Мақсаты: Оқушыларға Глобустың жер бетінің кішірейтіліп бейнеленген үлгісі екендігін ұғындыру..Глобусты масштабына қарай ажырата алу мен глобустан қашықтықты өлшей алу дағдыларын қалыптастыру.
р/с
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Мақсаты
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
а)Психологиялық дайындық
Ынтымақтасу және топқа бөліну.Мұғалім қызыл және жасыл сағыздарды таратады.
Қызыл сағыз алған оқушылар мен жасыл сағыз алған оқушылар сәйкестігін тауып өз тобына жиналады.
Қызыл сағыз- «Шығыс»
Жасыл сағыз- «Батыс»
Ә)Бағалау үшін бағалау парақшалары таратылады.Топтар бірін-бірі бағалайды.
|
Түстерді таңдай отырып, топтарға бөлінеді.
Топ жетекшісі келесі топың аттарын жазып, бағалауға дайындық жүргізеді.
|
Оқушылар назарын сабаққа аудару, топқа бөлу
|
ІІ
|
Білу
Үй тапсырмасын сұрау
Топпен жұмыс.Ашық және жабық сұрақтар
Шығыс» тобына
Ашық және жабық сұрақтар
1.Тұсбағдар бойынша көкжиек тұстарын қалай анықтайды?
2.Көкжиек тұстарын қандай табиғи белгілері бойынша анықтауға болады?
3.Астанадан Алматыға бару үшін қай бағытқа қарай қозғалуымыз керек?
4.Шымкенттен Ақтөбеге бара жатқан поезд қай бағытқа қарай жүреді?
5.Жер бетінің белгілі бір бөлігінің шартты белгілердің көмегімен кішірейтіліп берілген сызбасы...............................деп аталады?
6.Жер бетіндегі теңіз деңгейінен бастап есептелген биіктігі ............. ..................... деп аталады.Ол ........................................... теңізінің деңгейінен бастап есептеледі. Ол жерде биіктік................метр.
7.Қағаз бетіне масштабы 1см:250 м өлшеммен 500м, 1250м,2500 м қашықтықты сызып көрсет.
«Батыс» тобына
1.Көкжиектің негізгі және аралық тұстары қалай аталады?
2.3150 қандай көкжиек тұсына сәйкес келеді?
3.Егер орманға 900 азимутпен кірсең, шыққанда қай бағытта, нешінші градуспен шығар едің?
4.Ұшақ Ақтаудан Алматыға қай бағытта ұшады?
5.Жер бетіндегі нүктенің басқа нүктеден биіктік айырмасы...............................деп аталады? Оны ...........................
құралымен өлшейді.
6.Планның белгілерін таңда.
-
Заттардың көлемі сол күйінде қалады;
-
Заттар шартты белгі көмегімен бейнеленеді;
-
Жанынан қарағандағы көрінісі;
-
Төбеден қарағандағы көрінісі;
-
Жер бедері горизонтальдармен беріледі
-
Жазулары болмайды.
«Бағдаршам» арқылы бағалау
|
Ішінде сұрақтар жазылған карточкаларды алады..Топтар өздері таңдаған сұрақтарға жауап береді.
Үй тапсырмасы бойынша білімдерін бағалайды
|
Үй тапсырмасын пысықтау, өткен материалдарды еске түсіріп, жаңғырту.
|
ІІІ
|
«Миға шабуыл»
- Австрия мемлекетінің астанасы Вена қаласында бір мұражай бар. Мұражай экспонаттарына қарап, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтаймыз. (глобустардың суреттері)(4слайд)
-Бұл қандай заттардың мұражайы?
-Вена қаласы Шиеліден қай бағытта?
|
Оқушылармен бірлесе отырып, глобус туралы бұрыннан білетін ақпараттарын айтады.
-Глобустардың мұражайы.
-Вена қаласы Шиеліден солтүстік-батыста
|
Аталған ұғымға қатысты оқушылардың білімдерін байқау.
Өткен тақырыппен байланыс
|
ІІІ
|
Түсіну.
1.«Болжау кестесі»
№4 слайдтағы глобустардың суреттері мен масштабтары әртүрлі глобустарды партаның үстіне қойып, қандай ұқсастықтары бар және қандай нәрселер көріп тұрғандарын топ бойынша жазу
«Бесбармақ» арқылы бағалау
2. «Қара. Оқып шық.Талда. Жаз» әдісі. Топтық жұмыс.Мәтін бөліктерін 2 топқа бөліп беру.Постерге жазу.
«Бесбармақ» арқылы бағалау
Сергіту сәті.
Бейнеролик «Бірліктің күші»
|
Алдарында тұрған глобустардан қандай ерекшелік көріп тұрғанын жазады,спикер жауап береді.
Өздеріне берілген мәтін бөліктерін оқып, өзара талдап, постерге жазады, араларынан 1 оқушыны спикер сайлап, сол оқушы қорғайды.
