көзіңіз толығымен жетеді.



Иран Ислам Республикасындағы спорт.

Ирандықтар спорттан да құр алақан емес. Иран футбол командасы екі мәрте Азия біріншілігін жеңіп алды. Күреске келетін болсақ, әлем біріншіліктері мен олиапиада ойындарында спорттың бұл түрінен де ирандықтар алдыңғы орындарға ие болды.

Иран әйелдер арасындағы алғашқы олимиаданы ұйымдастырушы ел.

Иран Ислам Республикасындағы «хежабтың» маңызы.

«Хежаб» - мұсылмандық тәртіптің бөлшегі, әйел денесін сұқ көздерден қорғайтын жамылғы. «Хежаб» - әйелдерді шектейтін нәрсе емес, пәктіктің, адалдықтың, тазалықтың белгісі.



Иран Ислам Республикасындағы адамдармен араласу мәдениеті.

Иранда қазақша айтқанда, «сарт мезірет» жасау, орысша айтқанда «любезности» күнделікті өмірде көп кездеседі. Бұл сауда жасауда, транспортта, қонақта, көшеде кездесетін тек ирандықтарға ғана тән мінез түрі. Бұл сарт мезіреттерге айтылатын арнайы жауап түрлері де бар. Мысалы: «Сізге сондай жарасады» дейтін болсақ, сіздің жауабыңыз келесідей болуы шарт: «Сіздің көзіңіз әдемі көреді».



Иран Ислам Республикасы – исламдық идеологияны берік ұстанған, шариғат заңдарымен өмір сүретін елдердің бірі болып саналады. Иран мемлекетінің дүнижүзілік аренада өз орны бар, шығыстық мәдениеті мен әдебиеттің ғажап үлгісі деуге болады.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет