- Ислам (арабша:إسالم-(әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін әлемде көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» мағыналарын қамтиды. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (арабша: الكريم القرآن (Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі.
- • Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар — Алланың елшісі Мұхаммед .ص
- Имам Муслим хадистер жинағында Омар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте Мұхаммед пайғамбар صلى الله عليه وسلم Исламның үш мәртебесін айтып, олардың негіздерін атайды.
1.Иман - Иман (араб.: اإليمان — (мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді:
- • Аллаға иман келтіру
- • Періштелерге иман келтіру
- • Қасиетті кітаптарға (Құран, Інжіл, Тәурат, Забур) иман келтіру • Пайғамбарларға иман келтіру
- • Ақырет күніне иман келтіру
- • Тағдыр мен қазаға иман келтіру Иман сөзі — араб тіліндегі «ә-мә-нә (арабша: «آمن («етістігінен шыққан түбір сөз болып саналады. Ал жалпы иман ұғымы — бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабыл ету, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мумин» (арабша: «مؤمن («"деп аталады.
2.Ислам - Ислам дінінің екінші мәртебесі — Ислам. Бес негізден құралып, көбінесе адамның сыртқы қасиеттері мен істерін реттейді:
- 1. Екі куәлікті (шаһадат) «Лә иләһә илл-Аллаһ Мухаммад расулу-Ллаһ» айту
- 2. Бес уақыт парыз намазды орындау
- 3. Рамазан айында ораза тұту
- 4. Мал-мүлкі белгілі мөлшерден асқан адамға одан зекет беру
- 5. Өмірінде бір рет қажылыққа бару
Достарыңызбен бөлісу: |