Зерттеу базасы:30 «Ұлттық ұлан» сарбаздары, 26 «КазГЮУ» студенттері, 14 «Каспий банк» кызметкерлері.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.
I бөлім.Ырымшылдылықтың психология ғылымында зерттелінуі
Ырымшылдықтың тұрмыстық және ғылыми аспектіде зерттелінуі
Ырымшылдықты орысша «суеверие» дейді. «Суе» – бекер, себебін түсінбестен, және «вера» – сенім. Яғни, аты айтып тұрғандай, ырымшылдық – бекерге сену, жалған наным. Басқаша айтар болсақ, түкке тұрмайтын нәрсеге сену.
Халқымыздың бойында ғасырлар бойы жинақталған қасиеттердің айнасы іспеттес болған наным- сенімдер мен әдет-ғұрыптар – бір бүтіннің бірін-бірі толықтырып тұратын екі жартысы секілді. Әдет-ғұрып – халықтың өмір салтына сай әрекет-амалы болса, на- ным-сенім – халықтың ойлау жүйесін құрайды. Бірақ, наным-сенім елдің тұрмыс-тіршілігін бір ретке келтіретін күш-қуат ретінде әрдайым іс-әрекеттің алдында тұрады.
XVІІ ғасырдың басында бір дәрігер ырымшылдықты аңқау адамдардың “кәдуілгі адасуы” деп білген екен. Ал ХХ ғасыр басында ғылым кәдімгідей жетістіктерге жете бастағанда, 1910 жылы басылған “Британ энциклопедиясы” болашақта өркениет ырымшылдықтың соңғы елестерінен құтылады деп көрсеткен.
Бірақ, бұл күнде жұрт әлі күнге дейін көпшілік адамдар алдынан қара мысық кесіп өтсе, әсіресе, еуропалықтар абайсызда айна сындырып алса зәресі кетеді. Көшеде келе жатып түшкіріп қалсаңыз да кез-келген адам: “Сау болыңыз!” дейді. Түшкірген адамға саулық тілеу барлық халықта бар. Арабтар: “Ерхамак Аллах”, десе, немістер: “Гезундхайт”, дейді. Бір қарағанда бұл да сыпайылықтың түрі сияқты болғанымен, оның да түбі ырымшылдықта жатыр. Өйткені көптеген халықтар адам өзінің жанын сыртқа “түшкіріп” шығарып жібереді деп есептеп, сақтану шарасы ретінде саулық тілеп жататыны сондықтан.
Сонымен “Британ энциклопедиясы” қателескен сияқты. Өйткені адамдардың ырымшылдықтан арылып келе жатқаны шамалы. Тіпті ол бұрынғыдан да бетер өркен жая түсуде. Сөзіміз құрғақ болмау үшін, қазіргі “Фэн-шуй” ілімін мысалға келтіруге болады. Үйдегі берекеге, қызмет бабында мансапқа, махаббатта үйлесімге жету үшін адамдар осы ілімнің түрлі ырымдарын жасап, бұйымдарын қастерлеп сатып алады.
Қазір де жұрттың бәрі жаппай ырымшыл болып кетті демесек те, оған сенетін адамдар өте көп. Мәселен, өте ырымшыл адамдардың қатарына ғарышкерлер жатады. Оларды да түсінген жөн. Бір аяғы жерде, бір аяғы көкте тұрған адам ырымшыл болмай көрсін. Ырымшылдық Вебстер сөздігінде айтылғандай “ырымның өзі белгісіздіктен туындайтын, себепті-салдарлы байланыстарды дұрыс түсінбеуден, магия мен оқиғаларға сенуден шыққан түсінік немесе дәстүр”.
Көптеген спортшылар да ырымшылдығы жағынан алдына жан салмайды. Олардікі де жоғарыдағыдай жағдай. Көңілдері күпті, алдарында не жеңіс, не жеңіліс күтіп тұрғанын білмейді. Кейбір спортшылар өздеріне үлкен жеңіс әкелген киімдерін жумайтыны, оны әрбір жарысқа киіп шығатыны сондықтан.
