М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Орындаған: Молдахан Дидар Сәдібекқызы
Қабылдаған: Алтынбекова Зағипа Тұрарбекқызы
Тобы: 6В07317
Курсы: 2курс
2021 ж
Жоспары:
1.Әл Фараби өмірбаяны
2.Әл-Фарабидың шығармашылық жолы
3.Әл Фарабидың бізге қалдырған еңбектері және жету жолы
4.Фарабидың рухани мұрасы
Шығыстың гұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде
Отырар аталатын,Арыс өзенініңСырға барып құятын сағасындағы Фараб
қаласында дүниеге келді.Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр
Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби.Әл Фараби
түрік тайпасының дәулетті бір отбасынан шыққаны бізге мәлім,бұған
дәлел оның толық аты-жөнінде “Тархан’деген атаудың болуы.туған жері
қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап
кеткен,осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби,яғни Фарабтан шыққан
Әбу Насыр атанған.Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына
қарағанда,Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда
жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті,оның бақытына қарай
сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді.Әл-Фараби парсы,грек
тілдерін үйренеді,осы тілде ғылыми трактаттар оқиды.Фараб пен
Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру
мақсатында Бағдатқа аттанады.Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми
дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды.Бағдадта әл-Фараби ғылым мен
әртүрлі пәндерді оқиды.Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы білім
мен ғылымның ордасы саналған Дамаск,Халеб,Каир,Шаш,Самарқан,Бұхара,Мерв,Нишапур,Рей,
Хамадан қалаларында да болып,білімін үнемі жетілдірумен болды.Сол қалаларда оқыды,еңбек
етті.Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен,көркем сөз
деректерімен танысады.Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби-көрнекті ойшыл,өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым,философ және шығыс
аристотелизімнің ең ірі өкілі.Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында “Екінші Ұстаз”
атауына ие болды.Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор(150-ге жуық философиялық
және ғылыми трактаттар),ал оның айналысқан ғылыми салалары ол-философия мен логика,саясат
пен этика,музыка мен астрономия.Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі “Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат”деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне
аударылған.
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің
“Категориялар”,”Метафизика”,”Герменевтика”,”Риторика”,”Поэтика”,бірінші және екінші
“Аналитика”,”Топикасы “және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.
Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның
философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін
дәлелдейді.Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып,өз тарапынан да
“Кемеңгерлік меруерті”,”Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы” т.б сияқты көптеген сындарлы
философиялық еңбектер жазған.Фараби бұл еңбектерде дүние,қоғам,мемлекет,адамдардың
қатынастары туралы заманнан озық тұрған пікірлер,пайымдаулар айтады.
Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ.Әл-Фарабидің
мемлекет,ел басқару жөніндегі тұжырымдары,әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам
үшін де айрықша маңызды.Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал
етті.Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруға зор рөл атқарды.
Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия,Парсы,Ирак,араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар
жасап,тез есейді.Ол жерлерде көптеген ғұламалармен,ойшыл-ақындармен,қайраткерлермен
танысып,сұхбаттасқан.Тарихи дерек бойынша 70-ке жуық тіл білген.Өздігінен көп оқып,көп ізденген
ойшыл философия,логика,этика,метафизика,тіл
білімі,жаратылыстану,география,математика,медицина,музыка салаларынан 150-ге жуық трактаттар
жазып қалдырған.Шығармаларында көне грек оқымыстыларының,әсіресе,Аристотельдің еңбектеріне
талдау жасаған.Арабтың атақты ғалымы,географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә
мамалик”атты еңбегінде және 13 ғасырларда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-
Заман”атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары таза түркі тілінде
келтірілген.Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да,12-16жас шамасында
керуенге ілесіп,білім іздеп Бағдатқа кетеді.Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл
бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін
қабылдаған болатын.Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам ғылымымен шұғылдануды парыз
еткен.Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептелді.
Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия
кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Насыр Әл-Фараби бүкіл ислам
ғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету)
және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис
Шариф — парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында
атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның
ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып
табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін
талқандаған соң, Әбу Насыр Әл-Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп “қажылық”
жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Әбу Насыр Әл-Фараби іштей
“қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым
ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы
және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді.
“Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен
әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын
құрметпен қысады.
Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол
кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб
қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын
кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең
бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып,
одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен
шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей,
“пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб
ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің:
көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара
байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл
мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология,
лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика,
химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы
бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты.
Бірінші ұстаз — Аристотель
Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол
дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы
ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі
құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя
арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және
оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда,
оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда
философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің
философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл
түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен
неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту
еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос.
Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік
санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады,
өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады,
мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл
философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат
шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени
сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің
шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып,
оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат
— тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ
адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық,
этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта
қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан
— жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала
тұрғындарының көзқарасы”[4], “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-
әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық
дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді.
Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет
жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.
Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып
отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды.
Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани
салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді
деп ескертеді.
Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық
көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті
шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын
тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салады.
Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-
Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия
өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын
заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше”
игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай бет-алды
жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын
ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа
жету жолын логикадан бастаған жөн.
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты
екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты,
айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.
Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани”
(“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары
әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне
арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың
салыстырылып отыратындығы.
Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең
кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке —
ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің
өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ
мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам
мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп
түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек
жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың,
адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені жақсы істер
істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады. Жетік философ теориялық
ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен
Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның
пікірінше философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге
бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден
бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл
арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де
жоғары принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін
сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай
келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады.
Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика,
астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі”
деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі:
тіл білімі және оның тараулары;
логика және оның тараулары;
математика және оның тараулары;
физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары;
азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы.
Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады.
Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1)
математиканың методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен
әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың кейбір нақты
тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика,
геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол —
алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған
оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына
дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды.
“Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға
тырысады. “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге
түсініктеме” деп аталатын еңбегінде матем-ның методол. мәселелері жөнінде құнды-құнды пікірлер
айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге,
түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср Әл-Фараби
математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл
қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу Наср Әл-Фараби пікірінше, математика анық,ақиқат
білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. “Астрологиялық
болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол ғылыми астрологияны астрономиядан
бөліп қарап, Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану
ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды алдын ала
болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады.Әбу Наср Әл-Фарабидің бұл
пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия, логикалық негіздерін қалыптастыруда
маңызы зор болды. Ол математикалық, жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-
Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птолемейдің “Алмагесіне” көлемді
түсініктеме жазған. Бұл еңбек “Алмагеске түсініктеме” деген атаумен белгілі. Астрономия және
математикалық тарихында үлкен маңызы болған Әбу Наср Әл-Фарабидың бұл трактаты
тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің
еңбектеріне сүйене отырып, тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір
жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын
бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра
қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер
жасауда аса қажет болып табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі
табыстарға жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия мағлұматтарға және басқа да
қосымша математика материалдарға сүйене отырып, “Алмагесте” қарастырылған астрономия және
география мәселелерін математика жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. “Геометриялық
фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы” геометрия
салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу әдістері көрсетілген.
Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар
салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру т.б. бар. Әбу Наср Әл-Фараби адымы тұрақты
циркуль мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4,
5 т.б., яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның “Болжамдағы геометрияға
кіріспе” атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-
Фараби көп өлшемді абстракция геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға
негіз бар. Әбу Наср Әл-Фарабидің трактатын математикалық тарихшылары осы уақытқа дейін
атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Әбу Наср Әл-Фараби
арифметикалық саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбек жазған.
Оның көптеген логикалық еңбектерінде математикалық логиканың элементтері де кездеседі. Әбу
Наср Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу Әли ибн Сина
(Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон,
Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.
Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда
ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логикалық
қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан. Әбу Наср Әл-Фараби бұл еңбегінде вакуум
мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне
сай өз шешімдерін дұрыс тапқан (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге,
қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің
берілуі, т.б.).
“Алхимия өнерінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы алхимиялық білімдерді талдап,
алхимияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар
жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады.
Әбу Наср Әл-Фараби медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы
жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы” т.б.
еңбектер жазған, онда негізінен медицинаның теория мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің
пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің философия және
натурфилософия еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады.
Астрономида күн апогейі орнының тұрақты болмайтынын өз тәжірибесі арқылы бақылап анықтаған.
