Ішкі саясат бөлімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары Өткен 2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өту және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»



Дата19.06.2016
өлшемі45.34 Kb.
#147959
Ішкі саясат бөлімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары

Өткен 2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын атап өту және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Жолдауынан туындайтын басты міндеттер аясында және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың бірнеше мәрте ауданға келген жұмыс сапарлары кезінде берген тапсырмаларын іс жүзіне асыра отырып, Зайсан ауданында 2011 жылы біршама жұмыстар атқарылды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне орай жыл басынан 30 мыңға жуық адам қамтылған, 500 – ге жуық іс – шаралар өткізілді.

Бір әлеуметтік нысан – Зайсан қаласында Спорт модулі пайдалануға берілсе, 40 орындық «Рахат» қонақ үйі халыққа қызмет көрсетуде, жаңадан салынған прокуратура ғимараты заманауи тұрғыда жасақталып өз қызметін жалғастыруда.

Ауданда Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Қазақ елі» және «Қазақ елінің» символына арналған «Бәйтерек» монументтері орнатылды.

«Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған 20 жарқын іс» акциясы аясында орта және шағын кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының, жеке кәсіпкерлердің, жеке тұлғалар, ұйымдар мен мекемелердің өкілдері белсене атсалысты. Акция шеңберінде жалпы сомасы 443,7 млн. теңгені құрайтын қаржыға 175 жарқын іс жүзеге асырылды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына 20 мың түп ағаш егу тапсырмасы беріліп, аудандағы 27 білім беру мекемелерінде ботаникалық бақтар ашылып, оларға таңдаулы көшеттер отырғызылды.

Зайсан қаласының Жангелді көшесінің бойына «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» атындағы алаңы, қаладағы әуежай жолындағы алаңдары салынып, абаттандырылып, көгалдандырылып, шырша, қараағаш, шынар ағаштары егіліп, гүлзарлармен көмкерілді.

Қалада және ауылдарда түрлі ұран, өсиет сөздер жазылған 12 қақпа орнатылып, 10 мың түп ағаш отырғызылды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты ауылдың еңсесін көтеруге бағытталған өміршең бастамасының аясында өріс алған республикалық марафон Зайсан өңірінде жалғасын тауып, абаттандыру, көгалдандыру, тазалық жұмыстарына аудан оқушылары, жастары, студенттері жазғы демалыс мерзімінде белсене араласып, айтулы үлестерін қосты.

20 жарқын іс аясында Қаратал, Кеңсай, Жалши ауылдарында көкпар алаңдары, Қарабұлақ ауылында айналма көпір салынып, Кеңсай, Қарабұлақ ауылдарында жастардың би алаңдары қалпына келтірілді.

Айнабұлақ, Кеңсай ауылдарында мал сою алаңдары, мал қамайтын орындары, Сарытеректе ветаптека, Кеңсайда жазғы спорт алаңы жабдықталып пайдалануға берілді.

Саржыра, Көкжыра ауылдарындағы мәдениет үйлері жөнделіп, Біржан ауылының су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.

Қалада бизнес орталығының тағаны қаланып, Ауғаныстан ардагерлерінің саябағына асфальт төселіп жөнделінді, ауданда үйге мұқтаж азаматтарға 4 үй сатылып әперілді.

«Туған жерге тағзым» акциясы аясында сүт өңдеу зауыты іске қосылып, бүгінгі күні өнімдері дүкендерде саудалануда.

Жырақта жүрген жерлестеріміз Көкжыра, Айнабұлақ, Көгедай ауылдарына имандылық үйі – мешіт үйін салып беріп, жергілікті тұрғындар игілігіне тарту етті.

26 қарашадан-15 желтоқсан аралығы «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» - 20 жұлдызды күн» аясында, 28 қараша күні «Атамекен» Мемлекеттік шекара күні» ұранымен Зайсан ауданында облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың қатысуымен халықаралық шаралар өтті. Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Районы Алтай аймағынан делегация келіп, өнерпаздары өз өнерлерін аудан халқына Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне тарту ретінде паш етті. Сонымен бірге осы күнтізбе аясында Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы шекаралас аудандары арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында екі жақты Меморандумдарға қол қою рәсімдері болды.