Бейнефильм көреді.
|
Глобустардың формалары бірдей болғанымен, көлемдері яғни масштабтары әртүрлі болатындығына көз жеткізу.
Глобустардағы меридиан доғалары мен параллель сызықтарын табу
Аталған ұғымға баланысты білімдерін жинақтау
Бірлік бар жерде , алмайтын қамал болмайтындығына көз жеткізу
|
ІҮ.
|
Қолдану
«Ойлан, тап!» Мәтін.
Ең көне глобусты б.з.д. ІІғ. Грек ғалымы Кратес жасаған. Ол туралы деректерді сипттаулар мен суреттерден ғана білеміз. Ал біздің заманымызға дейін жеткен көне глобусты неміс астрономы Мартин Бехайм 1492 жылы жасаған.Алайда бұл глобуста қате берілген мәліметтер бар.Неге қателер кеткен?
«Бағдаршам» арқылы бағалау
|
Ертеде жасалған глобуста неге қателер жіберілгендігін өз ойларымен тұжырымдайды
Жасыл-бәрі түсінікті
Қызыл- күмәнді
Сары-түсініксіз
|
Көне глобустағы қателерді іздеу арқылы ол кезеңде жер шарында ашылмаған жерлер мен белгісіз аймақтардың көп болғанына көз жеткізеді.
Қолдану кезеңіндегі жұмыстарына баға беру.
|
Ү.
|
Талдау
1.«Жұптық жұмыс»
А)Эластикалық немесе қағаздан жасалған сызғыш арқылы 2 нүктенің арақашықтығын анықтау.
1.Аустралия мен Африка материгінің ара қашықтығы қанша?
2.Солтүстік Америка материгінің оңтүстігінен солтүстігіне дейін қанша километр?
3.Мәскеу мен Астана қалаларының арасы қанша шақырым?
4.Тынық мұхитың шығыс мен батысына қарай неше километр екендігін өлше.
5.Африка материгін солтүстігі мен оңтүстігіне дейін өлше және неше шақырым екендігін есепте.
6Аустралия материгінің оңтүстігі мен солтүстігінің арасын және шығысы мен батыс арасын өлшеп, қашықтығын есепте.
7.Астана және Пекин қалаларының арақашықтығын өлше.
|
2 оқушыдан топтаса отырып,
мұғалімнің көмегімен, алдарындағы глобустан берілген нүктелердің арақашықтығын өлшейді.
2 топқа географиялық нысандар жазылған карточкалар беріледі.Берілген нүктелерді тауып сызғыштарымен өлшейді.
Оқушылар өздерінің нені білгенін, не үйгенгенін кестеге толтырады
|
Масштабтары әртүрлі глобустардан әртүрлі арақашықтық болатындығын меңгерту.Меридиандар мен параллельдердің ұзындықтарының өзгерісін анықтау.
Глобустағы жарты шарларды ажырата алады.
|
ҮІ
|
Жинақтау
ББҮ кестесін толтыру
2.Ретімен орналастыр «Кестемен жұмыс» интерактивті тақтадағы кестеге толтыру, бұл кестені одан әрі жалғастыр
|
Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді.
|
|
|
|
|
Алған білімдері мен дағдаларын жүйелейді.
|
ҮІІ
|
Бағалау
|
Әр топ спикері бағалау парағы арқылы келесі топты қалай бағалағандығын таныстырады.
|
|
|
Рефлекция
Оқушыларға смайликтер таратамын.
Жолаушылап келе жатқан сәуегей қарияға үлкен сарай құрылысына тас әкеле жатқан үш құрылысшы кездесіпті. Қария оларды тоқтатып әрқайсысына сұрақ қойыпты.
Бірінші құрылысшыдан:- Бүгін күні бойы не істедің?- деп сұрапты.
Ол болса:-күні бойы құрып кеткір тастарды тасумен болдым- деп жауап беріпті.
Екінші құрылысшыдан:- Бүгін күні бойы не істедің?- деп сұрапты.
Ол болса:-күні бойы өзіме жүктелген жұмысты жауапкершілікпен жасадым- деп жауап беріпті.
Үшінші құрылысшадан:- Ал
сен не істедің?- дп сұрапты. Жүзінен қуаныш нұры төгілген үшінші құрылысшы қарияға қарап күлімсіреп:- Мен бүгін күні бойы мына зәулім сарай құрылысына қатыстым деп жауап беріпті.
-Балалар! Кім бірінші құрылысшы секілді жұмыс істеді? (қызыл жетон)
-Кім екінші құрылысшы секілді жауапкершілікпен жұмыс істеді? (көк жетон)
-Ал кім өзінің білім сарайының құрылысына қатысты? (сары жетон)
-Байқаймын көпшілігің өз білім сарайларыңды салуда белсене қатысқан екенсіңдер. -Жарайсыңдар!
|
Оқушылар өздеріне сай смайликтерді таңдап дайын плакатқа жапсырады
|
Оқушылардың бүгінгі сабаққа қатысу белсенділіктерін өзін-өзі бағалау арқылы білу.
|