Ал, енді бір ірі компанияның басшысы ірі келісім-шарттар жасайтын кезде міндетті түрде балгерге барады екен.
Сол сияқты кейбір студенттердің де тек қана емтихан кездерінде пайдаланатын “бақытты” қаламсаптары болады.
Олай болса, осы күнделікті өмірдегі жағдайларды ғылыми білімге негіздеп түсіндіруде бірқатар көзқарастар бар. Және осы ырымшылдықтың қоғамдағы орнын қарастырған бірқатар еңбектерді айтуға болады. (Г.М. Андреева, А.И. Донцов, Т.П. Емельянова, Л. Леви-Брюль, К. Леви-Стросс, С. Московичи, Т.Г. Стефаненко, А.В. Юревич). Әсіресе, білімге және оның функциялары мен ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген.
Ғылыми білімге қарағанда, дәстүрлі білім адамның күнделікті тәжірибесінде жиі қолданысқа ие. Ол ғылымға, өнерге, философияға арнайы құрастырылмаған. Ол ғылыми білімге ұқсамайтын ерекше психологиялық-логикаға тәуелді және қарама-қайшылықты, ақылға қонбайтын, әлемді рационалды танумен кереғар болып келеді.
Адамның жан-дүниесіндегі күнделікті құбылыста қарапайым білім жатыр. Белгісіздіктерді ғылыми тұрғыда түсіндіру мен дәлелдеу қиын мәселе болып табылады.
Адам баласы қаншама құпиялардың сырын біліп, ғарышты бағындырса да, ырымшылдық азаймай, керісінше үдеп келе жатқан тәрізді. Мысал, біздер қара мысық кесіп өтсе ұнжырғамыз түсіп кетеді. Көптеген халықтар 13 деген санмен оның жұмаға сәйкес келуінен зәре-құты қашады. Осы күні де мойнынан тұмарын тастамай жүретіндер жеткілікті.
Қытай халқы ырымшылдықты тоқтатумен күресіп көрген екен. 1995 жылы Шанхайдың халық өкілдері жиналысында ырым-наным ескінің қалдығы деп есептелініп, оған тыйым салынады. Осылайша олар “феодализмнің қалдықтарынан түбегейлі арылып, өлікті жерлеу рәсімдеріне де өзгерістер енгізіп, астананың барынша өркениетті қала болуын” қамтамасыз етпек болады. Дегенмен, Шанхай тұрғындары өздерінің әбден қалыптасып қалған нанымдық дәстүрлерінен айырылғысы келмеген. Сол секілді ең беделді басылымдардың бірі “Гуанмин дейли” газеті де бұл бастаманың пайдасыз екенін айтып, Қытайда “бес миллиондай кәсіпқой емші балгерлер бар екенін, бүкіл ғылыми-техникалық салалардағы барлық қызметкерлерді қосқанда әрең он миллион болатынын” мысалға келтіреді. Сондай-ақ аталмыш газет “бүгінде барлық нәрсе көріп келдіктің өркен жая түсуіне жағдай туғызып” отырғанын алға тартады.
Біз де еркімізден тыс ырымшылдықтың түрлі әрекеттерін жасайды екенбіз. Біреудің басындағы бақытсыз оқиғаны сөз еткенде, ағаш үстел жақтауларын “айтқан жерден аулақ” деп ұрғылап жатамыз. Мысалы, бізге немесе басқа да әріптестерімізге электрондық пошталар арқылы хаттар келіп жатады. Онда мұндай мантра-тотемдерді 24 сағат ішінде өзіңде қалдырмай, осындай бақыт пен сәттілікке зәру таныстарыңа барынша көп жіберсең сенің өміріңде үлкен жақсылықтардың басталатыны айтылады. Ол хаттарды барынша көп таратсаң тіпті жақсы. Бірде осындай ырым-нанымға мүлде сенбеймін дейтін біреуден неге ол хатты таратқаны туралы сұрағанда: “Мен оны ырымшыл болғандықтан жасап отырған жоқпын. Жайғана жағымсыздықтың болғанын қаламаймын”, деп жауап берген екен.