Ауданда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай «Ұстаз елдің тірегі – мектептің жүрегі» және «Шығыстың құт қонған - Зайсаны» атты кітаптары жарық көрді.

Зайсан ауданының ардақты азаматтары, еңбек, майдан ардагерлерінің қысқаша қысқаша өмірдеректерімен суреттелген оқушы күнделігі шығып, оқу құралы ретінде мектеп оқушылары пайдалануда.

Аудан жастары да белсенділік танытып форумдар, акциялар, смарт-моб, дөңгелек үстелдер және ауданда республикалық, аймақтық, аудандық КТК ойындарын өткізді.

Зайсан және Тарбағатай аудандарының жәрмеңкелері екі аудандар арасында ұйымдастырылып, мәдени күндері өтті.Екі ауданда аудан аттарына көшелер берілді.

«Туған жер – алтын бесігім» акциясы аясында ауданымызға әйгілі жерлес ақын – жазушылар, әнші- күйшілер, сазгерлер келіп, аудан халқына мерекелік көңіл – күй сыйлады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті прозашы, эссеші Әлібек Асқаров, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Кәдірбек Сегізбаев, ақын «Парасат» орденінің иегері Ұлықбек Есдәулетов, жазушылар Қ.Ысқақ, Ж.Шаймарданұлы, Қ.Сыдықов, З.Әбдешов, Б.Нұржекеев, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртістері Майра Ілиясова, Секен Тұрысбеков, Шәкизада, әнші – сазгер Тұрсынғазы Рахимов, «Көктудың желбірегені» әнінің авторы, ақын Алмас Ахметбекұлы, әнші – сазгер А.Бақтайұлы, сөз зергері С.Әбілұлдары болды.

Ауданның ардақты азаматтары, ұзақ жылдар басқарушы қызметтерде болған С.Жайлаубаевқа, Н.Ағыбаевқа, арқалы ақын – айтыскер Х.Балшабекұлына ескерткіш – тақталар орнатылды.

Ақпараттық – имидждік жұмыстар жоспарына сәйкес көрнекі насихаттық құралдар кеңінен қолданып, мерекеге арналған 44 баннер, 66 қалқандар, кермелер ілінді.

Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына үлес қосқан барлық сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

«Құрмет» орденімен дәрігер – хирург, ауданның «Құрметті азаматы» Б.Қошпанов, «Ерен еңбегі» үшін медалімен жеке кәсіпкер Е.Келгенбаев, «ҚР Құрмет грамотасымен» Қазақтелеком торабының бастығы Ө.Нұрасылов, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен 31 адам марапатталса, облыс, аудан әкімдерінің «Құрмет грамоталары», «Алғыс хаттары», «Жыл үздіктері» номинациялары берілді.

Жыл көлемінде атқарылған жұмыстар, өткізілген іс – шараларға ақпараттық – идеологиялық тұрғыда қолдау қамтамасыз етіліп, медиа – жоспарға сәйкес аудандық «Достық» газетінде арнайы айдарлармен мақалалар халық назарына ұсынылды.



Республикалық «Егемен Қазақстан», облыстық «Рудный Алтай», «Дидар», «Семей таңы», «Ертіс өңірі», «Айқын» газеттерінде мақалалар жарияланып, «Хабар», «Ел арна», «Қазақстан» және облыстық «Өскемен - Қазақстан» телеарналар арқылы 40 шақты сюжеттер берілді.

Барлық іс-шараларға дербес бөлім басшылары, салалық басшылар, этноорталығы және ҮЕҰ жетекшілері, қоғамдық пікір көшбасшылары, саяси партиялар мен кәсіподақ, жастар ұйымының өкілдері жоғары белсенділік танытты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет