Берілген сұрақтарға жауап беріңіз,тапсырмаларды орындаңыз:
a. Топырақ дегеніміз - .......
b. Топырақ түзуші факторларды сызбаға толықтырыңыз.
2-тапсырма. Берілген суретке қарап, топырақ қабаттарын анықтаңыз және ерекшелігін жазыңыз.
Топпен жұмыс. Топтың ережесін сақтау
1- топ: Геодиктант.Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына керек сөздерді орналастырыңыз: Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы ............................. қалады. Ол топырақ түзілу процесінің ......................... байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық тау жыныстар, ............, ............, уақыт және ................ мен .................... жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (......................, жерасты суы) және ................................. қосылды. Керекті сөздер : (В.В.Докучаев, бес фактор, ауа райы, жер бедері, өсімдіктер, жануарлар, топырақ суы, адамның шаруашылық әрекеті).
2-топ Сәйкестендіріңіз
|
Топырақ түрлері
|
|
Сипаттама
|
1
|
Қаратопырақ
|
а
|
Құрамында минералды тұздар кең таралған . Өсімдіктерге зиянды .
|
2
|
Сұрғылт түсті топырақ
|
b
|
Топырақтың беткі қабаты , бұл қабатта өлген тірі организмдердің қалдықтары жиналып , қарашірік түзеді . Қарашірік қаншалықты көп болса , соншалықты өсімдіктер нәрлі заттарға толы болады
|
3
|
Құмды топырақ
|
с
|
Топырақта саздар кең таралған . Жаңбыр болмаған кезде , саздар қатады да , тас сияқты қатты болады . Ал жауынды күндері саз байланған күйде болады да , суларды тереңге қарай өткізбейді . Сондықтан сулар тұрып қалады да , өсімдіктердің тамырлары шіри бастайды . Өсімдіктердің өмір сүруіне қолайсыздау .
|
4
|
Сазды топырақ
|
d
|
Нәрлі заттарға кедей болып келеді , себебі жоғарғы қарашірік қабаты жұқа . Топырақта ылғал жиналып , шіруге ықпал етеді
|
5
|
Сортаң топырақ
|
е
|
Бұл топырақтарда құмдар кең таралған және бөлшектері әлсіз жалғанған , өсімдіктердің тамырларының бекінуі қиынға соғады . Мұндай топырақтар тез жылынады және құрғақ болады . Өсімдіктер аз таралған .
|
Достарыңызбен бөлісу: |