Сонау гректерде де діни ырым-нанымдар көп болған ғой. Мәселен, вавилондықтар да дүдәмал жағдайлардан шығу үшін мал сойып, жануарлардың бауырын қараған. Ал біздің қазақтарда да жауырын қарау деген бар. Ырымдарды сақтау мен жасау адамдарғабақытсыздық пен жамандықтан құтқаратындай әсер туғызатыны анық.
Ырымшылдық барлық кезде өзімізбен бірге еріп жүретінін біз байқай да бермейміз. Адамдар бірден ырымшыл болып тумайды, ол оған жүре келе үйренетіні және айналасындағы қоршаған ортасы әсер ететіні белгілі. Күніміз сәтті басталсын депүйден оң аяқпен аттап шыққаннан бастап, біз ырымшылдықтың қалыптасқан дәстүрлерін бұлжытпай орындай бастаймыз. Ұлын үйлендіріп, қызын ұзатып жатқан жандар ықылым замандардан келе жатқан ырым-нанымдарды жасайды. Тіпті Жаңа жыл, Наурыз мерекелерін қарсы алғанда да жыл бойы дастарханымыз мол болсын деп дәмнің неше түрін пісіріп, жеті түрлі тағамнан наурызкөже дайындап жатамыз. Мұндай мысалдарды тізе берсек жеткілікті. Осыған ұқсас дәстүрлі ырымдар барлық халықтарда бар.
Сондықтан да кейбір энциклопедияларда айтылғандай:“Адамзат баласы өзінің болашағына сенімді болмайынш ырымшылдық деген ешқашан жойылмайды”. Ал керемет бір әулиелер болмаса, адам баласы өзінің ертеңін не күтіп тұрғанын біле алмайды.
Психологиялық әдебиеттерде ырымшылдықтың ғылыми аспектісі ретінде стереотиптер, теріс түсініктер және т.б. жатады. Оларды зерттеуге байланысты әдебиеттерге шолу жасайтын болсақ, стереотиптер, теріс түсініктер адамның өмірінде функциялары ретінде сипатталады.
Ырымшылдықтың тағы бір ғылыми негізі наным-сенімде жатыр. Сиқырлыққа наным сенімді зерделеу зерттеу жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мұны негізінен ғылыми түсіну моделі антропологиялық феномен зерттеу аясында құрастырылған. ЭвансПричардтың ұсынылған моделі, яғни сиқырлық тәсілі зардап тигізетін сауал. Антропологиямен осы күнге дейін қабылданды. Сиқырлық көмекті кез келген оқиғаны әлеуметтік контекстке қосуға болады. Осы үлгі аясында сиқырлық тұжырым "табиғи философия" ретінде түсінідірілген. Сиқырлық көмегімен кез келген оқиғаларды әлеуметтік контекстке қосуға болады. Сиқырлық феномен әлеуметтік функциялар тұрғысынан қаралған, яғни олар аз тәуелді, жергілікті мәдени жағдайлармен негізделген. Соның негізінде мынандай функциялар бөлінеді: а) иман сиқырлықтың реттеуші рөлі; ә) оның әлеуметтік тепе-тендікке әсерін қолдауы; б) шағын әлеуметтік топтардың ішіндегі моральдік және дәстүрлі құндылықтар.