Сәуленің таралуын геометрия оптика заңдылықтарымен дәлелдеп береді. Сәуленің жиналу, сыну,
тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу Наср Әл-Фарабидің
шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды. Оны неміс астрономы И.
Кеплер арабшадан аударып “фокус” атаған. Мұны Әбу Наср Әл-Фараби сегіз ғасыр бұрын “күйдіру”,
“оттық орын” мәнінен шығарып “мұхарақ” атаған. Ол және өз қолымен ойыс айна, яғни парабола,
линза жасап, бұларын ғылымда қолданған да болатын.
Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы астрономы Клавдий Птоломейдің еңбектерін түсіндіре,
кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор
қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет Шолпан
планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не
теріс” деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі,
қозғалысы т.б. көрінерлік қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын
алдын-ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды.
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика
тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы
педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты.
Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу
шарт:
Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;
Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;
Сабақ процесінің алатын орны.
Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне
ерекше мән берді.
Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы
трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт,
мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп
қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық
категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол
[адам] баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны
құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні — білім,
мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол
ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір
шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі
елесі. Көркемдік — тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды.
Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады:
1. Орта ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-
Баиһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус т.б.);
2. Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи,
Спиноза, И.Г.Л. Козегартен, Г. Зутер, Ф. Диетереци, К. Брокель, Дж. Сартон, М. Штейншнейдер, Д.
С. Марголиус, т.б.);
3. 20 ғасыр, әсіресе Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В. В. Бартольд, Е. Э. Бертельс,
Б. Ғафуров, С. Н. Григорьян, В. П. Зубов, А. Сагадеев, Ю. Завадовский, түріктер А. Сайылы, Х.
Үлкен т.б.);
4. Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә. Марғұлан, А. әл-Машани, О. Жәутіков, А.
Қасымжанов, А. Көбесов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев, І. Жарықбаев, Ш. Хайруллаев т.б.).
Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырлардың 60-
жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани
(Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған
ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді.[8]
Бұл күндері ҚР ҒМ Ғылым Академиясының философия институтында шығыс философиясы және
фарабитану бөлімі жұмыс істейді. Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне
аударылып, ғылыми түсініктемелері мен алғысөздері жазылып, 20-дан астам трактаттары жарық
көрді. Бұл бөлім Әбу Насыр Әл-Фарабидің диалектикасы, гносеологиясы мен әлеуметтік
философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді. ҚазМУ-де Фарабитану
орталығы құрылған. Мұнда да Әбу Насыр Әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау
жұмыстары маркстік көзқарастардан арылған жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізілуде.
Әл-Фарабидің есімі мен жазған құнды мұралары әлемдік ғылым мен мәдениет тарихынан лайықты
өз орнынын алатындығы ақиқат. Оның шығармалары еуропалық Ренессансқа үлкен әсер етіп, Батыс
пен Шығыстың мәдениеттері мен философияларының жақындасуына арналған алтын көпір болды.
Қазақстанда Әл-Фарабидің мұраларын зерттеуге XX ғасырдың екінші жартысында бастауын алды,
яғни, 1960 жылы, 15 қазанда Ғалым Ақжан Машанов (Машани) Қазақ КСР Ғылым академиясының
президенті, академик Қ.И. Сәтбаевқа ғалымдардың Әл-Фараби мұрасын зерттеуді және оның
шығармаларын аудару туралы идеяларын қолдауға өтініш білдіріп, «Ұлы әл-Фараби біздің
жерлесіміз, және біз ол туралы аз білеміз ...» деп атап өтті. Ал, 1970 жылы Ақжан Машани мен Ағын
Қасымжанов ұйымдастырған әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай ЮНЕСКО мен Қазақ КСР
Үкіметінің қолдауымен Алматыда, Мәскеуде және Бағдадта бір уақытта өткізілген Әл-Фараби
мұрасы туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Қазақстан аңсаған тәуелсіздігін
алғаннан бері Әл-Фараби мұрасын зерттеу қарқыны үдей түсті. 1991 жылы 23 қазанда Қазақ ұлттық
университеті Әл-Фараби есімін алды. 2010 жылы Парижде ЮНЕСКО-ның қолдауымен «Әл-Фараби
және Еуропалық Ренессанс» халықаралық дөңгелек үстел өтті, оған әлемнің 20 елінен келген
фарабитанушылар, оның ішінде қазақстандық ғалымдар қатысты. Міне, өткен жылдың, 26-тамызда
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың №133 жарлығы шығып, күллі түркі жұртының
мақтанышы, «мұғалім сәни» (екінші ұстаз) атанған ғалым-философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150
жылдық (870-2020) мерейтойын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы қаулы жариялады.
Өзінің философиялық (рухани), әлеуметтік-саяси тұжырымдамасында Әл-Фараби коммуникация,
бақыт, жақсылық, өлшем, әділеттілік және т.б категорияларға ерекше назар аударды. Ол өзінің
идеалына сәйкес ақыл-ойдың, білімнің жоғары құндылығын, бауырмалдық пен достық принципін
ашады, өз қоғамындағы адамгершіліктің жағымсыз ерекшеліктерін сынайды. Әл-Фарабидің
«Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары» туралы трактатында мемлекеттік басқару
мәселелеріне, қазіргі қоғамның жетілмеген тұстарын сынауға және әлеуметтік тәртіпті қайта
жақсартуға арналған. Ойшыл өзінің бұл еңбегінде ашкөздігімен және озбырлығымен мемлекеттер
құратын билеушілердің деспотизміне (шексіз билік) қарсы тұрады. Мұндай мемлекеттерді, оның
пікірінше, білімсіз, надан және жаман мінезді адамдар зорлық-зомбылықпен басқарады. Олар тек
байлықты, күш пен ләззатты бағалайды. Әл-Фараби ізгілікті мемлекет басшысының туа біткен 12
қасиетін атап өтеді. Оның пікірінше ел басшысы: «....Әділ болуы керек, бірақ қыңыр емес, өйткені
Ислам кез-келген әділетсіздік пен арсыздыққа мүлдем қарсы; ол қажет деп санайтын нәрсені
орындауда дер кезінде шешім табатын, сонымен бірге қорқыныш пен қорқақтықты білмейтін,
батылболу», - керек дейді.
Қорыта келе Әл-Фараби нысанын зерттеген ғалымдардың пікірінше: «Әл-Фараби – өз заманының
және өз дәуірінің өкілі ретінде адамзаттың көптеген салаларында іргелі проблемалар туралы айтқан
әмбебап ойшыл», - дейді. Әлем мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған Фараби мұрасын
жинап, жүйелеп, зерттеп, ұлт мүддесі үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған
«Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберіндегі шығыстың ғұлама ойшылы Әл-Фарабидің 10 томдық
еңбектері, ғылыми трактаттары және кітапхана қорындағы философия мен логика, саясат пен этика,
музыка мен астрономияға байланысты 193 дана кітапты оқырмандар назарына ұсынылды. Ұлы
ойшылдың кейбір идеялары келешек ұрпақтарға арнап айтылғандай терең қасиетті мағынаға ие,
қазіргі адамзаттың өмір шындығына сәйкес келеді. Бүгінгі күні әлемде орын алып жатқан жаһандық
келіспеушіліктерге байланысты «Тек кемел ақыл-ой ғана, адамдар арасындағы жанжалдың
(соғыстың) мағынасыздығын көрсетедіжәне олар ең жоғарғы ізгілікке жету үшін бір келісімге келуі
тиіс», - деген пайғамбарлық тұжырымдарды иеленеді. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі көрегендігі
қазіргі таңдағы терең тұжырымдамалық маңыздарды растайды. Сондықтан ол әлемдік өркениет пен
мәдениеттің тарихында терең із қалдырған ойшылдардың арасында лайықты орын алады.
Қолданылған әдебиеттер: БАҚ
Духовное наследие аль-Фараби [Текст]: история и современность / М. С. Бурабаев [и др.]; дар. Н. А.
Аитова. — Алматы: КазгосИНТИ, 2001. — 217, [2] с.
Көп томдық шығармалар жинағы
Авторлар: әл-Машани, Ақжан Жақсыбекұлы
Қазақ даласының ойшылдары IX-XII ғғ.
Қазақ жерінде 9-12 ғасырларда өмір сүрген ойшылдардың философиялық-дүниетанымдық
көзқарастары зерттеліп, ұлы данагөйлер Қорқыт, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ.
Иассауидың рухани мұралары баяндалады
Ұсынған: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы (Нұр - Сұлтан қ.)
Достарыңызбен бөлісу: |