Үшінші модель сиқырлықты саяси құрал ретінде сипаттайды. "Сиқырлыққа сену ол әлеуметтік шиелініс көрсеткіші бар деген мағына" –деп көрсетеді М.Маврик. Ол тек қана бір тұрақты әлеуметтік құрылымдар бөлігін білдірмейді. Әлеуметтік психологияға қарастырылатын 4 модель К.Клакхонның жұмысынан бастау алады және осы бағыт ретінде; сиқырлық - теріс эмоцияларды қуаттандыру ретінде түсіндіріледі. Р.Бриггстің пайымдауынша: барлық айыптау негізінде бақытсыздық жатыр. Ол бақытсыздық зардап шегуші біреумен жанжалдасқаннан туындайды.
Сиқыршылық туралы ұғымдар неге соншалықты бір-біріне ұқсас деген сұрақ қоя отырып, ол бейімделу мен қабылдаудың белгілі бір туа біткен үлгілері жайлы сөз қозғалуы мүмкін деген тұжырымға келді. Бұл ғылым үлгілері бір-бірін жоққа шығармайды, керісінше бір-бірін толықтырады. Ырымшылдық құбылысы, жүргізілген теориялық және эмпирикалық зерттеулерде, әлеуметтік-психологиялық кілт негізінде қарастырылады, сондай-ақ мұнда сиқыршылыққа (ырымшылдыққа) сенім құбылысының бар болуы мен таралуын түсіндіретін ғылыми және мәдени-антропологиялық үлгілері көрініс табады.
Ырымшылдық құбылысына байланысты бірқатар психологиялық көзқарастарды қарастыруға болады.(Ю.В.Саенко, А.Леман, Д.В.Ольшанский, К.Саруеih, т.б. ) Ырымшылдық құбылысын қарастыру тәсілдері құрамдас бөліктерге бөлінген (Ю.В.Саенко). Сондай-ақ, авторлар ырымшылдықты танымдық аспектісі, мотивациялық-аффективтік және мінез-құлықтық аспекті ретінде қарастырған тәсілдер жайлы жазылған.
Ырымшылдықты танымдық аспектісі жағынан зерттеген ғалымдар, ырымшылдықты мифтік ойлаудың негізі ретінде қарастырады. Олар ырымшылдықты ең біріншіден, небір белгісіз, жұмбақ құбылыстары түсіндіру мен түсіну механизмі; жалпы құбылыстардың байланысын зерттейтін объективті білім жетіспеушіліктерін толықтыратын механизм ретінде қарастырады (Л.Леви-Брюль, К.Леви-Строс, А.Леман, П.Я.Гальперин, И.Дзялошинский).
Ю.В.Саенко аффективті-мотивациялық аспектісін адамның эмоциялық ортасын қорғау функциясын орындайтын психологиялық құбылыс деп түсіндіреді (В.И. Лебедев, Д.В.Ольшанский, А.Маслоу, З.Фрейд, Э.Фромм).
Мінез-құлықтық аспектіге келетін болсақ, мұнда қоғамдағы, табиғаттағы (жануарларға, өсімдіктерге, тірі емес объектерге қатысты) және адамзат қолымен жасалған заттар әлеміндегі (мәдениет құрылымдарына қатысты) адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің реттеушісі ретінде қарастырылады. Бұл жағдайлар ырымшылдық идеялар, эмоциялардан бөлек іске асырылады (В.Я.Пропп, Б.Скинер) .
Ырымшылдыққа қатысты бірқатар әдебиеттерге талдау негізінде мынадай қорытынды жасауға болады.
Біріншіден, қарапайым және ғылыми ойлау, бұлар теориялық жағынан екі түрге бөлінсе де, бірақ нақты өмірдегі күнделікті танымда бір-бірінен ажыратылмайды,оларға рационалды, әрі «пралогиялық» қасиеттер тән. Екіншіден, қарапайым білімнің әртүрлі формалары негізінен, оның тасымалдаушысына бейімделу функциясын атқарады. Үшіншіден, адамдардың білімінен, жасынан, әлеуметтік статусынан тәуелсіз наным-сенімдері жиі өзгеріп отыратын әлеуметтік өмірдің образын жеңілдетіп, тұрақтандыра түсетінін, түсінікті әрі жорамалдауға болатындай етіп өзгертетініне болжам жасауға болады. Төртіншіден, түрлі қазақи наным-сенім мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатқан ең кең тараған ырымшылдықтың түрі және онымен байланысты қорғану, одан жаманшылықтан сақтану, құтылу сияқты салттар осы уақытқа дейін өзгеріссіз сақталып келеді. Жалпы айтқанда, ырымшылдық, наным-сенімнің қалыптасуына ең басты себеп - жеке өмірдегі кездейсоқ қиыншылықтарға қарапайым жолмен түсініктеме іздестіруге тырысу болып табылады.
1.2 Жастардың ырымшылдыққа бейімділігінің психологиялық ерекшеліктері
Көптеген психикалық құбылыстар ресми-логикалық жолмен түсіндіруге қиын. Ырымшылдық құбылысымен әркім-ақ таныс, бірақ ырымшылдыққа көзқарастар әр түрлі. Ырымдар ұрпақтан ұрпаққа беріледі, және бұл ешқашан өмірінде мүлдем бір біріне қатысы жоқ құбылыстар арасындағы байланыстарды таба алмады деп айта алатын адаммен кездесуге әрең мүмкін болып табылады. Ырымшылдық адамдардың күнделікті өміріне айтарлықтай әсер бар, бірақ әлі жеткілікті зерттелген жоқ. Ырымшылдықтың мәселесіне арналған ғылыми-зерттеу әдебиеттер көп емес және студенттер арасында ырымшылдықтың мәселесіне арналған ғылыми әдебиеттер мүлдем жоқтың қасы.
Ғылыми дәлелденбеген, адамдар үшін ерекше және тіпті сиқырлы құбылыстарға сену түрлі жынысты, жасты, әлеуметтік жағдайынабайланысты емес [1,2б.]. Зерттеушілер ырымшылдықты психикалық құбылыс ретінде талдаудың бірнеше тәсілдерін анықтады: аффективтік-мотивациялық, танымдық, мінез-құлық тәсілдері. Аффективті-мотивациялық тәсіл (Л. Леви-Брюль) тұрғысынан ырымшылдық эмоционалдық сфераны қорғау функциясын орындайтын аффективті психикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Сезім мүшелері ерекшелігінен шындыққа сену, эмоционалдық шиеленіскезінде пайда болады. Ырымшылдықтың психологиялық факторлар ретінде Лебедев қорқыныш деп айтады. Психикалық қызметтің ірiткуі, үрей, аффект кезінде ырымшылдықтың негізінде жатқан сенім өсе береді [1]. Ырымшылдық белгілі бір қорқынышпен байланысты екенін байқау қиын емес. Ырымшылдықтың танымдық қырын зерттейтін авторлар, мифологиялық ойлаудың өнімі ретінде қарастырады
Ырымшылдықты адамның мінез-құлық аспектісінен қарасақ, мұнда ырымшылдық қоғамда (басқа адамдарға қатысты), табиғатта (жануарларға, өсімдіктерге, жансыз нысандарға қатысты) және адамзат құрастырған техногендік заттар әлемінде (мәдениет заттарына қатысты) адам қызметін және іс-әрекетін реттеуші ретінде қарастырылады [2].
Осындай ой тұжырымдар негізінде ырымшылдыққа сенуге бейімшілдік белгілі бір психикалық үрдістерге тәуелді (мазасыздану, фрустрация, қаттылығы және агрессия) деген қорытынды жасауға болады, сондай-ақ адамның бағдарлылығына байланысты.
Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің «Менеджмент» факультетінің 17-19 жастағы бірінші курс студенттеріне мынадай эксперименттер жүргізу арқылы бірқатар мағлұматтар келтіреді. 1) Ырымшылдыққа қатынасын анықтайтын біз әзірлеген сауалнама. Сауалнама 0-ден 5 баллға дейінгі шкала бойынша студенттік өміріндегі «пайдалану» тұрғысынан бағалануы тиіс еді, олардың әрқайсысы 17 ырымшылдық тізімі болып табылады. 2) «Өзін-өзі сенімділіктің психикалық күйлері» сауалнамасы (Айзенк), онда диагностика төрт шкала бойынша жүзеге асырылады: мазасыздық, фрустрация, агрессия, қаттылық [3]. 3) Жеке сауалнама ЕР1(Г.Айзенка әдіснамасы) [3]. Жеке тұлғалық сауалнама.
Студенттерге жүргізілген ырымшылдыққа деген көзқарасты анықтайтын анкета нәтижелері, сұрағандардың тек 14,5% ғана ешқандай ырымшылдыққа сенбейтінін көрсетті. Ал респонденттердің 85,5% кем дегенде ұсыныстардың біреуіне сенеді. Онда сондай-ақ, студенттер белгілері арасында ең танымалдары анықталды: респонденттердің 53% « үйден шығып кеткен соң, үйге қайтып келуге болмайды - егер қайтып келсең, айнаға өз тілінді көрсетуін керек» деп санайды және емтихан алдында дұға етуін керек екендігіне сенеді, бұл ырымшылдық емес, сенім сұрағы деп ойлаймыз. Респонденттердің 46% «студент емтихан тапсырып жатқанда, оған немқұрайлы емес адамдардың бәрі оны дөрекі сөздермен боқтау керек» деп сенеді.
Аталмыш эксперимент бойынша респонденттердің 35,5% келесі ережені орындайды: «түн ортада ашық түрған терезеге басынды шығарып «Халява Кел!» үш рет деп айғайлау және халява тез кетіп қалмас үшін кітапшасы тез жауып қою. Бірақ бірде-бір респонденттердің сенбейтін бір ырымшылдық бар: «қалтаға сарымсақтың бір түйірін (толық бір басында болады) салып қойсаң – емтиханды жақсы тапсырасың».
«Өзіне деген сенімділіктің психикалық күйлер» сауалнамасы нәтижесі бойынша респонденттердің 50% агрессия бар екендігі байқалады. «Тұлғалық EP1 сауалнама сұрақтары» нәтижелері субъектілерінің көпшілігінде экстраверсия басым көрсеткіш болып тұрғанын көрсетті. Нейротизм шкаласына келетін болсақ, студенттердің 29% ғана 12 ден төмен нейротизм деңгейі бар. Көбісінде ол 12-18 аралық диапазонында өзгереді. Нейротизм жоғары деңгейі респонденттердің 3% құрайды.
Зерттеу қорытындысы бойынша түйіндейтін жәйт, нейротизмнің жоғары деңгейі бар студенттер ырымшылдықты пайдалануға көп бейім, себебі оларға эмоционалдық тұрақсыздыққа бейім, шиеленіс, эмоционалдық қозғыштық, депрессия басым. Оладамның өмірлік бағыт-бағдарында ырымдарды қабылдау маңызды емес болып табылады.
Зерттеу қорытындысы бойынша студенттердің ырымшылдыққы бейімділігі олардың әртүрлі қиын жағдайларда эмоционалдық саласын қорғау функциясын атқарады, қорқыныш кезіндегі аффективті психикалық құбылыс белгілі бір нәрсеге сенуді туғызады.
Қазіргі жастар инновациялар әлемде өмір сүріп жатқанына қарамастан, ғылымның дамыған дәуірінде өмір сүріп жатқанына қарамастан, ұнжырғалары түсіп кеткен жағдайда, белгісіздік туындаған жағдайда (емтихан нәтижесі мен бағасы) адамға ұтымды ойлардан гөрі, әртүрлі ырымдарға сенеді. Ырымдарға басым тәуелділік фрустрация, мазасыздану және нейротизм деңгейі бойынша айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |